kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Армысы?, ?з Наурыз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Армысы?, ?з Наурыз!

Ма?саты: 1.О?ушылар?а Наурыз мейрамыны? пайда болу тарихы ж?не ?аза? хал?ыны?                      салт - д?ст?рімен таныстыра отырып хал?ымызды? ?дет - ??рпы, м?дениеті                    туралы толы?  м?лімет беру;                                                                                                       2.О?ушыларды хал?ымызды? д?ст?ріне, ?дет - ??рып?а байланысты ?ла?атты             с?здеріні? м?ніне ?арай ж?не жа?сылы? пен а? ниетке толы бабалар жолын                           жал?астыру?а баулу;

                   3.О?ушыларды елін, Отанын с?юге, патриотты? рухта ж?не ?лтты? салт -                             д?ст?рді  д?ріптеуге т?рбиелеу;

К?рнекілігі:  сахнаны? мерекеге сай безендірілуі, на?ыл с?здер жазыл?ан плакат, ?лтты?                    киімдер, ?лтты? та?амдар.

Барысы:

1 - ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, о?ушылар, ата - аналар! Сіздерді ?лысты? ?лы к?ні - Наурыз мерекесімен шын ж?ректен ??тты?таймыз! Б?гінгі бол?алы отыр?ан " Армысы?, ?з Наурыз! " атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!

2 - ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, о?ушылар, ата - аналар! Сіздерді келіп жеткен к?ктем мерекесімен ??тты?тап, сіздерге шатты? тілей отырып мерекелік т?рбие са?атымызды ашы? деп жариялаймыз.

1 - о?ушы: Уа, жарандар, жарандар,

                Б?рі? бері ?ара?дар,

                Наурыз - думан басталды

                Бір с?т зейін салы?дар.

2 - о?ушы: ?ш?ан оймен м??гілік

                Біздерде бар сан ??рып,

                ?асырлардан ?асыр?а

                Келе жат?ан жа??ырып.

3 - о?ушы:  Бермен жа?ын т?ры?дар,

                     С?зіме к??іл б?ры?дар,

                   Жау?азындай Наурызды?

                   Жарапазан жыры бар.

4 - о?ушы:  Аманбысы?, арда?ты хал?ым мені?.

                  Арда?та Наурыз тойын, салты?ды, елім.

                  Мереке басы болсын берекені?,

                  Игі е?бек жемісін б?рін жегін!

                  Наурыз той?а жинал?ан хал?ым мені?,

                  Б?рі?ні? ой?а ал?аны? - жар?ын сенім.

                  Б?гінгі той - ерте?гі арда?ты ісі?,

                  ?ажап болсын таппайтын тепе - те?ін.

5 - о?ушы:  Наурыз мейрам ж?ректерге н?р сепкен,

                   Ма?дайымнан с?йіп жатыр к?н - к?ктем.

                   Жары?ымен, шуа?ымен к?н - ана

                   Алып келді жер бетіне г?л к?ктем.

                   ?ош келді?, Наурызым арда?ты,

                   Хал?ым са?ан бар ?мітті арнапты.

                   Жылда осылай келе берсін жасарып,

                   Г?лге б?леп, жыр?а б?леп айма?ты.

6 - о?ушы:  ?иыры жо? мені? байта? далама,

                   ?сем, к?ркем ауылыма, ?алама

                   Наурыз келді д?р сілкінтіп жерімді,

                   Сырлы ?ніне ??ла? т?рмей бола ма?

                   Наурыз ?айтып оралды аты да а?ыз,

                   С?рамаймыз ал?ыс та, а?ы да біз.

                   ?й - дастархан, даламыз - сахнамыз,

                   ?лы мейрам Наурызды ?арсы аламыз.

Би: " ?ара жор?а ".

7 - о?ушы: Т?уелсіз биік хал?ымны?

                   Желбіреп туы шал?ысын

                   ?з Наурыз келіп еліме

                   Жер - Ана бойы бал?ысын.

1 - ж?ргізуші: Жа??ырар д?ст?р - салтымны?

К?зелсін б?ла? жыл?асы.

?астерлі мені? хал?ымны?

Мереке Наурыз - жыл басы! - дей келе ендігі кезекте Наурыз мерекесіні? шы?у тарихына то?талса?.

8 - о?ушы: Наурыз - ?те к?неден келе жат?ан мейрам. К?ні б?гінге дейін жер                      шарында?ы к?птеген халы?тарды? д?ст?рлі мейрамына айналып                       отыр?ан б?л мерекені? ?ашаннан бері тойланып келе жат?анын д?п                            басып айту ?иын. Б?л к?ні к?н мен т?н те?елетін, жан - жануарлар                     т?лдеп, адамдарды? аузы а??а тиетін, жер ?стінде шатты? орна?ан к?н.             ?аза? елі осы к?нді " ?лысты? ?лы к?ні " деп ата?ан. Наурыз с?зі                      парсы тіліні? " Нау - жа?а ", " руз - к?н " деген с?здерінен ?алыптасып,            жылды? бірінші к?нін білдірген. Ал ?аза? тілінде " Наурыз " с?зі 1)                            жыл басына байланысты думанды халы?ты? мейрам, 2) Наурыз айы,                          3) Наурыз к?ні жасалатын к?жеге ?атысты айтыл?ан.

9 - о?ушы: Наурыз келді, жайра? ?а?ты та? к?ліп,

                   Жап - жасыл боп кетті д?ние жа??ырып.

                   Жа?сылы??а жаршы бол?ан наурызым

                   Сен ?мірді? к?ктемісі? м??гілік.

?н: " Наурыз тойы "

10 - о?ушы: ?ырдан б?гін бу ы?ты,

                   ?уды жерден суы?ты.

                   ??тты болсын мереке?,

                   Наурыз айы туыпты.

                   ?не, Наурыз келеді.

                    ??лпырады жер енді.

Наурыз:    К?кпе?бек дала, туымдай аспан к?гілдір,

                   К?к кілем т?сеп, к?к к?йлек киген ??ір д?р.

                   Б?йшешек г?лге ?ылтый?ан жанын елітіп,

                   Жадырап ?алар к??ілді к?ндей к??іл бір.

                   Кел Наурыз?а, пейілін к?р ?аза?ты?,

                   Б?л к?н біле білгенге ?ажап тым!

                   А? ?сын?ан а? ш?лілі ?желер,

                   Наурыз к?н - біле білгенге ?ажап тым!

( ?желер шы?ып шашу шашады ).

11 - о?ушы: К?ргенде ?уанасы? таза ауаны,

                   ??ла??а естілгендей жаз ?уені.

                   Жыл сайын тойланатын м??гі ба?и

                   Наурызы? ??тты болсын, ?аза? елі !

( Наурызды арнайы безендірілген та??а отыр?ызады ).

2 - ж?ргізуші: - Дана хал?ымыз " Батамен ел к?герер, Жа?бырмен жер к?герер "      деп бекерге айтпа?ан ?ой. ?анеки, Наурыз тойыны? а? батасын  с?райы?.

( К?рермендер арасынан Асан ата шы?ады )

Асан ата: ?лыс о? болсын,

                   А? мол болсын,

                   ?айда барса? жол болсын.

                   ?лыс ба?ты болсын,

                   Т?рт т?лік а?ты болсын.

                   ?лыс береке берсін,

                   Б?ле - жала жерге енсін.

                   ?лы хал?ым то? болсын,

                   К?йлектері к?к болсын.

                   ?ай?ы - уайым жо?  болсын,

                   ?уаныштары? к?п болсын.

Наурыз: -Бізге ?ыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Барлы?ымыз       соны  шешіп к?рсек ?айтеді?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Армысы?, ?з Наурыз!"»

Тақырыбы: Армысың, Әз Наурыз!


Мақсаты: 1.Оқушыларға Наурыз мейрамының пайда болу тарихы және қазақ халқының салт - дәстүрімен таныстыра отырып халқымыздың әдет - ғұрпы, мәдениеті туралы толық мәлімет беру; 2.Оқушыларды халқымыздың дәстүріне, әдет - ғұрыпқа байланысты ұлағатты сөздерінің мәніне қарай және жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу;

3.Оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта және ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу;


Көрнекілігі: сахнаның мерекеге сай безендірілуі, нақыл сөздер жазылған плакат, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар.

Барысы:


1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған " Армысың, Әз Наурыз! " атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.


1 - оқушы: Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз - думан басталды

Бір сәт зейін салыңдар.


2 - оқушы: Ұшқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.


3 - оқушы: Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар,

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.


4 - оқушы: Аманбысың, ардақты халқым менің.

Ардақта Наурыз тойын, салтыңды, елім.

Мереке басы болсын берекенің ,

Игі еңбек жемісін бәрін жегін!

Наурыз тойға жиналған халқым менің ,

Бәріңнің ойға алғаның - жарқын сенім.

Бүгінгі той - ертеңгі ардақты ісің ,

Ғажап болсын таппайтын тепе - теңін.




5 - оқушы: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн - көктем.

Жарығымен, шуағымен күн - ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

Қош келдің, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осылай келе берсін жасарып,

Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.


6 - оқушы: Қиыры жоқ менің байтақ далама,

Әсем, көркем ауылыма, қалама

Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді,

Сырлы әніне құлақ түрмей бола ма?

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй - дастархан, даламыз - сахнамыз,

Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.


Би: " Қара жорға ".


7 - оқушы: Тәуелсіз биік халқымның

Желбіреп туы шалқысын

Әз Наурыз келіп еліме

Жер - Ана бойы балқысын.


1 - жүргізуші: Жаңғырар дәстүр - салтымның

Көзелсін бұлақ жылғасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз - жыл басы! - дей келе ендігі кезекте Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ.


8 - оқушы: Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді " Ұлыстың ұлы күні " деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің " Нау - жаңа ", " руз - күн " деген сөздерінен қалыптасып , жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде " Наурыз " сөзі 1) жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, 2) Наурыз айы, 3) Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.


9 - оқушы: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап - жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған наурызым

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.


Ән: " Наурыз тойы "



10 - оқушы: Қырдан бүгін бу ықты,

Қуды жерден суықты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты.

Әне, Наурыз келеді.

Құлпырады жер енді.


Наурыз: Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,

Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр.

Бәйшешек гүлге қылтыйған жанын елітіп,

Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.

Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,

Бұл күн біле білгенге ғажап тым!

Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,

Наурыз күн - біле білгенге ғажап тым!


( Әжелер шығып шашу шашады ).


11 - оқушы: Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурызың құтты болсын, Қазақ елі !

( Наурызды арнайы безендірілген таққа отырғызады ).


2 - жүргізуші: - Дана халқымыз " Батамен ел көгерер, Жаңбырмен жер көгерер " деп бекерге айтпаған ғой. Қанеки, Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.


( Көрермендер арасынан Асан ата шығады )


Асан ата: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле - жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектері көк болсын.

Қайғы - уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын.


Наурыз: -Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді?








Тапсырмалар:

1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

( Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ, Жаңбыр жаумаса жер жетім, басшы болмаса ел жетім ).

2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

(Малды теппе, ақты төкпе. Отты шашпа, күлді баспа. Бос бесікті тербетпе.Бесікті ашық қалдырма ).

3.Сүттен жасалатын тағамдарды ата

( айран, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ,іркіт т.б.)

4.Ұлттық ойындарды ата.

( алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге ілу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б. )

5. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?

( Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы - қарта, ірімшік, қаймақ т.б. )


Ән: "Қазақы дастарқаным ".


1 - жүргізуші: Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірлі,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

-Қане, балалар, барлығымыз халқымыздың салт - дәстүрлерін , әдет - ғұрыптарын сақтап құрметтейік.


Хормен: Ана сүтін ақтаймыз,

Ата салтын сақтаймыз.


2 - жүргізуші: Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық.


1. Көрініс.


Бала: Сүйінші, сүйінші,

Жеңгем ұлды болды!

Сүйінші, сүйінші,

Мен інілі болдым!


Әже: -Ізіңе ерген ініңнің бауы берік болсын ! Айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау - шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінеки, сүйіншіңді ала ғой!


-Ой, қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші! Балаға қандай ат қойсақ екен?


1 - жүргізуші: - Қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен қалмай ат қойылады. Әдетте ат қою құрметіне ауыл ақсақалдары ие болады.



2 - жүргізуші:- Қазақтың ғұрыптарының бірі " Ат қою " рәсіміне кезек берейік.


2. Көрініс.


Бірнеше бала асық ойнап жүреді.


- Балалар, той басталғанша асық ойнай тұрайық?

( Балалардың жанына бір қария келеді. Ойнап жүрген балалар жамырай амандасады ).


Балалар:Ассалаумағалейкум, ата!


Атай:Уағалейкүмассалам, өркендерің өссін!

( Үй иелері алдынан шығып, қонақты қарсы алады ).


Атай: ( Амандық - саулықтан соң ) - Қане, баланы әкеліңдер, ат қойып берейін.

- Абай, Жамбыл, Сәкендей

Ақын болар ма екенсің?

Қажымұқан атаңдай

Батыр болар ма екенсің?

Құрманғазы, Динадай

Күйші болар ма екенсің?

Мың бұралып Шарадай

Биші болар ма екенсің?

Тағы саған не дейін,

Үмітіме сенейін.

Елің сүйер ер болшы,

Үстем болсын мерейің

Сенің атың - Ерасыл.

Сенің атың - Ерасыл.

Сенің атың - Ерасыл.

(құлағына 3 рет айқайлайды)


12 - оқушы: Әдетте жаңа туған нәрестенің кіндігі бір аптаның ішінде түседі. Баланың кіндігі түскен күннен бастап бесікке бөлейді. Бесік - ата-бабамыздан қалған асыл да қасиетті мұра. Бесіктің өзіндік ерекшеліктері, тұрмысқа бейімділігі, бала өміріне пайдалылығы.


13 - оқушы: Бесік 15 бөліктен тұрады. Бір белағаш, екі бөген, төрт жақтау, төрт шабақ, екі сабау, екі жорғадан тұрады.

Халық " дұрыс бөленген, бесік көрген баланың дені сау, тәрбиесі түзу болды" деген. Бесікке салу жолы өнегелі, үлкен әжеге тапсырылады.


1 - жүргізуші: Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей "Бесікке салу" рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты, сен қалай ойлайсың?


2 - жүргізуші: Иә, дұрыс, кезекті "Бесікке салу" рәсіміне берейік.





3 - Көрініс :


Әже: Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы. Ең алдымен бесік аластатылады. Алас, алас, иесі келді, пәле қаш,

Алас, алас, бәледен алас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас.


-Бесікті отпен аластап, "тыштыма" жасап алады да, баланы бесікке салады.

-Бесік үстіне жеті қадірлі зат жабады. Жабылған әр нәрсенің өзіндік мәні бар. Ананың балаға деген махаббаты "Бесік жыры" арқылы айтылады.


Ән: "Бесік жыры"(әжелердің орындауында)


Наурыз: Қайран елім, білсейші осы нарқыңды

Байлық деп пайдасы жоқ ойыңды.

Алатаудай болса-дағы асыл тас

Кімнен сатып ала аласың салтыңды?!


Ән: "Қазағымның дәстүрлері"


14- оқушы: Құтты болсын Наурыз тойы,

Барлық жанның орындалсын арман-ойы.

Жылқы жылы құт-береке әкеліп,

Еліміздің ұлассын тойға тойы!


15 - оқушы: Жаңа жыл, кел, төрлет

Ел достығын өркендет

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық.


16 - оқушы: Құтты болсын Наурыз той,

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.


17 - оқушы: Наурыз тойдың межесі-

Әжелердің көжесі.

Қане ішіп, тойыңдар,

Одан кейін ойын бар.


Әже: Оу, аталар, даналар! Көктем - Наурыз тойында

Айналайын балалар! Құмар болып ойынға,

Тоя ішсін деп тамсанып, Ішер бір-ақ тостаған.

Жеті түрлі дәм салып, Еңбекқорға талапты

Наурыз көже пісірдім, Қоямын қос табақты.

Оттан көже түсірдім. Асқа кәрі жасыңды

Бал көжеден татыңдар. Шақырып ием басымды!



18 - оқушы: Наурыз - шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейміз бәріміз.


Ән: "Наурызым - нақыл жыр"


Би : "Қамажай"


1 - жүргізуші: Наурыз құтты болсын,

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты бола берсін!


2- жүргізуші: Еліміздің несібесі көп болсын,

Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "Армысы?, ?з Наурыз!"

Автор: Аркабаева Гулнара Болыскановна

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299356


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства