Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: Елін сүйген елбасы 4 сынып»
Тақырыбы: «Елі сүйген – Елбасы!»
К.С.Курчумбаева,
«Винное орта мектебі» КММ-нің мұғалімі
Мақсаты:Білімділік:балаларға Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, ұлы тұлға екенін таныту.
Тәрбиелік:мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерте отырып, Отанын сүюге, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:өз ойларын айту, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқу, түсіне білу дағдыларын дамыту.
Әдістер мен тәсілдер: жайлы жағдай орнату, диалог, автор орындығы, ой топтастыру, дидактикалық ойындар, мини-диспут,синквейн Көрнекілігі: Слайдтар:Елбасының портреті,ата-анасы,Елбасы кітапханасы, марапаттары, сыйлықтары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Жайлы жағдай орнату.
« Жақсы! Хорошо! Veri gud!»
Күннің шыққаны жақсы ма, балалар? (күнді бейнелейді) Жақсы! Хорошо! Veri gud Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! Хорошо! Gud! Туған жерің жақсы ма? (құшақтарын жаяды) Жақсы! Хорошо! Veri gud! Қазақстандық болған жақсы ма? Жақсы! Хорошо! Veri gud! (бас бармақтарын көрсетеді)
Президенті бар ел жақсы ма?
Жақсы! Хорошо! Veri gud! (екі бас бармақтарын көрсетеді)
Оқушыларды ынталандыру
ҚЕТЛПІС ҰСЫҮЭЙАГҰЕОНҰ – ЛЕБСАЫ!
1-ші сөзден қатаң дауыссыз дыбыстарды сыз.
2-ші сөзден жуан дауысты дыбыстарды сыз.
3-ші сөздегі әріптерден дұрыс сөз құра.
(Не шыққанын оқиды)
Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Елі сүйген – Елбасы!»
Қызығушылықты тудыру
-«Елбасы» сөзі орысша қалай болады? (Президент)
-Ал ағылшын тілінде қалай болады? ( President)
II. Ой шақыру кезеңі
-Бұл сөзді естігенде ойларыңа не келеді?(Өз жұбыңмен ой бөліс)
- Қазақстан Республикасының Президенті кім екенін білеміз бе?
- Білеміз.
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Топқа бөлу. Көк, сары дөңгелектербойынша топқа бөлінеді.
III. Түсініп алу кезеңі
-ҚР-ның Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы не білесіңдер?
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау.)
-Елбасымыз туралы көбірек білгілерің келе ме?
Автор орындығы
А)1-оқушы Республика Президенті жайлы айтып береді.
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғыш баласы.
Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап Нұрсұлтан әке-шешесінің қамқоршысы болды. Басқа балалардай ол да асық ойнап, доп тепті. Мектепте озат оқыған Нұрсұлтан сыныптағы оқушылардың ақылшысы әрі қоғамдық жұмыстың ұйтқысы болды. Ол өз ісіне тындырымды, асықпайтын орнықты, әрі сабырлы, жаңалыққа жаны құмар болатын. Бауырлары Сатыбалды, Әнипа, Болатқа үнемі жанашырлық жасап, көмектесіп жүреді екен. Жасынан пысық, ойлы, талапты жаралған Нұрсұлтан алдағы асатын асуын ерте іздеді. Ол кішкентай кезінде ұшқыш болуды армандады. Есейген кезде бірде геолог, енді бірде химик болғысы келді.
Слайд: Анасы, әкесі және жанұясы
2-оқушы Елбасының өмір жолы (қызметі) туралы айтады.
Н.Ә.Назарбаев кейіннен бұл шешімінен бас тартып, 1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық ущилищесіне түсті.
1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
Еңбек жолын Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы болып бастаған.
Кейін Қарағанды металлургия заводында (Қарметкомбинат) шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі, диспетчер, газ айдаушы болды.
1969-1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
24 сәуір 1990 жылы Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды.
1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев
ҚР-ның Президенті болып сайланды.
Слайд «Тұңғыш Президент»
Б) Ой-талқы: -Біздің Елбасы қандай?
Ой топтастыру. (Оқушылар өз тобымен ой топтастырады)
Біздің Елбасы
1-топтан 1 оқушы алға шығып, жазған сөздерін толық оқиды. 2-топтан шыққан оқушы айтылмаған сөздерді ғана оқып береді. (Тыңдап отырған оқушылар неге сол сөзді таңдағанын сұрайды)
Ең көп сөз жазған топ жеңімпаз болады.
В) -Балалар Елбасына арнаған тақпақтарын айтады.
1. «Тұңғыш Президент»
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым – ол.
2.Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған.
Халқы қалап сайлаған,
Нұрлы сұлтан – Нұрсұлтан.
3.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жамандығы болмайды.
4.
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда шешпеген,
Шешімдері болмайды.
5.
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам!
6.
Барша әлемге әйгілі Ел басымыз Нұр аға! Мақтанышы елімнің Нұрын шашқан, Нұр қала.
Слайд «Елбасы кітапханасы»
-Кітапхананың сыртқы пішіні неге ұқсайды?(оқушылар пікірі)
«ЕХРО 2017» көрмесіне барған біздің аудан
оқушыларының фотосуреті
Г) -«Біліп жүрейік» Топтық жұмыс
Тапсырманы топта оқып танысады, дұрыс жауапты тауып белгілейді.
1.Республика Президенті болып кім сайлана алады?
А) 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Б)Жасы 30-ға толған,білімі жоғары, 5 жыл еңбек стажы бар адам сайлана алады.
В) Жасы 25-ке толған,жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы бар адам сайлана алады.
2.ҚР-ның тұңғыш Президенті қай жылы сайланды?
А) 1995жылы 1 желтоқсанда
Б) 1991 жылы 1 желтоқсанда
В) 1992 жылы 1желтоқсанда
3.ҚР-ның Президенті қызметіне кіріседі:
А) Халық сайлаған күннен бастап
Б) Бұрынғы Президент қызметінен босатылған күннен бастап
В) Салтанатты түрде ант қабылдаған күннен бастап
4.Президенттің мемлекетті басқару мерзімі неше жыл?
А) 5 жыл
Б)7 жыл
В) 6 жыл
Д) Жаттығу-«Болады, болмайды» ойыны:
1.Елбасымызды мақтаныш сезіммен айтып жүруге бола ма (....)
2.Елбасының халыққа арнап шығарған жолдауларын қолдауға бола ма (...)
3.Елбасының бала кезінде талапты, білімқұмар, ақылды болғандығынан үлгі алуға бола ма (...)
4.Елбасының суретін жыртуға, бояуға бола ма (...)
Мұғалім сөзі: Біздің Елбасы - парасатты, көп ұлтқа танымал болған беделді, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан құрметті адам.
Балалар көздеріңді жұмыңдар. Сен өзіңді Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетінде өмір сүріп, білім алып жүрген бақытты баламын деп елестет. Осындай бақытты елде өмір сүру қандай керемет! Сенің кеудеңе мақтаныш сезім толды. Неге мақтанғың келіп кетті?
- Сен кімді көрдің? (оқушылар көздерін ашып елестері туралы ой бөліседі)
Слайд «Елбасының сөзі»
Мұғалім сөзі: Елбасын елі сүйеді, құрметтейді. Сендер де болашақ Қазақстанымыздың «Елі сүйген» білімді, парасатты азаматы болып ержетулеріңе шын жүректен тілегімді білдіремін!