kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тап?ырлар тартысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыны? білімі мен біліктілігі ар?ылы ой - ?рісін дамыту, ?ш?ырлы?, ойлау ?абілетін шы?дау, шапша?ды? пен на?тылы??а бейімдеу.

?дісі: топты? сайыс саба?

К?рнекілік:, ?яшы?тар,ма?ал-м?телдер, 

Барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тап?ырлар тартысы»

Тақырыбы: «Тапқырлыр тартысы»

Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Әдісі: топтық сайыс сабақ

Көрнекілік:, ұяшықтар,мақал-мәтелдер,

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.

2) Әділқазылар алқасын сайлау.

3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.

4) Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.

Ана тілім –ұраным

Ана тілім-құралым,

Ана тілім-болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім болмаса,

Бүтінділмес кемдігім

Топтардың таныстыруы .

І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

ІI топтың аты- «Қыран»,ұраны «Қыран құстай самғаймыз,биіктерді шарлаймыз»

1- айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!»

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады.

2-айналым. «Ұшқыр ой»

Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек

3- айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Адасқан буындарды дұрыс орналастырса,мақал шығады.Мағынасын ашу

4- айналым. «Ғажайып үштік» ұяшық тандау арқылы сұрақтарға жауап беру

5-айналым«Жеті жұрттың тілін біл» жұмбақ шешу.

1-айналым «Тездет ,бірақ қателеспе!»

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар

1.Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)

2.Ң дыбысы ұяң ба,үнді ме? (үнді)

3. «Ұшқалақ»сөзінде неше буын бар?(3 буын)

4.Қандай сөздер бас әріппен жазылады?(Кісінің аты-жөні,жер-су аттары, үй жануарларына қойылатын аттар)

5.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.(ә е ө і ү)

6.Сөйлем дегеніміз не?(Аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң нүкте не сұрау белгісі не леп белгісі қойылады.)

7.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?(Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем)

8.Мағынасы қарама-қарсы сөздер тауып айт.(ақ-қара,биік-аласа)

9.Түбір дегеніміз не?(Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналық бөлігі)

10. «Сирек»сөзіндегі и дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?( дауысты)

ІІ топ «Қыран» тобына сұрақтар

1.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (15 дауысты дыбыс)

2.Г дыбысы ұяң ба,үнді ме? (ұяң)

3. «Қосымша»сөзінде неше буын бар?(3 буын)

4.Қандай сөздер тасымалданбайды?(бір буынды сөздер,бірінші буыны бір дыбыстан құралған екі буынды сөздер)

5.Жуан дауысты дыбыстарды ата.(а ұ ы о)

6.Мәтін дегеніміз не?(Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйлемнен құралады.)

7.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?(Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем)

8.Мағынасы мәндес сөздер тауып айт.(ту,жалау,байрақ)

9.Жұрнақ дегеніміз не?(Сөз мағынасын өзгертетін қосымша)

10. «Күй»сөзіндегі й дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?( дауыссыз)

2- айналым “Ұшқыр ой”

Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек

1-топ«Қазақстандықтар»

2-топ Саңырауқұлақтар

3- айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»(2 минут)

Адасқан буындарды дұрыс орналастырса,мақал шығады.Мағынасын ашу.

Талапты бала – талпынған құстай.

лаптаты лаба –пынталған тайқұс.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

дажолсы тіңкөп - жасыол көп.

Ашу- дұшпан ,ақыл -дос.

уша пандұш ылақ дос.

Өнер алды-қызыл тіл

Ренө ыдла-лызық літ

4-айналым «Ғажайып үштік» (ұяшық тандау арқылы сұраққа жауап беру)

5 ұпай Сөз таптарын атап айтыңдар.(зат есім, етістік,сан есік,сын есік)

10 ұпай Б,в,г,ғ,д,ж,з дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?( ұяң)

15 ұпай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?(А.Құнанбайұлы)

20 ұпай шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады? (жаңылтпаш)

25 ұпай 1 децимертде неше сантиметр бар (100 см)

30 ұпай 8-х=6 қандай өрнек(теңдеу)

5- айналым. «Жеті жұрттың тілін біл» жұмбақ шешу.

1-топ тұлпар тобы

1. Қабат – қабат қаттама

Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)

2. Жүз теңгең болғанша,

Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)

3. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

4. Жеті қазынаның бірі –

Адамды қорып жүретін досы. (ит – собака - dog)

5.Аппақ ас, сызы бар,

Балалар қызығар. (балмұздақ-мороженое-- )

6.Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды, тетігін бұрамай.(сағат-часы - )

2-топ қыран тобы

1.Қолымда 4 алма

Табақта 4 алма

Барлығы қосқанда

Болады неше алма? (сегіз-восьем)

2.Сылдыр сұйық,су емес

Ішсең шөлің қанады,

Ақ болса да,қара емес

Шешуін кім табады?(сүт-молоко)

3.Жылы киім тон

Т-ны алып тастап

Не деп айтқан жөн?(он-десять)

4.Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады (кітап-книга)

5.Алуан түрлі із салғанымен

Өзінен де пайдалысы- өзегі (қарындаш-карандаш)

Тіл ұшында уы бар

Ол не екенін біліп ал (жылан-змея)

Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беру

 Қорытынды:

                      Жарайсыңдар барлығың да өренім,
                      Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
                      Риза болды қатынасқан көрермен,
                      Сайыстағы бар қызықты көргендер.

- Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Осыменен сайыс аяқталды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тап?ырлар тартысы

Автор: Мухамедкалиева Мерует Канатхановна

Дата: 29.08.2016

Номер свидетельства: 341272


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства