kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «Жігіт с?лтаны».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жігіт с?лтаны

1 сынып о?ушылары

Ж?ргізуші: ?айырлы к?н, ??рметті к?рермендер!

                            Береке де осында,

                            Мереке де осында.

                            Болып жатыр той-думан,

                            ?ырандарды? ?асында, - дей келе, «Жігіт с?лтаны»    сайысын ашы? деп жариялаймыз.

                            Ас?а?та?ан ?н дайын,

                            К?мбірлеген к?й дайын

                            Ал, к?неки, ?ырандар!

                            Бастап жігіт ?нерін,

                            Алыстар?а сам?а?дар, - деп,  сайыскерлерімізді ?ошеметпен ?арсы алайы? (сайыскерлерді? есімін атап, орта?а ша?ырамын).

Сайысымызды? жоспарымен таныстырамын.

І кезе? – Таныстыру.

ІІ кезе? – «?нерліні? ?рісі ке?» (жігіттеріміз ?н айтып, би билеп ?з ?нерлерін к?рсетеді).

ІІІ кезе? – «М?нерлеп о?у» сайысы.

IV кезе? – «Шыны?са? шымыр боларсы?» (спортты? ойын т?рлеріні? элементтерін к?рсету).

V кезе? – Шы?армашылы? сайысы (сурет салу ж?не жапсыру).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Жігіт с?лтаны».»

Жігіт сұлтаны

1 сынып оқушылары


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан,

Қырандардың қасында, - дей келе, «Жігіт сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз.

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын

Ал, кәнеки, қырандар!

Бастап жігіт өнерін,

Алыстарға самғаңдар, - деп, сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық (сайыскерлердің есімін атап, ортаға шақырамын).

Сайысымыздың жоспарымен таныстырамын.


І кезең – Таныстыру.

ІІ кезең – «Өнерлінің өрісі кең» (жігіттеріміз ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетеді).

ІІІ кезең – «Мәнерлеп оқу» сайысы.

IV кезең – «Шынықсаң шымыр боларсың» (спорттық ойын түрлерінің элементтерін көрсету).

V кезең – Шығармашылық сайысы (сурет салу және жапсыру).

Жүргізуші:

Келді міне, бүгінгі сын алуға,

Сын алып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға.

(Әділқазылармен таныстырамын).


Жүргізуші:

І. Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Сайыскерлер таныстырып өздерін,

Білгірлерді ду қол соғып қостайық.


1-ші нөмірлі

Спорт пен білім жағын бір қосқан,

Кем қалмаған талантпен табысқан

Ерасыл қыранымызды ортаға шақырамыз.


2-ші нөмірлі:

Үлкендерді сыйлайтын,

Айтқаныңнан шықпайтын

Денисті ортаға шақырамыз.


3-ші нөмірлі

Жүрегі ақ, тілегі пәк

Нұрлыбек ұлымызды ортаға шақырамыз.


4-ші нөмірлі

Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

Тобымызда өнерімен болған сыйлы

Қуаныш ұлымызды ортаға шақырамыз.


5-ші нөмірлі:

Еңбек сүйгіш таудай талант бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында

Әбілмансұр ұлымызды ортаға шақырамыз.


6-шы нөмірлі:

Біледі ол жақсы менен жаманды,

Қошеметпен шақырайық ортаға

Әбдінұр атты жігіт болған сарбазды.


Жүргізуші:

ІІ. Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

«Өнерлінің өрісі кең» байқауында

Қол соғып барша халқым тамсаныпты.


  1. Ерасыл «Қара жорға» биін билейді

  2. Денистің орындауында «Моряк биі»

  3. Нұрлыбектің орындауында «Туған жер» әні

  4. Қуаныш орыс халқының биін билейді

  5. Әбілмансұр «Джентельмен» биін билейді

  6. Әбдінұрдың орындауында «өзбек биі !»


Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Қонақтарды құрметтеп,

Би қимылын жасайық.

Келесі кезекте 1 сынып қыздарының «Әдемі ай» (Айгерім Қалаубаева) биін тамашалайық.


Жүргізуші:

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы:

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келер айналасы.

Келесі кезеңіміз «Мәнерлеп оқу» сайысы.

Аружан қызымыздың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:

IV. Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай

Күш өнері білінбес, - дегендей, сайысымыздың келесі шарты «Шынықсаң шымыр боларсың». Жігіттерімізді ортаға шақырамыз (музыкамен ұлдар ортаға шығып, спорттық өнерлерін көрсетеді).


Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

1 сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:

V. Келесі кезекте балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін нықтау мақсатымен шығармашылық сайыс (ұлдарымыз киіз үйдің суретін салып әшекейлейді).

Жігіттеріміз жұмыстарын аяқтағанша Нұрасима, Альмира, Әсем қыздарымыздың «Шығыс биін» тамашалаңыздар.


Әділқазыларға сөз. Марапаттау.

Бүгін міне, оң болып әр сөзіміз,

Жоғары болып күш-жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық сайысымыз.

Сау саламатта болыңыздар!

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Та?ырыбы: «Жігіт с?лтаны».

Автор: Бурылбаева Зарина Кабылбековна

Дата: 22.12.2015

Номер свидетельства: 269277


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства