Просмотр содержимого документа
«Т?рт т?лігім - ырысым 2 сынып»
Сабақтың тақырыбы: Төрт - түлігім ырысым
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түлік туралы мағлумат беру.
Өлең, жұмбақ, мақал - мәтелдер жаттату, танымын
кеңейту,тіл байлығын дамыту.
Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Төрт- түлігім ырысым» атты плакат , сызбалар, суреттер.
Барысы:Кіріспе сөз
Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Кең даланы еркін шарлап
көшіп-қонған халқымыздың тұрмыс-тіршілігі , күнелтісі төрт түлік малмен байланысты болған. Кисе киім, жесе тағамы, ішсе сусыны, мінсе көлігі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Сондықтан халқымыз малды төлдетуді, күтіп бағуды, көбейтіп өсіруді ойдағыдай игеріп отбасының қажетіне қарай жаратып отырған. Малдың етін, сүтін, терісін, жүнін, тіпті мүйіз-сүйегіне дейін ұқсата білген. Сондықтан қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауымызға тиіспіз.
4-оқушы (Ойсылқара)
Ең боз түлік - түйемін,
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң, сүтім - шұбат,
Дертке дауа, жанға қуат.
Қу тышқанға алдандым,
Жыл басынан құр қалдым.
Оқушы ( Қамбар ата )
Арғымақ, тұлпар - жылқымын,
Мақтанамын жұртымның.
Ерге - қанат тұлпар мен,
Қай түлік келер маған тең?!
Сүтім - қымыз, етім - ем,
Білесің бе оны сен?
Оқушы ( Зеңгі баба )
Мінезім жайлы - сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім - дәмді, сүтім-бал,
Сырымды менің ұғып ал:
Қажет болса сүт,қаймақ,
Балауса шөп бер, сиыр бақ.
Оқушы (Шопан ата)
Қой - ешкі - бір түлікпіз,
Біге өстік,еш күдіксіз.
Теріміз - тон,былғары,
Жүніміз-киім,тұр әне.
Еті-тәтті,сүті бал
Қой-ешкі-ең құнды мал:
Қазақтың жері кең байтақ,мал өсіруге қолайлы,жерін малсыз елестету мүмкін емес.Қазақ өз балаларын«ботам»,«құлыным»,«қошақаным»деп еркелетіп әлпештегенінде де осы төрт түлік малға ерекше сүйіспеншілігінің бар екенін көруге болады.
Схема пайдалану: «Қай малдың төлі»
Түйе сүйеді баласын
«боташым»,-деп,
«Жаудыраған көзіңнен
тоташым!»-деп,
Жылқы сүйеді баласын
«құлыным»,-деп,
«Тұлпар болып жүгірер
Жұрыным»!-деп
Сиыр сүйеді баласын
«торпағым»,-деп,
«Қараңғыда баспаған
Қорқағым!»-деп.
Қой сүйеді баласын
«қоңырым»,-деп,
«Ештеңені білмейтін
момыным!»-деп.
Ешкі сүйеді баласын
«лағым»,-деп,
«Тастан-тасқа секірген
шұнағым!»-деп.
Төлді қалай шақырамыз?
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Ойсылқара баласы
Ботақаным қайдасың?
Көс, қөс!
Жолға шықсам көлігім,
Жапанда жүрсем серігім,
Қамбар ата өсірген
Құлыным менің қайдасың?
Құрау, құрау!
Көкке мұрнын шүйіріп,
Көз төңкеріп қараған,
Зеңгі баба өсірген
Әукешім менің, қайдасың?
Әуке, әуке!
Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным,
Шопан ата түлегі-
Қошақаным қайдасың?
Пұшайт,- пұшайт!
Жауын жауса бақырған,
Ешкі атасын шақырған,
Өрісте өскен жануар,
Щөкетайым,қайдасың?
Шөре, шөре!
Малдың сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Түйенің шұбаты,биенің қымызы аса құнды шипалы сусын.Сиыр мен қой сүтінен айран,сүзбе,қаймақ,кілегей,сары май,ірімшік,құрт,
ежігей,саржу тағы басқа көптеген тағамдар алынады.«Мал баққанға бітеді»дейді халқымыз.
Дастарқанда ақ мол болу үшін біз малды бағып күтуіміз керек.
Ата баба кәсібі балаға мұра.
Қой
Түйе
Ешкі
Үй
жануарлары
Жылқы
Сиыр
Малды бағу,күту біздің міндетіміз.Кең даланы малға толтыратын біздер боламыз.
киім
баймақ
киіз
сырмақ
Жүннен
көрпе
кілем
күртеше
пима
Мақал - мәтелдер
Ер қанаты - ат.
Сиырлының үйі - айран,
Сиырсыздың үйі сырдаң.
Нар жолында - жүк қалмас.
Мал өсірсең - қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
Жер - ана, мал - бала.
Тыйым сөздер:
Малды теппе, ақты төкпе.
Малды басынан ұрма.
Малға теріс мінбе.
Ақ төгілген жерді баспа.
1.Қой малын жасына қарай қалай атайды?(қозы,көбеген,марқа,көрпеш,тоқты,бағлан,тұсақ,көбей,
кебе,ісек,азбан, ақауыз,қошқар, саулық,қой)
2.Сиыр малын жасына қарай қалай атайды?(бұзау,баспақ,торпақ,тана,тайынша,қашар,құнажын,
дөнежін,сиыр,өгіз,бұқа)
3.Түйе малын жасына қарай қалай атайды?(бота,тайлақ,буыршын,буырлыш,інген,атан,бура)
4.Жылқы малын жасына қарай қалай атайды?(құлын,жабағы,тай,құнан,байтал,дөнен,қулық,
бесті,бие,ат,сәурік,айғыр)
Жұмбақтар:
Таптым,таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға. (Түйе)
Мінсең - желдей жүйткиді,
Көңілің таудай өседі.
Алып ұшар алысқа
«Ер қанаты»деседі. (Ат)
Шайнаңдайды сағыз,
Сүттің кені нағыз. (Сиыр)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Қорытынды: Бүгін балалар,біз төрт түлік туралы көптеген мағлұмат алдық,