kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ер есімі-ел есінде»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лы Отан со?ысында?ы бізді? хал?ымызды? же?ісіне арналып, 70 жылды? меретой ?арса?ында ?ткізіліп отыр?ан б?л шараны? ?скеле? ?рпа?ты? рухани-адамгершілік т?рбие берілуіне ба?ыттал?ан. Жа?а буын ?лы Отан со?ысыны? о?и?алары туралы аз біледі, сонды?тан  бізді? ж?мысымыз  сол з?лмат жылдарды эмоциялы? т?р?ыда бейнелеп к?рсету, бізді? халы?ты? ?лы Отан со?ысы кезінде жау?а ?арсы т?ра білген ерлігін к?рсету,о?ушыларды? ?з тарихына деген ?ызы?ушылы?ын ояту, берік азаматты? к?з?арасын т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ер есімі-ел есінде»»


Шығыс Қазақстан облысы

Бородулиха ауданы

Жезкент кенті

«Жезкент орта мектебі» КММ













Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ер есімі-ел есінде»

Дайындаған бастауыш сынып мұғалімі: Нысанбаева Айнур Ардаковна













2015 жыл

«Ер есімі-ел есінде» атты тәрбие сағатына

Түсінік хат

Ұлы Отан соғысындағы біздің халқымыздың жеңісіне арналып, 70 жылдық меретой қарсаңында өткізіліп отырған бұл шараның өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбие берілуіне бағытталған. Жаңа буын Ұлы Отан соғысының оқиғалары туралы аз біледі, сондықтан біздің жұмысымыз сол зұлмат жылдарды эмоциялық тұрғыда бейнелеп көрсету, біздің халықтың Ұлы Отан соғысы кезінде жауға қарсы тұра білген ерлігін көрсету,оқушылардың өз тарихына деген қызығушылығын ояту, берік азаматтық көзқарасын тәрбиелеу. Осы мақсатпен «Ер есімі-ел есіңде» тәрбие сағатында арнайы шығарылған өлеңдер, соғыс жылдарындағы әндер, көріністер, фильмдерден үзіңді көрсетілген, әсіресе Ұлы Отан соғысының қаһарманы Бауыржан Момышұлының өз даусымен сомдалған мұрасы әрбір адамның жүрегін елжіретеді. Заманауи бағытта - Жеңіс күніне арнап флешмоб дайындадық. Балалардың сөзімен айтсақ: «-Бұл флешмоб ардагерлерге арналады».

Тәрбие сағатының басты міндеті:

Ұлы Отан соғысы тарихынан хабардар ету, білімдерін кеңейту. Отан қорғаушылар және олардың ерліктерімен таныстыру. Адамгершілік-отаншылдық тәрбиені бойына дарыту. Тарихымызды, ерлігімен ел есінде қалған азаматтарымызды құрметтеуге баулу.

Тәрбие сағатының мақсаттары:

  1. қатыгез соғысты, намысшылдық пен айуандық айқасқа текетірес түскен кезеңді көрсету;

  2. қазақ  халқының батылдығын, дұшпанға мен табандылығын көрсету;

  3. болашақта қайтадан оралмас үшін қайғылы және қаһармандылық жылдарды естен шығармау керек екендігін көрсету;

  4. осы шараны өткізуге ата-аналар мен сол кезеңде өмір сүрген тыл ардагерлерін тарту, оларға тарихтан сыр шертетін оқулықтар шеңберінен тыс қызықты фактілер беру;

Көрнекіліктер:

  1. сыныпты безендіру

  2. оқушыларға тақырыптық киімдер әзірлеу

  3. слайд, бейнефильмдер

  4. мәңгілік алау макеті

  5. гүлдестелер

  6. көрініске арналған құрал - жабдықтар











Пайданылған әдебиеттер:

  1. zharar.com

  2. kivvi.kz

  3. http://kzdocs.docdat.com

  4. википедия

  5. Әдебиеттік оқу 3-сынып Т.М. Әбдікәрім, С.Р. Рахметов, Б.Т Қабатай; Алматы «Атамұра» 2014- 105-106 бет

  6. Қазақстан тарихы 5-11 сыныптар «Арман-ПВ» баспасы,2005ж-238-253 бет











































Тәрбие сағатының барысы:

Екі бала доп ойнап жүреді, бір топ бала домбыра үніне құлақ асқан. Кенеттен радиодан хабар таратылады:Голос 002.m4a

-Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. 1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат 4:00-де зұлым фашистер тұтқиылдан Отанымызға шабуыл жасап, елімізге басып кірді.

Барлық балалар шуласып кетеді. Сонда бір азамат:

- Ат басына күн туса, 
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса,

етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық! Отан Ана шақырады. Халқымызды қорғайық.

Ерасыл:

Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

«Көк орамал» әніне вальс. Солдаттарды қыздар соғысқа шығарады да, өздері де Жер Анасын қорғауға аттанады. Экраннан солдаттардың майданға аттанып бара жатқан көрінісі ( видео) көрсетіледі. Начало.mp4

Мұғалім:

  • Иә, осындай сұмдық көрініс сонау 70 жыл бұрын барлық адамзаттың жүрегін дүр сілкіндірген. Тек бір қазақ елінен ғана 1 миллион 366 мың адам ұрыс даласына аттанады. Біздің жерімізде соғыстың алдында 6,2 миллион халық мекен еткен еді. Еңбек армиясына 700 мың адам алынды, ал 1млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды. Ал бүгінгі күнді айтар болсақ еліміз үшін, жеріміз үшін сондай ерекше күн. Бүкіл қазақстандықтар, бүкіл әлем ұлы мейрамды қарсы алғалы тұр. Міне, жеңістің жалауын желбіреткен күннен бері 70 жыл өтті.

Сол алапат жылдары толарсақтан саз кешкен ерлеріміз аз емес. Ұлы отaн соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы бейнеүзіндіге назар аударайық.Бауыржан.mp4

Анель:

Біз соғысты көрген жоқпыз бірақ та,

Зеңбіректің үні қалды құлақта

Бабалар-ай құрбан етіп өздерін

Ұрпақтарын жеткізіпті мұратқа.

Көрініс «Әлия».

Комбат Моисеевке полк командирі телефон шалды:

-Сіз мергендер қажеттілігін айтып, көмек сұраған едіңіз, біраз мергендерді сіздің қарамағыңызға жібердім. Мергендер мектебін жақында ғана аяқтаған, шетінен қайратты, өжет, өр мінезді жас жауынгерлер. Қабылдап алыңыз.

Осы сәтте көмекші:

-Жолдас комбат, сізге мергендер келіп тұр. Сыртта күтіп тұр.

Тысқа шығып қарап еді, келгендердің барлығы да өрімдей қыз балалар. Қатарласа сапта тұрған мерген қыздардың ең соңында тұрған ойлы қара көзді, қою қара шашты қыздың бойы бәрінен аласалау екен. Гимнастеркасының жеңі тым ұзын, қайырып қойыпты. Өзі талдырмаш, нәзік.

  • Сен мұнда не істеп тұрсың? Сенің орның бұл емес, асханаға бар да картоп аршы!

Қыз:

- Құп болады! - деп талдырмаш денесін қағылез қозғап, бірер адымдап барып, кенеттен шалт бұрылып:

- Жолдас майор! Бір сөз айтуыма рұқсат беріңізші! Мен мұнда аспазшы болайын деп келгенім жоқ, сұм фашистердің көздерін жоюға келдім. Сондықтан сапта қалуыма рұқсат беріңіз! Асханаға картоп ашуға бармаймын!

Комбат Моисеев:

  • Мынаны қарай гөр! Шақар екен өзі!

Қыз жанарын тік қадап:

  • Қандай десеңіз, сондаймын!

Комбат қыздың жанына жақындап, мылтығын алып қарап шықты. Осы мезетте мылтығының құндағына бекітілген күміс түстес қалайы тілшедегі жазуға көзі түседі. «Оқу озаты, үздік мерген Әлия Молдағұловаға» деп жазылыпты.

-Ә-ә, сен өзі осындай қыз ба едің?!

-Иә, мен осондай қызбын.

Ән: «Әлия».Алия Молдагулова.mp4

Мұғалім:

  • Көріп отырғандарыңыздай Жер Анасын қорғаған батыр қыздарымыз да болған. Солардың бірі - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Мектепті бітірген соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
    Соғыс басталғанда Мәншүк небәрі 18 жаста болатын. Отанын қорғау туралы шешім қабылдап, өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы» деп көрсетіпті.
    Бір жылда өзің әскерге жіберу туралы бірнеше өтініш жазды. Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы1942 жылдың 13-ші тамызында майданға аттанды. Майданға аттанған 4890 жауынгердің ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. 

Нұрай:

Соғыс! Соғыс! Сол бір сөзден қорқамын,

Айыратын ана менен баланы

Дүниеде енді соғыс болмасын

Жоқ қылатын әп –әдемі қаланы.

Радиодан үн таратылады:Голос 003.m4a

  • Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылдың 8 мамырында Германияның жоғарғы басшылығы жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

  • Сүйінші! Жеңіс жасасын! Қазақ елі Жасасын! - деп барлық оқушылар шулап кетеді.

Айым:

Атылмасын атом, мылтық, қарулар,

Төгілмесін енді қан мен көз жасы.

Бәріңде де Отан деген арың бар

Сол Отанда бейбіт күнің тозбасын.



Мерей:

Қарттарды көрсең құрмет қыл,

Қорғаған олар жерлерін.

Бұл күнде жасыл дүрлеп тұр,

Бейбітшілікте елдерің.

Дамир:

Соғыстың көрген азабын,

Азайып қарттар барады.

Жетпіс жыл тұр желбіреп

Бабамның Жеңіс жалауы.

Көрініс: «Жеңіске 70 жыл»

Оқушылар еңбек ардагерін Какпаев Темирғали атаны қарсы алады, гүл шоқтарын мәңгілік алауға қояды. Ардагер жастарға батасын береді.wv20xq19cies.mp4

Ән: «Әрқашан күн сөнбесің».

Жеңістің 70 жылдығына арналған флешмоб «Көк орамал».

«Атамекен» әнімен аяқталады.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ер есімі-ел есінде»

Автор: Нысанбаева Айнур Ардаковна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327266


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства