kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жол т?ртібін білейік, аман-есен ж?рейік!» (Бастауыш сыныптар?а арнал?ан ?гіт - насихат ж?мысыны? сценариі)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: « Жол т?ртібін білейік,аман-есен ж?рейік!»

Ма?саты: О?ушыларды жол ережесін жетік біліп, ?зіні? ж?не ?згені? ?мір ?ауіпсіздігін са?тау?а насихаттау, жол-жара?ат алдын-алу, жолда?ы т?ртіп ж?мыстарын т?сіндіру, белсенділігін арттыру.

К?рнекілігі: жол белгілері,ба?даршам, суреттер,слайд.

Саба? барысы:

М??алім: ??рметті о?ушылар! Б?гінде ?алада, к?шелер ж?не онда ж?йткіген авток?ліктер к?беюде. К?ше ке?ейген сайын ерсілі - ?арсылы жаяу ж?ргіншілер мен ж?ргізушілерді? де к?бейетіні даусыз. Со??ы жылдары елімізді? ?ай жерінде болмасын авток?ліктерді? барлы? т?рлері еселеп артып келеді. М?ны? ?зі машина ж?ргізушілер мен жаяуларды? жол ережесін не??рлым жете біліп ?ата? са?тауын ?ажет етеді.

К?шені? т?ртібін ?йде ата - ана ескерсе, к?ше ?иылысында жол полиция ?ызметкерлері мен ба?даршам ?ада?алайды.Б?гін бізге жол апатыны? алдын алу ?шін ?гіт-насихат ж?ргізуге жол полиция ?ызметіні? мамандары келіп отыр.?азір біз бекеттерге саяхат?а шы?амыз.

1. «Жол полиция» бекеті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жол т?ртібін білейік, аман-есен ж?рейік!» (Бастауыш сыныптар?а арнал?ан ?гіт - насихат ж?мысыны? сценариі)»



№40 орта жалпы білім беретін мектебі









Тақырыбы: « Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік!»

(Бастауыш сыныптарға арналған үгіт - насихат жұмысының сценариі)

  • Дайындаған бастауыш сынып мұғалімдері: Давлеткалиева С.С

  • Бактыгереева М.Ш

  • Саматова Л.С

  • Тақырыбы: « Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік!»
    Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін жетік біліп, өзінің және өзгенің өмір қауіпсіздігін сақтауға насихаттау, жол-жарақат алдын-алу, жолдағы тәртіп жұмыстарын түсіндіру, белсенділігін арттыру.

  • Көрнекілігі: жол белгілері,бағдаршам, суреттер,слайд.
    Сабақ барысы:
    Мұғалім
    : Құрметті оқушылар! Бүгінде қалада, көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі - қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың жол ережесін неғұрлым жете біліп қатаң сақтауын қажет етеді.
    Көшенің тәртібін үйде ата - ана ескерсе, көше қиылысында жол полиция қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды.Бүгін бізге жол апатының алдын алу үшін үгіт-насихат жүргізуге жол полиция қызметінің мамандары келіп отыр.Қазір біз бекеттерге саяхатқа шығамыз.

  • 1. «Жол полиция» бекеті

Мұғалім: Армысыздар, асыл достарым,
Бүгінгі күн, есте сақталсын!
40-ші мектебіне қош келдіңіз,
Жас балғындардан ыстық,

Жалынды салем!

Жол полициясы:Армысыздар, бармысыздар, жас балғындар! Біз жол апатының алдын алу үшін үгіт - насихат жүргізіп жүрген жол инспекторларымыз. Біздің мақсатымыз жол апатының алдын алып, ел болашағының өмірін сақтап, елімізді көркейтуге үлес қосуына бағыт - бағдар беру.

-Ал сендер, көше ережесін жақсы біліп, оны орындайсыздар ма?(оқушылар жауаптары)
Жол полициясы:Бағдаршам және жол белгілері туралы мынандай материалдарды сіздердің назарларыңызға ұсынамын.Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп - тұруды реттеу қажеттілігі, сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді.Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды.
Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршам 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылады.
Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы жүзеге асыруда. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.
Жол полициясы:Балалар, мына сұрақтарға жауап беріңіздер, сіздердің күнде көріп жүрген жол белгілеріңіз жайында. Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді? Неше түрі бар? (Оқушы жауабы)
1. Ескерту белгілері (Предупреждающие знаки)
2. Басымдылық белгілері (Знаки приоритета)
3. Тыйым салатын белгілері (Запрещающие знаки)
4. Алдын - ала жазылатын белгілер (Предписывающие знаки)
5. Ақпараттық көрсеткіштік белгілері (Информационно- указательные знаки

6. Сервис белгілері (Сервисные знаки)
7. Қосымша - ақпарат белгілері (Знаки дополнительной информации)

(Жол полиция қызметкері жол белгілерін көрсетіп тұрады)




Ескерту белгілері



Тыйым салу белгілері




Ақпараттық-көрсеткіш белгілері



2. «Жолдан өте біл» бекеті

  • Жол полициясы: Біздің мақсатымыз жол апатының алдын алып, ел болашағының өмірін сақтап, елімізді көркейтуге үлес қосуына бағыт - бағдар беру.
    Осы мақсатымызды жүзеге асыру үшін сіздерге алдымен жол белгілерін таратамыз: ескерту белгісі, тыйым салу белгісі және ақпараттық-көрсеткіш белгісі.(Оқушылар таратылған белгілер бойынша 3 топқа бөлінеді)

  • Мұғалім: 1 топ: «Ескерту белгілері» тобы қызыл үстелге,

  • 2 топ: «Тыйым салу белгілері» тобы сары үстелге,

  • 3 топ: «Ақпараттық – көрсеткіш белгілері» тобы жасыл үстелге бағдаршам түстері бойынша орналасады.

3. «Саналы жүргіншілер» бекеті

Викториналық сұрақтар беріледі, дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.

  • «Ескерту белгілері» тобы:

  • 1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

  • (Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр)

  • 2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

  • (жиек жолдың оң жақ шетімен)

  • 3.Қандай көлік түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

  • (жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

  • «Тыйым салу белгілері» тобы:

  • 1.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?

  • (аялдамада)

  • 2.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?

  • (14 жастан)

  • 3.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

  • (жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді)

«Ақпараттық – көрсеткіш белгілері» тобы:

  • 1.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?

  • (жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)

  • 2.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

  • (ішімдік ішкен жағдайда)

  • 3.МАИ деген сөзді талдап бер. (Мемлекеттік авто инспекция)



4. «Көңілді үзіліс» бекеті.

Ән: Бағдаршам (“Боз жорға” әуенімен)
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Оның аты - Бағдаршам.
Жол сілтейді әрқашан
Көшедегі халыққа
Бағдаршам, бағдаршам

Ашса кезек үш көзі
Айтты деп ұқ үш сөзі
Бағдаршам, бағдаршам
“Тоқта, сақтан, жол ашық”
Жүрме жолға таласып,
Бағдаршам, бағдаршам






5. «Жаңа белгілер» бекеті

Әр топ мүшелері өз қиялынан туындаған жол белгілерін жасап, топта қорғап, жарнамалау керек.Топта орындалатын тапсырма мұғалімнің көмегімен жасалады.

  • «Ескерту белгілері» тобы: «Ұялы телефон»

  • Топ мүшелері:Үшбұрыш пішінінің ішіне салынған ескерту белгісінде ұялы телефонның суретін қызыл түспен бояп, орта белінен сыздық. Мақсатымыз: жолда немесе көшеде ұялы телефонмен сөйлесуге болмайтындығын қатаң түрде ескерту.

  • Біздер ұялы телефонның үні адамдарға жолда ғана емес, тек қана қуанышты хабарда ғана соғылсын. Осы ескерту белгісі адам үшін өте маңызды және өмірде қолданылысқа енгізілсін. «Ұялы телефон» белгісі жасалсын!

  • «Тыйым салу белгілері» тобы: «Абайлаңыз, екілік»

  • Топ мүшелері:Шеңбер пішінінің ішіне салынған тыйым салу белгісінде оқушы бейнеленген. Оқушы арқасында мектеп сөмкесі. Сөмкеден екілікке толған күнделік түсіп қалған. Бұл белгідегі суретті көрсеткен мақсатымыз: сабаққа ынтасы жоқ балалардың сабаққа қатысуын бақылау және мектептің алдында осы белгіні қойып жалқаулықты және сабақтан тыс уақытта бос жүрмеулерін қатаң түрде тыйым салу. Осы тыйым салу белгісі оқушы үшін өте маңызды және өмірде қолданысқа енгізілсін. ««Абайлаңыз, екілік»» белгісі мектеп жанында орнатылсын!

  • «Ақпараттық – көрсеткіш белгілері» тобы: « Мұны барлығы білуге тиіс......»

  • Топ мүшелері: Төртбұрыш пішінінің ішіне салынған « Мұны барлығы білуге тиіс...» ақпараттық – көрсеткіш белгісінде балалардың ойын алаңы және сүйікті ойыншықтары доп пен машина салынған. Бұл белгілерді салудың мақсаты: сабақтан тыс бос уақыт кезінде бұл жер ең қауіпсіз екенін және ешқандай алаңсыз, қорқынышсыз ойнай беруге болатынын ескертеміз. Осы белгі көп қабатты үйлердің қасына қойылып, балаларды ойнауға шақырамыз және ата-аналардың ешқандай алаңдамауына жол береміз.

  • 6. «Марапаттау» бекеті

  • Жеңімпаз топты анықтау.

Ән: (“Атамекен” әуенімен)

Көшеде біз сақ болайық, жас достар
Қаймықпасын ата - анамыз біз үшін
Жол ережесін сақтап жүріп әрдайым
Жас ұландар атына сай болайық

Жолда жүру әліппесін
Білген жөн ғой бес саусақтай
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді сау сақтап

Бүгінгідей мерекеде достар - ау
Болғанменен көп айтар ән әліде
Ережені кел екеуміз бірігіп
Жаттайықшы қайта - қайта қайталап.


  • Мұғалім: Айналайын ,абайла,

  • Жан-жағыңа қарайла!

  • Жолда-жүру ережесін,

  • Есте сақта қалайда!

  • Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді, осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

  • Бәрі:
    Жол жүрудің тәртібін,
    Ережесін білеміз.
    Сақтанғанда қатерден,
    Сау - саламат жүреміз.
    Жол полициясы:Балалар, өміріміз үшін жол қозғалыс ережесін үйренейік және өмірде пайдалана білейік деп жадынаманы қатерлеріңізге береміз.

  • Жадынама

  • І. Көлік жолында жүру-қауіп,сондықтан жолда жүрү ережелерін
    ұмытпау қажет !!!

  • 1.Жолға жақын және жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнама-бұл аса қауіпті!

  • 2.Көшені бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт!

  • 3.Жолды бағдаршам немесе жаяу адамға арналған жол бар жерден өт!

  • 4.Жолдан өтерде абай бол,әңгімеге көңіл аударма!

  • 5.Жолдан өтерде алдымен солға,сонан соң оңға қара!

  • 6.Көлікке отырарда және түскен кезде оның толық тоқтауын күт!

  • 7.Жолдан асықпай өт!

  • 8.Автобуста келе жатып,ұстағыштардан ұстап тұр

  • 9.Жеңіл көлікке артқы орындыққа отыр және есіктің жабық екеніне көзіңді жеткіз!

  • 10. Жүріп келе жатқан көліктің терезесінен басыңды шығарма!

  • 11.Жолдың көлік жүретін бөлігінде велосипед,роликті коньки, немесе скейтборд теппе!

  • Жолда жүру ережелерін сақтасаң,сен өзіңді жарақаттар мен қайғылы оқиғалардан сақтайсың!

  • Жолдарда қауіпсіздікті сақтайық!

  • ІІ. Жол жарақаттануларын алдын алу бойынша кеңестер:

  • 1.Жолда жүру ережелерін көшеде қатаң сақтаңдар,жол белгілерін жаттап алыңдар;

  • 2.Көшенің көлік жүретін бөлігінде ешқашан ойнамаңдар;

  • 3.Жүріп келе жатқан көлікте әрқашан ұстағыштардан ұстап тұрыңдар;

  • 4.Жеңіл көлікте артқы орындыққа отырыңдар,қауіпсіздік белдігін пайдаланыңдар және есік жабық екеніне көздеріңді жеткізіңдер;

  • 5.Велосипед,роликті коньки,скейтборд тепкенде,аса ұқыпты және сақ болыңдар;

  • 6.Көшені жаяу жүргіншілерге арналған немесе жер астымен өтетін жолмен өтіңдер;

  • 7.Көшені бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтіңдер;

  • 8. Көшені өтерде алдымен солға қара ,ал бөлгіш сызығынан кейін-оңға қара;

  • 9.Егер жолдан өтуге үлгермесең- бөлгіш сызығында тоқта да,бағдаршамның жасыл түсі жануын күт;

  • 10. Жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпе;

  • 11. Егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса,жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүр

  • Естеріңде болсын! Жолдағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін,әрқашан ұқыпты және сергек болып,жолда жүру ережелерін білу және орындау қажет. Бұл сенің денсаулығыңды және өміріңді сақтайды.

  • Абайлаңыз,көше!

  • ІІІ. Ата-аналарға кеңестер.

  • Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін,балаларды мына дағдыларға үйретіңіздер:

  • 1.Жолда жүру ережелеріне және оларды қатаң сақтауға;

  • 2.Көшенің көлік жүретін бөлігінде ойнамауға;

  • 3.Жүріп келе жатқан қоғамдық көліктегі қауіпсіз тәртіп ережелеріне-әрқашан ұстағыштардан ұстап тұруға;

  • 4.Жеңіл көлікте артқы орындыққа отыруға,қауіпсіздік белдігін пайдалануға және есік жабық екеніне көз жеткізу;

  • 5.Велосипед,роликті коньки тепкенде,аса ұқыпты және сақ болуға;

  • 6.Көшені бағдаршам , жаяу жүргіншілерге арналған жолмен немесе жер асты жолы бар жерден өтуге;

  • 7.Көшені бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтуге;

  • 8. Көшені өтерде алдымен солға қарауға,ал бөлгіш сызығынан кейін-оңға қарауға;

  • 9.Егер жолдан өтуге үлгермесе- бөлгіш сызығында немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқтал;

  • 10. Жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпеуге;

  • 11. Егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса,жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүруге;

  • Балалар өз қылықтарында ересектердің мінез-құлқын қайталайтынын ұмытпаңыздар,біз тыйым салумен емес,тек дұрыс әрекетімізбен ғана балалардың дені сау болуына қол жеткіземіз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Давлеткалиева Салтанат Сагиновна

Дата: 13.06.2016

Номер свидетельства: 334363


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства