kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаздар күніне арналған "Ұстаз болу-жүректің батырлығы" атты әдеби монтаж

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз болу-жүректің батырлығы»

«Ұстаз болу - жүректің батырлығы»

ашық тәрбие сағатының сценарийі


/Сахна сыртынан жүргізуші/

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып.

/күй тартылады/

Әли Алпысбаевтың күйі «Әке арманы», кешіміздің құрметіне орындалатын Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар.


1 жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.

2 жүргізуші: Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.

Мұғалім – ұстазысың балалардың.

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


Атағым Алатаудай болып биік

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп

Алдыңда әрқашан да тағзым етіп

Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.


1 жүргізуші: Ең күрделі ғылым – Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!


Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.

Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.



Жүргізүші:“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ұздардар жайлы ұлы адамдардың айтып кеткен ұлы сөздері



Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби


Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин


Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев


Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Мұхтар Әуезов


Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім. Ғабит Мүсірепов


Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік Ғабдуллин


Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады. Жүсіп Баласағұни


Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін Серке Қожамқұлов


Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. Спандияр Көбеев



2 жүргізуші: Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, Ұлы Әуезов тілімен айтсақ «Алғашқы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайысы» дегендей кейінгі толқын ұстаздарға алдыңғы толқын аға буын өкілдері ардагер ұстаздарымыз келіп отыр.

/келген ардагер ұстаздармен таныстыру/

Ендеше осы ұстаздарымызға қол соғып, қошемет көрсетейік.

.


/жүргізуші сахна сыртынан/

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Данышпан да, дана да оқып сенен

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең

/Бүгінгі ұстаздарға өз құттықтауларын ала келген сынып оқушылары ортаға шығады/

  1. Кім боласың?

Кім болсаң да аман бол.

Бастықпысың?

Өте жақсы тұра қал.

  1. Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі,

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.

  1. Махаббаты: бала және Отаны

Сүйікті ісі: қағаз, кітап қопару

Демалысы: шәкірттерге хат жазу

Ал кәсібі: от беру мен от алу

  1. Бұл халықтың мектеп жалпы тұрағы

Мектеп деме жан-дүние құрамы

Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен

Өзін өзі ұмытудан тұрады.

  1. Ал мұғалім барса алдыңа дұрысы

Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын.

  1. Кім боласыз ұмтылмаңыз жоғары

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба

Бірге: Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары!


  • 1 оқушы: Ғұлама білгіш ғалымнан,

  • 2 оқушы: Оқушы жас жалыннан,

  • 3 оқушы: Ғарышкерден, батырдан

  • 4 оқушы: Өнері асқан актерден,

  • 5 оқушы: Ырыс қазған шахтерден,

  • 6 оқушы: Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен

Ұстаздарға мың алғыс!


/Сахна сыртынан/ Әбілақат Еспаевтың әні «Ұстазым»

1 жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында


2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.

/келген ардегер ұстаздарға сұрақтар қойылады/

Құрметті қонақтар, бүгінгі кеш ерекше кеш, себебі ұстаз жолы – ұлы жол.

1 қонаққа сұрақ: Серке Қожамқұлов ағамыз былай дейді, «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» дейді, Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

1 жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз .


Ән: «Ұстазым»

1 жүргізуші:

Арылтып түн-түнектен саналарын,

Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын

Бала емес, адамзатты тәрбиелер

Ұстаздар – ар-ұяты замананың.

2 жүргізуші:

Мәрт мінез елің барда өресі кең,

Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен

Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда

Тағдардың толқын ұрған кемесімен

1 жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.

2 жүргізуші:

Қуат алып күндерден алыстағы

Жүресіңдер мініп ап намысқа бір

Дерексіздер өткеннен, керексіздер

Болыңыздар бай қуатты арыстарым.

Көркемсөз оқушы:


Тойлайды бұл күнді көптен,

Біздің байтақ, бақытты ел.

Ұстаздарын шын жүректен,

Құттықтайды шәкірттер.


Арналады ұстаздарға,

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар ма,

Ұстаз алдын көрмеген.

Мерекемен құттықтаймыз,

Мұғалімін әр пәннің.

Ұстаздарды көреміз біз,

Шұғыласындай әр таңның.


Сіздер біздің өлеңіміз,

Сіздер біздің әніміз.

Тәртіпті боп үнемі біз,

Беске оқимыз бәріміз.


Бірінші көрініс


Бірінші оқушы:

Шыбықтай едік алтыдан жаңа асқанда,

Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда.


Екінші оқушы:

-“Ботам” деген сөзді ғана білуші ек,

“Атан” деген сөзді әлі білмеуші ек.


Үшінші оқушы:

-“Апам” деген сөзді ғана білуші ек,

“Отан” деген сөзді ғана білмеуші ек.


Төртінші оқушы:

-Білім бар теңіз: болмайды екен мүлдем шек,

Біз сізге қарап: “Үйренсек”, дедік, - үйренсек!”


Бесінші оқушы:

Ардақты ұстаз! Рақмет Сізге, рақмет!



Екінші көрініс

Бірінші оқушы:

-Үлкендерді сыйлауды,

Құнды кітап жинауды


Екінші оқушы:

-Адалдарды сүюді,

Тентектерді тыюды,


Үшінші оқушы:

-Оқуды ауыр көрме! – деп,

Ылғи да алға өрле! – деп,


Төртінші оқушы:

-Жақсы істерді құп ал! – деп,

Досың үшін қуан деп.


Бесінші оқушы:

-Санамай жылдың күн, айын,

Баулыдыңыз ұдайы

Алтыншы оқушы:

- Ұсындыңыз қол үшін:

Рақмет Сізге сол үшін!


Үшінші көрініс


Бірінші оқушы:

- Ақылыңызды тыңдаған

Шәкірттеріңіз мыңдаған.

Екінші оқушы:

-Етеді еңбек әр елде:

Жаяды атын әлемге!

Үшінші оқушы:

-Емші атанған шәкірт те,

Елші атанған шәкірт те...

Төртінші оқушы:

-Кәсіпкер де, мұғалім,

Журналист те, не ғалым...

Бесінші оқушы:

-Ақын шәкірт табылар,

Батыр шәкірт тағы бар...

Алтыншы оқушы:

-Біз үшін қиған уақытын

Өлшеп көр ұстаз бақытын!


Хормен:

Кеңейткен ойдың өрісін

Рақмет Сізге сол үшін!


Төртінші көрініс


Бірінші оқушы:

-Ұстазымыз алғашқы

Ғұмыр бойы жолбасшы!


Екінші оқушы:

-Қалдырмаймыз Сізді ұятқа!

Сіз үйреткен ақылмен

Талпынамыз мұратқа!


Хормен:

-Берекелі заман болсын,

Шәкірттеріңіз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда

Сіз жасайсыз сансыз шәкірт.








ӘН – ЖЫР ШАШУ...

ҰСТАЗҒА


МЕНІҢ ҰСТАЗДАРЫМ



СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ – МЕКТЕБІМ


Қызықты каникул кезінде

Асыр сап ойнадық, дем алдық,

Сүйікті мектебім, өзіңе

Қуанып қайтадан оралдық.


Гүл тердік тоғайда, орманда,

Шіркін-ай жайдары жаз қандай

Төл күтіп жайлауда,

Қырманда,

Бидайды жинастық маржандай.


Сәулесі әйнекке шағылып,

Нұр төкті класқа көкте күн.

Келдік біз оқуды сағынып,

Сүйікті ұстазым – мектебім.


Шона Смаханұлы


ІЛТИПАТ


Лапылдаса қызулықпен от-жаның

«Сабаңа түс, саспа»- дейді, “тоқтағын”

Бағыт беріп бейне темірқазықтай,

Көңіліңе сызар өмір соқпағын.


Болашақтан сенім жібін үзбеген,

Халыққа тек жарық таңды іздеген,

Құлазитын жалғыз қалса көңілі,

Бақыты оның оқушымен, бізбенен.


Ақ түссе де шаштың әрбір талына,

Жүк түссе де нар көтермес жанына,

Жаңарады жаңа оқу жылымен

Тосар сені жеткен кезде сағына.


Дүниеде таусылмайтын сырды ашып,

Кейде алатын құрдасындай сырласып,

Кейде қатал – тезге салып алатын,

Кейде күндей – күлімдейді нұр шашып.


Шәкірттерін азамат қып саналы,

Ұстаз-ана дана бола алады.

Ең бастысы, ұстаз мынау өмірде

Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.

Тоқтарбек Хамзин


ҰСТАЗ


Мейлі жас, мейлі кәрі бол,

Дана деп сені, пана деп сені үғамын.

Көктемсің нұр мен нәрі мол,

Диқансың және, кеншісің және Мұғалім!


Қалыпшы деп те айта алам,

Құрыштай құйып, шыңдайсың балғын жас жанды.

Мектептен түлеп майталман,

Батырдың жолы, бақыттың жолы басталды.


Анадай бесік тербеткен,

Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің!

Суарып білім-шарбатпен,

Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

Жұбан Молдағалиев


МҰҒАЛІМ


Сөзі бойға ексе білім қуатын,

Көзі зерттеп жан-дүниеңді ұғатын.

Қайда жүрсем бірге ұстаз бейнесі,

Іс-қимылы аңсар арман – мұратым.


Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,

Мұғалімді ардақтамас бар ма жан.

Ол мектептен шықпаса да қысы-жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.


Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,

Шәкіртінің өзінен де озғанын.


Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,

Аялаймын олар басқан әр ізді.

Арманым не алабына қадірлі,

Өнегелі болсам ұстаз тәрізді


Олар үлес қосар сана-ақылға,

Мың алғыс бір сабағына татыр ма?

Болуды мен санаймын ең зор бақыт,

Мұғалімдер армиясы сапында.

Оразақын Асқар


ҰСТАЗДАРЫМА


Айтарым менің көп тегі,

Тыңдаудан әсте жалықпан.

Күлімдеп тұрған көктегі

Күнді де маған танытқан,

Айналдым ұстаздарымнан.


Еңбектеп үйге кіргенде,

Еңбекте-бақыт, соны ұққам.

Адасып түнде жүргенде

Алаулап от боп жолыққан,

Айналдым ұстаздарымнан.


Ақ қылау түскен самайға

Шәкірттің ұғар ойлысы.

Ұстаздық ауыр қалайда,

Төзе алмас еді жай кісі,

Айналдым ұстаздарымнан.


Байыппен айтқан ақылын,

Самалдай егіп санама.

Өмірде мәңгі жақыным-

Ұқсаған туған анама,

Айналдым ұстаздарымнан!


Ақылын ойдан сарп етіп,

Ақ моншақ маңдай терімен.

Қияннан сонау жарқ етіп

Құздардан күнде көрінген,

Айналдым ұстаздарымнан!...

Оспанәлі Иманалиев


ҰСТАЗДАРҒА


Ұстаз – ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар,

Ағайын, тойларыңа тарту етем,

Ақыннан әриялы сый алыңдар!

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлеткендер.

Жайдары жүздеріңе барқыт көрік

Жаныңның бар асылын сарқып беріп

Жас буын - өнегелі шәкірттерді

Жүрсіңдер өз балаңнан артық көріп.

Анадай, құс ұйқымен көз ілдірер

Арманын аласартпас, сезімділер

Бағбандай, мәуелі бақ мәпелеген,

Бала үшін бар азапқа төзімділер.

Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар,

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар.

Ұстаздар – ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Ағайын, тойларыңа тарту етем,

Ақыннан әриялы сый алыңдар!

Зиядин Әбдуәлиев


ШӘКІРТ ШАҚТА ЖЫЛЫ ЖҮЗБЕН ҚАРАСЫҢ.


Еміс есте отты көзің жанатын,

Құлшынысың бар күшіңді салатын.

Балапаның ұшып кетті-ау алысқа.

Қатайтып ап өз алдыңнан қанатын.


Оқу – құдық инемен қазатын,

Шәкірт біткен содан арып-азатын.

Бұл күндері бір-бір үйдің иесі,

Шимайбектер атын әрең жазатын.


Кешір, ұстаз, түртсем жанның жарасын,

Естіртсем мен әлдекімнің табысын.

Өмір деген – тым күрделі дүние-ау

Айту қиын өлшеп оның бағасын.

Өрікбай Мұсаев




ҰСТАЗЫМ


Қадіріңді кезінде

Білмепті ғой ұланың.

Қазір әрбір сөзіңе,

Елеңдейді құлағым.


Бірдей етіп ұстадың,

Демей бізге бөтенсің.

Кейде ақылын ұстаздың,

Сағынады екенсің.


Сол ұстазға жаны нұр,

Демен үлкен адаммын.

Есейсем де бәрі бір,

Баяғы шәкірт, балаңмын.

Жеңіс Қашқынов





Мұғалім. Аяулы ұстаз, сенің алдыңнан өтпеген жан бар ма? “Адам өмірде кім болып шықса да – олардың әрқайсысы өзінің алғашқы мұғалімімен, өзінің мектебін алғыс сезіммен еске алады” – деп өте әділ айтылған сөз. Сондықтан да құрметті ұстаздар сіздерді шәкірттерініз мәңгі ұмытпайды!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Автор: Шайхова Эльмира Жанибековна

Дата: 25.11.2017

Номер свидетельства: 440679


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства