Т?рбиешілер аянбай-а? жан салыпты – дей келе сайысымызды? III туры «Бала деп со??ан ж?регім». Т?рбиеші бір т?рбиеленушімен ?з ?нерін к?рсетеді.
Ба?алау критерий:
киім ?лгісі
?имылы
?ртістік шеберлігі
Сайысымызды? III шарты бойынша ?діл?азылар ал?асынан ба?асын с?раймыз.
«Е?бек етсе? ерінбей, тояды ?арны? тіленбей» дейді Абай атамыз. Келесі турымыз «Шебер ?ол». Шын е?бек еткен адам ?ана ?мірден ?з орнын адаспай тауып, биік ма?сат шы?ына ?иналмай ?ол жеткізеді. Енді ?атысушыларды? е?бек?орлы?ын ба?аласа?.
Сайысымызды? 4тур бойынша ?діл?азылар ал?асынан ба?асын с?раймыз.
Жарыстар ?тсін ?р алуан,
Сынасын к?шін барлы? жан.
Ж?лдесін алып шаттансын,
Білімді, мы?ты ?рбір жан – деп, келесі сайыс «За? білгенні? к?зі ашы?»
деп аталады. ?р т?рбиешіге 10 с?ра?тан беріледі. С?ра?тар конвертте болады, ?р ?атысушы ?діл-?азылар ал?асы алдынан келіп алады. ??рметті ?атысушылар сендер б?л сайыста 10 с?ра?ты? ?аншасына жауап берулері?е ?арай ?пай жинайсы?дар. 1 с?ра? 1 ?пай болып есептеледі.
Сайысымызды? 5 тур бойынша ?діл?азылар ал?асынан ба?асын с?раймыз.
Просмотр содержимого документа
««Талантты да, талабы зор т?рбиеші» бай?ау »
Дайындаған: «Гаухар» балабақшасының әдіскері
Сисенова Клара Амангосовна
«Талантты да, талабы зор тәрбиеші» байқау
Жүрг: Қайырлы күн қадірлі қонақтар!
Бүгінгі Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау.Заман талабына сай жаңаша ойлап, жаңаша әрекет жасайтын, шығармашыл тәрбиешіні анықтау.Тәрбиешінің келбетінің әлеуметтік және кәсіби жағымды келбетін қалыптастыру, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдау және марапаттау болып табылады.Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірбие алмасу мақсатында өтетін «Талантты да, талабы зор тәрбиеші» байқауға қош келдіңіздер!
Жүрг:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, асыл халқым қол соғыңдар,
Байқауға қатысушы тұлғаларға.
Бүгінгі сайысымызда қатысушы тәрбиешілерді ортаға шақырамыз. Қол соғып, қошемет көрсетейік.
«Талантты да, талабы зор тәрбиеші» (эссе, портфолио ұсыну)
Жағдайдан шығу
«Бала деп соққан жүрегім» (өз өнерін көрсету)
Шебер қол
«Заң білгеннің көзі ашық»
Тренинг
Кезекпен шығу үшін қатысушылар үстелдің үстінен нөмерлер алады.
«Іске сәт!» деп, сайысымызды бастайық.
Сайысымыздың I туры «Талантты да, талабы зор тәрбиеші» (эссе, портфолио ұсыну).
Тәрбиешінің шығармашылық тұрғыда өзін-өзі таныстыруы кезеңінде қатысушы көрермендер аудиториясы алдында өзінің ерекшеліктерін, мамандығының қыр-сырын көрсете білуі керек (5 минут).
Бағалау критерий:
-мазмұны
- грация (жүріс-тұрысы)
- сөйлеу мәнері
Сайысымыздың I туры бойынша әділқазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
Сайысымыздың II туры «Жағдайдан шығу»
Әр тәрбиешіге 1 пед. сұрақ, және сергіту сәті беріледі, соны жаңаша түрде өткізу және образға еніп көрсету. (5 мин)
Бағалау критерий:
жауаптың дұрыстығы
уақыт мөлшері
мазмұны
әртістік шеберлігі.
Ендігі сөзді әділқазылар алқасына берсек.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыстан бәйге алуға,
Тәрбиешілер аянбай-ақ жан салыпты – дей келе сайысымыздың III туры «Бала деп соққан жүрегім». Тәрбиеші бір тәрбиеленушімен өз өнерін көрсетеді.
Бағалау критерий:
киім үлгісі
қимылы
әртістік шеберлігі
Сайысымыздың III шарты бойынша әділқазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді Абай атамыз. Келесі турымыз «Шебер қол». Шын еңбек еткен адам ғана өмірден өз орнын адаспай тауып, биік мақсат шыңына қиналмай қол жеткізеді. Енді қатысушылардың еңбекқорлығын бағаласақ.
Үй тапсырмасы, өз қолдармен жасалған бұйымдарды назарға ұсыну
Бағалау критерий:
- жұмыстың эстетикалық талапқа сай болуы
Сайысымыздың 4тур бойынша әділқазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
Жарыстар өтсін әр алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді, мықты әрбір жан – деп, келесі сайыс «Заң білгеннің көзі ашық»
деп аталады. Әр тәрбиешіге 10 сұрақтан беріледі. Сұрақтар конвертте болады, әр қатысушы әділ-қазылар алқасы алдынан келіп алады. Құрметті қатысушылар сендер бұл сайыста 10 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинайсыңдар. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі.
Сайысымыздың 5 тур бойынша әділқазылар алқасынан бағасын сұраймыз.
Енді сайыстың соңғы туры «Тренинг».
Тренинг өткізу және ұйымдастыруда педагогтың кәсіби құзыреттілігін, белсенділігін, қарым-қатынасын анықтау.
Сайысымыздың 6 туры бойынша бағасын сұраймыз.
Әділ қазылар қорытындысын шығарғанша ортаға биге шығамыз
Ендігі сөзді әділқазылар алқасына берсек.
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар.
Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып, бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз. Жеңістер мен жеңілістерден тұратын, өмір күресі аяқталмасын. Ізденген жетер мұратқа, қатысудың өзі де жеңіс,- деген, жеңісті күнде кездескенше, құрметті әріптестер!