Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіз елді? ?ландары»
4 А сынып оқушысы Жанатбек Абылай
Өткен күрестердің жеңісі
Аққу болып бес арыс та ұшты мәңгі келмеске,
Ұшты самғап қиыншылық, ұлт азабын көрмеске.
Ақындар мен елім деген, жан ұшырған қазақтар,
Тайсалмастан қарсы алды ғой өлім менен азапты.
Қаһарымен қан Ресейдің айналды олар елеске,
Өлді ақын, өлді азамат кетті енді келмеске.
Дегенімен өлеңдері, суреттері мен жырларын,
Халық сақтар жүрегінде оларға мәңгі өлмеске.
Ұлы Отан соғысында күресті қазақ жер үшін,
Қасық қанын аямастан туған халқы, елі үшін.
Оқ астына көкірек тосып, жауыменен күресіп,
Бүкіл ұлттар басын қосып, күреске шықты бірлесіп.
Қастандығын қазақтарға Ресей әлі қоймады,
Теңіз болып аққан қазақ қанына да тоймады.
Келесі қадам тағы да бір қазақтың болды сорына,
Қонаевты алып тастап, Колбинді қойды орнына.
Бұған шыдау нағыз еді мәңгүрттіктің белгісі,
Қазақ ұлтын басқарғаны ұлты орыс бір кісі.
Ашу – ыза қайнауының жетті болар шегіне,
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.
Мың тоғыз жүз сексен алты боялды жастар қанымен,
Желтоқсанның он алтысы есте жастар жанымен.
4 А сынып оқушысы Сағынбекова Дария
Еркіндік – ежелден ел тілегі
Қайназаров Еркебұлан
Еркіндік ежелден – ақ ел тілегі,
Ертеңді ойлап көңілім серпіледі.
Еркіндіктің қадірін білетін ел
Жалынды жастарымен желпінеді.
Елдікті ұран еткен ұлың – мен ем,
Жеткіземін тарихы тілімменен.
Еркіндікке жетпеген оңайлықпен,
Сан қырлы қазағымның сырын төгем.
Кең – байтақ, Ұлан – асыр Қазақстан,
Құшағыңа күн сиған неткен кең ең!
Қиянат жасаса да қара жүрек,
Мейіріммен қарап тек күлімдеген.
21 жыл болды алғалы тәуелсіздік,
Қазақ елі – сәйгүлік сүрінбеген.
Тәй – тәй басып, қаз тұрған қалың халық,
Жанасты жаңа туған құлынменен.
Бостандықтың белгісін біле алмай,
Талай рет тағдырдың «уын» жеген.
Өткір тіл – қолға ұстаған қаруы боп,
Ыстық сезім, тілменен туылды өлең.
4 Ә сынып оқушысы Әлімқұлова Карина
Қазақстан
Ұлықбек Есдәулетов
Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым, Аспандаған байрақтым, Қанша жұлдыз жайнаттың, Қанша бұлбұл сайраттың, Қазақстан, ардақтым! Тұлпарыңның шабысын, Домбыраңның қағысын, Күңіренткен тау ішін, Дарияңның ағысын «Сүйем!» десем - бәрі шын, Қазақстан - намысым! Әрбір тасы - киелім, Әр уығы - жүйелім, Ән кернеген жүрегін, Күй кернеген тиегін, Сары алтыннан сүйегің, Қазақстан - жыр елім! Шаңырағың - шырағым Топырағың – тұмарым.
4 Б сынып оқушысы Ескелдиева Жанель
Мұқағали Мақатаев
4 Б сынып оқушысы Сәбитова Аружан
Тәуелсіз Қазақстан
Сүлейменов Арқат
Қазақстан байтақ елім, тәуелсіз өз елім,
Туғанына 21 жыл, көзбен көрдік өзгердің.
Бесіктегі жаңа туған баладай ең, бал едің,
Тәй – тәй басып босағаңа құшақ жая тез келдің.
21 жыл бұрын қандай едік халайық,
Тарих бетін қазағымның есімізге алайық
Осыншама азаттыққа, жетістікке жеткізіп,
Талай қазақ ағаларым кетті емес пе егіліп.
Шын ниетпен сол жасаған ағалардың еңбегін,
Жетелейік, жеткізейік болашаққа бергенін.
Жетпіс жылдай отар болдық, орыс болды ермегің
Елбасына мыңда рахмет тәуелсіздік ап бергенің.
Туа сала тәуелсіз ел қиналды да ойланды,
Елбасы қып Нұрсұлтан Әбішұлын сайлады.
Еліміздің зиялы да, басшсы да сан ойда,
Болашағын тәуелсіз еліміздің ойлауда.
Елтаңбамыз, әнұраны, қыранымыз самғады,
Көк аспанда күн нұрымен байрағымыз байланды.
Тәуелсіз ел үш жасқа аяқ басқанда,
Ата заңы, ұлттық теңге айналымда басқада.
4 В сынып оқушысы Қанай Даяна
Қасым Аманжолов
4 Д сынып оқушысы Орынбекова Қымбат
Қасым Аманжолов
Қазақстан
Елу жаста елім бар деп айта алмай, Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай. Елім бар деп айтатын бір туды күн, Елім бар деп шырқатайын мен бүгін, Қойсын енді Қорқыт күйін сарнамай. Атам Абай, арманыңа бер тыным, Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын. «Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен Мынау дала, біздер өскен кең мекен - Қызыл тулы ел Қазақстан дейтұғын! Көкше, Баян, Қарқаралы, Алатау, Тоңы - алтын, түгі - торқа жер мынау! Қарағанды - қара қазан қайнаған, Дүние-байлық тұрған жайнап айналам, Елдігіме етер шүбә қандай жау?! Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы, Баршы өзің, көңіл қойып тыңдашы! Тұр ғой соғып туған дала жүрегі, Кім қызықтап, мақтан етпес бұл жерді, Бақытыңа қуан, қазақ баласы!
4 Д сынып оқушысы Серіков Елдос
Отан
Несіпбек Айтұлы
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз, Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?! Кіндігіміз тар қапаста кесіліп, Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз. Туған жұртқа тірек болу ерге-сын, Құлдықты енді құдай басқа бермесін. Атаң өлсе, өзің ата боларсың, Ешқашанда Отан өле көрмесін! Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың, Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың. Отан өлсе, опырылып түскенің, Күңіреніп көрге бірге құларсың. Біздің Отан өліп, қайта тірілген, Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген. Опат болған ерлер рухы оянар, Отан деген лебіз шықса тілімнен. Отанменен аспандағы Күн егіз, Екеуінің амандығын тілеңіз. Жас азамат, бұл Отанның қадірін, Отансыз боп көрген біздер білеміз! Керек қылса, жолында оның құрбанбыз, Бәріне де белді бекем буғанбыз. Бір кеудеге екі жүрек сыймайды, Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
4 Е сынып оқушысы Амангелді Әнел
Отаным менің
Сайын Назарбекұлы
Алтын күн шуағын Көк Байрақ шашатын, Жатсынбай әлемге құшағын ашатын, Қазақтың терінен нер алған даласы - Тәуелсіз бейбіт ел!.. Мәңгіге жасасын!.. Отаным сеземін өзіңмен Шаттық пен бақыттың не екенін! Сақ етіп, түркі деп, қазақ қып Жаратқан ұлдарын мекенім! Азаттық бесігі бөбегін тербеген, Шынайы сезімге шомылды ел деген! Болашақ күтеді бақ қонған ұрпақты - Біліммен өрлеген!.. Еңбекпен терлеген!.. Отаным сеземін өзіңмен Шаттық пен бақыттың не екенін! Сақ етіп, түркі деп, қазақ қып Жаратқан ұлдарын мекенім! Мақсатты бүгіні, ғажайып ертеңі, Шындыққа айналды қаншама ертегі! Бірлік деп қазаққа, достық деп бар елге - Әлемге жар сала домбырам шертеді!.. Отаным сезінем өзіңмен Шаттық пен бақыттың не екенін! Сақ етіп, түркі деп, қазақ қып Жаратқан ұлдарын мекенім!