Ма?саты: Наурыз мерекесі туралы т?сінік беру. Балаларды? ойлау ?абілеттерін дамыту, грамматикалы? т?л?ада ж?йелі с?йлеуге мерекелік к??ілін к?теру, елге деген с?йіспеншілікпен бірге, салт д?ст?рді ??рметтеуге т?рбиелеу.
К?рнекілік:
Наурыз мерекесіне арнал?ан суреттер:
Жа?а с?здер:
Наурыз, уыз,?ршы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге мерекелік көңілін көтеру , елге деген сөйіспеншілікпен бірге , салт дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Наурыз мерекесіне арналған суреттер:
Жаңа сөздер:
Наурыз, уыз,ұршық.
Сабақтың барысы:
-Біздің тұратын қаламыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасының –астанасы қай қала?
-Қандай ұлттар тұрады?
-Қандай мерекелерді білесіңдер?
Жақында Наурыз мерекесі болады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «Нау» -жаңа, «руз» - күн деген мағына береді.
Наурыз – бақыттық бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
А) Суретке қарап әңгіме құрастыру. Балалардың алдына «Наурыз» мерекесі туралы суреттер (киіз үй, от , қазан, әже) .
1.Суретте не көріп тұрсыңдар?
2.Адамдардың көңіл күйлері қандай?
3.Не істеп жатыр?
4.Ауа райы қандай?
Б) Мына өлеңді тыңдаңдар. Не туралы айтылады?
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызға тарайды
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді:
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірі-бірі құшақтасып сүйеді.
Өлеңің мазмұнын түсіндіру. Наурыз мерекесінде түрлі ұлттық ойындар ойналады. Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Енді жұмбақ шешейік:
Дәмді-дәмді тамақтарды жинайды
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)
Төрт бұрышты бір ауызды (сандық)
Шыр көбелек айналар
Беліне жіп байланар (ұршық)
Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас (таба нан)
Балалар сендер ұлттық дәстүр не екенін білесіңдер ме?
Халқымыздыа мынадай сөз бар.
Туғаннан соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ
Е дәмтүрін білмесең
Жұрт айтады «надан» деп.
Қазір , мына сан жазылған сандарды аласыңдар. Бұл жай асық емес, сиқырлы асық. Асықтар мына сұраққа жауап беріңдер, - дейді.
1.Жеті атаңды атап бер
2.Қандай ұлттық тойларды білесің?
3.Ұлттық ойындарды ата.
4.Ұлттық киімдерді ата.
5. Ұлттық тағамдарды ата.
- Наурыз күні не пісіріледі? (наурыз көже)
- Наурыз көжеге қандай дән қосылады?
-Наурыз көжеден барлығы да дәм тату керек.
-Енді бәріміз «Наурыз» мерекесіне арнап ән айтайық.
Психологиялық жаттығу.
Балалар , бәріміз көзімізді жұмайық. Наурыз мерекесіөтіп жатыр. Адамдар киіз үй тігіп, айналасын тазалады. Жан-жақтан көп қонақтар келді.Мен қыдырып қызықты сәттерді қарап жүрмін.
1.Бір жерде әртістер ән салып тұр.
2.Бір жерде «көтеріспек» , «тақия тастамақ» ойындары ойналып жатыр.
3.Бір бала наурыз туралы тақпақ айтып жатыр.Адамдар құшақтасып амандасып жатыр.
Айнала көркем, қызықтар көп-ақ. Енді көзімізді ашайық. Наурыз мерекесінде не көргендеріңді әңгімелеңдер.