Просмотр содержимого документа
«Жа?а жыл кешіне арнал?ан сценарий 2016 жыл Та?ырыбы:«БІЗДІ? MONKEY ?АЙДА?»
Жаңа жыл кешіне арналған сценарий 2016 жыл
Тақырыбы:«БІЗДІҢ MONKEY ҚАЙДА?
№1 Ұзынкөл орта мектебі КММ
Тақырыбы: «БІЗДІҢ MONKEY ҚАЙДА?
Қатысушылар: Жүргізушілер; Атай (сонымен қатар — Аяз Ата); Қыз - шетелдік(сонымен қатар — Ақшақар);
Әжей;
Ескі жыл;
Жаңа ыл Реквизит: Атай үшін- аталарға арналған қарапайым киім, Аяз Атаның киімі;
Қыз үшін- көзілдірік,тельняшка, Ақшақардың киімі
Әжей үшін – көйлек, көзілдірік, манка салынған пакет:
Банандар; 2 жіп 4 метрден; Екі түрлі кішкене доп және алма мен кокостардың муляждары
Интербелсенді тақта МАЙМЫЛДЫҢ СУРЕТІ
(Музыка ойнап тұрады.)
Дауыс: - Армысыздар, Құрметті оқушылар, ата-аналар,ұстаздар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі көңі-күйлерің қандай? (Балалар саусақпен көрсетеді)
-Өте жақсы, прекрасно,
- Ұстаз деген құдіреттен нәр алған, Әлдилеген әрқашанда ақ арман. Білімімен озық үлгі көрсетіп Бұл балалар, келеді 4 «А» сыныптан.
- Қошемет, құрметті халайық!
Өзгелерден бөлек екен мәнері, Білімі мен ерекше екен өнері. Думандата шырша тойды қыздыртқан
Келеді әне 1 «А» және 2 «А» сыныптан
Қалыспайды Жаңа жылдық мерекені тойлауға,
Келеді әне ізбасарлар дайындық тобының
Кішкентай бүлдіршіндері ,қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Мешін жылын
Ұзатып сап Қой жылын .
2- жүргізуші:
Жаңа Жыл бұл жай ғана мейрам емес,
Бұл мейрамның өзіндік ерекшеліктері де мол.
Бұл мереке көптеген ертегілер мен оқиғаларға толы ерекше мереке
1- жүргізуші:
Ерте ,ерте ертеде
Ешбір қиындықсыз, қорқынышсыз әлемде
Пальмалар мен банандардың елінде
Бір маймыл өмір сүріпті.
2- жүргізуші:
Ол өзі ерке, өзі көңілді болып жүреді екен. Ойламаған жерде маймыл жоғалып кетіпті.
1- жүргізуші: енді қайттік ,енді не істейміз?
«Чунга-Чанга»әні ойнап тұрады ( сол кезде шетелдік қыз шығады).
Девочка (жан-жағына қарап)
— Monkey! Monkey! ( «манкей, манкей»)
(бір кезде қолында «МАНКА»деп жазылған пакеті бар. сүйретіліп шығады). Соңында ақсаңдап атай келеді) Әжей: — Деточка, вот тебе манка.
Қыз(таңдана): — What’s it? (вотц ит)
Әжей:
— Бодқа? Ну и вкусы у тебя, дочка. А така ещё молода. Ну, что ж знать, може надо тебе правда.) Люди добрые, есть у кого бодқа?
Атай:(Ойланып)
Кемпір,сен өзің қызық екенсің, сенің манкаңның оған қажеті қанша
Әжей: — Так она ж тут голосила: манки, манки!
Қыз: — Oh yeah! Monkey!
Әжей: — Ну, вот видишь, просит. Ешь, деточка, только свари сначала!
Атай: — Әй, кемпір,ай! Енто деген ағылшын тілі ғой.. Оларша «monkey» деген біздіңше — «маймыл »деген сөз.
Әжей (қолын сілтеп): — Это кто тут обезьяна? Я вам покажу сейчас обезьяну! Такую обезьяну сейчас покажу.. Атасы мен қызы қашады,әжесі ұрсып жүріп оларды қуады)
Бүгінгі көңі-күйлерің қандай? (Балалар саусақпен көрсетеді)
-Өте жақсы, прекрасно,
(Телефон соғылады).
- Алло, Қой жылы! Қайдасың?Где Вы?ағылшынша Дауыс: - Бармын, бауырым, бармын! Орысша, ағылшынша Жаңа жыл: - екеумізді балалар көп күтіп қалды ғой. Тез барайық, сізді шығарып салсын,мен де уақытында орталарына барайын. (екеуі келеді)
2-Жүргізуші: - Ескі жылға арналған әсем әніміз бен биіміз бар. Қабыл алыңыз! Ән:
1-Жүргізуші: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өткен “Қой” жылында жеткен жетістіктерімізді есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп шығарып салсақ , қалай қарайсыздар? Қой жылы: - Ассалаумағалейкум, ағайын! - Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Елімізде ,ауданымызда, айта кетсем мектебімізде айтарлықтай елеулі оқиғаларға толы жыл болды. Облыс бойынша мектебіміз «Ең үздік мектеп» атағын жеңіп алды. Кристина Иванова қызымыз Алтын белгімен қоса мектебімізге 2 миллионның интерактивті тақтасын жеңіп алып сыйға тартып кетті екі оқушы «Алтын белгі»иегері атанды.Ал өзіміздің оқушыларға келсек Балуанова Аружан мен Мушанова Айнұрлар сайыстарда Республикалық гран при сыйлықтарына ие болды.Мына тұрған халық куә, содан сұрарсыңдар. -Рахмет,балалар! Бұл жеңістерде сендердің де қосқан үлестерің бар. Ата-ана, ұстаздарыңды ренжітпеңіздер Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін мына тұрған жаңа 2015 жылға аманат қылып қалдырамын.
1-Жүргізуші: - Ескі жылға арналған әсем әніміз бен биіміз бар. Қабыл алыңыз! Ән: Би: Ойын:
(ескі жыл кетеді)
Жаңа жыл: - Жыл иесі мешін болам , Мың шырайлы нұрға толам. Ырыс, дәулет, несібенің, Бақ - бастауы өзім болам. 2-Жүргізуші:
Құрметті достар олай болса Чунга-Чанга биін билей отыра Жаңа Жылды қарсы алайық(Чунга-Чанга биін билей отыра банан толы кәрзеңкемен Маймыл шығады ортаға балаларға үлестіріп береді)
Бүгінгі көңі-күйлерің қандай? (Балалар саусақпен көрсетеді)
-Өте жақсы, прекрасно
1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де,
2-жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге.
Бүгінгі мерекеміздің алғашқы әні «Жаңа-жыл» орындайтын, 4 «А» сынып оқушысы Кабдел Дарина .(Дайындық тобы ортада би билеп жүреді)
1-жүргізуші:
Құрметті достар! Жаңа жылдың құрметіне бір ойын ойнап жіберейік.Олай болса «Маймылды көрсет» ойыны.4 адамнан 2 топқа«Горилла» и «Макаки»болып бөлініп тұрады. Мимикамен маймылды сипаттау керек.Балалар «иә» немесе «жоқ» деп бағалап тұрулары қажет.(жеңген ойыншыларға алма немесе банан беріледі).
Маймыл: Жаңа Жыл: - Алло, Ақшақар Қайдасың? Дауыс: - Бармын, бауырым, бармын! Жаңа жыл: - Балалар, Аяз ата екеуіңізді көп күтіп қалды ғой. Дауыс: - Ертіп аяз атаны Жорғалап келем жорғалап, Баршаңызға арналған Сыйлықтарды дорбалап. 1-Жүргізуші: - Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен Ақшақарымыз да келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
2-Жүргізуші:: - Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар, Сүйіншімен маңайға жар салыңдар. 1-Жүргізуші: - Аяз ата келеді жаңа жылмен, Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
2-жүргізуші: -Ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ Ата мен Ақшақарды шақырайық.
Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет) 1-жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА.! 2-жүргізуші: Амаңсыңба АҚШАҚАР! АЯЗ АТА: Амаңсыңдар ма, ұлдарым, Амансыңдар ма қыздарым. Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем билерің. Асулармен алыстым, Асау желмен жарыстым. Шыршамызға асығып, Өздеріңмен табыстым. АҚШАҚАР: Армысыздар, оқушылар, ата-ана,ұстаздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. 1-жүргізуші:Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз. 2-жүргізуші: Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын, Қиналып әр отбасы тарықпасын. Аяз ата бүгінгі келген күндей Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып , Жаңа жылды қарсы алып, Жасаймыз той жылда бір. Жарқын-жарқын ән салып, Жалғасады жырға жыр.
1-Жүргізуші: - Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз балалар бар, Аяз Атамыз бен Жаңа жылымыз өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр.
2-Жүргізуші:: Аяз - Ата! Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе? Аяз - Ата: Әрине, бір қап әкелдім. Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарды кімдер айтып береді? (Балалар өз өнерлерін көрсетеді) Тақпақтар. Би:
Бүгінгі көңі-күйлерің қандай? (Балалар саусақпен көрсетеді)
-Өте жақсы, прекрасно,
Ойын: Ән:
2 топқа 5 адамнан бөлінеді. (ыдысты басына қойып ұстайды). мақсаты — 3 м жерден жемістерді кезекпен лақтыру. «Шимпанзе»тобы алмаларды, «Оренгутан »тобы — кокостарды. Жемістер біткен кезде жемістер саналып , жеңімпаздар анықталаы. «Макарена»әні ойнап тұрады. Ақшақар:- Балалар, жаңа жылға деген тілектерімізді білдірейік? 1-оқушы: - Қойнауы астыққа толы, Қостанай өңірі көркейсін. 2-оқушы: - Жаңа жылда бүкіл адамзат атаулы бақытты болсын. Ата-ана: - Құрметті оқушылар, ата-аналар, қонақтар! Қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып, ырыс-құтымыз азаймасын!
3-оқушы: Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін Мешін жылы: - Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін.
4-оқушы: Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын. 5-оқушы: -. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін. Аяз Ата: - Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын!
Ақшақар:- Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізерді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
6-оқушы: орысша тілек айтады.
7-оқушы :С.Амина : ағылшынша сөйлейді.
Мұғалім: Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын.
1- Жүргізуші:
Ел тыныш, бала-шаға аман болып, Дос-жаран, ағайынмен орта толсын. Қуаныш әкелетін әрбір жанға, Жаңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! Жаңа жыл: - Балалар, менің әкелген үш жұмбағым бар. Шеше аласыңдар ма? - Қысы-жазы суға толы. Ол не? Құдық, колодец, Жаңа жыл: - - Қыста ақ, жазда сұр, Бұл не? Балалар: - Қоян.Заяц. Жаңа жыл: - Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. Бұл не? Балалар: - Аю. Медведь
Бүгінгі көңі-күйлерің қандай? (Балалар саусақпен көрсетеді)
-Өте жақсы,прекрасно,
2- Жүргізуші:
Қуанатын шақ болсын, Достарымыз ақ болсын. Бізге келген жаңа жыл, Құт береке бақ болсын! Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып қалды.Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді) 1 жүргіуші:Аяз ата сізге көп-көп рахмат. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз.Қош сау болыңыз!! Балалар: — Сау болыңыз !!! 2жүргізуші: — Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін! Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!… 1 жүргіуші:. /Әрі қарай кеш би мен жалғасып, 2-3 бимен кеш аяқталады/ :-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады.Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар!Осымен шырша тойы аяқталды.