kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?рпа? т?рбиесі - ел м?раты!

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «?ркім ?з жолын тауып  кететіндей  бала т?рбиесі  же?іл  н?рсе  ме? Жо?. «Бала т?рбиесі – ?нер, жеке бір ?ылым иесі болуды тілейтін ?нер», — деген екен М.Ж?мабаев. ?андай  тауып  айтыл?ан  даналы  с?з  десе?ізші. Т?рбие  ар?ылы  адам  та?дыры  шешілетінін, оны?  білімді  т?л?а  болып  ?алыптасатынын, елді?  берік  тірегі  болатынын  к?рсетеді.

  Балалар  т?рбиесіне,  келер ?рпа?  т?рбиесіне  ?ай  кезе?де  болса  да,  ?ай  елде, ?ай  ?лтта  болмасын  ?лкен  м?н  берілген  ?ой. ?йткені  бала – бізді?  болаша?ымыз. Ол ?шін балаларды жаман, жа?сы деп б?лмей, бірлесіп, ая?ынан ны? т?ру?а к?мектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-ба?шаны баптап, к?тіп суарса? ?ана жемісіне кенелесі?. Сол сия?ты баланы? теріс мінездерін ?немі ?ада?алап, т?зету – ?орша?ан ортаны?, я?ни ата-ана мен мектепті? міндеті.

?мір шынды?ына ж?гінсек, т?рбие бастауы, оны? ?айнар к?зі, ананы? с?тінен н?р алып ?скен ортасына тікелей байланысты.

«Т?рбие басы – тал бесік», «?яда не к?рсе?, ?ш?анда соны ілерсі?!» деген ?аза?ты? ма?ыналы с?здерінде ?лкен астар бар сия?ты.

Алайда, ж?мысымызда бай?ап ж?ргеніміздей ата-аналарымызды? бала т?рбиесі жайлы к?з?арастарында елеулі ?ателіктер де к?рініс беруде.

Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тама?пен ?амтамасыз етем, білім, т?рбие беру – мектепті? ісі» деп т?сінетін ата-аналар да кездеседі. Бала т?рбиесін тек мектепке ?ана аударып ?оймай, ата-ана, мектеп, ?о?амды? ?йымдар бірлесе отырып ж?мыс жасау, ?стаздар ?шін де, ата-аналар ?шін де тиімді.

Елімізді?  егемендігін  алып,  т?уелсіздік  туы  биікке  к?терілген  ?азіргі  кезе?де   балаларды  ?о?амны?  лайы?ты  ізбасары  етіп  дайындау,  т?рбиелеп  шы?ару   ?шін  мектепте   о?у,  т?рбие  ж?мыстарын  к?бейтіп,  ?лтты?  ?ла?аттылы??а   баулып  отыруымыз  ?ажет. ?азіргі заман  талабына  сай  о?у-т?рбие  ж?мысыны?  т?рлері,  ?ткізу  іс-шаралары  ?немі  ?згеріп, жа?арып, дамып  отыр. ?скеле?  ?рпа?ты  т?рбиелеу  ж?йесіндегі  шешуші  буын  мектеп  бол?анды?тан,  б?рын?ыдан  да  зор  жауапкершілік  артуда. ?р  ш?кірт  мектеп  ар?ылы  ?мірге  жолдама  алады.

Мектеп ешуа?ытта отбасынан, ?о?амнан б?лініп, ?з бетінше жеке мекеме бол?ан емес. Сонды?тан оны? іс-?рекеті отбасымен, к?пшілікпен біте ?айнас?ан.

Осы т?р?ыдан ал?анда мектеп – бала мен т?рбие ж?мысын ?йымдастыруды? жеке адамны? дамуына ж?не ?алыптасуында ?рт?рлі факторларды? ?йлестіріп, біріктіруді? орталы?ы.  М?нда т?рбие т?рлеріні? сан алуаны ж?зеге асырылады.

Баланы  т?рбиелеуде  бір  ?ана  отбасыны?  алатын  орны  ерекше  деп  ?орытынды  шы?ару?а  болмайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?рпа? т?рбиесі - ел м?раты!»

Ұрпақ тәрбиесі – ел мұраты

 «Әркім өз жолын тауып  кететіндей  бала тәрбиесі  жеңіл  нәрсе  ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші. Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып  қалыптасатынын, елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді.

  Балалар  тәрбиесіне,  келер ұрпақ  тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болмасын  үлкен  мән  берілген  ғой. Өйткені  бала – біздің  болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті.

Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.

«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты.

Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктер де көрініс беруде.

Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру – мектептің ісі» деп түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке ғана аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді.

Еліміздің  егемендігін  алып,  тәуелсіздік  туы  биікке  көтерілген  қазіргі  кезеңде   балаларды  қоғамның  лайықты  ізбасары  етіп  дайындау,  тәрбиелеп  шығару   үшін  мектепте   оқу,  тәрбие  жұмыстарын  көбейтіп,  ұлттық  ұлағаттылыққа   баулып  отыруымыз  қажет. Қазіргі заман  талабына  сай  оқу-тәрбие  жұмысының  түрлері,  өткізу  іс-шаралары  үнемі  өзгеріп, жаңарып, дамып  отыр. Өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  жүйесіндегі  шешуші  буын  мектеп  болғандықтан,  бұрынғыдан  да  зор  жауапкершілік  артуда. Әр  шәкірт  мектеп  арқылы  өмірге  жолдама  алады.

Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан.

Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы.  Мұнда тәрбие түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады.

Баланы  тәрбиелеуде  бір  ғана  отбасының  алатын  орны  ерекше  деп  қорытынды  шығаруға  болмайды.

Мектептің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты сынып жетекшісі қамтамасыз етеді.

Сынып жетекшілер оқушылардың екінші ата-анасы ретінде бірге жүріп, халықты ғасырлар бойы өз ұрпағын тәрбиелеп келген тәжірибесінен үлгі көрсетуді мақсат-мұраты санайды. Балаларға тәрбиелік жұмыс жүргізуді жан-жақты қарастырып, тиянақты көрсететін тұлға – ол сынып жетекшісі.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі.  Қазіргі заманда ең басты мәселе – бала тәрбиесі.

Мысалы, оқушы  мектепке  келген  кезінде  тіл  алғыш, жүрегі  таза, сезімі  пәк болып, өсе,  не  жоғарғы  буынға  келгенде  өзгеріп  сала  береді. Сол  кезде  мына  бала  қандай  еді, қалай  өзгеріп  кетті, мынадай жаман  әдеттерді  қайдан  үйреніп  ала  қойды, неге  озбырлық  жасауға  бейім  болып алды  деген  сұрақтар  мазалайды. Әрине, оның  себептерін  жан-жақты  іздеуге  болады. Бала  тәрбиесіне  ата-анасы  мен  жүрген  ортасына  мұғалімнің  де  қатысы  бар.  Баланың  қалыптасуына  ықпал  етіп, дамуына  үлес  қосатын  мұғалімнің  есте  ұстар  жағдайлары  аз емес. Солардың  ішінде  ең негізгісі – балаға  деген  жүрек  жылуы. Ол қашан  да  қажет  және  ешқашан артық  болмайды.

Қазіргі  жағдайда  тәрбиенің  жалпы  негізі  адамгершілік  құндылықтар  болуы керек.  Адамгершілік  құндылықтар  үлкен  мен  кішінің  арасындағы  шынайы  қарым-қатынас  кезінде  бала  бойына  дариды.

Мектеп  қабырғасында  жақсы тәрбиеленген, саналы  білім  алған  шәкірт  өмірде  өз орнын  табады. Ол  үшін  ең  әуелі  ұрпағымызды  бала  кезінен-ақ  ұлттық  тәлім-тәрбиеге, адамгершілік  әдетке,  рухани,  мәдениетке  баулу  керек.  Сонда  жас  ұрпақ елі үшін  елең  қағар  азамат,  имандылық  қасиеттерді  жақсы  білетін  азамат  болып  қалыптасады.

Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету өз нәтижесін береді.        Қазіргі  қоғам  жан-жақты  үйлесімді  жетілген  жаңа  ұрпақты – жаңа  адамды  тәрбиелеуді  талап  етеді.  Қоғам  талабы – заман  талабы. Өйткені «Әр  адам – өз заманының  баласы».  Сол  себепті  адамды  заман  билейді,  заманына  сай  заңы  туындайды.

Бала  тәрбиесіндегі  негізгі  де  маңызды  роль  ата-аналарда.  Ата-ана  отбасында  өздерінің күнделікті  жұмысы,  тындырған  ісі  туралы  бала-шағасының  алдында  айтып, әңгіме-дүкен  құрады. Бірте – бірте  балалары  да  өз  жаңалықтарын  ортаға  салып, айта  бастайды. Осылайша  жанұя  мүшелерімен  сенімі, сүйіспеншілігі, достық  қатынастары  нығая  түседі.  «Жанұяға  қарап  бала  өседі, қарағайға  қарап  тал  өседі»  деп  тегін  айтылмаған  болса  керек.  Ата-ана  баламен  тілдесуде, пікірлесуде  бейауыз  сөздерді  қолданбай,  дөрекілікпен  жеке  басын  қорғамай,  мейірімді, табиғи, жылы, ақылды  сөздер  айтып  өнеге  бола  білсе, тәрбиеде  табысқа  жетеді. Өйткені  «Жақсы  сөз  жан  семіртеді». Кейбір  ата-аналар  өте  қатал, айтқанын  орындатады. Мұндайда  бала  қорыққаннан  уақытша  тыңдайды.  Бірақ  ата-анасының  уысынан  шыққаннан  соң,  өзін-өзі  ұстай  алмайтын  жағдайға  жетуі  мүмкін. Сондықтан  сынып  жетекші  ата-ана  ескермеген  тәрбиенің  тиімді  сәттерін пайдалану  қажет.

Сынып  жетекші  оқушыға  материалдық  жағдай  жасамағанымен,  оның  өміріне  азық  болар  ең  қымбат  асыл  қасиеттер – адамгершілік  құндылықтармен  қамтамасыз  етеді.  Әрбір  оқушының  жеке  басын  тәрбиелеудің  стратегиясын  білу  үшін  тек  оның  күшті  және  әлсіз  жақтарын  біліп  қоймай,  сонымен  қатар  оның  оқитын,  тұратын,  қарым-қатынас  жасайтын  жайдайларын  білуіміз керек.  Ол  үшін  олардың  ата-аналарымен  тығыз  байланыста  болу қажет.

Ата-анамен, отбасымен тығыз байланысты болудың ең негізгі жолы мектепте өткізілетін әртүрлі мерекелер, іс-шаралар мен жиналыстар, сайыс, ашық есік күндерін ұйымдастырып, ата-аналарды шақырып, ата-аналарды тек көрермен ретінде ғана қарастырып қоймай, балалармен бірге әртүрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға қатыстырып отыру керек. Ашық тәрбие сағаттары, психологиялық тренингтерге қатыстыру немесе құқық қорғау органдарынан инспекторлар, дәрігерлер, ақсақалдар алқасынан қонақтар шақырылып, мәні зор инабаттылыққа, имандылыққа баулитын ақыл-кеңестер алу өз нәтижесін береді.

Ата-аналар  мүмкіндігінше  балаларды  үйде  қараусыз  қалдырмауға, немен  шұғылданатынын,  күнделікті  қанша  сабақ  болып,  қаншада  қайтатынын  біліп  отырулары  қажет.

Мектеп  пен  ата-аналар  ынтымақтаса  жұмыс  жүргізсе, балаларға  тиісті  көңіл  бөле  білсе,  олармен  санаса  білсе,  келешектің  шын  жанашыры,  елдің  арқа  сүйер  азаматтары  тәрбиеленіп  шығары  сөзсіз.

Менің ойымша әрбір жас толқын қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, ибалы болуы керек.

Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген сынып жетекшісі ғана мейірбан жеке тұлғаның қалыптасуына көмек көрсетуге қабілетті.  Жемісті тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?рпа? т?рбиесі - ел м?раты!

Автор: Кожасова Айгуль Сабитовна

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293713


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства