kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Төрлет,Жаңа жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылдық ертеңгілік. Бастауыш сыныптарға арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Төрлет,Жаңа жыл»

Тақырыбы: Төрлет, Жаңа жыл!

Мақсаты: Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Музыка ойнайды: (Қыздар билеп кіреді)

БИ: «Снежные бабочки»
 Мұғалім: Жаңа жыл жаңа күннен басталады, 
Ашылып келешектің төс қаламы. 
Билігін ескі жылдың қолына алып, 
Жаңа жыл одан әрі басқарады. 

Қыздар: - Армысыздар, аналар! Бармысыздар балалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешімізге Қош келдіңіздер!

(Саханаға екі оқушы шығады.өзара таласып келеді)
Бауыржан: - Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой...

Нүрсәт- Не, не, алжыған неме,
Жасыңа жетпей адасып,
Қалыпсың ғой шатасып.

Бауыржан - Мен,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Бүгін ерте ояндым.

Бауыржан:Сәлем, сәлем, достар!
Бауыржан:сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Нүрсәт- Мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей...
Бауыржан: Я десейш-ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш  пайдаланғалы қашан?!
Нүрсәт: - Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба... ха-ха (бірге күледі).
Сол кезде Музыка ойнайды мыстан кемпір келеді.
Би: «Баба яшка я»
Мыстан кемпір:Келем, келем, ұшып келем! 
Атамызға көмектесем, 
Үшкір ине-жасыл ине, 
Шыршаны жағуға мен келем. (Балаларды көріп қалады) 
- Ой, балалар, мен мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба? 
- Жоқ

Мыстан кемпір:  - Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен-өзім отырғанмын. Жылда келіп шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым.

Мөлдір- Алақай, алақай!
Думанды жалғастырайық!

Инабат: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?!
лай болса мерекелік кешімізді жалғастырайық

Бауыржан: Байқаймын, бұл кеште біздің достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызды ертіп келейік, қане?!

Мұғалім: Балалар, біздің мерекемізге тағы бір қонағымыз асығып, келе жатқан сияқты, бұл кім болды екен? (Залға айдахар кіреді) 
 Айдахар Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге хат алып келдім. 
Жүргізуші: Хат кімнен екен? 
Айдахар : Ойланып көріңдер, кәне, балалар. Бізге жаңа жылда кім көп сыйлық береді? 
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

 Айдахар : Өздерің қандай тапқыр балаларсыңдар? 

Нүрсәт:(Хатты оқиды) Балалар, Аяз ата сендерді құттықтапты, бізде қазір сендердің мерекелеріңізге барамыз!

Мыстан:Бұл бір ғажап мереке ғой. Қандай сүп-сүйкімді балалар! Ой, мен түсінбедім, біздің ортамызда неге Аяз ата жоқ, қане, балалар, шақырамыз атамызды!
Нүрсәт: Қойшы, шақырмаймыз! Мына мақтаған балаларыңыз Аяз ата туралы дым білмейтін шығар.

Мыстан:: Неге олай дейсің? Қане, қойып көр сұрағыңды! Солай ма, балалар?
1. Аяз ата келе ме, тура сағат жеті де? ( балалардың жауабы)
2. Жұртқа ол әйгілі ме, мәсі, кебіс кие ме? ( Жоқ пима киеді)
3. Әй, сол атаңыз келе ме, бізге сыйлық бере ме? ( ия, келеді, сыйлық береді!
4. Әсем екен шыршамыз, шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса)
балалар жоқ дейді.
5. Әдемілеп тізілген, Қауын - қарбыз ба ілінген? (Балалар: Жоқ, ойыншықтар!)
6. Аяз ата балалар,
Қорқа ма екен аяздан? (Балалар: жоқ, қорықпайды.)
7. Жағдайы жақсы ма екен,
Қаршақыз бен дос па екен? (Балалар: иә, дос.)
Мыстан- Көрдің бе? досым, біздің балалар ақылды. Аяз атамыз да келіп қалатын уақыт болып қалған шығар

Мұғалім: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді жаңа жылмен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Хормен: - Аяз ата! Ақшақар! (3 рет)

Мұғалім: Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз болса, Аяз  Атамыз бен Жаңа жылымыз өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр. 

Нүрсәт: -

Ал балалалар бастайық,
Асықпайық, саспайық!
босқа қарап тұрмайық,
Шырша жырын жырлайық!
Ән: «Шырша жыры» (хор)
Еркеназ: Өлең айтып, би билеп, 
Көңілденіп жүреміз! 
Қане ұлдар, қане, қыздар, 
Би билейміз бәріміз! 
Би: Ұлдар мен қыздар биі

Жаннұр: Бүгін біз көңілдіміз,
Ит жылын қарсы алып.
Мерекеге келгендерге,
Құттықтаймыз ән салып.      

Келді міне жаңа жыл

Ән: «Келді міне жаңа жыл»

Бір топ қыздар ырғалып

Би билейік бұралып

Бізде қарап тұрмайық

Қол соғайық топталып.

Би: «Матрешки»

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық

Би: Чунга-чанга. ұлдар.

  1. Оқушы: Кел, балалар, тақпақты
                        Тақылдатып айтайық,
                        Аяз ата таң қалсын.
                        Сыйлық алып қайтайық
    Тақпақтар Жылдың әнін бастайын,
    Аяз- Ата кеп қалды. 
    Майысады жас қайың,
    Көтере алмай көп қарды.
    2. Бақша іші мереке, 
    Ойын күлкі асқақ ән. 
    Жақсы әпкелер жаңа кеп, 
    Мерекені бастаған.
    3.Жаңа жылды қарсы алдың
    Мініп алып күймеге.
    Мен де бүгін ән салдым, 
    Араластым биге де. 
    4. Оралдың өлкеме, 
    Жаңа жыл армысың. 
    Оранды ақ көрпеге, 
    Асқартау, қарлы шың. 5. Ақ қырауға малынған 
    Сақалы да мұрты да.
    Аяз ата сағынған
    , Сәлем бepді жұртына.
    6. Безендіріп шыршаны
    Жыл қуантты баршаны.
    Той-маскарад басталды, 
    Аяз оны басқарды. 
    7. Аппақ тонға оранып, 
    Базарлықты мол алып.
    Келді алыс сапардан, 
    Аяз ата оралып. 
    8. Қалып едік сағынып, 
    Kүтіп алдъқ жабылып
    . Жолын қойдық жарық қып, 
    Шыршаларға шам іліп
    9. Аяз Ата ойды қырды
    Аралап жүр түгел шолып. 
    Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып



Қала нұр, дала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл.

Шырша жаны көңілді,

Билеп барлық бала жүр.

Би: Өзбек биі
Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

Хор: Жаңа жыл
Мұғалім:- Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,
Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.
Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.
   Ел тыныш, бала-шаға аман болып,
Дос-жаран, ағайынмен орта толсын.
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,
Бірге: Жаңа жыл, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осымен бүгінгі «Төрлет, Жаңа жыл!»атты ертеңгілігіміз аяқталды.  Жаңа Жыл әрбір жанұяға береке- бірлік, шаттық-қуаныш, бақыт әкелсін. Келесі құттықтау сөз мектеп директоры Байшымыров Медет ағайға беріледі

Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Төрлет,Жаңа жыл

Автор: Жомарт Гүлжан Жомартқызы

Дата: 15.01.2018

Номер свидетельства: 449985


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства