kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: «Таби?ат байлы?ы-халы? игілігі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?О Айыртау ауданы

 ?лжан ОМ

сынып м??алімі

Тлеужанова Г.Ж

Та?ырыбы : «Таби?ат байлы?ы-халы? игілігі»

Ма?саты: 1. О?ушыларды таби?и байлы?тармен таныстыра                                

                  отырып,/орман,?сімдіктер ?леміне/жалпы шолу жасау,          

                  «Жасыл аптека сырлары»,«жасыл ?лем ?ажаптарымен »

                        таныстыру.

                 2. Балаларды? ту?ан ?лкеге деген с?йіспеншілігін

                   арттыру,таби?атта?ы байлы?тарды ?ор?ау, таби?атты

                   ?ор?ау ісін жан жа?ты ?атыстыру

  Жоспары:

1.Кіріспе ??гіме

2.Таби?и байлы? ?леміне саяхат.

І  аялдама-   «Орман»

ІІ  аялдама-  «?сімдіктер»

ІІІ аялдама- «Ой ?азына»

IV аялдама- «Мектеп ж?не таби?ат»

Барысы:

І аялдама-Топты? ж?мыс :  «Брейн ринг»

І топ-А?дар

1.?оян жылына неше рет балалайды?/3-4 рет/

2.Кенгуру неше метрге секіре алады?/10 метр/

3.Аю ?ыста не істейді?/ ?йы?тайды/

4.Жануарлер алыбы –піл неден ?ор?ады?/ тыш?аннан/

5.Хамелеон ?андай а??/т?сін ?згертетін/

6.Суда дам?а е? жа?ын ж?ретін жануар?/дельфин/

7.К?ртыш?ан к?ніне неше метр жер ?аза алады?/ 100 метр/

8.На?ыз лас, ?асиетсіз жануар? /до?ыз/

9.Кірпіні? ж?регі са?атына неше рет со?ады?/ 300 рет/

10.?з баласын ?арын-?апшы?ына салып ?сіретін жануар?/ кенгуру/

ІІ топ-??стар

1.Е? ?ыра?ы ??с?/б?ркіт/

2.Ж?мырт?а баспайтын ??с?/ к?кек/

3.?теш мойынын созбаса ?андай ?рекет істей алмайды?/ дауысы шы?пайды/

4.Е? са? ??с?/ сауыс?ан/

5. Тауы?тар жемін ?алай жейді?/ бір-бірін ша?ырып б?лісіп жейді/

6.м?лде ?ша ламайтын ??с?/ т?йе??с/

7.Адам?а е? жа?ын ж?ретін ??с?/ ?арлы?аш/

8.?рлы? жасайтын ??с?/ ?ар?а/

9.Б?ркіттер ?бден ?артай?анда ?алай ?леді?/ ?зін-?зі аспаннан ла?тырып ?леді/

10.Итала  ?аз ж?мырт?асын ?айда салады?/ інге/

ІІІ топ- Ж?ндіктер

1.Жылан неден ?ор?ады?/ д?уіттен/

2.Суда да, ??рлы?та да тіршілік ететін ж?ндік?/ тасба?а мен ??рба?а/

3.Ара мен ??мырс?алар е?бек етпейтіндерін не істейді?/талап ?лтіреді/

4.Е? е?бек?ор ж?ндік?/??мырс?а/

5.Шыбын шіркейлер ?алай ?ыстайды?/?атады/

6.Шыбындарды? жа?ын туысы?/ сона/

7.Д?ние ж?зінде ?рмекшіні? неше т?рі бар?/27 мы?/

8.?сімдік биттерімен ?оректенетін ж?ндік? /?ан?ызы/

9.Дерн?сіл деген не?/ к?белекті? баласы/

10.?рмекші т?рлеріні? ішіндегі е? улысы?/ ?ара??рт/

ІІ аялдама-«?сімдіктер»

С?зж?мба?тар мен ребустар шешу.

ІІІ аялдама- «Ой?азына»/ма?ал –м?телдер жал?асын табу/

І топ

1.К?лді? к?ркі-??ра?, тауды? к?ркі-  ............................/ б?ла?/

2.Отансыз адам- .................................. /ормансыз б?лб?л/

3.А?са? ?ой т?стен кейін............................./ ма?ырайды/

4. Ер ?анаты- ................................./ ат/

ІІ топ

1. Сумен ойнама батарсы?,отпен ойнама........................./ жанарсы?/

2.Желмен жарыспа,............................... /к?ле?ке?ді ?ума/

3.Су ішкен ??ды?ы?а........................./ т?кірме/

4.Ерді намыс ?лтірер,?оянды................................... /?амыс ?лтірер/

ІІІ топ

1.Жылы-жылы с?йлесе?-............................/ жылан інінен шы?ады/

2.Жыл?ыда ?т жо?,??ста.........................../ с?т жо?/

3.Ата-б?йтерек, бала-............................/ жапыра?/

4.?ыс ?ысыларсы?,жаз ............................../ жазыларсы?/

IV аялдама- «Мектеп ж?не таби?ат»

«Таби?ат» та?ырыбына ?р топ  аппликация ??растырады.

?орытынды:  ?ле?дер о?у

С?ра?тар?а жауап беру.

 Таби?ат дегеніміз не?

Таби?ат?а ?алай ?арауымыз керек?

?здері? таби?атты ?ор?ау?а ?андай істер жасайсы?дар?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: «Таби?ат байлы?ы-халы? игілігі» »

Тақырыбы : «Табиғат байлығы-халық игілігі»

Мақсаты: 1. Оқушыларды табиғи байлықтармен таныстыра

отырып,/орман,өсімдіктер әлеміне/жалпы шолу жасау,

«Жасыл аптека сырлары»,«жасыл әлем ғажаптарымен »

таныстыру.

2. Балалардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін

арттыру,табиғаттағы байлықтарды қорғау, табиғатты

қорғау ісін жан жақты қатыстыру

Жоспары:

1.Кіріспе әңгіме

2.Табиғи байлық әлеміне саяхат.

І аялдама- «Орман»

ІІ аялдама- «Өсімдіктер»

ІІІ аялдама- «Ой қазына»

IV аялдама- «Мектеп және табиғат»

Барысы:

І аялдама-Топтық жұмыс : «Брейн ринг»

І топ-Аңдар

1.Қоян жылына неше рет балалайды?/3-4 рет/

2.Кенгуру неше метрге секіре алады?/10 метр/

3.Аю қыста не істейді?/ ұйықтайды/

4.Жануарлер алыбы –піл неден қорқады?/ тышқаннан/

5.Хамелеон қандай аң?/түсін өзгертетін/

6.Суда дамға ең жақын жүретін жануар?/дельфин/

7.Көртышқан күніне неше метр жер қаза алады?/ 100 метр/

8.Нағыз лас, қасиетсіз жануар? /доңыз/

9.Кірпінің жүрегі сағатына неше рет соғады?/ 300 рет/

10.Өз баласын қарын-қапшығына салып өсіретін жануар?/ кенгуру/

ІІ топ-Құстар

1.Ең қырағы құс?/бүркіт/

2.Жұмыртқа баспайтын құс?/ көкек/

3.Әтеш мойынын созбаса қандай әрекет істей алмайды?/ дауысы шықпайды/

4.Ең сақ құс?/ сауысқан/

5. Тауықтар жемін қалай жейді?/ бір-бірін шақырып бөлісіп жейді/

6.мүлде ұша ламайтын құс?/ түйеқұс/

7.Адамға ең жақын жүретін құс?/ қарлығаш/

8.Ұрлық жасайтын құс?/ қарға/

9.Бүркіттер әбден қартайғанда қалай өледі?/ өзін-өзі аспаннан лақтырып өледі/

10.Итала қаз жұмыртқасын қайда салады?/ інге/

ІІІ топ- Жәндіктер

1.Жылан неден қорқады?/ дәуіттен/

2.Суда да, құрлықта да тіршілік ететін жәндік?/ тасбақа мен құрбақа/

3.Ара мен құмырсқалар еңбек етпейтіндерін не істейді?/талап өлтіреді/

4.Ең еңбекқор жәндік?/құмырсқа/

5.Шыбын шіркейлер қалай қыстайды?/қатады/

6.Шыбындардың жақын туысы?/ сона/

7.Дүние жүзінде өрмекшінің неше түрі бар?/27 мың/

8.Өсімдік биттерімен қоректенетін жәндік? /қанқызы/

9.Дернәсіл деген не?/ көбелектің баласы/

10.Өрмекші түрлерінің ішіндегі ең улысы?/ қарақұрт/

ІІ аялдама-«Өсімдіктер»

Сөзжұмбақтар мен ребустар шешу.

ІІІ аялдама- «Ойқазына»/мақал –мәтелдер жалғасын табу/

І топ

1.Көлдің көркі-құрақ, таудың көркі- ............................/ бұлақ/

2.Отансыз адам- .................................. /ормансыз бұлбұл/

3.Ақсақ қой түстен кейін............................./ маңырайды/

4. Ер қанаты- ................................./ ат/

ІІ топ

1. Сумен ойнама батарсың,отпен ойнама........................./ жанарсың/

2.Желмен жарыспа,............................... /көлеңкеңді қума/

3.Су ішкен құдығыңа........................./ түкірме/

4.Ерді намыс өлтірер,қоянды................................... /қамыс өлтірер/

ІІІ топ

1.Жылы-жылы сөйлесең-............................/ жылан інінен шығады/

2.Жылқыда өт жоқ,құста.........................../ сүт жоқ/

3.Ата-бәйтерек, бала-............................/ жапырақ/

4.Қыс қысыларсың,жаз ............................../ жазыларсың/

IV аялдама- «Мектеп және табиғат»

«Табиғат» тақырыбына әр топ аппликация құрастырады.

Қорытынды: Өлеңдер оқу

Сұрақтарға жауап беру.

Табиғат дегеніміз не?

Табиғатқа қалай қарауымыз керек?

Өздерің табиғатты қорғауға қандай істер жасайсыңдар?


Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Әлжан орта мектебі













Тақырыбы:


«Жазғы лагерь аруы»







Өткізген: Тлеужанова А.Д.





2011-2012 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.


Сабақтың мақсаты: оқушыларды халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдер- дің мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету.


Тәрбиелігі: шешендік сөз өнерін дамыту,


өз тілің қадірлеуге,құрметтеуге тәрбие леу.


Түрі: ойын сабақ.


Әдісі: білімді тиянақтау.


Көрнекілігі: плакаттар. 1.Сайысқа қатысушылармен таныстыру. Әр оқушы өздері жаттаған мақалдарын айтады.


А л ғ а ш қ ы а й н а л ы м. 2.Мақалдың арғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.


а) Өзек қуа ағады


Өзен судың саласы .


(Алыстан сәлем береді,


Әдепті елдің баласы).


ә) Досы көпті жау алмайды,


(Ақылы көпті дау алмайды).


б) Сәуір келсе күн күркірер,


(Күн күркіресе көк дүркірер).


в) Егіннің жайын еккен білер,


(Арбаның жайын жеккен білер).


г) Есік алды тау болса,


Ерттеп қойған атпен тең.


(Ауылыңда қария,


Жазып қойған хатпен тең).


ғ) Қарға баласын аппағым дер,


(Кірпі баласын жұмсағым дер).


е) Бірлігі жоқ ел тозады,


(Бірлігі күшті ел озады).


л) Малды жақсы баққаның,


Өзіңе абырой тапқаның.


(Малды жаман баққаның,


Келген бақты қаққаның).



К е л е с і к е з е к.


1.Екі ойыншы біріне-бірі мақал айтады, сол


мақалда бар сөздермен мақал құрастырады.



К ө р е р м е н к ө з а й ы м ы.


1.Берілген сөздерден көрермендер мақал құ-


растырады.(ата, гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен,


Отан, ат, ер батыр, тас, ел, ана).



Ж ұ м б а қ.


1.Көліксіз өмір сүрмейді,


Ешқашан жаяу жүрмейді. (Ер тоқым).


2.Ақ көйлекте көк желек,


Орманда орны бір бөлек. (Қайың).


3.Сауыттан мықты шапаны,


Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа).


4.Есек құлақты,


Мысық аяқты.


Түйе ерінді,


Ешкі құйрықты. (Қоян).



5.Бұдан кір қорқады,


Судан бұл қорқады. (Сабын).



6.Өзі арық, сөзі әріп. (Қалам).



7.Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз).



8.Тіріден өлі туады,


Өліден тірі туады.


(Жұмыртқа мен балапан).


9.50 аяқты екі қолды,


50 аяқпен салады жалғыз жолды. (Ара).



10.Сөз үйретсең қайталайды,


Өздігінен айта алмайды. (Тоты құс).



2.Екінші ойыншы біріне-бірі жұмбақ айта-


ды.Ұпайы ең аз ойыншы ойыннан кетеді.



3.Көрермендерге жұмбақ айту.



А қ ы р ғ ы а й н а л ы м.


Екі ойыншы жұмбақтың шешуін тауып ма-


қал құрастырады.



а) Аспай түскен,


Қайналып піскен.(Жеміс).


Сабағы жаман ағаштың жемісі де жаман.


ә) Жалт-жұлт еткен,


Жылғадан өткен.(Су).


Судың да сұрауы бар.


б) Ақ сандығым ашылды,


Ішінен жібек шашылды.(Күн).


Жақсы ай мен күндей әлемге бірдей.


в) Қимылдаса қос шебер


Қыруар-қыруар іс өнер.(Қол).


Көз қорқақ, қол батыр.


г) Ұзын, ұзын, ұзын жол,


Ұшына жеткен бар ма екен.


Түбі терең қара су,


Түбіне жеткен бар ма екен.


Түбіне жетіп бұл судың


Қанып ішкен бар ма екен. (Білім).


Оқу- білім азығы,


Білім- ырыс қазығы.


Қайталау.


Қорытынды, бағалау.





















2011-2012 оқу жылы

Әлжан орта мектебі бойынша соцпедагогтың жұмыс есебі


1. Жыл басы жұмысы аз қамтылған, көп балалы отбасы тізімін жасаумен басталады/селолық әкімдікпен бекітілген/ және осы тізіммен жаппай оқумен қамту қорынан көмек беріліп,/мектеп құжаттары/ осы отбасы оқушыларына таратылады

Мен өз жұмысымда 15 бағыт бойынша жылдық жоспар құрып, осы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.Тәрбие ісінің меңгерушісі,мектеп медбикесі,кітапханашымен үнемі байланыста болып отырдық.

І тоқсан кезінде «Ақ құс» бағдарламасы бойынша 10-11 сыныптар аралығында «Жаманнан жирен» атты сайыс және анкеталандыру жұмысын жасадым. Іс-шара барысында оқушылар наша және алкогольді ішімдіктерді қолданудың зияны мен қылмыстық жауаптылығы жайлы айтып,сауаттылықтарын көрсете білді.

Мектеп медбикесімен бірігіп қыз және ер балалармен жеке-жеке «Адамның физиологиялық жетілуі» жайлы әңгімелер өткіздік.Ал қыз балалармен « Таза бұлақ», «Қыз көркі-....» тақырыбында қыз гигиенасы мен,сымбаттылық жайлы пікіралмасу өткіздік.Қыздар ортаға өз ойларын,өз көзқарастарын салды.Ал желтоқсан айларында 1-11 сынып оқушылары аралығында «Сұлулық дегеніміз !» тақырыбында суреттер салды.Балалар өз көздерімен сұлулықты қалай көретіндік-терін сурет арқылы беруге тырысты.

Медбике бастамасымен қазіргі жасөспірімдер арасындағы диета жайлы дұрыс дерек беру үшін «Дұрыс тамақтану..» 6-11 сыныптар арасында әңгімелесу жасады.диетаның зины жағына да тоқталып өтті.

14-18 жас арасындағы жасөспірімдер жұмысы аясындағы жұмыстар:

Қазіргі таңда отбасы тақырыбы,отбасындағы сыйластыққа көп көңіл бөлінеді,сол себепті 7-8 сыныптарды топтап,9-10-11 сыныптарды бөлек топтап осы тақырыпта ойтолғау жазу,сұрақтар, сөзжұмбақтар суреттермен жұмыс жасалынды.Жыл бойы өтпелі кезең жайлы,жыныстық қатынас жайлы,ғашықтық сезімі тақырыптарына пікірталас,шығарма сияқты жұмыстар жүргізілді.

Ал жан-жақты дерек беру үшін «1-Желтоқсан СПИД-тен қайтыс болғандар күні» еске алу жұмысына 10-11 сыныптар ат салысып бірігіп жұмыс істелінді,оқушылар бізге СПИД-тен қайтыс болған атақты адамдар жайлы газет шығарды.

ҰБТ бойынша жұмыстың алғашқы қадамы оқушылардың қандай мамандық таңдап алғандарын және қай мамандық сай келуі мүмкіндігін бағалау үшін тест және «Мамандық базары» атты сабақ өткізілді.Ал әр тестілеуден кейін оқушылардың көңіл күйлерін байқау үшін «ҰБТ-дан кейінгі әсерім» атты 11 –сынып жеке күнделігі атты ойтолғауларын жазып отырды.Ата-аналар жиналысына да үнемі қатысып отырдым.ата-аналар арасында да 5 сұрақтық анкеталау жасап отырдық,онда олар баласының дайындығы мен нәтижесі , қалай дайындық жасағаны дұрыс болары жайлы өз ойларын ортаға салып отырды.Ал оқу жылы соңына қарай 11 сынып оқушылары өз дайындықтары деңгейі мен уақыт ұтымдылығы бойынша ой бөлісу жасады.

ЗПР жұмысы кезінде Әлжан орта мектебінде осы бағыт бойынша 8-сыныпта -1 ер бала,6-сыныпта-1 қыз бала,5-сыныпта-1 қыз бала, барлығы 3 баламен жұмыс жүргізіледі.Сабақтарына үнемі қатысып ,оқушылардың дамытушылығы жайлы ұстаздармен әңгімелесу жүргізіліп отырылады.

Наркобекеттер бойынша оқушылар кең тараған шылым шегу жайлы,оның зияны жайлы өздері газет,суреттер салып отырады.7-8 сыныптарға осы тақырыпта дерек беріліп «Наша... Ол не?» деген тақырыппен сайыс сабақ өткіздім.ал 9-11 сыныптар аралығында оқушылар газет бетіне осы тақырып аясында басылған мақалалар іздеп ,талқылау жасады. «Мен дені сау ұрпақ болғым келеді» деген тақырыпты алып ,5-8 сынып оқушылары өлеңдер шығарды.

Мектеп кітапханашысымен де үнемі тығыз байланыста болдық, арнайы СПИД,ВИЧ,темекі шегу, нашақорлық жайлы әдебиеттер бұрышы және көрмелер ұйымдасытырылды. Әр оқушы керек кезінде өзіне қажет әдебиетпен қамтамасыз етіліп отырылды

Осы барлық жұмыстар нәтижесі ретінде 7-11 сыныптар аралығында «Анонимдік тестілеу» алдым,нәтижесін өшкімге жария етілмейді..

Барлық жұмыс тәрбие ісінің меңгерушісі, мектеп медбикесі, кітапханашымен өзара тығыз байланыста жасалды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жұмыс жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді де , белгіленген жоспар бойынша барлық жұмыстар атқарылды.Тәрбие ісінің меңгерушісі,мектеп медбикесі,кітапханашымен үнемі байланыста болып отырдық.

1.Құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты жасалған жұмыстар туралы


Биылғы 2011-2012 оқу жылғы жоспар мектеп басшысымен бекітілді. Оқу тәрбие жұмысында тәртіп бұзушылықпен, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Қыркүйек айында ішкі есепте тұрған ерекше назардағы оқушылардың есептен шығару,есепке алу картотека жасақтау мектеп инспектормен ,тәрбие жөніндегі орынбасармен біріге отырып қыркүйек айында ұйымдастыру кезеңімен басталды.Алдымен мектеп оқушыларын мектеп инспекторымен танысу жұмыстары жүргізіп,сабақтан себепсіз қалып отырған оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді. Алайда сабақты тіпті тастап кеткен балалар жоқ екендігі анықталып,тек қана сабаққа кешігіп келетін оқушылар анықталды.Оқу ісінің меңгерушісімен ,сынып жетекшілерімен, мектепішіндегі Балалар ұйымы мүшелерінің талқысына салып,сонымен ата-аналарымен сөйлесіп,енді сабаққа кешікпеулерін қадағалау тапсырылды.Әр оқушы Балалар ұйымының мүшелеріне бекітіліп берілді.

8-11 сынып оқушыларымен профилактика ретінде «Оқушылардың құқықтық жауапкершілігін арттыру» мақсатында тақырыптық сұрақ жауаппен учаскелік инспектор Айтенов С.Т. дәріс оқыды. Учаскелік инспекторы Айтенов С.Т. мен тәрбие жөніндегі орынбасар сабаққа кешігу,мектеп формасын сақтамау,сабақ процесінде кішігірім тәртіпсіздіктер мәселесін қарап, түсінік жұмыстарын жүргізіп отырдық .Қазан айында 8-11сынып оқушыларының ата аналарымен сұқбаттасу,кездесу жұмыстары жүргізіліп, ақыл кеңестер беріп отырды. Әсіресе 11 сынып оқушылары үнемі жоғарғы сынып оқушылары ретінде бақылауда тұрады.9-11 сынып оқушыларымен «Қылмыс және қылмыстың болу себептері» тақырыбында пікірталас қараша айында өткізілді.Сабаққа қатысты тексеру апта сайын жүргізіліп отырды,бұл ретте Балалар ұйымының көмегі зор болды,атап айтса 9-сынып оқушысы Қазбекова Перизат әлеуметтік педагогпен бірлесе үнемі сабаққа қатысу мен кешігулерді күн сайын тексеріп отырды.

Құқықбұзушылыққа бейім оқушыларды анықтау үшін мінездемесін сынып жетекшілерінен алып,бақылау жүргізіліп отырды.Құқықбұзушылыққа байлынысты жасөспірімдер арасындағы мақалалармен уақытында оқушыларды лездемеде таныстырылып отырылды.Мысалы: Шығыс Қазақстан облысындағы болған оқиға таныстырылды.Жанұяның тәрбиесінен тыс қалған,бақылаусыз оқушы қазіргі таңда жоқ.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жолының бірі балаларды дінге бұру,сондықтан биылғы жылы ашылған мешітіміздің де бізге көмегі зор. Мешіт имамы Ысқақов Сәлім жұма күндері оқушыларды жұма намазына келіп уағыз тыңдауға шақырады.

«Дін халықтың рухани негізі» 10-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстелді тарих бірлестігі ұйымдастырды.

Жас өспірімдер инспекциясында есепте оқушы жоқ . Оқушылардың барлығы толықтай үйірмелерге тартылған, өрескел тәртіпсіздік көрсеткен оқушылар жоқ . Оқушыларды үнемі бақылауға ала отырып, назарда ұстау қолға алынды, ата-аналармен мектеп инспекторымен біріге отырып, профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді...




Мектеп директоры: Сарина А.Т.

Соцпедагог: Алькеева А.Т.






Емтихан материалы

8-сынып

І нұсқа

І.Vocabulary

1 space-

2 soil-

3 oil-

4 continent-

5 capital-

6 hobby-

7 flora-

8 fauna-

9 island-

10


















2011-2012 оқу жылы

Әлжан орта мектебі бойынша соцпедагогтың жұмыс есебі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
: «Таби?ат байлы?ы-халы? игілігі»

Автор: Тлеужанова Гульнар Жумабековна

Дата: 24.01.2015

Номер свидетельства: 160502


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства