Бүгін сіздермен дөңгелек үстел форматында өткізілгелі тұрған тәрбиелік шарамыздың тақырыбы: «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» деп аталады.
Жанар: Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады. Көпті көрген көнекөздің өмірден алған тәжірибесі мол. Әр отбасының ұйтқысы болып немерелерге тәлім тәрбие беріп, олардың саналы ұрпақ болып өсуіне үлесін қосып отырған әжелеріміз біздің ортамызда:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі!»
«Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты ата аналар жиналысы
2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсан қорытындысы бойынша мектеп директоры Ә.П.Әбдіғапарова жанында «Үштік одақ: ата-ана, оқушы, мұғалім» жиналысы өтеді
Өтетін уақыты: 17.01.2025 жыл
2-сыныптар 16.00 жерг.уақ
5-сыныптар 17.00 жерг.уақ
6-сыныптар 18.00 жерг.уақ
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Кіріспе сөз. Мектеп директоры - Ә.П.Әбдіғапарова.
2.Сыныптардың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша оқу үлгерімі сапасы көрсеткіші. Шығып сөйлеушілер: оқу ісі орынбасарлары: Л.Ж.Дарменқұлова , Н.Ю.Зарипова.
3. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы. Тәрбие орынбасары Ж.К.Нурмашева.
4.Практикалық бөлім.
«Даналық» мектебі Әжелердің өшпейтін өнегелі тәрбиесі
5. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша сынып тынысы: жетістіктер, қосымша білім беру ұйымына қатысым, басылым бетіне жарияланым рейтингісі. Сөз алатындар: 2-5-6 cынып жетекшілері.
6.Қорытынды қаулы.
Модератор:
Бүгін сіздермен дөңгелек үстел форматында өткізілгелі тұрған тәрбиелік шарамыздың тақырыбы: «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» деп аталады.
Жанар: Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады. Көпті көрген көнекөздің өмірден алған тәжірибесі мол. Әр отбасының ұйтқысы болып немерелерге тәлім тәрбие беріп, олардың саналы ұрпақ болып өсуіне үлесін қосып отырған әжелеріміз біздің ортамызда:
1 Оразалы Жарқын Дәрменқызы -
2 Жиеналина Бибігүл Сағиқызы
3 Махмутова Әпуза Шамшадинқызы - Шалқар вокзалы анықтама бөлімі
4 Қырықбаева Әсия Мулкібайқызы
5 Шектібаева Бақтыгүл Төремұратқызы
6 Сарина Мейрамгүл Жомартқызы
7 Әлиева Замзагул Аханқызы (Аудандық мәдениет үйі, кітапханашы)
8 Қалдыбаева Зайтуна Қалиқызы Зейнеткер (темір жол станциясында қызмет еткен)
9. Аманбаева Дамежан Мукатайқызы
Лариса: Мектеп жанынан құрылған «Ұшқын» театрының «Нағыз әже» қойылымын назарларыңызға ұсынамыз. Театр жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аетова Гүлжаған Еділбайқызы
Лариса:
Құрметті қатысушылар назарларыңызға тағы бір фильмді қөруді ұсынамыз: «Менің атым Қожа» фильмінен үзіндісін ұсынамыз.
Сұрақ: Қазіргі әжемен бұрынғы әженің айырмашылығы қандай?
1. Қожаның әжесінің ерекше қасиеттері қандай?
2. Бүгінгі әжелерге ұқсайтын және ұқсамайтын жақтарын айта аламыз ба?
3. Әжелеріңіз несімен есіңізде қалды?
4. Біз баяғы өз әжеміздей бола аламыз ба?
5. Осындай өнегелі әжелердің тәрбиесін жалғастыруға не кедергі?
6. Өнегелі әже қандай болуы керек?
7. Немереңіз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
8. Немереңіз ұялы телефон алып бер деп жылады.
9. Немереңіз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты.
Бақытжан апай:
Өмір болған соң қиын жағдайлар болмай тұрмайды. Сондай да «Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» екі тарапқа ортақ оң шешім шығаруды дағдыға айналдыруымыз керек. Күшке, өзім білемге салудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Жағдаяттарды талқылау барысында соған қол жеткіздік деп ойлаймын.
Модератор: Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде:
«Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деген екен. Бауыржан атамыз текке қорқып отырған жоқ. Дәл бүгін осындай жағдайдың қоғамда жартылай болса да, орын алып тұрғаны ақиқат. Ұрпағымызды тамырсыздық індетінен сақтаймыз десек, әжелік міндетімізге атүсті қарамайық.
Биылғы оқу жылы да «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» былтырғы жұмысын жалғастырып жатыр. Соған орай «Даналық мектебі» аясында әжелердің бала тәрбиесіндегі бағалы кеңестері мен тәжірибесін үлгі ету мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз. Олай болса, осы дөңгелек үстелдегі айтылған мәселелерден қандай даналық түйін едіңіздер?
Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты – бала-шағаны асырау үшін қаражат табу, оларды қатарынан қалдырмау. Көбіне осы мақсатпен жүріп ата- ана бала тәрбиесіне көп көңіл бөле алмай қалады. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жақсы- жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің-ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, әдепті, еңбекқор, туысқаншыл болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы ахуалдың арқасы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуміз керек. Осы арада:
- отбасындағы бала тәрбиесінде әжелердің орны қандай болу керек деп ойлайсыздар?
«Мен үшін қымбат» деп айтар едіңіздер. Әжелердің жауаптарының үлгілері:
- Өмір қымбат
- Адамның көңілі қымбат
- Ұрпағың қымбат
- Уақыттың қадіріне жете бермейміз, уақыт - қымбат!
- Мен үшін адамға әсерлі болатын әрбір сәт қымбат
- Ұлттық құндылықтар бәрінен қымбат деп ойлаймын
- Адамның ары мен ұяты, намысы қымбат
Лариса:
Рефлексия: Даналық түйін
Әжелердің “даналық түйіндерінің” үлгілері:
- Қазіргі балалар ерекше біздің тәрбиемізге көнбейді десек те өзгермейтін бір нәрсе бар. Ол балаға деген жанашырлық, мейірім. Сол арқылы біз бала жүрегіне жол таба аламыз.
- Балаға құр ақыл айту нәтиже бермейді. Ақыл айтпас бұрын сол ақыл айтатын деңгейде қадірім бар ма деп ойлану керек.
- Біздің заманымыз бөлек болды, қиындықтар арқылы жетілдік. Қазір заман басқа, бірақ мұның да өз қиындығы шаш-етектен.
- Өзіміз әжеміздің тәрбиесін алдық, одан жаман болмадық. Обал мен сауапты, ұятты ойлағанда әжеміз еске түседі.
- Мектептің жанынан “Даналық мектебі” ашылып жатса, неге біз даналық түйін жасай алмаймыз?! Адал бол, білімді бол, еңбекті сүй - бұл үшеуі адамды даналыққа бастайтын, адастырмайтын бағдаршам.
- Мен балаларыма жақсыларды үлгі етемін. Өзім жетпеген биікке солар жетсе екен деп тілек тілеймін, бата беремін, өзім мүлде жаман сөз, қарғыс айтпауға тырысамын.
Лариса:
Әже мейірі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер,- дей отырып, бүгінгі «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.