kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тілге құрмет – елге құрмет» зияткерлік ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Жас ұрпаққа тіліміздің қадірі мен қасиетін таныту,оны құрметтеуге баулу, ұлтжандылыққа, Отанды сүюге тәрбиелеу, тіліміздің көркейіп,қолдану аясының кеңеюіне өз үлестерін қосуға шақыру.

    Өзінің ана тілін құрметтеу әр азаматтың парызы екенін өскелең жас ұрпақтың бойына сіңіру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тілге құрмет – елге құрмет» зияткерлік ойын»

Күні:

Сынып: 4 «Ә»


Мектеп: Абай Құнанбаев атындағы

№ 19 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні:

Озганбаева Марияш Бегалиевна

Сабақ тақырыбы

«Тілге құрмет – елге құрмет» зияткерлік ойын

Сабақ мақсаттары

  • Жас ұрпаққа тіліміздің қадірі мен қасиетін таныту,оны құрметтеуге баулу, ұлтжандылыққа , Отанды сүюге тәрбиелеу, тіліміздің көркейіп,қолдану аясының кеңеюіне өз үлестерін қосуға шақыру.

  • Өзінің ана тілін құрметтеу әр азаматтың парызы екенін өскелең жас ұрпақтың бойына сіңіру. 

Құндылықтарды дарыту

  • Сыни тұрғысынан ойлату;

  • Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

  • Тілге құрметпен қарауға баулу.

Сабақ барысы

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Салематсыздар ма, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

4 «Ә» сыныбының «Тілге құрмет – елге құрмет» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер !

Сайыс кезеңдерімен таныстыру

І. «Мәнерлі сөздің мәнін ұқ»

ІІ. «Білгенге маржан»

ІІІ. «Кім тапқыр?»

ІY. «Бәйге»

Мұғалім:

Ана тілім, Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 
---------------------------------------------

Білім қуып сайыскерлер өтер дейміз,

Бір басына білімі жетер дейміз.

Сайысқа келген екі топта кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз.


«Таныстыру» жаттығуы:

Топтағы оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Топ басшысы топ мүшелерінің есіміне сын есім қосып айтып таныстырады.

І. «Мәнерлі сөздің мәнін ұқ»

1.Мақалда қалдырылып кеткен сөзді тауып, үш тілде айту.

... байдың елі бай. \Жері\

Жақсы ... – жарым ырыс. \ сөз\

2.Мәтелде қалдырылып кеткен сөзді тауып, үш тілде айту.

... жаны бір. \ Кемедегінің\

... мәртебесі – ел мәртебесі \ Тіл\

3.Тұрақты сөздің мағынасын түсіндіру

«Көзді ашып жұмғанша» -тез, шапшаң

«Асығы алшысынан түсті» - жолы болды


ІІ. «Білгенге маржан»


«Кубизм» әдісі. Кубикті айналдырғанда жоғары қарап түскен нөмері бойынша тапсырманы таңдап, сол түскен нөмерге сай 3 сұраққа жауап береді.

Тек сұраққа жауап берсе - 1 ұпай, жауабына толық ашып, тоқталса - 2 ұпай беріледі.

1.Абайдың табиғат лирикасына арналған тұңғыш өлеңі \ «Жаз»\

2. Абайдың «Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңін жатқа айт

3.Тіл туралы мақал-мәтел


1.Абайдың «Қыс» өлеңінде қолданылатын құбылтудың түрі \кейіптеу\

2. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді айт

3. Тіл туралы мақал-мәтел


ІІІ. «Кім тапқыр?»

Оқушыларға адасқан әріптерден сөздерді құрастыру тапсырылады. Әр филвордта 5 сөз жасырылған.



ІY. «Бәйге»

«Бәйге» деп аталатын бұл бөлімде топ басшыларына сұрақтар қойылады. Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Бұл бөлімнің «Бәйге» деп аталу себебі – көбірек ұпай жинап алып, топ алдына озып шығу.

І топқа арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күні \22 қыркүйек\

  2. Ел рәміздерін атаңыз? (Ту, Елтаңба, Гимн)

  3. Қазақ елінің астанасы? (Астана қаласы)

  4. Ұлы Абайдың бес дұшпанын атап бер./өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік, қанағатсыздық/мал шашпақ/

  5. «Үш бақытым» өлеңінің авторы? / /

  6. Өсімдіктің неше пайызы судан тұрады? \80-95\

  7. Киіз үйдің негізгі бөлшектерін ата. \кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық\

  8. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? \ сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөз\

  9. Ауаның қасиеттерін ата \ мөлдір, түссіз, көрінбейтін газ\

  10. Күз айларын ата \ қыркүйек, қазан, қараша\

ІІ топқа арналған сұрақтар:

  1. Тұңғыш рет қазақ тарихында ғарышқа кім ұшты?/Тоқтар Әубәкіров/

  2. Әнұранның авторлары кімдер? \Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов. Сөзін жазған: Н. Назарбаев Ж. Нәжімеденов\

  3. Ұлы Абайдың бес асыл ісін атап бер /талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым/

  4. Жүз жасаған жыр алыбы. \Жамбыл Жабаев\

  5. Текемет дегеніміз не? \бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз\

  6. Тұңғыш қазақ палуаны. \Қажымұхан Мұңайтпасов\

  7. Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? \негізгі және туынды\

  8. Қандай мәтінді есеп деп атауға болады? \есептің шарты мен сұрағы болады\

  9. Жер шарының кішірейтілген бейнесі \ глобус\

  10. Цифрлар нешеу \ 10\

Мұғалім:

Әркімнің өз тіліне деген құрметі -өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.Тіл дегеніміз елдіктің туы.Туды жықпай,тек биікте желбірету керек.Оны қастерлеп болашаққа апаруға, ұрпақтар ісін жалғастыруға біз міндеттіміз. Тәуелсіз мемлекетіміз көркейе берсін, тәуелсіздігіміздің басты тірегі- қазақ тілінің туы биік, ұлтымыздың ғұмыры мәңгілік бола берсін!

Қорытындысымен таныстыру.





Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.



Сайыс кезеңдері























Слайдтар













Кубик


Тапсырмалар жазылған қағаздар



















Филвордтар

































Сұрақтар


















Бағалау бетшесі


Рефлексия: «От шашу»



































Абай Құнанбаев атындағы № 19 орта мектеп















«Тілге құрмет – елге құрмет»

зияткерлік ойын







Сыныбы: 4 «Ә»

Мұғалімнің аты-жөні: Озганбаева Марияш Бегалиевна

























2019\20 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Тілге құрмет – елге құрмет» зияткерлік ойын

Автор: Озганбаева Марияш Бегалиевна

Дата: 01.12.2019

Номер свидетельства: 529553


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства