Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Ер есімі - ел есінде"»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»
Мақсаты: 1. Ұлы жеңістің 71 - жылдығына орай ұйымдастырылып отырған отты жылдары қан майданда от кешкен, есімдері мәңгі ұрпақ есінде сақталуы жайында толық мағлұмат беру. Ұлы жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін дәріптеу, жас ұрпақтарды бейбітшілікті сақтауға, нығайтуға, өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін, арттырып патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қаза болған батырлардың ерлігін, ешқашан ұмытпауға тәрбиелеу. 2. Оқушыларды сонау сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсеткен, батырларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. 3. Оқушыларға үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстандық батырлардың суреттері, қанатты сөздер, мақал – мәтелдер,видеороликтер.
Барысы:
Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
1Жүргізуші: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
2Жүргізуші: Бұл 1941 жылы 22 - маусым еді. Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды.
1оқушы Зұлым жаудың ниеті, Москваны құлатпақ, Кремльді күл етіп, Дүние жүзін шулатпақ. Жеңілмеді астана, Берілуге болмайды. Артымызда Москва Шегінуге болмайды.
Видеоролик «Ұлы Жеңіс»
Мұғалім: Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы. 1941-1945 жылдар аралығында Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам адам майданға аттанды. Соның жартысынан астамы, яғни халықтың шамамен 10 пайызы соғыстан қайтып оралған жоқ.
Рейхстагқа Рақымжан Қошқарбаев атамыз бірінші ту тіккен болатын, бұл 1945жылы 30сәуір күні болатын, жанында Гриша деген досы болатын. Бірақ, Рақымжан Қошқарбаев, басқа батырлар сияқты сол күннен бастап, Кеңес Одағының Батыры атақты алалмады. Бұл атақ тек 30жылдан кейін берілді. Өйткені оның бұрыңғы ата-бабалары 1937жылдарда репрессия кезінде қуғын сүргінге ұшыраған болатын. Сол құғын сүргіннің кесірі көп қазақ солдатына, соның ішінде батырлық, ерлік көрсетіп, жерімізді қорғауға қанын,жанын берген солдаттарымызға көп кесірін тигізді.Осы соғыстың кесірінен қаншама қазақтың саны азайды.
Қазіргі уақытта қазақ саны 17млн емес, 30 – 50млн-ға жетуші еді. Жеңістің жемісін, дәмін татып жүрген бүгінгі ұрпақ – біздер қандай бақыттымыз, біз аталарымыздың, бабаларымыздың арқасында осындай бейбіт өмір сүріп жүрміз.
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлерді еске алу 1 минуттық үнсіздікті сақтайық.
1Жүргізуші: Фашистер күшті Армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру мақсатында, соғыс ашты. Фашистер күзге
дейін-ақ Кеңес Одағын жеңеміз деп даурықты. Фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді.
2Жүргізуші: Партия халыққа «Бәрі майдан үшін» «Бәрі де жеңіс үшін» деген ұран тастады. Бұл ұранды бүкіл ел қолдады. Дәл осы кезде «Отан ана шақырады» деген ұранмен бүкіл кеңес халқы майданға аттанды. Қазақстаннан 1.200.000 адам Қызыл Армия қатарына алынды. Жауға атылған әрбір оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілді. Неміс – фашист армиясының түпкі мақсаты Москваны басып алу еді.
2оқушы Тастар көкке атылды. Орман шулап тау құлап, Жиырма сегіз батырды, Жеңе алмады жау бірақ. Жау жеңілді ақыры, Атты бейбіт таң күліп, Жиырма сегіз батырын Ұмытпайды ел мәңгілік.
3оқушы Қазіргі тыныш заманға Жеткізген бізді өздерің. Бас иемін сіздерге, Батыл да батыр бабалар.
4оқушы Күлкісінен балалардың,
Шаттығынан аналардың,
Әр күннің нұрлы келбетінен,
Гүл жайнаған жер бетінен,
Жеңіс күнін көремін мен!
Мұғалім: Майданда тек ер адамдар ғана емес, қазақтың нәзік қыздары да күресті. Қазақ қыздарының арасында да ержүрек, қаһарман қыздар кездеседі. Олар Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, бірі пулеметші болса, бірі снайпер, екіден бірінің қолынан келе бермейтін іс.
1Жүргізуші: 1941 - жылы күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Москваны бүкіл ел болып қорғады. Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Маметова Калинин майданында соғысып, Невель қаласын қорғауда қаза тапты. 5оқушы Мәншүк Мәметова – пулеметші, Кеңес Одағының Батыры атанған тұнғыш қазақ қызы. Ауыр жараланса да, өлімге бас тігіп, жалғыз өзі фашистердің шабуылын тойтарды. 5сағат бойы оқ жаудырып, қаруластарын қорғады. 21жасында қаза тапты.
6оқушы Мәншүк
Сілкініп зеңбіректер жердің жүзін, Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың, Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған. Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим»оның, Бойында күш-жігері тасқын оның. Ерлермен тізе қосып шабуылда, Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған, Жауына қаһар тігіп қатуланған. Отан үшін шайқасқан ауыр күнде. Төнсе де өлім қаупі, жасымаған
7оқушы Әлия Молдағұлова – мерген, Кеңес Одағының Батыры. Жаудың 78 әскерінің көзін жойды. Жараланса да,қоян-қолтық ұрысқа түсті. Жауынгерлерді 6 рет шабуылға бастады. 19 жасында қаза тапты.
8оқушы Әлия Даламыздың даңқысың, Балауса гүл балғын қыз. Жанын қиып халқы үшін, Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді, Биік бол деп таулардан, Сенің балғын бейнеңді Жасап қойдық мәрмәрдан.
Бірге соқсын дүрсілдеп, Туған жермен жүрегің. Ауасында жүрсің сен Әнге қосып жүр елдің
Видео «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»
Батырлар слайдшоу
9оқушы Талғат Бигелдинов – екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған жалғыз қазақ. Аты аңызға айналған ұшқыш-шабуылшы «Қазақ сұңқары», әуе барлаушысы, жауынгерлік ұшу сапары – 305 рет.
10оқушы Қазақстандық ұшқыштар:
Леонид Беда – ұшқыш-шабуылшы
Иван Павлов – ұшқыш-шабуылшы
Сергей Луганский – құртқыш-ұшқыш
11оқушы Нұркен Әбдіров - ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры. Тапсырманы орындау кезінде Нұркен Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясын жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап қаһармаңдықпен қаза тапты.
12оқушы Мәлік Ғабдуллин – батыр-панфиловшы, жазушы. Жасағымен қоршауға түсіп, жауға тылдан шабуыл жасады. Жауынгерлерін аман алып шықты.
13оқушы Төлеген Тоқтаров – батыр-панфиловшы. Ішінен ауыр жараланған ол жау шабуылын жалғыз өзі тойтарды. Оғы таусылған соң қолма-қол ұрысқа көшті.
14оқушы Қасым Қайсенов – батыр-партизан. Әйгілі диверсант-барлаушы, жау тылына түсірілді. Украина, Молдавия, Чехославакия, Румыния партизан қозғалысын ұйымдастыруға қатысты.
15оқушы Хиуаз Доспанова – қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш қыз еді. 300 рет жауынгерлік ұшу сапарына шықты. «Түнгі мыстандар» эскадрильясының атқыш-штурманы. «Кукурузник» аталған ағаш ұшақпен түнде ғана ұшты.
16оқушы Рақымжан Қошқарбаев – лейтенант, қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге жауынгерлік Қызыл туды Рейхстагқа бірінші болып туды.
17оқушы 71 жыл бейбіт заман таң атқалы, Жеңдіңдер шын ерлікпен қас дұшпанды. Жеңсек те, тойласақ та бейбіт таңды. Әттең шіркін жеңе алмадық сұм ажалды.
2Жүргізуші: Соғысты бастаған фашистер 1945 - жылы, 9 - мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр күндер артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады. Кеңес Армиясы Берлинге дейін даңқты жолдардан өтті.
70 мың селомызды, 32 мың өндіріс орнымызды қиратты. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады.
18оқушы Ағаларым қан майданды бастарынан өткерді, Соғыс өрті біздің елге қасіретін ап келді. Қазағымның ержүрек батырларын жеңу. е, Немістердің күш - қуаты батылдығы жетпеді.
19оқушы Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
1-жүргізуші:
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.
Би «Синий платочек».
20оқушы Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
21оқушы Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
22оқушы Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
2-жүргізуші:
Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аяласын көңілі жақсы үмітпен.
Би «Катюша».
23оқушы Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
24оқушы Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
Қорытынды сөз.
Мұғалім: Біз әр жыл сайын 9-мамырда жеңіс күнін тойлаймыз, соғыс ардагерлерін құттықтап,оларға ризашылығымызды айтамыз.Сол кезде кәрі апалар мен жасы жеткен аталардың көз жасын көріп, олардың сол қырық бірінші жылдары не көргенін, не сезінгенін ұққандай боласың. Соғысқа қатысқандар өте көп, алайда олардың қатары жыл сайын сиреп бара жатыр. Ал қазір сол қаһармандардың ұрпағы өздерінің ата-бабаларының арқасында тыныш, бейбіт ғұмыр кешіп жатыр. Біздің басымызға келіп қонған бар бақ – ол осы тайсалмай соғысқа аттанған,батыр ата-бабамыздың арқасы. Олардың ісі мәңгі ұмытылмас, құнды мұра қалдырды олар – бейбіт өмір. Біз, жас ұрпақ осы жеңіс үшін сіздерге өмір бойы риза болып өтеміз!
25оқушы Алақай – ай! Әйгілі Тоғызыншы май бүгін. Алғаш күні шаттықтың Соңғы күні қайғының Ұлы күшке сенген күн Фашистерді жеңген күн Қырмызы гүл, қызыл гүл Құшақтарға енген күн.