Просмотр содержимого документа
«Әз Наурыз, қадамын Құтты болсын!»
Мектеп: Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,
Ақжар ауылы, Сарытау жалпы білім беру орта мектебі
Мұғалім: Калиева Жанна Айткеновна
Сынып: 2-сынып
Тақырып:«Әз Наурызым, құтты болсын қадамың!» тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Наурыз жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін,тарихи маңызын түсіндіру. Наурыз айында табиғатта болатын өзгерістермен таныстыру. Ата-бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Наурыз қыз: Ашық болса күніміз Ашылады нұрымыз, Бай тұлғалы өңірде Айтылады жырымыз . Күн менен түн теңелді Гүлмен жерді жайнатып, Мерейлі жұрт тойласын Мейрам етіп бұл күнді.
2-оқушы: Наурыз келді ,ал тойлаңдар,жараңдар, Келген мына мейрамға қараңдар.
3-оқушы: Ән мен биден шашу шашып арулар , Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.
Ән.
ІІ. Наурыз мейрамы туралы
1.Бүгін Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ ,«Нау»-жаңа , «рыз» –күн деген ұғымды білдіреді.
2.Нұқ Пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтауы күн мен түннің теңескен сәтіне тең келеді. Осы күні ұлан асыр той жасаған.
3. Осылай Қазығұрт тауындағы алғашқы қуаныш үлкен мерекеге ұласып, жаңа ұлыстың ұлы күні ретінде ұлықталып, бұл күн жаңа жылдың –Наурыз тойының басы ретінде кейінгілерге мирас боп қалған.
4.Наурыз айы-шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы.Наурыз жыл басыболып саналады.
5.Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі « жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер , тәжіктер, ұйғырлар және т.б атап өтеді.
6.Бұл күні адамдар бір-бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса кешіреді.
7.Ал мұсылман ұғымы бойынша 21-наурыз күні сағат үште Қыдыр ата келеді деп түсінген. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой-аран, тілек ойласа , ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.
ІІ.Наурыз белгілері
1. « Наурыз төл» - Наурыз айында мал төлдей бастайды.Оны ешкімге сыйға бермейді. Сатпайды.«Наурыз төл» деп атайды.
2. «Наурыз көк» - Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы.
3.«Наурыз шешек»- өте бағалы өсімдік.Наурыз айында өсетін өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген өсімдік.
4. «Наурызша »- Наурыз күні қар жауса,нұр жауады,жаңа жыл жақсы болады деп қуанған, «Наурызша » деп атаған.
5. «Наурыз көже» . Бұл күні 7 түрлі дәмнен : арпа,бидай, күріш сүт ,ет май, май қосып «Наурыз көже » пісіріледі. «Наурыз көже» –мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.
6.« Наурыз тілек ».Әр адам өзіне ,отбасына немесе дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап , жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.
7. «Наурызнама »-шат-шадыман ойын-сауық той. Бұл күні үлкен болсын,кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады.
8. « Наурыз бата» -халықта батаның түрлері көп,соның бірі-осы Наурыз бата.
9. «Бұлақ көрсең көзін –аш»-деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады.Бір тал кессең, он тал ек –дескен қариялар бұлақ басына тал егеді.Ал әйелдер атып келе жатқан күнге тәу етіп, «Армысың қайырымды, Күн-Ана »-деп иіліп сәлем береді.
2-оқушы: Жыл басы келді, жаңғырта келді тәу-тәу Кең байтақ ұлысыма ұлы күн келді Жаңа жыл келді тәу-тәу. Қайырымды Күн-Ана ,тілегімді бере көр!(бас иеді).
Күн: Басталар тіршіліктің той думаны , Оянар жан-жануар ой қырдағы. Боянар күннің сүттей сәулесіне , Аққулар жүзіп жүрген айдындағы.О, жамағат мейрамдарың құтты болсын, Уайымдарың жоқты болсын!
БИ.Қазақ биі
Айтыс
Көрініс.Үш би сөзі
Төле би айтқан екен Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шың жетпейді. Өзің белмесең белгендерден үйрен , Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Әйтеке би айтқан екен Ашу бар жерге ақыл тұрмайды. Ашу деген- ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария , Мөлдір су боп сарқырар.
Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын, Құр айтылған сөз қиын , Іске аспаған іс қиын,
Хормен:Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет ,елім. Тербетсін шаттық әні қазақ жерін Той бастаған қадамың құтты болсын Дәстүрлі тамыр алып, еркін жайсын.
Әжелер. 1-оқушы:Айналайын балалар ,Наурыз көже пісірдім. Тойға қазан түсірдім Көжеге жас- кәріңді шақырамын бәріңді. 2-оқушы: Бүгін тойға әкелген, баппен оны пісірген әжеміздің көжесін дәмін татып көрейік.
Наурыз көжені үлестіру.
Бата.
1-оқушы:Қызыр баба атамыз, Айтылсын елге батаңыз
Қызыр баба.Сұрасаң бата берейін Үстем болсын мерейің . Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын ! Қайда барсаң жол болсын ! Ұлыс бақты болсын ! Төрт түлік ақты болсын ! Ұлыс береке берсін! Аумин.