kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Теңге- мемлекет келбеті»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіз еліміздің  ең бірінші айрықша белгісі "Теңге" ұғымымен  таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Теңге- мемлекет келбеті»»

Педагогтің Т.А.Ә.

Атраубаева Бибигуль Кожашевна

Күні:

15.11.2023ж.

Сынып: 4 «А»

Қатысушылар саны:20

Қатыспағандар саны:2

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Теңге- мемлекет келбеті»

Мақсаттары


Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі «Теңге» ұғымымен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту


Ұлттық мүдде: Ұлттық мәдениетті дәріптеу.

Көрнекіліктер

Алғашқы теңгелер, монеталар, ақша туралы жарияланған мақалалар,ұлты тұлғалардың суреттері



Іс-шараның кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар Мемлекеттік Әнұранды орындайды.

Мұғалім сөзі. Балалар бүгін бізге қонаққа Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайының кіші ғылыми қызметкері Гулсара Сейлова қатысып отыр. Гулсара апай мұражайда сақталған ғасырлар тоғысында қолданылған теңге түрлерін, көне монеталарды көрсететін болады.

№ 5 мектеп-лицейінің директоры Ә.П. Әбдіғапарова қатысып отыр.

Олай болатын болса бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Жоспар:
1. Теңге тарихы:
2. «Сиқырлы қобдиша» сұрақ-жауап

3. «Шетел валюталарын сәйкестендір» ойыны

4. Ақшаның да ырымдары бар.

1. Теңге тарихы.
Жүргізуші:   Қазақстан  Республикасы -  егеменді , тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның  өзі Ата Заңы , мемлекеттік  рәміздер, ұлттық валютасы бар.Ал енді оқушылар  теңге туралы не біледі  екенсіңдер?

1- оқушы: Аят
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып, тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт береке болшы бір елге келген.
Өз туы елтаңба, гимні бар,
Айтыңдаршы, енді елім кенде неден.

Жүргізуші: «Теңге»  деген  сөзге синоним табыңыздар:( теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы,капитал).

Ақша қаржы



Валюта тиын



Теңгенің енгізілуімен Қазақстан толық мағынасында тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары (елтаңбасы, туы, гимні, ұлттық валютасы) бар егеменді елге айналды.

1 – Оқушы: Толағай Тәуелсіздік  алған  елдің ең  бірінші айрықша   белгісі -  ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы  көлемінде пайдаланылатын  заңды төлем құралы.    Ақша – асыл  қазына , халық байлығы.
Халқымыз  теңгені  бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы  арнаулы  шеберханаларда жасаған.

Жүргізуші:         Теңге  өмірге оңайлықпен  келген жоқ.
Елбасымыз  өз теңгемізді шығаруға  қаржыгерлерге тапсырма  берді. Ұлттық валютамыздың  өз дизайні, өз идеясы болуы  керектігін қатаң тапсырылды.  Қазақстан  аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл  жөнінде  қандай деректер бары іздестірілді.

2 –Оқушы: Медина Ұлттық валютамыз теңгені  жасап шығаруға  байланысты жұмыстар   жүргізілді. Бірнеше  эскиздер  жасалып , ішіндегі « мықтылары» Елбасының таңдауына  берілді. Елбасының берген тапсырмасына  сәйкес   ұлттық валюта   1993 жылғы  12 қарашадағы  жарлығымен 15 қараша  күні  таңертеңгі  сағат  8:00-ден   бастап  енгізіліп , елдің   қолына   тиіп ,  ел мәре – сәре  болысты. Өйткені  төл  теңгеміз  тәуелсіздігіміздің  басты белгісі   еді.
Биыл  теңгеміздің  айналымға шыққанына 30 жыл толып отыр. Қазақ теңгесі  Англияда басылды.

Жүргізуші: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық валюта теңгеміз айналымға енді. 1993 жылдың15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні саналады.

Олай болатын болса балалар осы теңгенің трихын айта отырып, теңгенің бұрын қандай болғанын айтып өтсек. Кезекті өздеріңізге берейін. Мен сіздерге осы туралы деректер қарап келіңіздер деген тапсырма берген болатынмын. Ол уқытта балалар ақшаның қандай номиналдары болды? Оларда не бейнеленді?

Оқушылар: 1, 3, 5, 10, 20 ,50, 100, 200

(Оқушылар осы номиналдарға қысқаша тоқталып айтады.)

Маржан: Ұлттық теңгеміздің шеттері Қазақтың ою өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды.
Алғаш шыққан теңгелерде Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымыз бен Әл - Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Шоқан сияқты ұлы тұлғаларымыздың бейнелері салынған болатын.

Амина: 1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.

Ендігі кезекті арнайы қатысып отырған Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайының кіші ғылыми қызметкері Гулсара Сейловаға сөз кезегін берейік. (Кезінде қолданыста болған теңге түрлерін, көне монеталарды көрсетті.Егемен еліміздің ұлттық құндылықтары саналатын теңгенің рөлі мен маңыздылығын ұғындыруда атаулы күннің ерекше екенін атап өтті.)

Ортасы

Жүргізуші: Теңгенің  16 – ға жуық құпия қорғанысы  белгісі бар. Ұлттық  валютамыздың   дизайның     жасаушы  авторлық  топтың   жетекшісі  Тимур  Сүлейменов  болды. Төл  теңгеміз  тек өз  еліміздің  экономикасын  ғана емес, көрші  жатқан елдің   экономикасына  да үлесін  қосты.  Одан түскен пайда елге  оралып  экономикамыздың  дамуына , халықтың  тұрмысын жақсартуға  жұмсалуда.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда  №2155  Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі    номиналы  200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000  теңгелік  банкноттары  айналысқа  шықты.

Ардақ:Ұлттық валюта - еліміздің даму кезеңі.

2007 жылы теңгенің бейнесі өзгерді. Қазіргі теңгеде тәуелсіздігімізді білдіретін мемлекеттік рәміздеріміз орын алған. Ту, Елтаңба, Бәйтерек Елбасымыздың алақан ізі және қолтаңбасы, әнұран ноталары бейнеленген.
200 теңге (Ұлан)
Түсі: сарғылт жасыл бет жағында «Астана - Бәйтерек» монументі бейнеленген. Сырт жағында Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚазақстанРеспубликасы Көлік және коммуникация министрлігінің үйі бейнеленген.
500 теңге: (Жібек)
Түсі: Көкшіл сұр «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.
Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнесі бар.
1000 теңге: (Нұргелді)
Түсі: сарғыш қоңыр. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі, артқы жағында таулар бейнеленген.
2000 теңге (Сұлтан)
Түсі: қою және ашық жасыл. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау, өзені бейнеленген.
5000 теңге: (Жұлдыз)
Түсі: күңгәрт қызыл. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, артқа көріністе Іле Алатауының таулары бейнеленген.
10000 теңге: (Айару)
Түсі: күлгін көк. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің, артқы жағында каньондар.

Жүргізуші: Кім тез ұғып алды  екен « Сиқырлы сандықша»  ойынын  ойнап  көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар  кімдер?
-Ақша  қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз   елдің ең бірінші  айрықша  белгісі  қандай?
-Ерте заманда   теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің  неше    құпия    қорғанысы бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда  жинауға  болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен   безендіріледі?
-Қазіргі  теңгеде қандай  суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі  қайда басылды ?
-Сен ақшаны  орынды жұмсай аласың ба?

(Оқушылар алған біліммдерін ортаға салады.)

  2.«Әр елдің  —валютасы»   бар. Әр елдің ақшасын сәйкестендіріңіздер. Куба – песо

Үндістан – рупия

Қырғызстанда- сом           

Ресейде -/ рубль/  

Америкада — / доллар/   Ұлыбританияда /фунт/          

 Украинада — /гривна/   Қытайда — юань Өзбекстанда /сум/   Түркияда -/ лира /   Латвияда —  / лат /   Кореяда — / вон

Соңы

Жүргізуші: Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным түсінік, наным сенім, ырымдары бар. Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар.

3. Ақшаның да ырымдары бар.

Ж.Алинұр:Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай өтеді.
Жаңа туған нәрестенің жастығының астына ақша қойсаң, ол бай болып өседі.
Үйде ысқырмау керек, ақша кірмей қалады.
Күн екіндіден ауған шақта қарыз ақшаны қайтаруға болмайды.
Бекарыс:Тиын тауып алу байлыққа бастаса, таңертең аш қарынға тауып алған тиын кедейшілікті шақырады.
Сыны кеткен тиын - тебен кездессе әмияныңызға салып, сақтап қойыңыз. Өйткені ол табыстарға жеткізеді.
Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн.
Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған жөн.
Тоғжан: Біз қанша жерден «ақша - қолдың кірі» дегенімізбен, ақша тіршілігіміздің бір бөлшегі. Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызымет істейді. Ал сол ақшаны да өз игілігіне жұмсай білуі керек.
Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық болмағаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей берекет орналасып, тиындар шашылып жатса онда сізге ақша қөп тұрмайды деп түсініңіз.(қолмен балаларға көрсетеді)
Жүргізуші: Сондай – ақ, балалар сіздер де ақша табудың өзіндік машақаты бар екенін, қаржыны орынсыз шашуға болмайтынын осы кезден біліп жүрулеріңіз қажет.

Сабақты  қорытындылау:
Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 30  жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Осы   мүмкіндікті   дұрыс  пайдаланып  еліміздің  ертеңі  жарқын  болуына   сіздер  де ертең  еңбек   етесіңдер, соған  лайықты  ұлан  болып   өсіңіздер! Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рақмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Теңге- мемлекет келбеті»

Автор: АтраубаеваБибигуль Кожашевна

Дата: 22.11.2023

Номер свидетельства: 640394

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Теңге – мемлекет келбеті"
    ["seo_title"] => string(31) "tien_ghie_miemliekiet_kielbieti"
    ["file_id"] => string(6) "359480"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479308970"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Өскелең ұрпақ –мемлекет болашағы!"
    ["seo_title"] => string(32) "oskelen_urpak_memleket_bolashagy"
    ["file_id"] => string(6) "480509"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1539404064"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие-Мәңгілік елдің кепілі."
    ["seo_title"] => string(79) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_urpakk_a_bergen_ulagatty_t_rbie_m_ngilik_eldin_kepili"
    ["file_id"] => string(6) "479508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538501496"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Конспект урока на тему "Кісілік келбет" "
    ["seo_title"] => string(41) "konspiekt-uroka-na-tiemu-kisilik-kielbiet"
    ["file_id"] => string(6) "194178"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427733966"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства