Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жылым жарылқа" жаңа 2022 жылды қарсы алу ертеңгілігі»
«№5 мектеп-лицей» КММ
Жаңа жыл жарылқа!
(2022 жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігі)
Мұғалімі: Дәрменқұлова Л.Ж.
1 «А» сынып
2021-2022 оқу жылы
(Жаңа жылдық әуен ойналып тұрады. Шырша жанында балалар.)
Мұғалім:Саламатсыңдарма балалар. Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық
Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық
Құттықтаймыз келер жылды алдағы
Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық
Жылға шашу шашамыз
Тойлап көңіл ашамыз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билеп ән саламыз
Хоровод: Жаңа жыл
Аида: Ақша қарға малынып
Аппақ тоңын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып
Нұрислам: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже, ана-әке
Құтты болсын жаңа жыл!
Әмина Ұ: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам мол болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жол болсын!
Амина С: Ойыншықтар мұншама,
Кім ілді екен соншама.
Алақай, айнала түрленді,
Балақай, ән айтамыз,
Би биле, тұрма енді.
Ән «Жаңа жыл келді» Амангелді Әмина
Әмина Ұ
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт, Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып… Қайсар
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,- Ғасырдың жиырма екінші жылы келді, Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Раяна С Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым, Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. Қазақтың пейіліне тарту етсін, Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Мұғалім: Балалар жаңа жыл мерекесінде кім бізге асыға келетін?
Балалар: Аяз ата, ақша қар
Мұғалім: Ендеше бәріміз Аяз ата мен ақша қарды шақырайық ортаға.
Балалар: Аяз ата, ақша қар. Аяз ата, ақша қар
(Аяз ата мен ақша қар келеді)
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін, менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.
Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды
жағып алайық, қанекей бірге…
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»
Балалар ортада тұрған шыршаны көріп, әдемілігіне тамсанады Балалар: Қандай әдемі шырша!
Хоровод: Шырша жыры
Ақша қар: Балалар жаңа жылымыздың келуіне бірер уақыт қалды. Ендеше көңіл көтеріп, би билеп, жаңа жылымызды қарсы алайық. Би: Флешмоб
(Аяз ата, ақша қармен бірге)
Аяз ата: Балалар қандай өнерлерің бар аталарыңа?
(Оқушылар тақпақтарын айтады, аяз ата сыйлықтарын таратады)
Ақша қар: Ал балалар, біздің кететін уақытымыз болды. Бізді әлі қаншама сендер сияқты балалар күтіп отыр. Сау саламатта болыңдар, балалар.
Аяз ата:Сау болыңдар, балалар.
Оқушылар: Сау бол аяз ата, ақша қар.
Мұғалім: Балалар біз аяз ата мен ақша қар кетті деп мұңаймаймыз әрі қарай мерекемізді тойлатуға дайынбыз ба?
Ескі жыл Нүрасыл: Балалар мен де сендермен 1 жыл бойы бірге болдым. Мен барда сендер 1 сыныпқа келіп, қолдарыңа әліппе оқулығын алдыңдар. Менің жылымджа сендер оқуды, жазуды үйрендіңдер. Менің кететін уақытым болды.
Әділет: Рахмет саған сиыр. Біз саған ризамыз.
Балалар: Қош бол ескі жыл
(Ескі жыл кетіп, жаңа жыл барыс келеді)
Барыс: Амансыңдар ба,балалар. Мен жаңа жыл барыс боламын. Мен енді сендермен 1 жыл бойы бірге боламын. Жақсы жаңалықтарға толы жыл боламын деп келдім.
Муслим
Келді тағы жаңа жыл Қуантумен біздерді Құтты болсын жаңа жыл, Құттықтаймыз сіздерді!
Еркеназ Е
Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле, төрле жаңа жыл Бізге құтты жол болсын.
Нұрбақыт
Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам он болсын Төрле Төрле Жаңа жыл Бізге Құтты жыл болсын
Нұрперзент
Оралдың өлкеме, Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқар тау, қарлы шың.
Мұғалім: Ендеше балалар, жаңа жылдың құрметіне ән шырқайық.
Хоровод: Келді, міне жаңа жыл
Ойын: «Жұлдыз теру»
(Мұғалім ойын шартын түсіндіреді. Балалардың көздері байланып, қолдарына қайшы беріледі. Ілулі тұрған жұлдыздарды қайшымен қиып алса, сыйлық беріледі).
Мұғалім: Балалар, бүгінгі жаңа жылдық мерекеміз өз мәресіне де жетіп қалды. Жаңа жыл жақсы жаңалықтарға толы жыл болсын.