kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассное мероприятие «Төрт ана» поэзиялық кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Төрт ана» поэзиялық кеші

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие «Төрт ана» поэзиялық кеші»

«Төрт ана» поэзиялық кеші


«Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді,тарихи танымымызды,рухани

мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып,барлық салада рухани

тәуелсіздікке жетуіміз керек... Мектеп оқулығынан бастап әрбір

ғылыми еңбек,көркем шығарма,мәдени шара рухани тәуелсіздік пен елдік

идеясына қызмет етуге тиіс...»

Нұрсұлтан Назарбаев


Мақсаты: Туған елінің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу; оқушының туған жеріне деген елжандылық сезімін қалыптастыру; танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту.


Көрнекілік: Слайд-шоу, нақыл сөздер, рәміздер суреті.


Барысы: «Төрт ана» бейнебаянымен басталады.


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар және қонақтар!


Бүгінгі біздің №90 мамандандырылған мектеп-лицейде өткелі отырған «Төрт ана!» атты поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер! (орысшасша нұсқасын да айту)


2-жүргізуші: Аспан түсті туымыз желбіреді,


Шықты және теңгеміз- ел біледі.


Әнұран да, Елтаңба - өзімдікі,


Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!

Кешіміздің бісмілләсін «Әнұранмен» бастасақ! Қазастан Республикасының Әнұраны қосылсын!


1-жүргізуші: Далада думан,қалада думан жыр бүгін,


Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім.


Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,


Кеудеме әкеп қондырған бақыт ән, жырын.



2-жүргізуші: Сен де арманда едің-ау,мен де арманда,


Сол арманға қол жетті,арман бар ма!


Өзімізді өзіміз таба алмастан,


Адасқанбыз сан тарап ормандарда


Жас көркемсөз оқушыларды ортаға шақырмас бұрын, Тәуелсізідік жолында маңдай терлері мен қасық қандарын жұмсаған Алаш қайраткерлеріне арналған «Алаш туы астында» көрінісіне кезек берсек.

(Туған жер туралы бейнебаян жүріп тұрады, баяу ән қосылған)

«Алаш туы астында» көрінісі:


Жиырмасыншы ғасырдың басында басталған төңкеріс елесі 1917 жылдың қазанында өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Ақ патшаның отаршылдық саясатының орнын қызыл кеңес идеологиясы басты. Міне,осы тарихи аса бір маңызды кезеңде қазақ халқының зиялы азаматтары өз елінің болашағы мен бақыты үшін «Алашорданы» құрған болатын. Олардың ішінде Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды интеллигенция өкілдері бар еді.


Мағжан (Қали): Не көрсем де Алаш үшін көргенім,


Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім


Мен өлсем де,Алаш өлмес,көркеер,


Істей берсін қолдарынан келгенін


Жүсіпбек (Ерасыл): Қазағым,қақтықпа,қамалма,


Ел болар қамыңды амалда!


Кетті туы,атты таң,шықты күн,


Сал малды,сал жанды,аянба!



Сұлтанмахмұт (Тимур): Алаш туы астында,


Күн сөнгенше сөнбейміз.


Енді Алашты ешкімнің,


Қорлығына бермейміз.


Өлер жерден кеттік біз,


Жасайды,Алаш,өлмейміз.


Жасасын,Алаш,жасасын!


Міржақып (Димаш): Көзіңді аш,оян қазақ,көтер басты,


Өткізбей,қараңғыда бекер жасты.


Жер жетті,дін нашарлап,хал һарам боп,


Қазағым,енді жату жарамасты.


Бүгінгінің үні (Алтынай):.........................................................................................



1-жүргізуші: Бәрекелді, осындай рухты бастаудан кейін, біз де жарысымызды бастасақ.

Сіздердің алдарыңызға 1-сынып оқушыларын шақырамыз (6 оқушы)

Әуелгі болып шығатын....

1. 1В Коковино Таисия «Туған жер» Ақұштап Бақтыгереева

2. 1Б Зайдуллаева Ситора

3. 1В Сергазы Алихан «Ана тілің – арың бұл» Қадыр Мырза Әлі

4. 1А Дудкина Алевтина «Туған елім» Бәкір Тәжібаев

5. 1Б Колмогорова Дарья «Жан дала – жәннәт дала» Күләш Ахметова

6. 1А Вольхин Ефим «Отан – Ана» Мұқағали Мақатаев


2-жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.


1-жүргізуші: Қазақ халқы-жауынгер халық. Олар аттың жалында,түйенің қомында жүріп-ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе?! Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар.Ең бай,шұрайлы,құнарлы,әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз,асқар тауларымыз,шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!


2-жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз! Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз!



1-жүргізуші: Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,


Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.


Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгің,


Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!



2-жүргізуші: Тәуелсіз-Қазақстаным,Туыңды биік ұстадың,


Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.


Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,


Жасай бер,жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!


Көркемсөз оқуға 3-сынып оқушыларын шақырамыз (6 оқушы).


3-сынып оқушылары:

1. 3 Жанатаева Еркежан «Үш бақытым» М.Мақатаев

2. 3Б Красюкого Анастасия «Отан туралы» М.Мақатаев

3. 3 Сартаева Әдия «Туған өлке» М.Мақатаев

4. 3В Сакенова Амина «Мен қазақпын» Жұбан Молдағалиев

5. Бедер Семён «Туған жер» Қасым Аманжолов

6. 3А Асылбек Айым «Төрт ана» Мұхтар Шаханов



1-жүргізуші: Қазақ жері-мекенім,


Байтағын бойлап жел ескен.


Мақтанып мәңгі өтемін,


Тау менен дала теңескен.


Шегіне көзің жетпейтін


Ата-анам-Қазақстаным.


Перзентінен көктейтін,


Мен балаң-Қазақстаным.



2-жүргізуші: Бөленген сұлулыққа далам менің,


Тыныстап,емін-еркін алар демін.


Тәуелсіз күндерімнің арқасы ғой,


Қарашы,ой да,


Қыр да,


Жаңарды елім,


Ғасырлар бабам күткен заман ба едің!

Көркемсөз оқуға 4-сынып оқушыларын шақырамыз (6 оқушы).

4-сынып оқушылары:

1. 4А Айжан Тултанова «Елбасы»

2. 4А Каримов Айдабол «Елбасы»

3. 4Г Гайратова Махидиль «Қазақ тілі» Сұлтанмахмұт Торайғыров

4. 4А Султан Максумов «Елбасы»

5. Абилдаева Айлин «Қазақстан» Қасым Аманжолов

6. Калиоллаева Алина «Елбасы»


1-жүргізуші: Тәуелсіздік! Бақытым,бақ-мұратым,


Сенсің маған биікті алдыратын.


Сенсің менде жүректі жандыратын,


Кәусар сезім бақытқа қандыратын.


Бар әлемге паш етіп теңдігімді,


Мәңгі бақи тарихта қалды атың!


Жеңісіміз туралы бірер сөз


Көркемсөз оқуға 5 және 6-сынып оқушыларын шақырамыз. (5 оқушы)

5, 6-сынып оқушылары:

1. 5Г Көпбаева Айым «Қазақы ес» Мағжан Жұмабаев

2. 6Б Ахенбекова Жания «Туған өлке» М.Мақатаев

3. 6А Дәрмеш Айгерім «Туған жер» Жүмекен Нәжімеденов

4. 6Б Гузева Екатерина «Пай, пай, киелі неткен жер» М.Мақатаев

5. Чакантаева Дания «Қазақстан» К.Ахметова



2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,


Ақиқаттың алтын бесігі екенсің


Елім,Жерім,Отаным,бақ-дәулетім,


Болашағым,өнер-білім,өркенім.


Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздік қасиетті туы желбіресін,күніміз мәңгі сөнбесін!


Екі жүргізуші: Қазақстан!


Туыменен тұғырлы.


Елтаңбасымен еңселі.


Әнұранымен айбатты.


Әуелей бер,әсем сазды Әнұран!


«Атамекен» әні қормен орындалады (3-сынып оқушыларымен).

«Атамекен» бейнебаяны қосылады.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Внеклассное мероприятие «Төрт ана» поэзиялық кеші

Автор: Құлбек Алтынай Боранбекқызы

Дата: 11.04.2019

Номер свидетельства: 506804


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства