Здравствуйте, уважаемые коллеги! Я работаю в школе с казахским языком обучения, поэтому высылаю материал на казахском языке. Тема моей работы называется "Тарих - ?асырлар ку?сі". Этот воспитательный час посвящается 550-летию казахского ханства. Этот урок я провела применяя интерактивную доску. Были показаны фотографии ханов и батыров тех времен. Фотография нашего президента Н.А.Назарбаева и его послание народу, которое называется "Н?рлы жол - болаша??а бастар жол". Также были показаны слайды, взятые из интернета.
В этом уроке много материалов воспитательного характера, для воспитания патриота своей Родины.
С уважением: Дербисова Кульсара Аджигалиевна.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тарих - ?асырлар ку?сі»
«№ 13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тарих – ғасырлар куәсі»
(Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)
Уақыты: 14.09.2015 жыл.
Өткізген: 4 «Ә» сыныбының жетекшісі Дербисова Күлсара.
Жаңаөзен қаласы
2015-2016 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: Тарих – ғасырлар куәсі
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске
түсіре отырып, танымдық қабілеттерін дамыту.
2. Тәрбиелік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып,
Отансүйгіштікке, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге
баулу.
Сабақтың түрі: жаңа ақпаратпен таныстыру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фотосуреттері, шежірелер, президенттің суреті, жолдау-2015, Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы:
І. Қазақстан Республикасының ән-ұраны орындалады.
ІІ. Құрметті, ата-аналар, ұстаздар қауымы және оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарих-ғасырлар куәсі» деп аталады. Себебі бұл сабағымыз қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады?
(«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауы).
2015 жылы қандай мерейтойлар тойланады?
(Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ, тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол сапар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса, болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
1-слайд. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.
2-слайд. 1456 жыл. Бұл кезеңде бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самаркан мен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады.
3-слайд. «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» дегендей, енді, балалар, ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін біле жүрейік.
1. Керей хан - Болат сұлтанның ұлы.
2. Жәнібек хан - Барақ ханның ұлы.
3. Қасым хан - Әз Жәнібектің ұлы.
4. Хақназар хан - Қасым ханның ұлы.
5. Тәуекел хан - Шығай ханның ұлы.
6. Есім хан - Шығай ханның ұлы.
7. Жәңгір хан - Есім ханның ұлы.
8. Әз Тәуке хан - Салқам Жәңгірдің ұлы.
4-слайд. Енді, балалар, «Ерлік – ел есінде» дегендей мен сендерді осы қайраткерлерге орнатылған ескерткіштермен таныстырып өтейін.
Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жыл. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Орналасқан жері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың мұражайының алаңында.
5-слайд. Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 ылдығына арналып салынды. Ескерткіш биіктігі- 3 метр.
6-слайд. М.Х.Дулати – көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, тарихшы, публицист. Оның бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.
- 7-слайд. Петропавл қаласындағы Абылай ханның резиденциясы қазақ халқының ұлттық тарихының ескерткіші болып табылады. Кешеннің құрамына бір қабатты ағаш үйлер, канцелярия, келіп-кетушілерге арналған үй, монша, шаруашылық құрылыстары кіреді.
- 8-слайд. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі 1385-1405 жылдар аралығында салынған архитектуралық ғимарат. Кесенеде Қожа Ахмет Ясауиден басқа ұлы қазақ хандарының- Абылай ханның, Бөгенбай батырдың және де 300-ге жуық әйгілі адамдардың бейіттері сақталған. Кесене сол кездегі билеуші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған.
ІІІ. Оқушылардың қатысуымен «Төле бидің төрелігі» атты қойылым көрсетіледі.
ІУ. Поэзия минуты. Оқушылар ел билеген қазақ хандары мен батырлары туралы өлеңдер оқиды.
У. Тәрбие сағаты оқушылардың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталады.