kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік жетістіктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

Қостанай қаласына 80 жыл толды.

Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

Қостанай қаласына 80 жыл толды.

Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік жетістіктері»

27.10.2021

Сынып сағатының тақырыбы: Табиғат ана не туралы айтып берді

1.Құқықтық ақпараттандыру бағдарламасы. Біздің ережелер.

Сабақтың мақсаты: Халықтың бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты. Адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы. Сондықтан да адамның табиғатты ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр. Осы тәрбие сағаты арқылы оқушыларды атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан табиғатты көзінің қарашығындай сақтау керектігін сезіндіру. Ол үшін қазақ халқының халық педагогикасындағы асыл мұраларды осы тәрбие сағаты арқылы түсіндіру, табиғатқа деген адамгершілігін ояту.

Көрнекілігі : Табиғат туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы:

Мұғалім сөзі:

Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген.

Халқымызыдың мақтанышы болып отырған ғалым Ш.Уәлиханов «Табиғат пен адам! Өзіңізт айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттың кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен.Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерлі «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

1-оқушы

Қасиетті сөз бар еді «Кие» деген,

(Күйеліге жоламас күйе деген).

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді ерен.

2-оқушы

Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген.

Көкті жұлма болады обал деген!

Ата-анамыз жыланға үйге келген,

Ақ сүт құйып басына «жоғал» деген.

Мұғалім:

Табиғатқа байланысты халық даналығы  ырымдар мен тыйымдар.

Ұя бұзба

Суға түкірме

Жас шыбықты кеспе

Құмырсқаның илеуін бұзба

Аққуды атпа

3-оқушы

Бабалардан қалған сөз,

Дей көрмеңдер : «Жалған сөз!»,

Баршаға бар пайдасы,

Бабалар құп алған сөз!

Сақта сөзімді есте,

Өсіп тұрған далада

Жалғыз ағашты кеспе!

4-оқушы

«Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!» — деп

Ұрсушы еді менің анам күйгелек.

«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын,

Шыққанымда «тұлпарымды» сүйрелеп.

«Ұя бұзба, бұзба» — деймін балама

Өсиетің қандай ғажап, жан ана!

5-оқушы

Тал-теректі тамырынан қиятын

Тас жүректер әлі де көп арада.

-Бұзба! – дейді аспан түгел, жер түгел!

Сол өтініш адамды еске келтірер,

Анам болып Ұлы Отаным сөйлейді:

-Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел!

6-оқушы

Шымды жерде көресіз қара топырақ,

Шіріген шөп, тозаңнан болған құрақ.

Егер оған дым тиіп, күн жылытса,

Жан кіріп, шөп шығады, гүл, жапырақ

7-оқушы

  Жаның сая табатын

Орман болған бұл ағаш.

Қорыққанда жалғызға,

Қорған болған бұл ағаш.

Нәсіп болған бұл ағаш,

Бесік болған бұл ағаш.

8-оқушы

Найзасына батырдың

Сап та болған бұл ағаш.

Қаріп пенен кесерге

Қуат болған бұл ағаш

9-оқушы

   Киінген келіншектей оқалы орман,

Гүлді орман жанға сая, малға қорған.

Бабамыз бауырнда малын бағып,

Үй салып, құрық алып, уық жонған.

10-оқушы

Осында табиғаттың бар асылы,

Көркейген келбетімен дала сыны.

Ақ қайың, жасыл желек қарағайлар,

Секілді-ау көзіміздің қарашығы.

11-оқушы

Ертеден қалған өсиет сөздерде «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрапағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.

12-оқушы

— Құсың қайда қарағым-ау?

- Атпадым…

- Көп еді ғой көлде де құс…

- Көп екен.

- Неге атпадың?

- Түк дәлелім жоқ екен.

- Атуға сен қимадың ба?

- Қимадым.

Туған жердің құстарын да сыйладым.

13-оқушы

   Көз алдымда жатты талай сұлулар,

Қайта оларды тірілтетін кімің бар?

О, дамдар, тағыларға жем етпей,

Сұлулықтың күзетінде тұрыңдар.

14-оқушы

Біздің міндетіміз :

Хормен :              Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз!

1.Құқықтық ақпараттандыру бағдарламасы. Біздің ережелер.

Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье,И.Кант,Т.Джефферсон сияқты
Ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен
Бостандықтарын қорғаған.Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардыңқұқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев»Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді..

Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.
8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне жәнеөміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар
1-маусым-Балаларды қорғаудыңхалықаралықкүні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан-Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады.
1979 жылы-Балалардың халықаралық жылы өтті.
20-қараша 1989жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
28-қаңтар 1993жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.
30-тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.
Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық.. Қазақ ұлты қайырымдылықты,ымырашылдықты қолдайды. Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді.




















20.10.2021

Сынып сағатының тақырыбы: Әдептілік –әдемілік

2.Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы Өрт неден пайда болады?

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;
2. Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
3. Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;
4. Дүниетанымдарын кеңейту;
Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мұғалімнің кіріспесі.
а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.
2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам
кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;
б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.
г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,
басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.
«Жалғастыр» ойыны.
І. Жүргізуші:
Тәрбие сағатын әдептілік туралы өлең шумақтарымен ашайық.
- Әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде оқушы пікірін тыңдайық.
1 - оқушы:
Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2 – оқушы: 
Мен Айымның пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? 
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті. 
3 – оқушы:
Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.
4 – Оқушы:
Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?
5 – Оқушы:
Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтың дәстүр, халықтың әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.
6 – Оқушы:
Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?
7 – оқушы:
Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.
8 – оқушы:
Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.
ІІ жүргізуші: Басқа сыныптастарымыз не айтар екен.
9 - оқушы:
Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
10 – оқушы:
Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

1. Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну
ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
2. Өздерінің жөнді – жөнсіз қылықтарын айту
3. Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Сәлем – сөз анасы.


2.Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы Өрт неден пайда болады?


ҮЙДЕГІ ӨРТ

        Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:

Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.

Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.

Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.

Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.

Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.

Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.

Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.

 Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,

жиі дем алу, жүрек айналуы, сананы жоғалту.

 

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.

Сіздің әрекетіңіз:

1.      Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.

2.      Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.

3.      Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.

4.      Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.

 

    ЖИҺАЗ ЖАНУЫ

        Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және синтетикалық смоламен сіңірген, сондықтан бұл жиһаз жанған жағдайда қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:

         Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны жандырып жібереді.

          Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз немесе сумен төкпеңіз. Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек. 

    АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ

Сіздің әрекетіңіз:

         Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.

 












































13.10.2021

Сынып сағатының тақырыбы:Менің қоршаған ортам

2. Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Жаяу жүргінші өтпелері.

2. Рухани- жыныстық тәрбие бағдарламасы Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.

Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;

оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;

Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең

Мұғалім:Мен және айналадағы әлем сөйлемін қалай түсінеміз?

Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек деп қорытамыз жауапты.
«Сиқырлы қобдиша» ойыны

Қазір біз жақсы бір ойын ұйымдастырайық. Тапсырманы орындау үшін қобдиша керек, оның ішінде айна болады. Қатысушы оқушыларға көздерін жұмуды ұсынамын. Қазір сіздер мына қобдишаны бір-бірлеріңіздің қолдарыңызға бересіздер.Әр оқушы қолына келген қобдишаны ашып, ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай сиқырлы өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер және оған күліп қарауларыңыз керек. Барлық оқушылар қобдишаға қарап болған соң сұрақ қоямын: Сіздер жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіздер? Жан-жақты, қайталанбайтын бейне кім болып шықты? Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады?

Қорытынды ой-түйін. Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне. Сондықтан, өмірімізді дұрыс көзқараспен, сыйластықпен қарым-қатынас жасауымыз керек. Өзін және басқалардың өмірін жоғары бағалап, бар болмысымен қабылдай білу, бір-бірімізге шыдамдылықпен, сыйластықпен қарай білу - біздің айналадағы әлеммен үндестікке өмір сүруіміздің бірден бір кепілі. Ал айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу – жетістікке жетудің, жеке тұлға болып кемелденуіміздің алғышарты және маңызды ереже.

«Менің жағымды және жағымсыз қасиеттерім»

Өзіңді және өзгелерді бар болмысымен қабылдай білу үшін ең алдымен өзімізде бар қасиеттерді таразылап жұмыс жасай білуіміз керек. Менің жағымды қасиеттерім, жағымсыз қасиеттерім деп өз бойымыздағы құндылықтарымызды саралап көрелік.

- Өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерге қарап ойланып көрейік, осы қасиеттен қалай арылуға, немесе түзетуге болады? Адамда ниет, талпыныс болса, мақсатты жүзеге асыруға әбден болады. Ендеше, қазіргі сәтте арылғымыз келетін қасиеттер бөлімін жыртып, қоқыс жәшігіне тастайық. Міне, осылай бойдағы жағымсыз қасиеттерден арыламыз, тек жақсы қасиеттер ғана өзімізде қалды деп сенейік. Өзімізді жақсы сезіндік пе? Олай болса, өз мінез-құлқымызды өзгертіп, түзетіп отыру – өз қолымызды. Ал бұлайша өзін-өз тәрбиелеу жұмысымен үздіксіз айналысып отыратын болсақ, бұл өз кезегінде айналамыздағы әлем үшін көп жақсы әсерін тигізері сөзсіз.

«Эмоциялар теңізінде»

Дәл қазір қандай сезімдесіздер?

Тағы қандай сезімдерді білеміз?

Жақсы сезімдерді сонан соң жаман сезінулерді айтайықшы. Жақсы сезімдерді айтқанды, өзімізді қалай сезіндік? Жаман сезімдерді айтуда қалай болды?

Ал енді бойымызды билеген жаман сезінулерден, қорқыныштан арылайық. Қолымызды, денемізді, аяқтарымызды сілкіп-сілкіп тастаймыз. Бәріміз бірігіп хормен

«Өмір қандай тамаша!  Өмір маған қымбат!  Менің өмір сүргім келеді.    Мен өмірді таңдаймын!»  –   деп айтамыз.

Бақытқа жетер баспалдақтың алғашқы сатысы да әркімнің дүниені тануында жатса керек...  «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген қазақ, жақсылықты көре білу, әр жағдайдан жақсылық тауып, шығар жол таба білу де – тектіліктің, ерік-жігерліліктің көрінісі болса керек.

«Ашкөз балық» ертегі терапиясы.

Ерте, ерте, ертеде, теңізде бір балық патшалық құрыпты. Ол өзі мекендеген теңіздегі балықтардың барлығын күніге дәмді асына айналдырады екен. Күніге балықтарды жеп, әбден семіріпті. Бір күні өзенге бір бала балық аулауға келеді, әлгі балықты торға түсіреді. Осы жерден зерттелушілер ертегіні жалғастыруы қажет. А4 параққа балықтың суретін салу керек.

“Өзіммен - өзім”

Сәл өзімізбен өзіміз болайық.
Тынышталып, еркін тыныс алып,
Көзімізді біраз жұмып, жайлап дем алайық.
«Мен өміріме ризамын, себебі ең бірінші өзімнің бар екендігіме осы дүниеде өмір сүретіндігіме қуанамын. Мен өміріме ризамын, себебі өзімді дүниеге алып келген ата - анам бар, олар мені жанындай жақсы көретіндігіне сенімдімін. Мен өмірге ризамын, себебі достарым бар. Мен өмірге ризамын. Әсем табиғатты жерімнің барына, күннің әдемі шуағына, таңымның арайлап атқанына. Мен өмірге ризамын,”Еліміздің тыныштығына, денімнің саулығына,”Егеменді елім, туған жерім барына. Мен өмірге ризамын, өмірде бар болғаныма!»


2. Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Жаяу жүргінші өтпелері.

Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда – қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады.

Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінең, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікке жақындап қалған  көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады.

Көлік  жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өту кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа, көлік құралдары үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс

Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу жүргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады

Егер көлік құралы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесі алдында аялдаса немесе қозғалысын баяулатса, көрші жол жолағы бойымен қозғалушы басқа көлік құралдарының жүргізушілері аялдаған немесе қозғалысын баяулатқан көлік құралының алдында жаяу жүргіншінің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалысын жалғастыра алады.

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай. Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен (көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай — бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады. Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен (көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай — бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

Көлік жүретін белікке шыққаннан кейін жаяу жүргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп етуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы келік легін бөлетін сызықта аял-дауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз екендігіне кез жеткізгеннен кейін бағдаршамның (реттеушінің) сигналын ескеріп, жолдан етуді жалғастыруға болады. Жарқылдайтын кек маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы келік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан етпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы келік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай келікжүретін белікті босатуы тиіс. Маршруттық көлік құралы мен таксиді келік жүретін белікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда — тротуарда немесе жол жағасын-датұрып күтуге рұқсатетіледі. Биігірекотырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялда-ма пункттерінде көлік құралына отыру үшін келікжүретін бөлікке шығуға ол тоқтағаннан кейін ғана рұқсатетіледі. Түскеннен кейін келікжүретін бөлікті кідірместен босату керек.

2. Рухани- жыныстық тәрбие бағдарламасы Қоршаған ортамен таныстыру

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқым. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан екшеленіп, сыналып, електен өтіп бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйымдарды адамгершілік тәрбиесінде пайдаланып келген халық педагогикасы бүгінде өз маңыздылығын жойған жоқ.

Тәрбие жалпыға ортақ қасиет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген еді.

Еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет етеді.Еліміздің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «Тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру»- деп көрсетуі, бүгінгі әрбір қазақ баласының өзінің ана тілінде, өз діні мен діліне сай үйлесімді тәрбиелеуді көздейді. Осы ұлттық тәлім-тәрбиенің жетістіктерін отбасы мен білім беру саласында кең түрде пайдаланбауымыздың салдарынан жастар арасында мейірімсіздік, ізгілік, адамгершілік нормаларынан ауытқулық, кісілік қасиеттер төмендеп кеткенін аңғару қиын емес.

Бүгінгі қоғам – жаңа қоғам. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жолдан жаңа арнаға түсу біршама қиындық тудыратындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр.Атқаратын да,сәт сайын айтатын да әрі маңызды мәселелердің бірі - бала тәрбиесі. Қоғам – адаммен ғана қоғам бола алады. Ал қоғамның негізгі байлығы –адам, оның ішінде жас ұрпақ. Ұлы ағартушы

Ахмет Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген еді. Бүкіл елдің кемел келешегі болатын балаларды тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру қандай қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі міндеттердің бірегейі болмақ. Бұл жөнінде де А. Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса – мектебі һәм сондай болмақшы» деген анықтаманы көрегендікпен әлде қашан беріп қойған. Ғасырлар бойы халқымыз өз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді тәрбиенің өзегі , алтын діңгегі десе де болады. Шәкәрім: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді», - деп есептеген. Тәрбие жұмысын жүргізуде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттардың көптеп шығарылуы да тәрбие мамандарына көп міндет жүктесе керек.

Қоғамдық өмір құбылыстары
Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту. Бала айналасына жақын адамдардың үйдегі және балабақшадағы еңбегі туралы ұғымдарын қалыптастыру. Жекелеген еңбек әрекеттерін (анам киіп тігеді, кір жуады, үтіктейді; мейірбике градусник қояды, ине салады; күтуші ыдыс-аяқ жуады; дәрігер емдейді; жүргізуші машина жүргізеді; аспазшы ас пісіреді және т.б.) тануға және атай білуге жаттықтыру.
Балалардың жекелеген еңбек үдерістері туралы ұғымдарын тереңдету, оларды еңбек нәтижесін көруге, әрекеттерді белгілі бір біртінділікпен орындауға және бұл үшін еңбекке қажетті құралдар, материалдардың бар екенін түсінуге үйрету.
Қоршаған ортадағы заттар
Баланың заттарды, нысаналарды және айналасындағы құбылыстарды зерттеу ниетіне қолдау көрсету, заттардың қолданылуымен және олармен әрекет жасаумен таныстыру.
Үй тұрмысына қажетті заттарды (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.), ойыншықтарды, еңбек құралдарын (сыпыртқы, сыпырғыш, күрек, су сепкіш, шелек және т.б.) қарауды ұйымдастыру. Балаларды үй тұрмысына қажетті заттарды бағдарлауға: заттарды және олардың қасиетін - қарапайым түрдегі пішінін, құрылысын, ашық түсін, көлемін танып, атауға; заттарды пішініне, түсіне, көлеміне, қолданылуына байланысты іріктеп алып, топтастыруға; қарама-қарсы белгілері бойынша (үлкен-кіші, қатты-жұмсақ) олардың арасындағы қатынасын орнатуға; бүтінді және бөлшекті (матрешкалар, қима суреттер), заттармен, материалдармен әрекет жасауды атауға, қарама-қарсы әрекеттерді (киіну - шешіну, ағыту - түймелеу) ажыратуға үйрету.






06.10.2021

Сынып сағатының тақырыбы: Ұстаз аты –биік, әрі мәңгілік

Мақсаты:

Мақсаты: Бүкіл  адамзат  баласы бас иер асыл  тұлға ұстаздарын ерен еңбегін, мол қадірін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне  білуге  үйрету, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.  

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, суреттер.

Әдістері: сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

Мұғалім:Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1-оқушы: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

2-оқушы: Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

3-оқушы: Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

4-оқушы: Кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

5-оқушы: Мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                            

 Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

6-оқушы:   Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

7-оқушы: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

                  Мұғалімді ардақтайды барша жан

                  Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

                  Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

                   Бала десе ойламайды өз қамын

                   Керсем дейді күнге де кол созғанын            

                   Шәкірттерін өзінен де озғанын.  

 8-оқушы: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                  Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                  Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

9-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

10-оқушы: Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

 11-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

12-оқушы:   Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

13-оқушы: Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

14-оқушы: Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

15-оқушы: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.







29.09.2021

Сынып сағатының тақырыбы: Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Мақсаты:1.Жас ұрпақты ата – баба дәстүрімен тәрбиелеу.

2.Ата – анамен байланысты нығайту, оқушыларды жан – жақты дамыту.

3.Адамгершілікке тәрбиелеу , әже тәрбиесін үлгі ету.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, суреттер.

Әдістері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу.

Барысы:

І.Ұйымдастыру.
Мұғалім : Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Бала – өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де, халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің салт – дәстүр, әдет – ғұрпын қалыптастырған. Әже тәрбиесінің бала өмірінде орны ерекше. Әже тәрбиесін көрген бала болашақта ізетті, өнегелі адам болып өсуіне күмән жоқ. 1-қазан Қарттар күні.
Қарттар жүрсін ортада
Өткенді көрген шежіре
Аман-сау болсын әрқашан
Сыйлаған бақыт біздерге,

1-оқушы:

Қарттарым асыл – қазынам паналарым,

Құрметтейміз сіздерді  даналарым.

Көңілдің ағысынан құласаңда,

Өмірдің биігінен құламағын.

2-оқушы:

Әжетай мейірің көп тыңдырған

Біз үшін қиындықтан шаршамаған

Жылуын жүрегіңнің аямадың

Өзіне борышы көпбалаларды.

 3-оқушы:

Жан жуытпай маңына

Ас сақтайды кәрі әжем

«Бес» ап келсем алдында

Биіктейді дәрежем.

 4-оқушы:

Мейірімі жел жібек

Күндей ыстық құшағы

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным деп құшады.

 5-оқушы:

Менің атам шыдамды

Қысылмайды қысыңа.

Қыс туралы қыраулы

Кірпігінің ұшында.

 6-оқушы:

Менің әжем ақ әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әже.

Қарт әжелерге сөз беру

7-оқушы:Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Қарттар – біздің асыл қазынамыз.

Мұғалім: Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

8- оқушы: Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.

Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.

9-оқушы: Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

10-оқушы:  Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

Мұғалім:Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын — жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!







22.09.2021

Сынып сағатының тақырыбы: Табиғатты аялайық

1.Рухани- жыныстық тәрбие бағдарламасы Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру,зиянды заттардан аулақ болуға, оттың адамға жау екендігін,сонымен қатар пайдасымен де танысытыру, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу, өрт қауіпсіздігін үнемі сақтап жүруге тәрбиелеу.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында болып отыр.
1-оқушы : Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
2-оқушы: Жер ана мен өз анаң егіз екен, 
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді, 
Осыны өзім өмірге негіз етем.
3-оқушы: Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап, 
Сәулесін құйған санаға.
4-оқушы: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
5-оқушы: Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
6-оқушы: Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
7-оқушы: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
8-оқушы Табиғат тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай.
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
9-оқушы: Табиғат та әке болып еңіреп, 
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен, 
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
10-оқушы: Табиғат - әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын - дегендей кезекті биге береміз.
11-оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
12-оқушы: Табиғаттың тынысы кең, тілі бай, 
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
Табиғаттың құшағы кең шуақты
Көргенім жоқ оған теңдес қуатты
Күйіп-пісіп табиғат та кейде бір
Адамдарша күңіренетін сияқты.
13-оқушы: Табиғатты тарих талай сынаған
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған
Табиғат та әке болып еңіреп
Табиғат та ана болып жылап
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен, 
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.

Шығармашылық тапсырма: «Табиғатты қорғау –әр адамның парызы»
14-оқушы: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.

Динара: Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды.От жаққан жерді сөндірмей қалдыру, оның түтіні ауаны ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар. Табиғатты бүлдіретін де өзіміз екен.

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшінтабиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!

«Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

1.Рухани- жыныстық тәрбие бағдарламасы Қоршаған ортамен таныстыру

Мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып бүлдіршіндерін қоршаған ортамын таныстыра отырып, экологиялық тәрбие беру, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. 1 сынып тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.

Табиғат- сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.

Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма» болмаса «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар» — деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.

Экологиялық тәрбие мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде жүргізілетіндіктен бақылау, мақсаты серуеннің соңы ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының жас ерекшелігіне орай алынған ойын түрлері, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.

Балалардың көңілін өсіріп, ойын сергіту мақсатындағы бағдарлаудың мазмұнына сай тәулік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Уақыт бойынша бағдарлай білу, адам тәрбиелілігінің көрсеткіші атты қағиданы басшылыққы ала жүргізіледі. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қорғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптарда қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғат заңдылығының шынайы құндылығы. Қоршаған ортамен таныстыру және экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысының жүйкелі жүргізілуіне бағыт –бағдар береді.

 







15.09.2021

Сынып сағатының тақырыбы: Тіл ең асыл құндылық

1.Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы От адамның досы және жауы

 Мақсаты:          1.  Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру.

                            2.  Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.

Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

 Көрнекілігі:  1.  Бес арыстың портреті.

                        2. қанатты сөздер жазылған плакаттар: «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ.

  3. Қазақтың ұлттық киімдері

Мұғалім:  Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез келген мемлекет өзінің территориялық салт – дәстүрін, ана ті-лін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Ал, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.

1-оқушы Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.

2-оқушы Ана тілі — туған тілім, бас тілім.

Сен арқылы дүние танып, талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірімде таусылмайтын асылым.

3-оқушы Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

4-оқушы  Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

5-оқушыТағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болуы керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбынды

Туған тілі – сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр салт – санасы – тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

6-оқушыЖәне туған тарихи еске алуғақаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.

7-оқушыХалықтың тарихта қалуы тітіліне байланысты.Тіл халықтың

жаны ,сәні . Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені халқымыз дәрежеге емес , дәстүрге бағынған.

8-оқушыЕліміз – Қазақстан  Республикасы Егеменді ел атанып , ана тілімізге Мемлекеттік статус берілді.  «Тіл туралы заң» қабылданды.

9-оқушыҚуан далам!

Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста

Мұңды жүрек түндігін

«Тіл туралы»

Заңым енді күшіне

Паш еткендей

Кескен жаңа кіндігін.

     10-оқушыҚуан бабам!

Қуанатын жөнің бар.

Деген едің

Тіл бар жерде өмір бар.

Халық жауы атандық – ау

Сол үшін ғұмырыңды

Құрбан етіп жолында ар.

11-оқушы Ақыл – ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілің ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

12-оқушы Өсірген ой – білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің ,

Мәнін терең білуді.

13-оқушы   

 Ана тілің біліп қой

 Еркіндігің теңдігің,

 Ана тілің біліп  қой

 Мақтанышың , елдігің.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің- бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім.  (Дихан Әбіловтың «Туған тілім!»

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім

Туған тілім – анам  тілі - өз тілім.

Туған тілім – заман тілі - өз тілім.

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Өз тілімдей қайда екен еркін басар

Тілім барда еркіме кім таласар.

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар. 

Әнұран орындалады

1.Өрт қауіпсіздігін оқыту бағдарламасы От адамның досы және жауы

Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері. От – адамның досы және жауы. Отпен абайлаушылық шаралары. Баланың отпен ойнауы және оның салдары. Үйде, мектепте, көлікте өрт туындаған жағдайда қандай іс-қимыл жасау керек. Өрт сөндіру күзетін шақыру – 01. Өрт сөндіретін құралды қалай дұрыс қолдану керек.

« Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі)
Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Шырпымен ойнаса;3.Үтікті қосып кетіп қалса;4.Газды ашық қалдырып кетсе;

Ойыннан от шығады» атты бұл бетте Дидар баланың шырпымен ойнаймын деп, ойынның арты өртке айналғанын, өзі кеш түсініп бармағын тістейтіні туралы сөз етеміз.
1-оқушы: Ойын түбі –от.
Дидар бала бір күні
Көріп қалды кірпіні.
Қолына алды шырпыны.
Дидар: Кірпішекті шырпымен
Өртейін мен, жағайын.Лап етіп кірпі жанғанда,
Қызыққа мен батайын.

2-оқушы:Сөйтті дағы
Кірпінің жанына барып
Шырпыны лезде алып
Тұтатқанда кірпіні,
Бара жатты жанып.

3-оқушы:Жанталасты байғұс кірпі,
Ауладағы мая шөптің
Арасына барып кірді.
Шөп тұтанып лаулап жанып
Жұрттың бәрін дүрліктірді.

4-оқушы:Қатты састы Дидар бала
Өртке оранып мая кетті.
Көрші үйдегі құрбысына
Болған жайды баян етті.

Дидар:Кірпіменен ойнағанмын,
Не боларын ойламадым.
Өкінгеннен қандай пайда
Енді қайттім қиналамын?!

Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді.

Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?
























08.09.2021

Сынып сағатының тақырыбы: Біз жас инспектормыз

1.Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Көше күтпеген оқиғаларға толы.

Сабақтың мақсаты: 1.Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түсініктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Үйден мектепке барар жолда жолда жүру ережесін сақтап жүруге үйрету.
2. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.

3. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер (жол, тротуар, бордюр, зебра), Бағдаршам, жол белгілері, схема

Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе.

Мұғалім: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.
- Балалар, жол деген не?
5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
7 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)
деп атайды.

Мұғалім:
Бүгін біздерге мемлекеттік авто инспекция қызметкері келді. Ол сендерге жолда жүру тәртібі туралы айтып өтеді
МАИ қызметкері:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
-  Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.

Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін  өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2. Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.

6. Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.

7. Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.
МАИ қызметкері:
- Оқушылар, сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме?
Жол тәртібін сақтап, өз өмірлеріңізге қамқор болатындарына сенімдімін.

«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1. Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр.
2. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.
Есіңе сақта.
• Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.

«Бағдаршам» ойыны: (Балалар жүргізушілер. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе – тұра қалады. Сары – оң аяқтарын көтереді. Жасылда – аяқтарын тап тап басады)
Ойын бірнеше рет қайталанады.

Жұмбақтар

1.   Ала таяқ ұстаған,                                                       

Жол тәртібін нұсқаған.                                                        

Өміріңді  күзеткен,                  

2.Ысқырығы күшті адам .  (Милиционер)
Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам) 

3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

5.     Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6.     Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. 
«Бағдаршам»

7. Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

8) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмін ол менің Аяғымды жүргізді. (Велосипед)

9) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед)

10 Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)

11.Өзі тым күшті, Аяғы тісті.

Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор)

12.Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

Жолда жүру ережесін сақтау.Бекіту сұрақтарына жауап беру
2.Жолда бағыт сілтейтін қандай құрал? Бағдаршам
3.Бағдаршамда қанша жарық шамы болады? 3
4.Көшенің келесі бетіне қандай белгі арқылы өтеміз? Арнайы жолақпен
5.Жолда жүргенде қандай ережені сақтау керек?Сабырлы, аспай саспай жүру
6.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
7.Жиек жол деген не?Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
8. Көше тәртібін не басқарады? Бағдаршам Реттеуші деген кім?Жол полициясы
10.Бағдаршамның түстерін рет-ретімен атаңдар? Қызыл,сары,жасыл
11.Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?Әуелі сол жаққа,содан кейіноң жаққа қараймыз.
12.Бағдаршамның жасыл көзі не дейді? «жүр» 
13.Қандай көліктің түрлеріне қызыл жарығына жүруге рұхсат етіледі?(Жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция)
14.Жаяу жүргінші жлдан қалай жүріп тұруы тиіс?(Жиекжолдың оң жақ шетімен) 
15.Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жол полициясы ...

Жол белгілері бойынша балалар түсінік береді

Ескерту белгісі:
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Нұсқау белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолында
Абай бол, шартымды міндетті орында.
Ақпаратты-көрсеткіш белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.


1. Жолда жүру ережесін оқыту бағдарламасы. Көше күтпеген оқиғаларға толы.

Біз тұратын қала, кент. Мектеп орналасқан шағын аудандағы негізгі көшелер.Көшеде неліктен қауіпті. Жол қозғалысы ережелерін неліктен білуге және орындауға тиіспіз.Көше элементтері: жүргін бөлік, тротуар. Жаяу жүргіншілер қоршаулары. Көшедегі қауіпсіздік. Тротуарда қалай

дұрыс жүру, жүргін бөлікті қалай дұрыс кесіп жүріп өту керек.Мектепке және үйге неғұрлым қауіпсіз жол. Нақты бағдарды талдау. Бірі екіншісіне көмектеседі (көшені өзің кесіп жүріп өте алмасаң – ересек адамнан көмек сұра).

Көшедегі тәртіп – қауіпсіз қозғалыс кепілі. Мұқият және абай бол!

Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерін білу. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
- Балалар, жол деген не?
5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?
7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.































01.09.2021

Сынып сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»

Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру

Барысы:

Мұғалім:

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені:

Саламатсыздар ма,құрметті аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі алғашқы қоңырау салтанаты. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.)

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл - Фараби, Омар, ғалым Абай да.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.

Қазақстан жетістіктері:

1991 жыл:

1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1994 жыл:

Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.

Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.

1995 жыл:

ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.

1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.

30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл:

-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.

1997 жыл:

Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.

-20-маусым «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

Көші-қон және демографиялық агенттігі құрылды.

10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

Білім заңы қабылданды.

11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.

2002 жыл:

Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.

«Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.

Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

2013 жыл:

«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.

2016 жыл:

Тәуелсіздікке 25 жыл толды.

Қостанай қаласына 80 жыл толды.

Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.

2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осылайша, Жастар жылы аясында жас қазақстандықтарға жеңілдікпен баспана алуға мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар кәсіп ашып, үкімет тарапынан түрлі гранттық бағдарламалар ұсынылды.

2019 жылы 19 наурызда Қазақстанды 28 жыл бойына басқарған еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент ретінде өкілеттігін тоқтатты. Сөйтіп, Орта Азиядағы тақтан өз еркімен бас тартқан тұңғыш президент атанды. Дегенмен, ол Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне, бұдан бөлек елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие. Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі.

2019 жылы сол кездегі уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтәп, Қазақстан астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертілді. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.:

Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын! Сау болыңыздар!










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Тәуелсіздік жетістіктері

Автор: Тыныштықова Жайнагүл Әлімжанқызы

Дата: 29.10.2021

Номер свидетельства: 590037

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(27) "t_uelsizdik_zhetistikteri_9"
    ["file_id"] => string(6) "591366"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1636910972"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""30 жылдағы жетістіктер. Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(50) "30_zhyldagy_zhetistikter_t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "587428"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1632480161"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Ашық тәрбие сағатының тақырыбы"Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(59) "ashyk_t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_zhetistikteri_1"
    ["file_id"] => string(6) "589952"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1635474662"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Тәуелсіздік- жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(25) "t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "587233"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1632305730"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:«Тәуелсіздік жетістіктері»"
    ["seo_title"] => string(57) "ashyk_t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "589941"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1635447299"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства