Алдымен оқушылардың ашық тәрбие сағатына дайындығын тексеру.
-Балалар, қазір бізде қай сабақ.
-Ашық тәрбие сағаты.
-Ашық тәрбие сағатына дайынбыз ба?
Осы сабақ барысында өз білімдеріңді ортаға салып, білмегеңдеріңді біліп
алуға тырысып, сабаққа белсене қатысып отырайық.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызда көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы –еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігі туралы танысамыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы-Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығымен 1995 жылғы 1 наурызда құрылған. Ел Президенті Н: Ә: Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік
Саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады. Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында-Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепіәлді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Жер бетінде жанға жайлы бір ел бар деседі. Ол елдің адамдары бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен. Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, бір-біріне бауырмал болып өмір сүріп жатыр. Сондықтан да сол елде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Бұл қай ел деп ойлайсыңдар?
Бұл –қазақ елі.
Отанымыздың Қазақстан-әр адамның құт мекені.
1-оқушы:
Атағың дүниені аралады,
Сенде өсті бақыттың жаңа бағы.
Жұлдыздың, айдың, күннің сырын ұқты,
Қазақтың бүгін өскен балалары.
Ырыс бар құшағыңда сарқылмайтын,
Бүгінім абыройға жолдас болды,
Баратын ертеңге де жолым айқын.
2- оқушы:
Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ.
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап.
Қырманы, Алатаудың мақтасы бар,
Сенбісің таусылмас кең, шахтасы бар.
Қойныңда адам үшін керек заттың,
Бұлағы табылмайтын жоқ та шығар.
Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының
арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Кең байтақ Қазақстанда 136 ұт өкілдері тұрып жатыр. Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар, корейлер, дүнгендер, украиндар, өзбектер және өзге де ұлт өкілдері өмір сүреді.
Әрине, бұл қазақ, «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар. Соның арқа-сында еңбектерінің жемісін көруде. Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз
Тілінде , дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Сонымен қатар әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ертегісін, бесік жырын, аңыздарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде.Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян –қолтық өмір сүруде. «Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ –достық кепілі». Біз-ынтымағы жарасқан елміз.
Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
3- оқушы:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
4- оқушы:
Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан.
Отан –ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
5- оқушы:
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр, өнер, салтымен,
Таңқалдырған ғаламды.
6- оқушы:
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлер жарасқан.
7- оқушы:
Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым-орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың- менің даңқым.
8- оқушы:
Кім сүймейді ет жақынын, туысын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
9-оқушы:
Қадірменді бір досымыз –өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
10-оқушы:
Дәм-тұзымыз араласпыфз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен басбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
11-оқушы:
Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос, болдым қонақ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол-ақ.
12-оқушы:
Қазақ-қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қаақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы»
Грузин: Дамир.
Қырғыз: Қарлыби.
Қазақ қызы: Жансая.
Дамир: Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан.
-Сенің ұлтың кім?
Қарлыби:
-Қырғыз.
Дамир:
-Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
Қарлыби:
-Менің өз елім-Қазақстан.
Дамир:
-Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
Қарлыби:
-О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
Дамир:
-Сен өз еліңе қалайда кетуің керек.
Қарлыби:
-Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
-Сен де өз елің бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ қызы келеді)
Жансая:
-Балалар, осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
(Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліне баруың керек деп жатырмыз.
Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
Жансая:
-О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа да тұра береді. Тұрғанда татту-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, бізге неге дос болмасқа Қане салыңдар қолдарыңды!
(Бірге қосылып) Біз доспыз, әрқашан біргеміз. «Ынтымақ бар жерде бірлік, достық, татулық бар» Ендеше ынтымақсыз әрқашанда жараса берсін.
Жансая: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
«Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.
Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық.
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан», Отан, Отан ....» деп шырылдай береді. Құстың иесі «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» Құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен. «Демек құстың Отаны-ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.
Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат,
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс,
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ-бір
туған» , «Өзбек-өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т.б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ырыс алды ынтымақ.
Ынтымақ түбі—игілік.
Бүгінгі мерекеге осы Асссамблеядан ұлт өкілі келіп отыр,и сол оқушының «Өзбек» биін тамашалайық.
Би: Қыздар тобы. «Аққу биі»
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә!
Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не? Дүние жүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік. Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме? Дүние жүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке-бейбітшілік» дейді.
1-оқушы:
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын,-дей келе «Ақ көгершін» әніне кезек берейік.
2-оқушы:
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.
ІV. Қорытынды.
-Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті.
Сұрақ-жауап жұмысын жүргізу:
-Ал, балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Биыл Қазақ хандығының құрылғанына қанша жыл толды?
-Биыл Қазақстан Ассамблеясына қанша жыл?
-1 мамыр қандай мейрам?
-Балалар Қазақстанда тұратын қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
-Сендер өзге ұлт балаларымен бірге ойнайсыңдар ма?
-Сендердің көршілерің қандай ұлттың азаматы?
-Біздің ол ұлттармен қарым-қатынасымыз қандай?
-Өз мектебіміздің ішінде қандай ұлттың тілін меңгеріп жатырмыз.
-Осы меңгеріп жатқан тілімізден өлең айтып бере аласыңдар ма?
Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда халықтар достығы туралы, бірлік туралы әңгіме қозғадық. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен. Отан, достық, бейбітшілік деген киелі ұғымдарды тек біздер ғана емес, басқа да халықтар өз тілінде айтып бейбіт өмір сүруге шақырады.
Біз көппіз және бәріміз –бір Елміз, бір халықпыз,
Біз бәріміз бір атаның –қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.