kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіз ?аза?стан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка про Независимости Республики Казахстана , дети узнали как достигнули наши Независимост.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіз ?аза?стан!»

Тақырыбы: «Тәуелсіз, Қазақстан !»
Мақсаты:
Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту;
Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, оқушылар шығармашылығы, желтоқсан құрбандарының суреттері, шырақ, бұтақ /тәуелсіздік шежіресі/, көк жалаушалар, шарлар.
Тәрбие сағатының ұраны: “Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан” Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар!
2-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар!
1-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,
Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.
Қазағымның әні болған, жыры болған,
Жастар үні – он алтыншы желтоқсан.
2-жүргізуші: Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны!
Әнұран орындалады.

1-жүргізуші: Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
2-жүргізуші: Тарихта «Құйын-86» мәңгі есте қалады. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерін араларымыздан алып кете барды. (Сахнаға 4 оқушы шырақ жағып шығады. Олар өз сөздерін айтып, шырақтарын кезектеп сөндіреді.)
1-оқушы: Ержан 1986 жылы 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – ата-анасының жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
2-оқушы: Әсел Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі.
Еліңнің сен намысы үшін,
Құрбан еттің жаныңды.
Мазақ етіп қорлай алмас, Ешкім сенің арыңды.
3-оқушы: Диляра Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына, балағаттаған қорлығына шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің І курс студенті Сабира жатақхананың 5 этажынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
4-оқушы: Мәди Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар.

1-жүргізуші: Бұл 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, сол айқай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары.
2-жүргізуші: Елінің еркіндігі, бостандығы үшін күрескен желтоқсан құрбандарының рухына, ерлігіне арнап 1 минут үнсіздік жариялаймыз. /Сынып оқушылары Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіреді/.
1-жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым - желтоқсан» дегендей, жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.
2-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзімен.
Тақпақтар: Мирас, Гүлдәр, Диляра, Әмірхан.

Тәуелсіздік – жыр-әнім.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,
Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!
Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Ән: «Қазақстан бақыты» орындайтындар: Әлихан, Шұғыла, Мөлдір, Диляра. Би: «Бипыл» орындайтындар бір топ қыздар.
1-жүргізуші: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз деп жырлаған кім екенін білемісің, Жұлдыз?
2-жүргізуші: Әрине, білемін. Ол - Қаз дауысты Қазбек би.
Ия, осылай деп тебіренген, Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға, міне, 23 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздік ұғымы «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп аз ғана уақыттың ішінде елімізді шартарапқа танытты.
1-жүргізуші: Ал Президентіміздің мемлекет алдына қойған мақсаты қандай екен?
1.Төлеген: Уақыттың әлі көреді ұрпақ жалғасын,
Ұлтыңды дәйім бабалар жебеп қолдасын!
Болашағыңның қастерлі бағыт соқпағын
"Мәңгілік Ел" деп көрсетіп берді Елбасың.
2. Елдос: Шуағын тағы бейбіт боп бүгін төкті күн,
Кешегі майдан,кешегі дауыл жоқ бүгін.
Қазақстан деп өзгелер жатса назар сап,
Әнұран шалқып,еңкеймей тұрсын көк Туың! 3. Гүлдәр: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. .
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
4. Нұрлан: Тәуелсіздік!
Тәуелсізбін, мен бүгін,
Келді, міне, азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен елдігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Ән: «Нұраға» орындайтындар бір топ оқушылар. 1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық!
2-жүргізуші: Ия, Ержан, дұрыс айтасың! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңе ұялату. Ол - өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ел Президенті өз сөзінде: «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Лайым бетімізден жарылқасын!Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!» деген болатын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?уелсіз ?аза?стан!

Автор: Симгалиева Рухия Аскаровна

Дата: 15.05.2016

Номер свидетельства: 326877


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства