kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассное мероприятие «Мы? бір ма?ал – ж?з бір ж?мба?» в 4 классе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассное мероприятие для учащихся 4 классов. Игровая форма работы, использованы плакаты с пословицами и загадками. Выбирают несколько участников, участники набравшие наименьшее количество баллов, после каждого тура выбывают. Мероприятие состоит из 3 туров, каждый тур состоит из двух частей. После каждого тура проводится игра со зрителями. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие «Мы? бір ма?ал – ж?з бір ж?мба?» в 4 классе »




Сабақтың тақырыбы: «Мың бір мақал – жүз бір жұмбақ.»


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақтың мақал-мәтелдерінің, жұмбақтың мағынасын түсіндіру, өмірде қолданылатын орнын атап айту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіптілікке, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мақал-мәтелдердің тәбиелік мәнін ашу, оқушылардың тілдерін жаттықтыру, мәнерлі сөйлеуге шешендікке үйрету, сөздік қорларын нығайту.

Сабақтың түрі: ойын, сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, плакаттар.

Сабақтың әдісі: Мақал соңынан жалғастыру, сұраққа жауап беру.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Амандасу.

ә) Оқушыларды тексеру.

2) Оқушыларға сабақты баяндау.

3) Қорытынды.

Кіріспе бөлім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі өткізгелі отырған 4 сынып оқушылары арасындағы «Мың бір мақал – жүз бір жұмбақ» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен мақал мен мәтелдің айырмашылығы, жұмбақ деген неден пайда болған ұғым екеніне тоқталайық.

Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады.

Мысалы: «Едің атын еңбек шығарады» деген мақал, өйткені мұнда еткен адам ер аталатыны жайлы ой анық айтылып тұр.

Ал мәтелде ой тікелей білдірілмей, тұспалдап, жанамалай айтылады.

Мысалы: «Көппен көрген ұлы той» деген мәтел. өйткені мұнда не көрсең де халқыңмен бірге көр, өз басыңнан ғана қамын ойлама деген ой тұспалдап айтылып тұр.

Жұмбақ деген ат алақанды жұмудан шыққан, яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар анық нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, суспалмен сипаттап айтамыз.

«Сөйлей, сөйлей шешен боласын, көре-көре көсем боласың» - деген мақал тегін айтылмаған, олай болатын болса сабағымызды бастайық.

Ойынға қатысатын үш сайыскерімізді мақал жасыру арқылы таңдаймыз.

I тур.

Мақалшылар сайысы.


1. Еңбек етсең ерінбей, ... .... ...

2. Өзге тілдің бәрін біл, ... ... ...



3. Ойнап сөйлесең де, ... ... ...

Ойынымыз II кезеңнен тұрады, әр кезеңнен кейін ұпайы аз бір сайыскер ойыннан шығады. Соңында бір сайыскер жеңімпаз болып атанады.

I. Сайыскерлерге мақалдың басын бастаймыз да, олар тіркесін табу керек.

1) Ит итті жұмсайды,

(Ит құйрығын жұмсайды.)

2) Оқу инемен (құдық қазғандай)

3) Оқу – білім азығы,

(Білім – ырыс қазығы.)

4) Қына тасқа бітеді,

(Білім басқа бітеді.)

5) Отансыз адам,

(Ормансыз бұлбұл.)

6) Батыр туса ел ырысы,

(Жаңбыр жауса жер ырысы.)

7) Қына тасқа бітеді,

(Білім басқа бітеді.)

8) Отансыз адам,

(Ормансыз бұлбұл.)

II. Ұпайы аз сайыскеріміз кез келген мақал айтады да, келесеі сайыскеріміз сол мақалдың ішінен бір сөзді алып, сол сөзге мақал құру керек. Қай сайыскер берілген сөзге мақал құра алмаса, сол ойыннан шығады да, жеңімпаз анықталады.


Көрермендермен ойын.

  1. Еріншектің (ертеңі) бітпейді.

  2. Жаманға ас берсең үйіңнен шықпайды,

(Дұшпанға ас берсең түсіңнен шықпайды.)

  1. Ойнап сөйлесең де, (ойлап сөйле.)

4. Ит итті жұмсайды,

(Ит құйрығын жұмсайды.)

5.Оқу инемен (құдық қазғандай.)

6.Оқу – білім азығы,

(Білім – ырыс қазығы.)





II тур.

Жұмбақшылар сайысы.


Бұл кезеңде жұмбақ жасыру арқылы 3 сайыскер анықталады.

Жұмбақ шешу.

1) Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді. (Ерін)

2) Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар, шапаны жоқ. (Мысық)

3) Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ-сылқ күледі. (Бұлақ)


Ойынымыз II кезеңнен тұрады, әр кезеңнен кейін ұпайы аз бір сайыскер ойыннан шығады. Соңында бір сайыскер жеңімпаз болып атанады.

I. Сайыскерлерге жұмбақ жасырамыз да, олар жауабын табу керек.


1) Бес ін,

Бес іннің ауызы бір ін. (Қолғап)


2) Біз, біз едік, біз едік,

Біз жылтыраған қыз едік,

Таң атқанша жайылдық,

Таң атқан соң жойылдық. (Жұлдыз)


3) Іші жұмсақ, сырты қатты,

Түсі қызыл, дәмі дәтті. (Қарбыз)


4) Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)


5) Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)


6) Көзге көрінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)


II. Қалған екі сайыскеріміз бір-бірлеріне жұмбақ жасыру арқылы жеңімпаз анықталады. Жұмбақтың шешімін таба алмаған сайыскеріміз ойыннан шығады. Жұмбақ жасыруды ұпайы аз сайыскер бастайды.






Көрермендермен ойын.

Судан шығады,

Судан қорқады. (Тұз)

Ақ сандық айналадан тауып алдым,

Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым. (Жұмыртқа)


Кішкене ғана бойы бар,

Айнала киген тоны бар. (Қой)


III тур.

Соңғы кезеңде мақалшылар жеңімпазы мен жұмбақшы жеңімпазы қатысады. Жұмбақшыға кез келген жұмбақ жасырылады да, жұмбақшы оның жауабын шешкен соң мақалшы сол сөзге мақал құру тиіс. Егер жұмбақшы жұмбақ шеше алмайтын болса, онда мақалшы жеңімпаз анықталады. Ал мақалшы жұмбақтың жауыбына мақал құра алмаса жұмбақшы жеңімпаз анықталады.


1.Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды, тетігін бұрамай. (Сағат)

2. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (Су)

3. Асты тас, үсті тас, ортасында шандыр бас. (Тасбақа)

4. От басында құмған,

Екі көзін жұмған. (Мысық)

5.Төрт қарны бар,

Бір аузы бар. ( Үй)


Қорытынды:

«Тұз астың дәмін келтіреді, Мақал сөздің мәнін келтіреді»

«Мақал қайдан шығады ой болмаса,

Киіз қайдан шығады қой болмаса» дегендей, бүгін біз оқушылардың мақал мен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер, өздерінің сөздік қорын байытып, қазақ мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы көрсете білді.

Құрметті оқушылар, осы жаттаған жұмбақ, мақалдарымен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Внеклассное мероприятие «Мы? бір ма?ал – ж?з бір ж?мба?» в 4 классе

Автор: Адамбаева Айгуль Мадашовна

Дата: 28.10.2015

Номер свидетельства: 244873


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1700 руб.
2430 руб.
1590 руб.
2270 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства