kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл байлығы-ел байлығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ана тіліне деген  сүйіспеншілігін арттыру,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл байлығы-ел байлығы»



Күні:19.09.16.

Сыныбы:2 «А,Ә,Б,В,Г»

Тақырыбы: « Тіл байлығы – ел байлығы».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін

арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар,  интербелсенді тақта, слайд.                                                

Түрі: Әдебиеттік оқу пәнінен сыныптан тыс шара

                                         

  Барысы: 1. Ұйымдастыру  кезеңі.

Психологиялық дайындық

Мұғалім : Ал ,балалар шарамызды бастамақ бұрын жұмбақты шешіп алайық.

                                                     Жұмбақ шешейік.

Бірде төмен, бірде шығып жоғары.

Сөз сөйлесең, қозғалыста болады

                                             (Тіл)

Сонымен  бүгінгі біздің шарамыздың тақырыбы: «Тіл байлығы-ел байлығы».

-  Балалар,  біз қай тілде сөйлейміз? (қазақ тілі)

- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс  айтасыңдар. Ана тілі –атаңның , анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті    қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.  Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихы  қалуы тіліне байланысты.  Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін  тіл мен ата-дәстүрі.Біздің тіл туралы заңымыз 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының  ₺ Тіл туралы₺ жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған.  Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.    Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі.

- Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

  Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

  Ел бетіне қалай түзеу қараймын,

  Ана   тілім сені егер білмесем-дегендей енді балалар қазір біздер топтық сайыс жүргіземіз. Мен әулеі сіздерге сайыстың жүрісімен таныстырып өтейін.

   Жүрісі: 1. Ана  тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу

                2. Кім көп біледі?  Мақал -мәтелдерді жалғастыру

3. Жұмбақтар шешу

4.Кім зерек? Тіл туралы мақал-мәтелдер жатқа айту

5.Кім шапшаң? Жаңылмасаң айтып көр. Жаңылтпашты жатқа айту.

6.Үш тілде аударып көр.





І . Ана  тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.

Тамаша өлең таңдайға татып балдай,                                                                                                              

  Өз тілінде жыр оқу бақыт

қандай!                                                                                                                 

Жан-дүниең жарқырап сала берер,                                                                                                                 

 Ағарып келе жатқан атып таңдай-  деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан  бір оқушы шығып өздері білетін өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.





ІІ.  Кім көп біледі?  бөлімі. Мақал мәтелдер жалғасын табу.

   1.      Тіл тас жарады,      . . . (тас жармаса бас жарады).

Білім арзан- (білу қымбат)

2.      Тіл – қылыштан . . .(да өткір).

Тіліңмен жүгірме-(біліммен жүгір)

3. Өнер алды . . . (қызыл тіл)

Кітап-(алтын қазына)

4. Тілі жоқтың ... (діні жоқ)

Оқусыз білім жоқ-(білімсіз күнің жоқ)

5.  Піл көтермегенді,
     ...  көтереді. (тіл)

Жылы-жылы сөйлесең-(жылан інінен шығады)

ІІІ.Жұмбақ шешу

1)    Ақ дуалдың ар жағындағы қызыл ат,

        Байлауына бір босамас қызық ат.

                                                          (тіл)

2)О ағы мәрмәр,

  Бұ жағы мәрмәр,

   Ортасында

   Сандуғаш сарнар.

                                               (тістер және тіл)

3)Құйрығынан тұмсығы ұзын

                                             (тіл)

4)Екі қарауыл,

Екі тыңшы,

Бір жыршы

                             (екі көз, екі құлақ, тіл)



5) Түк білмей барасың,

Тәлімін аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың      (мектеп)



ІV.Кім зерек? Тіл туралы мақал- мәтелдер жатқа айту(5 оқушы)

V «Сөз тіркесі».
Жүргізуші: Келесі кезектің шарты – тұрақты тіркесін тап.

А) Есепке шорқақ-(есеп шығаруға қиналады)
Ә) Із кесуші-(бірнәрсені іздеп табушы)
Б) Құйма құлақ-(жақсы сөзді тыңдап,ұғып үйренген бала )
В) Қисса-(ұзақ,көлемді жыр –дастан)
Г) Тегеурінді-(күшті).

VI .Жаңылмасаң айтып көр .Жаңылтпашты жатқа айту.

- Балалардың тілін жаттықтыру үшін шапшаң айтылатын бір шумақ өлеңді не дейміз?
- Жаңылтпаш
Қазір мен жаңылтпашта оқимын балалар жаңылмай, қатесіз оқу керек

1. Алғыс алғыш - тіл алғыш,
Тіл алғышқа мың алғыс

2. Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен

3. Балалар көп тентек,
Күшіміз теп - тең деп,
Күреспе тектен - тек.
Құлайсың көптен - көп,
Аяғың көктен кеп

4. Ішті,
Тісті
Ауыртқан көк өрікке
Ренжулі Берік те,
Ренжулі Серік те

5. Аппақ бала аппақ па?
Сатпақ бала аппақ па?
Аппақ бала аппақ та!
Сатпақ бала сатпақ та!

VII. Кім ұшқыр? Үш тілде жауабын айту.



1)Ойыңды жазасың,

Аласың мазасын.

Беттері біткен соң

Бастайсың тазасын.                        (дәптер, тетрадь, note book)

2)Тышқанға қауіпті,

Иттерге жау мықты                        (мысық, кошка, a cat)

3)Көп жазсаң, қолын талады,

Қағазға бәрін салады                     (қалам, ручка, a pen)

4) Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады                     (кітап, книга, book)



5) Сағат сайын қағылады

Мектептен табылады                      қоңырау, звонок, bell, ring)



Жүргізуші:Балалар,мен сіздерге сұрақтар қойғым келіп тұр.

-Сіздер нешінші мектеп-гимназияда оқисыздар?

-Мектеп неше қабатты?

-Сіздер нешінші қабатта оқисыздар?

-Мектеп-гимназиямыз кімнің атында?

-Ол адам кім болған?

-Кітапхана нешінші қабатта?Кітапханашының есімі кім?

-Спорт залы нешінші қабатта?Неше спорт зал бар?

-Сабақ нешеде басталады?

-Мектебіннің туған күні қашан?

-Мектебіңнің мекен-жайын айт.

-Биыл неше жыл толды?

Олай болс биыл А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиямызға 0жыл екен.Бұл аз уақыт емес.Біздің білім ордасынан дарынды,мәдениетті,жеке тұлға болып тәрбиеленіп шығуларыңызға тілектеспін.





  -  Ал, балалар, тіл туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Тіл байлығы-ел байлығы

Автор: Бекенова Ботагоз Бахтыгалиевна

Дата: 24.11.2016

Номер свидетельства: 362351


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства