kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таңғажайып жаңа жыл! ("Щелкунчик" ертегісі желісінде)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка ойнап тұрады. Ортаға екі глашатай шығып, хабарландыру жасайды. Уа халайық, назар аударыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таңғажайып жаңа жыл! ("Щелкунчик" ертегісі желісінде)»

Жаңа жылдық балмаскарад

( «Щелкунчик» ертегі желісі бойынша)

Жауапты мұғалімдер: Нұрымбетова Н, Атраубаева Б.
Сыныптар: 4А, 4Б.
Кейіпкерлер:

Ақшақар- Алшора Д

Аяз ата- Жалғасбаев М

Глашатай- Өтеғұлов Д

Глашатай- Саматұлы Б

Ханзада- Диас Өмірбаев

Мари қыз- Жексенгалиева Дана

Тышқан патшайымы -ата-ана Қитаманова Асем

Тышқанның балалары.: Атраубаева Б, Нұрымбетова Н.

Өту кезеңі:

  1. ХОР: Жаңа жыл

  2. ХОР: Келді міне жаңа жыл

  3. ХОР :Шыршаға бардық

  4. ХОР: «Шырша жыры»

  5. ХОР: «Падают снежинки»

  1. БИ: «Гүлдер вальсі»

  2. БИ: «Тышқандар биі»

  3. БИ: «қуыршақтар»

  4. БИ: « Солдаттар мен тышқандардың шайқасы»

  5. БИ: Флешмоб

Музыка ойнап тұрады. Ортаға екі глашатай шығып, хабарландыру жасайды.

Глашатай 1 :

Келіңдер бәрің қараңдар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімізде сан қилы,

Қызық-қызық сырлар бар.

Осынау зәулім сарайда,

Жаңа жыл кеші өтпекші.

Глашатай 2:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Карнавалдан қалмаңыздар!

Ханзада мен Ханшайым.

Сіздерге сәлем жолдайды,

Бұл кештеріңді қолдайды.

Барлығыңызды шақырады. Асығыңыздар!

Балға кіру үшін бір ғана жарғыны орындау керек. Ол залға бет пердемен кіру керек.

Глашатай 1: Қанекей достар барлықтарыңызды шақырамыз. Би, ән, ойын-сауықта барлық қызықты нәрселерге куә боласыздар.

Бірге: Жаңа жылдық кешімізді бастаймыз!

Музыка ойнайды. (Чайковский. «Щелкунчик» «Украшение и зажигание елки»)

Балалар маскарад киімінде, қыздар көйлек, ұлдар солдаттар киімінде залға билеп, қуанып кіреді. Залды бір аралап, шыршаны қарап, ондағы сыйлықтарды қарайды.

Ханзада: Бұл зәулім сарайда менсіз болып жатқан қандай той – думан!

(Ханзадамыз өзінің тағына отырып, кешті тамашалайды. )

Глашатай 1 : О, Ханзадам ! Бұл зәулім сарайдағы төр өзіңіздікі, төрге барып жайғасыңыз. Сіздің әміріңіз бойынша кешімізді бастайық мырзам, не қалауыңыз бар?

Ханзада: : Мен бұл кештің әсем бимен басталғанын қалаймын.

БИ 1: «Гүлдер вальсі»


Глашатай: Келген қонақтар Ханзадаға арнап «Жаңа жылдық ән» орындайық.

ХОР 1 : (барлық оқушылар «Жаңа жыл» әнін орындайды )

1)Көк шыршамыз ырғалып ,
Жатыр дала- қыр нағып  
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып

Жарасатын еліме, төрлет жылым төріме !
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне

Қайырмасы :
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл
Шалқытайық шаттық  ән мен жаңа жыр.               
2)Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз ғой тамсанып,
Би билейік , ал кәнекей  ән салып.

Аяз ата әніміз, Ақшақарың сәніміз ,
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз.


Музыка ойнайды. (Щелкунчик «Китайский чай» музыкасы) Залға тышқандар кіріп келеді.

БИ 2: «Тышқандар» биі орындалады.

Тышқан 1: «Шық бері, қорықпа!»

Тышқан 2: -Ой қорқамын мен қорқамын.

Тышқан 1: Шыға бер, бұл жерде балалар жүр. (Жан-жағына қарап жайлап шығады.)

Тышқан 1: Қарашы, қандай әдемі шырша! Ойыншықтары да көп екен.
Тышқан 2: Жейтін бірдеңе барма екен!

Тышқан 1: Кел жақында, екеуіміз бірге іздейік (шыршаны аралайды)

Тышқан 2: Әне қарашы, сары дөңгелек ірімшікке ұқсайды екен. Ал ананы қара конфет, әкелші тістеп жеп алайын.

Тышқан 1: (үстінен тартады) Таныс емес жерде ештеңе жеуге болмайды. Тышқанның қақпанына түсіп қалармыз, болмаса уланып қаламыз.

Тышқан 2: Мен сонда да оны тістеймін.

Тышқан 1: Күте тұр, мен бір ғылыми кітапты тістеген кезде, ол жерде шыршаның астында ең тәтті сыйлықтар жасырылып жатады деп жазылған.

Тышқан 2 : Онда олар шыршаның астында жатқан шығар. Кеттік екеуіміз іздейік.

(тышқандар иіскеп, екі жақтан ханзаданың қасына келеді.)

Тышқан 2: Мынау кім?

Тышқан 1 : Мүмкін ханзада шығар. Мен оны суреттен көрдім. Қатты ұқсайды.

Тышқан 2: Ол дәмді ме?

Тышқан 1: Сен не?! Ол нағыз тірі адам. Және тамақ туралы айта бермеші.

Тышқан 2: Туу менің тістерім қышып тұр. Оның киімін болса да тістеп жейікші.

Тышқан 1: Жақсы. (қолындағы ойыншықтарын тартып алып, тістемекші болады)

Ханзада: Кетіңдер! Жеркенішті тышқандар! Алып кетіңдер мыналарды.

(Екі глашатай тышқанды қолтығынан ұстап алып кепекші болады)

Тышқан 1: Сен мынаны қара, мынау бізді ұнатпай қалды. Тышқан патшайымын шақыру керек.

Бірге: Ұлы мәртебелі тышқан Ана! Көмектесіңіз!

Музыка ойнап тұрады. Патшайым тышқан билеп кіреді.

Тышқан патшайымы: Мына жерде не болып жатыр?

Тышқан 2: Біз шыршаға келіп көңіл көтергіміз келді, ал мыналар қуып жатыр.

Тышқан патшайымы: Менің балаларымды қалайша ренжітесіңдер? Қазір мен сендерге көрсетемін бұл жерде кім қожайын екені.

Ханзада: Мен қожайын!

Тышқан патшайым: (дауысын өзгертеді) Ханзадам мен сізге жаңа жылдық тосын сый әкелдім.

Ханзада: Ол қандай сыйлық? Мен сыйлық жақсы көремін.

Тышқан патшайым: Сіз мына қапқа кіріңіз, сонда білесіз.

Ханзада: Қапшықтың ішін аралау, ханзадаға лайық іс емес.

Тышқан патшайымы: Жақсы, өзіңіз біліңіз.

Ханзада: Тоқта! Мен сыйлықтан бас тарта алмаймын, олай болса ішіне кірейін.

(Ханзада ішіне кірген бойда, ол ойыншық Щелкунчикке айналып кетеді. Тышқандар қапшықтың ішінен ойыншық ты шығарады.)

Тышқан патшайым: Көрдіңдер ме? Ханзада еді , Щелкунчик ойыншыққа айналды. Кімде кім маған қарсы келетін болса. Барлығың осындай ойыншыққа айналасыңдар.

(ойыншықты шыршаның астына тастап, кетіп қалады.)

Тышқан патшайым: Балаларым менің біз әлі қайтып келеміз! Жүріңдер!

ХОР 2 : Келді міне жаңа жыл

Келді, міне,Жаңа жыл!

Шаттық сыйлап әр үйге!

Жаңа бақыт, жаңа нұр,

Үлкен, кіші, сәбиге.


Жаңа жауған ақ ұлпа,

Қар жамылды даламыз.

Балаларды сағынта,

Келді Аяз атамыз.


Айдай ару Ақшақар,

Көмекшісі сол екен.

Аяз ата-ақсақал

Сыйлықтары мол екен!


Қандай сұлу шыршамыз,

Ортамызда тұр жайнап!

Жаңа жылда баршамыз,

Шаттанайық, кел, ойнап!


(Музыкамен Мари есімді қыз билеп келеді.Сыпырғышпен өз-өзімен қиялдап билеп жүреді.)

Мари:

Сәлеметсіңдер ме! Менің достарым!

Мейрам бізді мына әсем кешке жинады.

Қандай әдемі біздің шыршамыз. Ал мынау не деген әдемі қуыршақтар. Бұлар өздері тірі ме екен?(сол кезде әсем қуыршақтарға жан бітіп олар билейді)

Би 3 : «Қуыршақтар»

Мари: Қандай керемет! Бүгінгі кеш сондай қызықты өтіп жатыр. Мына қуыршақ шыршадан түсіп қалған ба? Алде оны біреу лақтырып кетті ме екен?(Шыршаны аралап жүргенде, оның астынан «Щелкунчик » ойыншығын тауып алады. Соны құшақтап тербетіп жүріп, ән салады.)

ӘН 1 :«Падают снежинки» - Жексенғалиева Дана

«Падают снежинки»
1. Снова за окном зима,
Снег кружится за порогом,
Покрывая все дома,
Заметая все дороги.
Покрывая все дома,
Заметая все дороги.
Припев:
Падают снежинки, за окном поют ветра,
Падают снежинки от заката до утра,
Падают снежинки, кружит белый хоровод, -
В гости к нам идёт Новый год, Новый год!
Падают снежинки, кружит белый хоровод, -
В гости к нам идёт Новый год!
2. Верю я, что в Новый год
Сбудется всё то, что снится,
Что-нибудь произойдёт,
Что-нибудь осуществится.
Что-нибудь произойдёт,
Что-нибудь осуществится.
Припев.
3. Может быть, в один из дней
В пасмурный холодный вечер,
Счастье вдруг придёт ко мне ,
И любовь свою я встречу.
Счастье вдруг придёт, ко мне
И любовь свою я встречу.

(Мари ән салып болғаннан кейін өз орнына барса, ол жерде «Щелкунчик» отырады.

Мари таңғалып қалады.)

Мари: Сен сонда тірісің бе? Мен сені шыршадан құлап қалған қуыршақ деп ойладым.

Щелкунчик: Мен негізі Ханзада болғанмын. Желкенішті тышқандар келіп мені алдап, осындай ойыншыққа айналдырып жіберді. Жаңа жылдық кеш тамашалап отырып, осындай жағдайға тап болдым.

Мари: Сен уайымдама. Мен сені ешқашан тастамаймын. Және саған қайтадан Ханзада болуына көмектесемін. Бірақ бізге көмек керек. Балалар Щелкунчикке Қалай көмектесеміз?

Балалар : Ақшақар мен Аяз атаны шақырайық. (Барлығы Аяз ата мен Ақшақарды шақырады)

Барлығы: Аяз ата келіңіз, бізге көмек беріңіз.

Музыкамен «Ақша қар мен Аяз ата» келеді.

Ақшақар:

Сәлеметсіңдер ме, менің жақсыларым!

Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Бір жылда сіздер өсіп қалыпсыздар.

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме,балалар Қалдарыңыз қалай?

Қандай тілектеріңіз бар?

Ақшақар: Салем сүйкімді қыз, сен неге көңілсізсің?

Сені немен қуантайық?

(Ақшақар жылап тұрған Мариді көреді)

Мари: Сәлеметсіздер ме Аяз ата мен Ақшақар. Жаңа жылда ойлаған арман тілектерін орындалады екен деп естідім. Мен мына Щелкунчикті қайтадан өз Ханзадасына оралғанын қалаймын.

Ақшақар: Достар! Қандай керемет тілек! Сенің жүрегің өте кең екен. Сен әр түрлі тосқауылдарға төтеп бере аласың ба?

Мари: Иә. Мен барлығына дайынмын. Тек Ханзада өзіне оралса екен!

Аяз ата: Оның негізгі сиқыры тышқандарда жатыр. Біздер алдымен тышқандарды жеңуіміз керек, сонда ғана біз қайтадан өз қалпымызға орала аламыз. Ал тышқандарды мына жерге келтіру үшін біздер мына шыршамызды жағып, әсем ән орындауымыз керек. Сонда тышқандардың барлығы осы жерге келеді.

Аяз ата : Олай болса қанекей бәріміз бірге айтайық.

Қуант, бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат (3 рет)

(Аяз ата шыршаны жағады. Балалар шыршаны айналып ән айтады.)

Хор 3: «Шыршаға бардық»

(Музыкамен осы кезде залға жан-жақтан барлық тышқандар жиналады. Олар Мариді ұрлап алып кеткісі келеді. Сол кезде араға Щелкунчик араласып, өзінің солдаттарымен бірге оларға қарсы шайқасады.)

БИ 4: « Солдаттар мен тышқандардың шайқасы»

( Шайқас кезінде Шелкунчиктің екі қолынан ұстап тышқандар байламақшы болады. Оны көріп тұрған Мари шыдай алмай аяғындағы етігін тышқандарға лақтырады. Сол кезде тышқандар бір-бірлеп құлайды. Ал Щелкунчик ойыншығы болса шашылып ішінен ханзада шығады. Бала тышқандардың бәрі құлап қалады.)

Ханзада: Қане менің солдаттарым мына тышқандарды шығарып жіберіңдер. Мен қайтадан өз қалпыма келдім. Ал Мари болса ханшайымға айналып кетті. Мари саған көп рахмет сен маған берген уәдеңді орындадың. Мен сені өз сарайыма алып кетемін. Ал тышқандарды мына жерден әкетіңдер.

(Сол кезде тышқандар естерін жиып, барлығы осы кешке қатысқылары келетінін айтып, кешірім сұрайды.)

Тышқан патшайымы: : Балалар бізді кешіріңіздерші. Біз бұдан былай жақсы боламыз. Ешкімді ойыншыққа айналдырмаймыз. Өтінеміз ханзада және ханшайым бізде осы кешке қатысайық. Мен сендердің көңілдеріңді көтеріп берейін.

Енді біз бұдан былай жаман тышқандар болмаймыз.

Аяз ата: Дұрыс тышқандар. Кешірім сұрау әр уақытта да кеш емес. Қане балалар кешіреміз бе?

Ханзада: Ол үшін Тышқан патшайымы біздерге ойын ойнап беруі керек. Сонда ғана біз оларды кешіреміз.

Тышқан патшайымы: жарайды олай болса мен сендердің көңілдеріңді көтеріп берейін.

Ойын : «Мартышка! (Шыршаны жағалап тұрады. )
1. Біз көңілді маймылдар
2. Біздің ойын көңілді
3. Алақанды ұрамыз (Алақандарын шапалақтайды)
4. Табанымызды соққылап (табандарын жерге соққылайды)
5. Бетімізді томпитып (беттерін томпитады)
6. Секіреміз аяқпен (аяқтарымен секіреді)
7. Бір-бірімізге қараймыз (Бір-біріне қарайды)
8. Тілімізді шығарып (тілдерін шығарады)
9. Құлағымызды созамыз (құлақтарын созады)
10. Төбемізді құйрық қып (саусақтарын төбесіне қояды)
11. Саусақты әкеп самайға (саусақтарын самайға әкеледі)
12. Төбеміз көкке жеткенше
13. Секіріп-секіріп аламыз (2-3 рет секіреді)
14. Үшке дейін санаймыз (1,2,3 санайды)
15. Сол қимылмен қатамыз (қатады) (Әр сөз қимылмен көрсетіледі

Аяз ата мен Ақшақар: Керемет. Олай болса тышқандарды кешіреміз бе?

Барлығы: иә кешіреміз.

Ақшақар: Ал балалар биылғы келе жатқан жыл- Тышқан жылы екен. Сол себептен біздер тышқандарды жақсы қарсы алуымыз керек. Ал ол үшін өткен Доңыз жылымен қоштасайық. Доңыз жылы қайда кеткен?

Доңыз жылы: Мен мұндамын Аяз ата. Сіздермен қоштаспас бұрын өзімнің достарыммен бірге би билегім келеді. Қанекей бәріміз бірге!

Би 5: Флэшмоб

Доңыз жылы: Ал балалар мен кеттім! Қош сау болыңыздар!
Барлығы: Қош бол, Доңыз жылы, Қош бол!

Барлығы ескі жылмен қоштасып, жаңа Тышқан жылын қарсы алады.

(Шыршаны айналып, бірге ән айтады)

ХОР 4 : Шыршы жыры

1)Қане, достар, тұрмайық,

Қарсы алайық жыл басын.

Қызықтан бос қалмайық,

Шырша жыры самғасын.

Қ-СЫ

Ал, достарым ,келіңдер

Келді Аяз атамыз.

Биде билеп беріңдер.

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

2) Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанында Аяз ата жүр

Қуанады балаша

Қ-СЫ

Аппақ қардай мереке

Даламызда самғасын.

Жаңа шылда мереке

Таба берсін жалғасын.

Аяз ата: Ал балалар сіздердің тағы қандай өнерлерін бар? Менің барлықтарыңа дайындаған сыйлығым бар. Асығайық!

(Оқушылар тақпақтар айтады.)

«Жаңа жылдық тақпақтар»

1оқушы: Саян

Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз

2 оқушы: Нұржігіт

Даланыңда қаланың
Думандатып отбасын
Тағы, міне Жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын

3- оқушы: Айым

Жаңа жыл, Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл
4 – оқушы: Аида

Ән саламыз, билеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді

5-оқушы: Наз

Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып

6- оқушы: Нұрбақыт

Жаңа жыл есік ашты шырайланып,
Басынан шыршалардың шыр айналып.
Белеңдер басып өткен былай қалып,
Келер күн құшағына жыр айналып

7- оқушы: Бибарыс

Арайлы алтын нұрлы Күн, Айды алып,
Әр үйге, әр жүрекке ұнай қалып,
Жаңа жыл есік ашты шырайланып.
Жаңа жыл есік ашты үміт болып

8-оқушы: Шәкір

Келді міне жаңа жыл

Қарсы  алайық, бәріміз.  

Күліп, ойнап,би  билеп                          

Ән  салайық  бәріміз

9-оқушы: Бекзат

Аппақ  тонға оранып,                            

Базарлықты  мол алып.                           

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.                                    

10- оқушы: Жалғас

Әкелсін жыл ырыс-құт, 

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылым тамаша.

Аяз ата : Ал балалар бүгінгі біздің ертегіміз өте қуанышты жағдаймен аяқталды. Ханзадамыз өзінің бастапқы қалпына оралды. Мари болса ханшайымға айналды. Енді біздердің баратын жерлеріміз бар. Біз Ақшақар екеуіміз қайтайык.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Бірге: Кездескенше қош сау болыңыздар!

(аяз ата мен ақшақар барлығы қайтады.)

ӘН: « Мики» Нұрлан Адина

Музыкамен Глашатайлар шығады.

Глашатай 1: Кешке жиналған қонақтар, осымен біздің жаңа жылдық кешіміз аяқталды. Хан сарайына келіп тұрыңыздар! Қош сау болыңыздар!











5 мектеп-лицейінің Жаңа Жыл мерекесіндегі 4 А сынып оқушыларының тізімі


Күні: 27.12.2019 жыл

Сынып жетекші: Нұрымбетова Н.О.



Р\с

Оқушының аты-жөні

Номерлері

киімі

1

Айтенова Әмина Бекболқызы

Би Қуыршақ

Куыршақ

2

Амангелді Али Ғалымбекұлы

Бал биі,тақпақ

Ханзада

3

Амангелді Іңкәр Бағдатқызы

Бал биі, тақпақ

Ақшақар

4

Арыстанбек Жалғас Айбекұлы

Тақпақ

Арыстан

5

Аяпов Бекнұр Данабекұлы

Тышқан биі

тышқан

6

Байжұлдызов ШәкірЕралыұлы

Тышқын биі

Тышқан

7

Бекбаева АидаАсқарқызы

Тақпақ, тышқан биі

тышқан

8

Жалғас Бекжан Ерланұлы

Бал биі

ханзада

9

Жаңбырбай Наз Жаңбырбыйқызы

Тышқын биі

тышқан

10

Ибрагим Айша Ақарысқызы

Бал биі, тақпақ

ханшайым

11

Кәрібай Нұржігіт Айбекұлы

Тақпақ, солдат биі

пират

12

Кеңістік Айшабибі Ерболқызы

Қуыршақ биі

қуыршақ

13

Көбегенова Нұрайым Әлібекқызы

Бал биі

Қызыл телпек

14

Көпжасарова Еркеназ Көпжасарқызы

Қуыршақ биі

қуыршақ

15

Қанат Гүлдана Мирасқызы

Бал биі

ханшайым

16

Нәби Аяулым Нәбиқызы

Қуыршақ биі

ханшайым

17

Нұрлан Адина Ғалымжанқызы

Бал биі, жекен ән

доңыз

18

Нұрлан Мансур Нұрланұлы

Тышқын биі,тақпақ

тышқан

19

Өмірбаев Диас Серікұлы

Ханзада

Солдат

20

Өтеғұлов Диас Жанболатұлы

Солдат биі

Глашатай

21

Сарсеналин БекзатӘділқанұлы

Глошатай

Глашатай

22

Сисенбаев Асылхан Берикбайұлы

Солдат биі, тақпақ

Солдат

23

Тарас Хадиджа Русланқызы



24

Ұзақбай ҚарақатЖангелдіқызы

Қуыршақ биі, тақпақ

сыйқыршы

















































5 мектеп-лицейінің Жаңа Жыл мерекесіндегі 4 Б сынып оқушыларының тізімі


Күні: 27.12.2019 жыл

Сынып жетекші: Атраубаева Б.Қ



Р\с

Оқушының аты-жөні

Номерлері

киімі

1

Ақтұрсын Мелена

Тышқан, тақпақ

Ханшайым

2

Айдос Алдияр Байдосұлы

Бал биі,тақпақ

Ханзада

3

Ақсейтімова Айым Асланқызы

Бал биі,тақпақ

Тышқан

4

Әбдірашов Арман Қуандықұлы

Солдат биі

Ханзада

5

Жанболатова Аянат Жанболатқызы

Қуыршақ биі, тақпақ

Қоян

6

Жұмабай Арман Амангелдіұлы

Солдат биі

Ханзада

7

Загретдинова Акмерей Азаматовна

Қуыршақ биі, тақпақ

Қуыршақ

8

Ибрагим Ілияс Ерланұлы

Бал биі,тақпақ

Принц

9

Кенжебекқызы Бақытнұр

Бал биі,

Сйқыршы

10

Қуаныш Рамазан Мұхтарұлы

Бал биі,тақпақ

Ханзада

11

Магдеева Баянсұлу Рустамқызы

Қуыршақ биі, тақпақ

Қуыршақ

12

Жалғауова Әдемі

Қуыршақ биі, тақпақ

Ханшайым

13

Мұратбай Бақытнұр Шалқарбайқызы

Қуыршақ биі, тақпақ

Қызылтелпек

14

Мұхамбетбақи Саян Серікұлы

Солдат биі

Тышқан

15

Мырзағалиев Нұрбақыт Жайлаубайұлы

Бал биі,тақпақ

Аю

16

Қайратқызы Әлия

Тышқын биі,тақпақ

Тышқан

17

Нұрлыбекқызы Кәусар

Бал биі,тақпақ

Қызылтелпек

18

Нұрмұханов Бейбарыс Қуанышұлы

Бал биі

Солдат

19

Саматұлы Бибарыс

Глошатай

Глашатай

20

Социал Бейбарыс Балғазыұлы

Тышқын биі,тақпақ

Тышқан

21

Серікболов Түгел Сұңғатұлы

Тышқын биі,тақпақ

Тышқан

22

Темірбай Амир Сәндібекұлы



23

Ұзақбай Диас Амандықұлы

Тышқан биі

Пират

24


Хусаин Ердияс Мұратұлы

Солдат биі

Ханзада

25

Азбантаева Ару

Қуыршақ биі, тақпақ

Қуыршақ

26

Карастеаов Нұрсұлтан

Солдат биі

Солдат

27

Жексенғалиева Дана

Мари , жекен ән

Ханшайым







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Таңғажайып жаңа жыл! ("Щелкунчик" ертегісі желісінде)

Автор: Атраубаева Б.Қ, Нұрымбетова Н.О

Дата: 05.01.2020

Номер свидетельства: 534550


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства