kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «ХХІ ?асыр к?шбасшысы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «ХХІ ?асыр к?шбасшысы» »

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№ 6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Есмағамбетова Нұрғайша Болатқызы





Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты:1.Оқушылардың алған білімдерін тексере отыра,ақыл-ой өрісін қалыптастыра түсу.

2.Оқушылардың сұрақтарға нақты,толық жауап беруін,дұрыс сөйлей алуын дамыту.

3.Қазақстанның жан-жақты азаматы етіп тәрбиелеу.


Көрнекілігі:Қанатты сөздер,үнтаспа,интерактивті тақта,слайдтар.

Барысы: (әуен ойнап тұрады.)

-Сәлеметсіздер ме ,құрметті ұстаздар,оқушылар!

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»ойынын бастаймыз.

Ал келіңдер,келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

-Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді көрстіп,мақал-мәтелдермен өрнектеп,өнерімізді және білімімізді ортаға салайық.Біліміміздің артып,санамыздың өскенін ,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға ,сол алда,-дегендей қатысушыларға сәттілік тілейік.

(Ортаға қатысушы талапкерлерді шақыру.)



Ойын бес бөлімнен тұрады.

І бөлім «Бәйге»

Түрлі сұрақтар қойылады.Кім дайын болса,сол оқушы жауап береді.

1.Абылай ханның азан шақырып қойған аты.

А.Абылай

Ә.Әбілмансұр

Б.Дарабоз

2.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

А.16 қаңтар

Ә.16 желтоқсан 1991 жыл

Б.25 қазан

3.Еліміздің рәміздері.

А.Әнұран

Ә.Президент

Б.Әнұран,Елтаңба,Ту

4.Желтоқсан көтерілісіне қатысушы жастар.

А.Л.Асанова,Е.Сыпатаев,Қ.Тысқұлбеков

Ә.Б.Момышұлы

Б.Б.Майлин,С.Сейфуллин

5.1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске әділ баға берген қазақ ақыны

А.Абай

Ә.Ы.Алтынсарин

Б.М.Шаханов


Ұпай бағасы есептеліп,аз ұпай жинаған және уақытын аз үнемдеген оқушылар ойыннан шығады.


ІІ кезең «Дода»

Оқушылар кез-келген пәнді таңдайды.Әр пәнде 5сұрақтан берілген.Ұпайы көп оқушы ойынды бастайды.


1.Математика

1.30 неше ондықтан тұрады?

2.Азайтудың компоненттерін ата.

3.Тік төртбұрыштың қасиеті(қарама-қарсы қабырғалары тең болады)

4.2 сағат 15 минут неше минут болады?(135 минут)

5.а+10 қандай өрнек? (Әріпті өрнек)


2.Қазақ тілі

Кеше жиналыс болды.Қандай сөйлем?

2.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

3.Желтоқсан деген сөзде қанша буын бар? (3)

4.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Қанша?неше?)

5.Қазақстан сөзін қатыстырып лепті сөйлем айт.


3.Әдебиеттік оқу

1. «Даңғой» мысалы не туралы? (қияр)

2.Ешкімге қажетсіз-ақ арам шөп не еді? (қарасора)

3.Кедейлік неден? (екжірлік,еріншектік,ұйқы)

4.Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам асырып.

Маған сақтап жүреді,

Тәтіні де жасырып. Кім туралы? (әже)

5.Алтын ұяң –Отан қымбат,

Құт-берекең –атаң қымбат.Қай бидің сөзі? (Қазыбек би)



4.Жалпы сұрақтар

1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

2.Жеміс неше түрге бөлінеді?(шырынды, құрғақ)

3.Нағашы деген кім? (шешенің туысы)

4.Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)

5.Барлық қабырғалары өзара тең төтбұрыш. (шаршы)


Дүниетану

1.Табиғат нешеге бөлінеді?(2)

2.Адам өміріне қажетті жағдай (жарық, жылу,ауа,су,тамақ)

3.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал.(Тұсбағдар)

4.Жарық пен жылу арқылы жапырақта ауа мен судан нелер жасалады?(қант,крахмал)

5.Жапырақтағы жасыл бояу не деп аталады?(Хлорофилл)


Ұпайы аз 3оқушы ойыннан шығады.

ІІІ бөлім «Жорға»

Ертегілер

20-Қазыбайдың үш жақсы нәрсесі.(Ұртоқпақ,Піс,қазан,Құс есек)

30-Байдың қызына ала тоқтының өкпесін жегізіп емдеген кім(Жақсылық)

40- «Байлық пен ақыл» ертегісінде кенже ұлы не деді?

50-Қазыбай шалға не сұрасаң соны беремін ,-деп уәде берді.Не үшін?(оны босатқаны үшін)


Еркін тақырып.

20-Еліміздің президенті кім?Ол қай жылы қызметін бастады?(Н.Назарбаев,1991 жыл)

30-Баз бала әкесінен өтіп туады,

Баз бала әкесіне жетіп қуады,

Баз бала кері кетіп туады.Кімнің сөзі? (Қазыбек)

40-Желтоқсан оқиғасына не себеп болды?

50-Отан туралы М.Мақатаевтың өөлеңін оқы.


Өнер

20-«Әлия» әнін алғаш орындаған әнші.(Р.Рымбаев)

30-Домбырада орындалатын шығарма.(күй)

40-Әртістің ең алғаш сахнаға шығуы.(дебют)

50- «Менің Қазастаным»Әнұранының авторлары кім?Н.Назарбае,Ж.Нәжмеденов,Ш.Қалдыаяқов)


Салт-дәстүр

20-Сәби дүниеге келгенде не жасайды?(шілдехана)

30-Тұсау кесу дегеніміз не?

40-Қуанышты болғандарға не деп айтады?(құтты болсын)

50-Сәбиді неге бесікке салады?(таза болуы үшін)


Спорт

20-Ұлттық спорт ойындарын ата.

30-Сидней олимпиадасында алтын алған ең жас қазақ спортшысы.(Б.Саттарханов)

40-«Ат жарыс» не аталады?(бәйге)

50-Қандай ат өте жүйрік болады?(сол жақ қабырғасы оңжағынан артық болады,егер екі жақ қабырғасы тең болса, мұндай ат жүйрік болады.)


Қорытынды

Көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.




Ойынға қатысушыларды марапаттау.

Ойынның гимні орындалады.




Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты



Мақсаты: Оқушыларды еліміздің ел рәміздерімен таныстыру, рәміздер туралы, олардың авторлары туралы білімдерін кеңейту;

Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру

Туған жерін,елін, рәміздерімізді мақтаныш етіп, құрметтеуге тәрбиелеу

Ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы-білімде

Барысы: Сәлемдесу

Сәлем бердік Алтын күн

Сәлем бердік көк аспан

Сәлем бердік жер-ана

Сәлем бердік достарым

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.Ол бүгін де дүние жүзінің көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Төл теңгемізді басқа елдерге мақтаныш етеміз. Қазақстан Туымен -тұғырлы, Елтаңбасымен -еңселі, Әнұранымен- айбатты. (Әнұран шырқалады.)



Сұрақтарға жауап беру:

1.Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?

Жауабы: Астана Есілдің өзенінің оң жағалауында орналасқан.

2. Ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қай жылы қабылданды?

Жауабы: 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.

3.Астана қаласының көне атауы қандай?

Жауабы: Астана қаласының көне атауы Ақмола

4.Астанаға ең алғаш қандай басшы орындар көшіп келді?

Жауабы:Астанаға Президент кеңсесі,ҚР Үкіметі және Парламент

көшіп келді.

Оқушы: Өзіңдікі еліңде,

Өзіңдікі Жерің де,

Өзіңдікі өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.

Өзіңдікі Туың да,

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да.



Сұрақтарға жауап бер:

Әрбір елдің өзіне тән нелері болады?

Жауабы: Әрбір елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады.

Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

Жауабы:Мемлекеттік рәміздерге Әнұран, Елтаңба, Ту жатады.

3.Қазақ радиосында қай уақытта мемлекеттік әнұран беріледі?

Жауабы: Қазақ радиосының бағдарламасы басталарда және аяқталарда.

4.Мемлекеттік Ту қай жерде тұрақты орнатылады?

Жауабы:Ту Республика Президентінің сарайында, Парламенттің ғимаратында, министрліктердің ғимаратында тұрақты орнатылады.

Тапсырма

Оқушыларға парақша таратылады.Олар бос орынға Керек сөзді тауып жазу керек.



Ел рәміздерінің ерекшелігін тап:

Ту- көк түсті. Елтаңбаның негізі- киелі шаңырақ

Сәйкестігін тап: шығарма атауын дұрыс жауаптармен қосыңдар



Ш.Ниязбеков







ҚР гимні



Н.Назарбаев

Ж.Нәжімеденов

Ш.Қалдаяқов









Елтаңба





Әнұран

Ж.Мәлібеков

Ш.Уәлиханов





Мемлекеттік ту















Ойын: «Кім тапқыр?»Берілген сөздер ішінен ел рәміздерін табу керек.

Есіл

Ту

Елтаңба

Астана









Мұғалім:

Дала да думан,қала да думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім

Жасай бер,Жаса, асқардан аса әрқашан

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым

Тәуелсіз Қазақстаным



Қорытынды:

«Жүректен-жүрекке шеңбері»

Жақсыдан үйренейік

Жаманнан жиренейік

Қазақстанның

Ең бақытты, ең ақылды,ең білімді азаматы болайық!Ел рәміздерін құрметтейік!

Тақырыбы: Елім менің (думан)

Мақсаты: 1.Оқушыларға тұңғыш президент туралы ,президент күні туралы мағлұмат беру. 2.Оқушылардың Қазақстан туралы,тарихи орындар туралы ойларын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Елін сүюге, тарихын танып-біліп,оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Техникалық құралдары: интерактивті тақта;

Барысы:1.Ұйымдастыру

-Құрметті ,ұстаздар,оқушылар және ойынға қатысушылар біз бүгін еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне орай ұйымдастырылған ,өткені мен бүгінін жырлайтын «Елім менің» думанын бастаймыз.

Таныстыру .Думанға қатысушы екі топты таныстыру үшін сөзді «Бәйтерек»тобының басшысы Қызғалдаққа береміз.Екінші топ-«Шуақ» тобын таныстыру үшін топ басшысы Аружанға сөз беріледі.


1-айналым 1.Бейне сұрақ. Экраннан сурет беріледі, сол суреттегі бейненің не екенін, қай қалада орналасқанын айтамыз


1.Ханшатыр ,Астанада орналасқан.

2.Тәуелсіздік монументі,Алматы

3.Мега ойын-сауық орталығы, Ақтөбе

2.Н.Ә.Назарбаев қай облыста туған? (Алматы облысы,Шамалған аулы)

Н.Ә.Назарбаевтың дүниеге келген күні (1940 ж.6 шілде)

Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын қай қалада, неден бастады? (Теміртау ,қара жұмысшы,шойын құюшы)

Әуенді табу «Үш қоңыр»


2-айналым 1.Сөздерді дұрыс айту

Астана, Елбасы,Ханшатыр,Ынтымақ

Алматы,елтаңба,Бәйтерек, тәуелсіздік

Сөз тіркесінің мағынасын ашу

Жүрегі тас төбесіне шықты- қорықты

Төбе шашы тік тұрды- қорқу

бөркін аспанға лақтыру- қуану

Тайға таңба басқандай- анық, дәл

Ешкімнің ала жібін аттамау- адал

Ат ізін салмады- көптен келмеді,жолықпады

Әуенді табу «Жаса,Қазақстан!»


3-айналым Тұлғаларды табу.

Топ басшылары жұмбақтайды, топ мүшелері іздеп табады.


Әуен табу «Елім менің аңсаған»


4-айналым Қандай өлеңнен алынған үзінді? Авторы кім?

Рахмет саған ,балақан,

Іс істедің бағалы!

Ұлан-байтақ кең Отан

Құпиясы мол әлі. (Құмыра. М.Ерімбетов)


*****

Күзеу толған ,оты жоқ елдің маңы,

Тұман болар жел соқса,шаң-тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы. (Абай .Күз)

Қай әңгімеден алынған үзінді?

-Иә,Оспанжан,ертелетіп неғып жүрсің?-деді Ахмет.

-Ақа,өте қиын жағдай болып тұр.

Омартама бір аю екі түн келіп,екі жәшігімді шағып, балымды жеп кетті.Сол пәледен құтқарыңыз,-деді Оспан.

*****

-Ол дұрыс қой, Жазата.Бірақ әлгі қазына қайда?

-Балаларым ,-деп енді мейірлене сөйледі. Жер-жомарт.Оның әр уыс топырағы –бір уыс алтын.Сол топырақты еңбек қана алтынға айналдыра алады.Қазына жасаушы -мына өзіміз...

Әуен жасыру «Шалқар вальсі»


5-айналым 1. Сұрақтар қою

1.Қазақстандағы өзендер: Ертіс,Жайық, Сырдария,Іле,Есіл

2.Түсті металдарға нелер жатады? Мыс,қорғасын,алюминий,күміс,алтын т. б.

3.Төбелердің биіктігі неше метрге дейін барады? 200 м

4.Қазақстандағы таулар: Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай,Мұғалжар, Қаратау

5.Жанғыш пайдалы қазбалар: көмір,мұнай, газ

6.Таскөмірден нелер алынады? Бояу,пластмасса,тыңайтқыш,жасанды мата,дәрілер

2. Пайдалы қазбаларды шартты белгісіне қарап, ажырату.Қай жерде шоғырланғанын айту.


2. –темір - алюминий -газ

- мыс - мұнай -көмір

Темір-Қостанай облысы

Мыс –Жезқазған, Қоңырат кен орны

Алюминий –Қостанай облысындағы Арқалық кен орны

Мұнай –Каспий маңы ойпаты,Маңғыстау түбегі

Газ- Каспий маңы ойпаты,Маңғыстау түбегі

Көмір-Қарағанды,Екібастұз кен орындары


Әуен жасыру «Өз елім»


6-айналым «Әріптерден сөз құрастыру»


Қорытынды

Көп ұпай жинаған топты анықтап, марапаттау



3-айналым Тұлғаларды табу


А Б

1.Абай 1.Ыбырай


2.Роза Рымбаева 2.Асқар Жүнісбеков


3.Құрманғазы 3.Ескендір Хасанғалиев


4. Шәкен Айманов 4.Шығанақ Берсиев


5.Ыбырай Жақаев 5.Бауыржан Момышұлы


6.Аппақ Байжанов 6.Қайрат Нұртас


7.Кенен Әзірбаев 7.Фариза Оңғарсынова


8.Қайрат Рысқұлбеков 8.Ләззат Асанова


9.Мұхтар Шаханов 9.Жамбыл Жабаев


10.Бейбіт Қорған 10.Әбілхан Қастеев



Тақырыбы: Тұғыры биік тұлға
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып , Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»

Барысы.

Ұйымдастыру бөлімі

- Балалар, біздер қай елде тұрамыз?

-Президентіміз кім?




Ән: «Көк тудың желбірегені» (үнтаспадан тыңдау)


Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1- слайд
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты

2-слайд
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.







3-слайд:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.





4-слайд .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Ән: « Жаса,Қазақстан»










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Та?ырыбы: «ХХІ ?асыр к?шбасшысы»

Автор: Есма?амбетова Н?р?айша Болат?ызы

Дата: 08.01.2015

Номер свидетельства: 151431


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства