kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Т?уелсіздік та?ы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты :

1. Білімділігі: ?лтты? сана сезімін, саяси сауаттылы?ын ояту. Т?уелсіздік к?ні туралы тере? ма?л?мат беру.

2. Т?рбиелігі: ?аза?станны? болаша? дамуына ?зіндік ?лес ?осатын жеке т?л?а екендерін ??ындыру. ?о?амны? бір м?шесі ретінде адам ?мірі мен жа?сы т?рмысты? ??ндылы?тарын ??ындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Балалар?а патриотты? т?рбие беру, Отанды с?юге ж?не ерлікке баулу. Желто?сан о?и?асында ел ?амын жеген ерлерді ?лгі т?ту, ?неге алу?а ж?не хал?ыны? тарихын білуге ?йрету, досты??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.

3. Дамытушылы?ы: балаларды? ?ткен тарих?а деген ?ызы?ушылы?ын ояту.

         Музыка ?уенімен балалар зал?а кіріп келеді.Содан кейін би билейді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Т?уелсіздік та?ы»»


Мақсаты :

1. Білімділігі: Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.

2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Музыка әуенімен балалар залға кіріп келеді.Содан кейін би билейді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің « Тәуелсіздік таңы» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!

Мұз жастанып азаматтық жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып

Сойыл таяқ ойнаса да жолында


Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді міне еншіме

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.

Әнұран айтылады.

Тәрбиеші:

Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле

Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде

Қарқындайды қариялар қашанда

Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде- деп бүлдіршендірімізді таппақ айтуға шақырайық.

Азиза:

Менің байтақ Отаным

Бір өзіңсің, Мұқтар, Абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік- сәбиімнің күлкісі.

Тәуелсіздік- ақ батасы атамның.

Арлан:

Жасасын азат ерлік күн

Жасасын бейбіт елмен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел


Інжу:

Ән ұраным, жан ұраным

Айтар әнім, айтар сөзім

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп


Хор: Отан

Тәрбиеші:


Мансур:

16 - желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн


Маржан:

Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігін бөлеп тербеткен

Отаным Қазақстаным

Медина:

Қарашы, дос, ғажапты,

Күлімдейді нұрлы күн

Тәуелсіздік, азаттық,

Теңдік алған күн бүгін.

Ансар:

Тәуелсіздік, тәуелсіздік

Тәуелсізбін мен бүгін

Нұрсұлтан атамның арқасында

Келді міне азаттығым, теңдігім.

Сұлу:

Елміз әлем таныған,

Мойындады шетелің.

Шырқалғанда Әнұран,

Рухтанып кетемін.

Закир:

Ел бедел- Елтаңба,

Елдігімнің нышаны.

Үмітіміз нұр тамған,

Пырақ болып ұшады.






Тәрбиеші: Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Деніміз сау болсын!

Достарымыз аман болсын!

-Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

-Қазақстанда

-Дұрыс айтасыңдар, кең байтақ, бай өлке Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.

-Қандай рәміздерді білесіңдер?

-Елтаңба, Әнұран, Ту.

Тәрбиеші: Күміс күннің астында,

Желбірейді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз.

Көк байрағы-бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі - әке баланың,

Қазақстан жалауы.

-Балалар,біздің Қазақстанның елбасшысы кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?

-Астана

Тәрбиеші: Елордам менің Астанам,

Осында жаңа бастама.

Сәулетті зәулім үйлер көп,

Көрікті сондай жас қала.

Аслан:

Тәуелсіздік- елімнің,

Арманы сан ғасырғы.

Аспанына жерімнің,

Шуақ болып шашылды.

Қарлығаш:

Арайласа таң күліп,

Жарқыраймыз, жанамыз.

Азаттықты ән қылып,

Алға басып барамыз.

Ернияз:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің,

Ортада- аспан әлемі.

Карина:

Отан- жерім, Отан- суым,

Отан қуат, нәр береді.


Отан- ұран, Отан- туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

Нурислам:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Дильназ:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн


Би: « Қаражорға»


Тәрбиеші: Осымен тәуелсіздік күніне арналған ертеңгіліг аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.




























«Қарлығаш» шағын орталығы













«Тәуелсіздік таңы» атты ертеңгілік












Өткізген: Турсунова Б. Т








2015- 2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
« Т?уелсіздік та?ы»

Автор: Турсунова Бибигуль Турлыбековна

Дата: 09.05.2016

Номер свидетельства: 325003

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Мені? тілім – ?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(20) "mienintilimkazaktili"
    ["file_id"] => string(6) "281374"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453525221"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства