Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие "Сегодня мамин праздник!"»
8 – наурыз – Аналар мейрамы
Сабақтың мақсаты: балалардың 8 наурыз мерекесіне орай көңіл күйлерін көтеру. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күннің нұрынан, ананың сүтінен тараған. Қадірлі аналар, көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекелеріңіздің құрметіне бүгін біздің бүлдіршіндер сіздерге арнап, өз өнерлерін көрсетпекші. Сол кішігірім, шағын концертімізге қош келдіңіздер.
1-оқушы: Бүгін наурыздың 8
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
2-оқушы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейді барша балалар
3-оқушы: Ана деген – жарық жұлдыз шырағын
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың
Ана деген - өмірдегі қамқорың
Ана деген – сүйенерің, қамқорың
Сәуле шашақан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз.
4-оқушы: Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам, ай мамам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қайда да
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Әлпештеген анашым
Жақсы болсам асырып,
Жаман болсам жасырып.
Қамқор болған анашым.
Жүргізуші: Құрметті аналар, сіздерге арнаған «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
(ақ мамам, фонограммасыз)
Ақ мамам
1. Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның
Аман сау бол ақ мамам
Қайырмасы
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейрімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Жақын жан жоқ ө-зің-нен
2. Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
өсіріп мен сыйлаймын
жұрт көрмеген гүлдерді
7-оқушы: Анам мені айым дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді
8-оқушы: Үн қатамын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
8 наурызбен
9-оқушы: Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын
Аялы алақан
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
10-оқушы: Ана деген асыл жандар, болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай.
Жүргізуші: Кеше ғана іңгәләп дүниеге келген бөпелеріміз бүгін сіздердің алдарыңызда ән айтып, тақпақ айтып тұр. Ендеше «Балапан» әнін қабыл алыңыздар.
«Балапан»
1Тәй тәй басқан балапан
Қошақандай момақан
Былдыр былдыр сөйлейсің
Айтқаныма көнбейсің
Балапан, балапан
Жәй-шәй басқан балапан
Балапан, балапан
Тәй-тәй басқан балапан
2 балпаң, балпаң етесің
Құлай жаздап кетесің
Ер жеткенде сен ертең
мақсатыңа жетерсің
3. Елін сүйер баласың
өнер білім аласың
туған жерін қорғайтын
сен азамат боларсың
5-оқушы: Құлпырған гүлдей
Көктемгі күндей
Жылылық маған
Төгесің үзбей
Рахмет анашым
6-оқушы: Анам - өмір шырағы
Анам - өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
Жүргізуші: ана міндеті баланы жақсы тәрбиелеп өсіру, баланың міндеті – ананың парызын өтеу. Жақсылық атаулының бәрі ананың сүтінен жаралған.
Қар мұз еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Жер – гүл шашақ тағады
Балалар айтыңдаршы бұл қай кезде болады.
Көктем-Гүлжанат:
Наурыз айы көктеммін
Күлімдеп күмбез көкте күн
Жайқалған жасыл жапанға
Жылулық нұрын төккенмін
-Сәлеметсіңдер ме,балалар,апайлапр,аналар!Бүгінгі мерекеңізбен құттықтаймыз! Менімен бірге жылулық пен әсемдік те келді, сендерге дегенсыйлығым бар. ( аналарға гул сыйлайды.)
11-оқушы: Қадірлі аналар, көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын.
Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен де жақын маған
Ол жанымда жүрсе, менде
Батырларша, батылданам.
12-оқушы:Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығыңмен шуағыңмен Күн-ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты даұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Осындай алғысымызды білдіре отыра сіздерді ертегіге шақыруға рұқсат етіңіздер. Бір сәтке ертегі әлеміне саяхатқа аттанайық.
Жүргізуші: Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып берйін
13-оқушы: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
14-оқушы:Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем.
Дарина:Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпит әкем береді
Тірегі болып жаныңда
Бірге еріп жүремін
Жанашарым жанымда
Тек әжем деп білемін
Жүргізуші:Әрине әжесіз күніміз жоқ. Әжесі бар балалар менің ойымша бақытты балалар. Әжелер сіздерге арналған әніміз де бар. Қабыл алыңыздар.
«Әже»
1. Айналайын әжемнен
Бақыт байлық әкелген
өмір жүгі өзіңнің
көрінеді көзіңнен
Абзал ана әжешім
ән салады көкешім
Балалардың бағына
Әрқашанда келесің
Қайырмасы
Әже әжетайым
еркеле қараймын
Сен жүрсең ортада
бақыт деп санаймын, санаймын
2. Айналайын әжетайым
Аялаған еркетайым
Жүрегіңе жыр арнадым
Мен болайын қолқанатың
Әжім басқан жанарыңды
Көркем әсем ажарыңды
Аман есен жүрші әжекей
Балалардың базарында
15-оқушы:Үлкенмін ғой мен енді
Жудым бүгін еденді
Апаларға арналған
Жаттап алдым өлеңді
Өлең айтып беремін
Нан да алып келемін
өйткені мен анамды
Өте жақсы көремін
Бүгін бестік баға алдым
Тағы, тағы алармын
Үздік оқу
Тартуым
Мейрамына мамамның.
15-оқушы:Ақылшымыз, данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жүріңіз.
Аяулы асыл анамның
Әдепті сөзін сүйемін
Парасат мінезін
Ойыма әркез түйемін
«Анашым» өлеңі.
«Көңіл ашар» тобының «Гүлдер» биі.
Миджгонна: Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң екен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен+
Құрметті аналар, бүгін бізге қонаққа Өзбекстаннан арнайы сіздерді құттықтауға «Ханшайым» би ансамблі келіп отыр. Қошеметпен қарсы алайық.
(өзбек биі)
Ертегілер әні
Осымен біздің шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Құрметті аналар сіздерге зор денсаулық, мол бахыт, еңбектеріңіз жемісті болып, әрқашанда жолдарыңыз болып аялап атқан әрбір таңдарыңыз қуанышқа толсын. Сіздерге арналған сыйлықтарымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.