kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?у етерім - т?уелсіздік Бекайдарова Шынар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздігімізді? 25 жылды? мерейтойы ??тты болсын!  ?аза? елі м??гілік болсын! 

М??алім:  Балалар биыл ?аза? ханды?ыны? ?анша жылды?ы тойланды?

О?ушылар: ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы ?аза?стан к?лемінде ?ана емес шет елдерде тойланды. Б?л біз ?шін ?лкен м?ртебе емес пе?!
М??алім: Д?рыс айтасы?дар. Біз де мектепте ?ткен б?л іс-шара?а ?з ?лесімізді ?ос?ан болатынбыз. Ендеше б?лдіршіндерді? ?нерін тамашала?ыздар!

Ассалаума?алейк?м, хал?ым мені?,

Арда?та д?ст?рі?ді, салты?ды, елім.

Мереке басы болсын, берекені?,

Игі е?бек жемісіні? б?рін жегін.                

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?у етерім - т?уелсіздік Бекайдарова Шынар»

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар!
Ата-бабамыз аңсап жеткен тәу етер Тәуелсіздігімізге 24 жыл болыпты. 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

  1. Аталардың қанымен, аналардың жасымен келген тәуелсіздігіміздің тарихы мәңгілік болсын!


  1. Әннің асылы, Ұранның басымы – Әнұран!
    Жанның асығы, Қанның тасуы – Әнұран!



  1. Барша халық таныған,
    Біздің үміт-тілекті
    Шырқалғанда Әнұран
    Шаттық кернер жүректі.



  1. Шәмші атаның сазды әні,
    Жігер беріп қайратты,
    Бәрімізді мәз қылып,
    Жаңғыртады аймақты

Мұғалім: Тәуелсіздікке арналған тойымызды әнұраннан бастайық! (Әнұран орындалады)

Мұғалім: Балалар, Әнұраннан басқа тәуелсіздігімізді танытар тағы қандай рәміздеріміз бар?

Оқушылар: Ту, Елтаңба.

  1. Туың қандай?
    Ту қандай?
    Тура аспаннан туғандай.
    Ал, аспанды қазақтың
    Көңілімен жуғандай?

  2. Туың қандай?
    Ту қандай?
    Таң нұрымен жуғандай.
    Қыран құсын самғатып,
    Күн құшақтап тұрғандай!

  3. Киелі байрақта әруақ бар,
    Иеді басын ел ардақтап.
    Байрақты қастерлеп, сүйіп те,
    Ұстаймыз көтеріп биікке! (Ту көрсетіледі)



  1. Алтын толы табақты
    Көтерді де, таң атты.
    Түндігіміз гұрлы да
    Тұлпарымыз қанатты.

  2. Толықсыған дәні бар,
    Қыран қанат сәні бар.
    Қазақстан келбеті
    Елтаңбадан табылар. (Елтаңба көрсетіледі)


Мұғалім: -- Ал, балалар, бұл әнұран, елтаңба, ту біздің еліміздің рәміздері. Біздің қазақ екенімізді дәлелдейтін, талай тағдырдың талқысын, талай жаудың шапқысын көрсе де, өлмей, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан ең үлкен байлығымыз бар. Ол не еді балалар?

Оқушылар: Ана тіліміз- Мемлекеттік тіл- қазақ тілі!

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Ана тілі әрбір жан баласына ана сүтімен даритын ұлы қасиет. Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын тамыры. Онсыз адам - мәңгүрт. Ұлттық тіл – әр халықтың өзіндік ой санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық - аты бар да заты жоқ тобыр болар еді.

  1. Әркім тілін сүйеді
    Қадірлейміз мұны біз.
    Қазақ тілі – киелі,
    Мемлекеттік тіліміз.


  1. Қазына бар бұл тілде,
    Анам айтқан жыр-әнін.
    Жоғалуы мүмкін бе?
    Өлмейтұғын мұраның.

  2. Өшпеді еш уақытта
    Ата-баба аңсары.
    Қазақ тілі бақытқа
    Жеткізеді баршаны.

Ән: «Анамның тілі – аяулы үні»


Мұғалім:
Бәрекелді, балалар! Ал, Ата Заңымыз туралы естігендерің бар ма?


Оқуылар: 1995 жылы 30-тамызда Ата заңымыз қабылданды.


  1. Бас иетін бар адам,
    Әрбір сөзі салмақты.
    Қорғар бәле-жаладан,
    Ата Заң бұл ардақты.


  1. Бақытты өмір сүргенің
    Бақ дәулеттің баршасы.
    Күліп-ойнап жүргенің
    Ата Заңның арқасы.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ал, осы елтаңбасы, әнұраны, туы, Ата Заңы бар Тәуелсіз де бақытты елдің көшбасшы, президенті кім екен?

Хор: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев



  1. Халық үшін елбасы,
    Әскер үшін қолбасы.
    Тар жол тайғақ кешуде
    Туған жұрты қолдасын!

  2. Елбасы мен ел егіз,
    Еркін ел боп келеміз.
    Президент атамыз
    Атамызға сенеміз.

  3. Дара елміз жекеміз,
    Дарабоз ол көкеміз.
    Көкемізге еріп біз
    Көп арманға жетеміз.


Мұғалім: «Көп арманға жетеміз» деген періште тілектерің қабыл болсын! Балалар, еліміздің мақтанышы, астанасы, бас қаламыз қай қала? Ендеше неге Астанамызды жырламасқа?


  1.   Ертегі дер мұны дәл,

Еркеше әсем сыны бар

Елордамыз – Астана,

Ел – жұрт қарап қызығар.



  1. Емін –еркін, шат-заман,

Елдік Тауым-бақ қалам

Еуразия кіндігі –

Елорда деп мақтанам!


  1. Еңселі үй боп жертөле,

Есік ашты кең төрге

Есіл бойлап Астана,

Екпіндейді ертеңге!

Мұғалім: Лайым қазақ елі мәңгілік ел боп, мәртебесі бұдан ары асқақтай берсін! Тәуелсіз еліміздің болашақ барыстары тәуелсіздіктің тәтті жырларын
жырласын!

21. Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Ата-бабам арман еткен аңсаған
Елім алды егеменді теңдігін.


  1. Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын

Тәуелсізік тойы бүгін қымбаттым

Туған күнің құтты болсын алыбым!


  1. Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.

Мерейің 24-жылдық құтты болсын

Ғасырдың тойы болшы келе берер.


  1. Тәуелсіз елім, тау елім,
    Қойнауың жақұт, бау елім.
    Көк байрақ туым желбіреп,

Шаттықтың салам әуенін.
Ән: «Елім менің»


  1. Тәуелсіздік тұмарым,

Бәйтерегім шырағым

Ел мерейін өсіріп,

Менде шыңға шығайын

 

  1. Аймалаған күн нұры,

Лайланбасын тұнығы

Берік болсын мәңгілік,

Тәуелсіздік тұғыры.


27. Мәртебемді көтерген
Жетістігің тау екен
Тәуелсіздік өзіңе
Басымды иіп тәу етем!

  1. Қазақстан ата мекенім
    Өзіңді жырлап өтемін
    Тәуелсіздік тойында
    Жырламай қалай кетемін.


Ән: Атамекен


Мұғалім: Балалар биыл қазақ хандығының қанша жылдығы тойланды?

Оқушылар: Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстан көлемінде ғана емес шет елдерде тойланды. Бұл біз үшін үлкен мәртебе емес пе?!
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Біз де мектепте өткен бұл іс-шараға өз үлесімізді қосқан болатынбыз. Ендеше бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыздар!

Ассалаумағалейкүм, халқым менің,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды, елім.

Мереке басы болсын, берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні де өз басым шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.


Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,

Жанымды орай берер ұлы уайым,

Кеудемде күннің нұры толғандай боп

Жырлаймын алты алаштың Абылайын.


Көрініс: «Абылай ханның тұтқындалуы»

Немере : Әже, маған қымыз құйыңызшы.
Әже:
  Ал, ала ғой, балам, қымыздан ішіп отырыңдар.
Немере:
  Ата, Тәуелсіздікке жету оңай болды ма?

Әже: Дұрыс, балам. Білмегеніңді атаңнан сұра. Атаң сенен ақылын аямас.
Ата:
  Балам, егемендік жолындағы күресіміздің шежіресі ұзақ. Бұрынғы сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ заманынан кешегі желтоқсанға дейін жалғасады. Тәуелсіздік халқымызға оңай келген жоқ. Сен тыңда! Мен саған тарих бетінен сыр шертейін. Егемендікке ұйытқы болған Абылай хан еді.

Қалмақтың ханы Қалдан-Церен қайдан болса да Абылайды тірі ұстап алып кел, Шарыштың орнына өлтіремін деп, отыз мың әскеріменен Жалбы деген батырын жіберіпті... ол Абылайды ұйықтап жатқан жерінде ұстап... алып барыпты...»




Қалдан Серен:  

Жоқ! Жоқ, қазақ деген ел болмайды жер бетінде

Мал соңынан құл емей, желдейтін не?

Мен – Жоңғармын, атыңды өшіремін,

Менмін сені тірідей жерлейтін де.

Әй, Абылай сұлтан, сен менің Шарыш сықылды батырымды өлтірдің, енді кезек сенікі, қандай арманың бар? Айтып қал.


Уәзір: Ой, бұл қазақтың көзін құртайын осы!


Абылай: Менің үш арманым бар. Бірінші арманым мен Шарышты қазақ пен қалмақтың қан майданында өлтірдім, ал сіз мені ұйқыда ұстап алып, өлтіргелі отырғансыз. Қазақ пен қалмақтың қан майданында өлсем арманым жоқ. Екінші, қазақ көшіп-қонып, орнықпай жүрген ел ғой, бір жерге орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп өлсем армансыз болар едім.

Үшінші – төрт атадан бері жалғыз едім, дәл қазір өліп кетсем не балам, не бауырым жоқ, дүниеге келмегендей боламын ғой.


Қалдан Серен төмен қарап отырыпты да, қасындағы уәзіріне: «Мынаның сөзінің бәрі рас, әсіресе соңғы сөзін қарашы, мен де төрт атадан бері жалғыз едім, осы күнгі жалғыз балам Әмірсана өліп кетсе, мен де тұқымсыз кеткенім дағы», - деп қалмақ тілімен айтқан екен.


Абылай хан: Алдияр! (деп, қол қусырып тұра келіпті)


Қалдан Серен: Сен неге алдияр дедің? Мен сені өлімнен босаттым ба? – десе


Абылай хан: «Тақсыр, жалғыз балаңызға ұқсатқаныңыз босатқаныңыз ғой, мен қалмақша тілді білемін», - депті.


Қалдан Серен: Дұрыс, жіберіңдер, сөзінің жөні бар.


Жауынгер: Абылайдың ақ туы, Абылай хан, Абылай хан.


Абылай хан: - Уа, Абылай, Абылайша! Елдігін білмеген, құдайдың бірлігін білмейді. Бір тудың астына берік, жеңіс туын желбіретіп, болашақтың қолына тапсырайық! Ел болсайшы, қайран қазақ!

Азаттық жолы азапты,

Төземісің әлеумет!

Төзсең егер, әлеумет,

Зорлықты жеңер ынтымақ.

Қорлықты жеңер ынтымақ.

Қорлықты жеңер ар-намыс,

Шығарар тардан тәуекел,

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы,

Болмасын деп қара жер.

Жойқын жаудың жолында,

Жойылмасын деп қайран ел.

Азаттықтың қаны үшін,

Болашақтың бағы үшін,
Ұлы жорық бастаймын,

Еремісің, әлеумет!


Немере: Ата, Абылай бабамның арманы орындалып, тәуелсіздік алдық.

Ата: Иә, тәуелсіздік жолы – қасиетті жол.


Мәңгілік елге жеткізетін тек қана Нұрлы жолдар екенін есімізде ұстайық!


Бабалар жазған ұлы тарихы бар, Нұрлы жолы бар менің халқым -Ұлы халық.


Оң шапақты шадыман Тәуелсіздік,

Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық.

Мәңгілік Ел шырағы сөнбейтіндей

Көрінетін болайық әлем-үздік.


Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы
Нұрлы жол – болашаққа бастар жолы.
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?у етерім - т?уелсіздік Бекайдарова Шынар

Автор: Бекайдарова Шынар Билисбековна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280346


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства