Просмотр содержимого документа
«Внеклассная работа на тему "Егемен елім ер жетті" »
Сабақ тақырыбы: «Егемен елім,ер жетті»
Сабақ мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру,оның жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыра отырып,өз елін,жерін сүюге,
патриоттық рухта тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас , сайыс.
Әдісі: топтама, бес жолды өлең, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: плакаттар, Н.Ә.Назарбаев портреті.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық сәт:
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену,ұлағат
Әрбір ісің – тірлік , адамдық,
Әрбір сөзің – шындық , бірлік , адамдық.
Негізгі бөлім.
а) Сыныпты 2 топқа бөлу.
І топ – «Дарын»
ІІ топ – « Қабілет»
ә) « Қазақстан» сөзіне ой қорғау.
Жер Елбасы Астана
Таулар
Қазақстан Орман
Рәміздер
Үлкен
Ақша, төл теңге
Интерактивті тақтадан слайдтар көрсету.
б) Сұрақ – жауап:
- Балалар, біз қай ел жайлы әңгімеледік ?
- Қазақстан туралы ?
- Ол кімнің Отаны ?
- Біздің Отанымыз , біздің Қазақстанымыз.
- Неге біз Қазақстанды Отанымыз дейміз?
-Өйткені біз осы мемлекетте туылып, өсіп жатырмыз.Біздің ата-бабаларымыз бен ата-аналарымыз да осында өскен.Қазақстанның суын ішіп,нанын жеп отырмыз.
- Қазақстан Республикасы қашан егеменді ел болды, еске түсірейкші?
- 1990 жылы 25қазанда Қазақстан өз егемендігін алды, сол күннен бастап
25 қазан- Республика күні деп ерекше аталып келді.
- Балалар, Қ.Р. қай жылы тәуелді мемлекет болып жарияланды және қай күні?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда Қ.Р тәуелсіз мелекет болып жарияланды.
- Ал тәуелсіздік сөзін қалай түсінеміз?
- Тәуелсіздік – ешкімге бағынбайтын,өз алдына азат ел деген мағынаны білдіреді.
- Өз отанымыз жайлы қандай ән білесіңдер?
1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.
1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.
1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.
1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.
1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.т.б
в) Гимн, Ту, Гербтуралы слайдтар.
г) Топпен жұмыс.
Сұрақ –жауап.
І «Дарын»
- Отан деген не?
- Отан туралы қандай өлең білесіңдер ?
- Біздің мемлекетіміз қандай елдерімен шектеседі?
- Қ.Р. рәміздерін ата.
- Қ.Р. мемлекеттік тілі?
ІІ « Қабілет» тобы
- Қазақстанда қандай қазба байлықтар өндіріледі?
- Қазақстан қалаларын ата.
- Қ.Р кім басқарады?
- Келешекте Қазақстанның болашағы кімдердің қолында деп ойлайсың?
- Қ.Р мемлекеттік тілі туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
д) « Кім жылдам?»
Бір заттың атын айту, оқушы оның не екенін бірден айту керек.
1-топ 2-топ
Кітап – оқулық Мектеп – білім ордасы.
Сырдария – өзен Сызғыш -
А.Құнанбаев – ақын Қарлығаш -
Жылқы – үй жануары, төрт түлік мал. Күз -
Қараша – күз айы Қызылорда -
М.Мәмбетова – батыр Әйтеке -
Күшіңе сенбе, ісіңе сен- мақал. Жазу жазып жалықпаған,
Жазып-жазып арықтаған.
ж) «Жұмбақ ат»
Қоржын ішіндегі заттарды сипаттап айту.
І топ ІІ топ
Табиғат байлығы, өзі Дәнді дақылдардың,түсі ақ,тағам
Бай, дамыған, өркениетті. Білімді мамандар Ұлтжанды азаматтар
Әділетті. көбейеді. көбейеді.
Ана тілінде сөйлейді?
Мақал –мәтел сайысы
Отан туралы мақалдар айту.
Қорытынды.
5 жолды өлең құрастыру.
1) Не? Қазақстан.
2) Қандай? Тәуелсіз, байтақ.
3) Не істейді? Дамиды, өркендейді.
4) 4 сөзден тұратын сөйлем құрау
Қазақстан-тәуелсіз мемлекеттердің бірі.
5) Қазақстан сөзіне мәндес сөз.Мемлекет.
Қорытынды:
-Міне,балалар,тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген:»Біздің бабаларымыз Қазақстанның кең байтақ жерін,төлтума мәдениетін бізге мұра етіп қалдырды.Еліміздің келешегі Қазақстанның
ертеңі өз қолдарыңда.Соны дамытатын,жүзеге асыратын мына сіздерсіздер»