kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты.Тақырыбы:"Әжелер сайысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты 

Тақырыбы:Әжелер сайысы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты.Тақырыбы:"Әжелер сайысы"»

Абылова Г.К

Әжелер сайысы

Мақсаты: Оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.  Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік   қасиеттерін сіңіру.

Көрнекіліктері:  Слайд, оқушылар шығармашылығынан көрме.

 Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті әжелер, армысыздар,

Бәріңізде есен-саумысыздар.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.

Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.

Төрлетіңіз қадірменді әжелер

Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге.

                                  Бала деген бал екен.

                                  Бал дегенің бала екен.

                                  Немеренің бойында

                                 Бар жақсылық бар екен.

                                 Туған балаң жай ғана.

                                  Демесең де жат бөтен.

                                 Нағыз бала ойласаң,

                                 «Немере» екен тәтті екен.

 Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін  жүрегіне теңейтін де әже.  Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі  көпшілік үшін тәбәрік деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп тілек айтамын. Аида Әжемнің саясында ер жеттім мен Аялы ақ бесікте тербетілген Әжемдей ақ ниетті абзал жанды Таппаймын айналсам да жер бетінен. 2 –сыныптар арасында  өткізілгелі отырған «Асыл әже,дана әже» атты әжелер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Енді сіздерді бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған әжелермен таныстырайын.

1.Болатайқызы Тоғжан . Әжесі

  • Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек.

Біздің сайысымыз 6  кезеңнен тұрады.

«Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру)
«Көтерейік көңілді ән-жырменен» (өнер сайысы)
«Білгенге маржан» (мақал-мәтелді жалғастыру)
«Өнерлі саусақтар» (ою-өрнек жасау)
«Мықты болсаң, тауып көр» (әр түрлі тапсырмаларды орындау)
«Жақсы сөз, жарым ырыс» (бата беру)

І кезең.   «Сәлем сөздің анасы».

Өнер қуып әжелер өтер дейміз.

                                           Бір басына өнері жетер дейміз.

                                           Сайысқа келген әжелер кезектесіп,

                                          Таныстырып өздерін өтсе дейміз. (таныстыру).

ІІ кезең.  «Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын»

(әжелер қағаздан ою-өрнек қияды, немересі дайын оюдан өрнек  құрастырады). Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда Қол өнер әдемі сәнділікпен Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей біздің ІІ кезеңіміз «Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын»  деп аталады.

 ІІІ кезең.  «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» деп аталады ( әжелер мақал- мәтелдер айтады, немересі тыйым сөздер айтады). ІV кезең.   «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерлерін ортаға салады.

Даусың қандай сырлы еді

                                  Табиғатты тыңдатқан

                                   Көркің қандай нұрлы еді?

                                   Таң шолпанмен астасқан

                                   Өнеріңді кәне бүгін көрсетші

                                   Мына жұртқа қошеметпен қол соққан.


Әжелер қағаздан ою-өрнек қияды, немересі дайын оюдан өрнек құрастырады.

 2 «Ж» сынып оқушысы Гүлімнің биін тамашалаңыздар

 ІІІ кезең.  Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер, мақал –мәтелдер.  Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің келесі кезеңіміз.

«Халық тәлім-тәрбие бастауы» деп аталады  әжелеріміз мақал-

мәтелдер айтады, немересі өздері білетін тыйым сөздер айтады.

 ІV кезең.   «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерлерін ортаға салады.

Ержан

Тентек болсам,ашылып, Жақсы іс қылсам,асырып, Маған сақтап жүреді, Тәттісінде жасырып.

Көркем

Ана жанын әже болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол биік құзар шың.

Немере үшін кеуде керіп мақтанып,

Немере үшін биіктен де құларсың.

– дей отырып бүгінгі сайысымыз да  мәреге жетті. Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті деп есептеймін. Енді сайыс қорытындысы шыққанша  «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

 Көне көз әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге тілек айтқызу) II кезең – «Өнерлі - өрге жүзер» - өз өнерін көрсету.

Өнер білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, әжелердің сайысында

Мәнерлеп оқу сайысы

Құрт пен майын жинаған Балаларға сыйлаған Бұл әжемнің өмірі Таусылмайтын жыр маған.

Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремі

Әжем менің сымбатты

Әжем менің қымбатты

Құртпен майын жинайды

Біздерге оны сыйлайды

5 кезең. Көп жасағаннан сұрама,көпті көргеннен сұра (сұрақ-жауап)

  • Ананың сүті бал, Баланың тілі бал. Анаңа ауыр сөз айтпа

Атаңа ауыр жүк артпа.

  • Анасын көріп, қызын ал

Аяғын көріп асын іш.

  • Бала, баланың ісі шала.

  • Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін.

  • Баланың жақсысы - қызық, Жаманы – күйік.

  • Бала күлкіге тоймас Болбыр ұйқыға тоймас.

*Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді
2. Қолыңмен істегенді, 
Мойныңмен көтер.
4. Нағашымен күрессе жиені жығылар.
5. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
6. Тойға барсаң бұрын бар, 
Бұрын барсаң орын бар.
7. Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан жаңа.
8. Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.
9. Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

                              

4-ші бөлім «Көкпар» (сұрақ -жауап)

.Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді?(жаңа күн)

  • 21-наурыз түні қалай аталады? (қыдыр түні)

  • Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам? (наурыз көже)

  • Екі адамның сөз өнерімен жарысу(айтыс)

  • Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)

  • Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері?(балаға ат қою,шілдехана,бесік тойы,сүндетке отырғызу тойы т.б.)

  • Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай?(сақинаға тас қойылмайды)

 Ырым - тыйымдар

  • Жаңа туған нәрестенің бас жағына ырымдап қандай заттарды қоямыз? Және не себепті? (Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышұан келмейді деп жорыған).

  • Сәби шалқасынан жатып башайын тістесе, халық оны неге балап ырымдайды? (оны «үйірін шақырып жатыр» деп ырымдайды, оның соңынан тағы бір бала келеді деген ұғым бар);

  • Егер, үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, халық оны не деп ырымдайды? (үйге береке, ырыс, байлық келеді дейді, оны төрге апарып үш рет аунатады).

  •   «Әже әлдиі» немереге арнап өлең шумақтарын айту.

Бата беру

  • Сайыс қортындысын тыңдау. Әжелерді құттықтау (сөз беру).

  • Әжелерді марапаттау.

  • Әже мерейі күн көзімен пара-пар,

  • Тұла бойға қуат беріп таралар.

  • Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,

  • Көп жасаңыз,ақ ниетті апалар, – дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан аяулы асыл әжелерімізге, апаларымызға көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі-өнегелеріңізді өскелең  ұрпақ жалғастырады деп айтуға болады.

КММ «№19 жалпы орта білім беретін мектеп »






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағаты.Тақырыбы:"Әжелер сайысы"

Автор: Абылова Гульсим Кырыкбаевна

Дата: 21.01.2018

Номер свидетельства: 451494


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства