kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тола?ай отбасылы? сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  о?ушы мен ата- аналар?а спортты? ойындарды орындата отырып спорт?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.  Салауаттану- адам жанын да, т?нін де тазартуы, денсаулы?ын жа?сарту, салауатты ?мір салтын ?стану?а т?рбиелеу.

Т?рі: эстафеталы? ойны.

?тілетін орны: спорт кешені.

К?рнекіліктері: доптар, шарлар, жалаушалар, спорт?а байланысты на?ыл с?здер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«тола?ай отбасылы? сайыс »

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс

Мақсаты: оқушы мен ата- аналарға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану- адам жанын да, тәнін де тазартуы, денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі: эстафеталық ойны.

Өтілетін орны: спорт кешені.

Көрнекіліктері: доптар, шарлар, жалаушалар, спортқа байланысты нақыл сөздер.

Жүргізуші:

Шынықсан шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Женімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата- аналар және де сайысқа қатысушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер. Көңілді кешке 1-4 сынып оқушылары мен ата- аналары қатысады.

Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді бірінші отбасыны шақырамыз, екінші отбасыны шақырамыз, үшінші отбасыны шақырамыз, төртінші отбасыны шақырамыз.

Жүргізуші:

Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ- ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата- ана- шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептеледі. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың ролі орасан зор. «Толағай» отбасылық сайыс- еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын- сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде оқушылар қауымы мен ең сүйкімді де белсенді ата- аналарының арасында өткізгелі тұрмыз. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеннен тұратын кедергілерге төтеп беру керек.

Жүргізуші:

Әр топ өз ұрандарымен, төсбелгілерін таныстырып өту керек.

Жүргізуші:

Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер,

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріндер!

Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазыларымызбен таныстырып өтейік.

Сайыстың бағдарламасы мен таныстырып өтейік. Құрметті сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз.

  1. «Кенгурулар» сайысы( әкесі, анасы, баласы үшеуі кезекпен қаппен секіреді, белгіленген жерге барып өз орындарына қайтадан келгенше)

  2. «Жорға» сайысы (допты аяқтарына қысып алып белгіленген жерге дейін қара жорға биін билеп қайтадан орындарына келеді)

  3. «Кім жылдам» сайысы (белгіленген жерге дейін тенис таяқшасымен допты секіртіп жүгіру)

  4. «Арқан тартыс» сайысы (әр команда бір- бірлерімен арқан тартысады)

  5. «Мықты әкелер» сайысы (сызылған шеңбердің ішінде бір аяқпен тұрып, иықтарымен бір- бірімен екі әке итеріседі, кім шеңбердің сыртына шығып кетеді, сол команда жеңілді деген сөз)

  6. «Ептілер» сайысы (кезектесіп қасықпен стаканға су толтырады)

  7. «Секіртпемен секіру» сайысы (әкесі анасы баласы үшеуі бірге секіртпемен(скакалка) секіреді кім көп секіреді сол топ жеңеді.)

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер реңжімей,

Тараса бізге жарады.

Демекші, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттау сөзі әділқазыларға беріледі. Мадақтамалармен және бағалы сыйлықтарды табыс етеді.

Жүргізуші:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көптен көп рахмет айтамыз, қош сауболыңыздар.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
тола?ай отбасылы? сайыс

Автор: амержанова салтанат оралгазыевна

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 206941


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства