kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты : Көше күтпеген жағдайларға толы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың өмір қауіпсіздігін, жол қауіпсіздігін қадағалау мақсатында білімдерін толықтыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты : Көше күтпеген жағдайларға толы.»

Тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы.
Мақсаты: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту (көше, бұрылыстар). Баланы зейінді епті болуға тәрбиелеу. Көшеде жүру ережесі, көше қиылысы, бағдаршам, жол белгілері, қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту.
Көрнекі құралдар: көшелер, жүргіншілерге арналған белгілері бар қиылыстар, жол белгілері салынған суреттер, жаяу жүргіншілер өтетін жер, «Алғашқы дәрігерлік көмек», «Жанармай станциясы», «Тамақтану орны», «Телефон», «Машина қоятын жер», т.б.
Сөздік жұмыс: көше қиылысы, қарама-қарсы бағыттағы жол қозғалысы.
Сабақтың барысы: сабақ алдында жақын жатқан бағдаршам бар көшемен бұрылыстарға мақсатты саяхат жасалады. Бұл саяхатта балалар мен бірге бағдаршамның жұмысына, машиналардың әрлі-берлі жүруіне, жүргізушілерге көңіл аударып, бақылау жасайды. Мұғалім қала көшелері бейнеленген суретті көрсетеді
Мынау қала көшелеріме әлде, ауыл көшелеріме?
Біз қазір сендермен қаламыздың бір көшесіне серуенге барамыз. Егер бәріміз жаяу жүріп барсақ, онда бізді кімдер деп атайды? (Жаяу жүргінші). Ал жүргіншілер үшін жол қозғалысының арнайы ережелері бар.
Қала мен оның көшесінде,
Жүрмейді тек алаңсыз,
Ережесін білмесеңіз,
Түседі қайғы амалсыз
Сақтық ойлар әрдайым
Кеудесінде жаны бар
Жүргінші мен жүргізушінің
Өзіне тән заңы бар
Ал қазір біз жол ережелерін еске түсіреміз.
Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек? (жаяу жүргіншілерге арналған жолмен)
Жолдың қай жағымен жүргені дұрыс (жолдың оң жағымен)
Дұрыс айтасыңдар, жолдың оң жағымен жүрсеңдер басқа жүргіншілерге кедергі жасамайсыңдар.
Жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады? (жаяу жүргіншілер өтетін жол)
Дұрыс, ал енді балалар осы көше қиылыстарында жүргіншілердің қозғалысын реттеп тұратын көмекшілер бар. Кәне, мына жұмбақтарды шешіп көрейік:
Күндіз-түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жас пен кәріге
(Бағдаршам)
Қарашы күшін керемет,
Көше тәртібін сақтап тұр.
Сілтеп еді оң қолын,
Дәу машина тоқтап тұр.
(Реттеуші милиционер)
Бағдаршам көздері нені білдіреді?
Қызыл – Тоқта!
Сары – Күт!
Жасыл – Жүр!
2. Жүргіншілердің ғылыми мектебі.
Сендер жол бойында тұрған белгілерді көрдіңдер ме? Бұлар – жол белгілері. Әр жол белгісі нені білдіреді?
Балалар жол белгілеріне қарап, оларды атай бастайды. («Жаяу жүргіншілер өтетін жол», «Алғашқы дәрігерлік көмек», «байланыс көмекшісі», «көлік қоятын орын»). Дымбілмес те балалармен бірге жол белгілерін қайталап, үйрене бастайды.
Бүгін біз жаңа белгілермен танысамыз. Олар үшбұрыш пішінді болып келеді. Онда екі баланың бейнесі салынған. Ол «балалар» деп аталатын белгі. Бұл белгі мектептер мен басқа да балалар мекемелерінің жанында тұрады. Бұл белгі сендердің көмекшілерің, мұнда жүргізушілер өте сақ болғаны дұрыс.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер жол белгілерін жақсы ажыратып. «Жүргіншілердің ғылыми мектебінде» өте жақсы деген баға алдыңдар.
3. «Жүргінші» ойыны.
Біз жаяу жүргіншіден жолаушыларға айналамыз. Біз автобусты қай жерде күтуіміз керек? (аялдамада)
Егер сендер мына жұмбақ шешуін тез тапсаңдар, автобус аялдамаға тез келеді.
Бұл не қылған көк үй,
Айналасы терезе ойып алған.
Аяғында етігі резеңке
Ал өзі бензинге тойып алған.
Ал міне, автобус та келді. Орындықты автобус қылып қояды. («су тасушы» өлеңінің әуені ойналады).
Зуылдаймыз, зулаймыз
Алыс-алыс жерлерге
Бақытты біз достармыз
Сапар шеккен елдерге.
Біз көлікте келе жатқандықтан, қоғамдық көлік ережелері туралы әңгіме етеміз:
А) көлікке кірген кезде бос орынға ұмытылмай, алдымен жан-жағына байыппен қарап ал, өйткені сенің қатарыңда адам немесе балалы ана тұруы мүмкін;
Ә) көлікте орын таңдап, бейбастық көрсетпе, кез келген бос орынға отыруың керек;
Б) көлік қозғалысы кезінде есігін қолмен итеруге болмайды; есікті жүргізушінің өзі ашқанға дейін күтіп тұру керек;
В) көлік жүріп келе жатқанда, жүргізушіні алаңдатуға болмайды;
Г) терезеден сыртқа асылуға тыйым салынады, бұл – өте қауіпті;
Ғ) көлікте қатты сөйлеуге болмайды, басқа жүргіншілерге кедергі жасайсың.
3. Жағдаяттарды шешу.
Абзал әкесімен автобусқа кірді.
Абзал алдына қарай ұмытылып, қолайлы бір орындықты таңдап: «Әке, мен саған орын алып қойдым, тез кел», - деп айқайлайды. Адамдардың барлығы оған таңдана қарады, ал әкесі оның құлағына сыбырлады.
Әкесі Абзалға не деп айтты?
Майра анасымен трамвайға келе жатты. Майра терезе алдында отырған. Аялдамадан көп адам мінді. Анасы жылжып, Майраны тізесіне отырғызып, бір әйелге орын берді. Ол алғыс айтты. Ал Майра болса, қыңырланып, өзіне орынның тар екендігін айтты. Тіпті қасында отырған әйелдің сыпайы сөзіне жауап та берген жоқ.
Майраның қылығына қандай баға бересіңдер?
4. Дәптермен жұмыс.
- өзіңе ұнаған суреттердің астын сыз. Ал ұнамаған суреттерді мүлде сызып таста және неге екендігін түсіндір.
- жарайсыңдар! Сендер өте жақсы жолаушылар екенсіңдер. Автобус пен троллейбуса өздеріңді жақсы ұстасаңдар, ешкім сендерге ескерту жасамайды.
Осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Автобуспен жаймен түсеміз де, қайтадан жүргіншілер боламыз.
Балалар, жолдың қарсы бетіне қалай дұрыс өтеміз?
Жаяу жүргіншілер өтетін жерге барумыз керек.

Қорытынды. 
Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!

Сабақтың тақырыбы: Реттелетін көше қиылыстары. Бағдаршам
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік: Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау. 

Дамытушылық: Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру. 

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. 


Көрнекілігі: бағдаршам, суреттер. 
Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Арманға алда күткен асығармыз 
Біз қалай толқын айтпай басылармыз. 
Жол жүру ережесін жақсы біліп 
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз! 
Жалғайтын достастырып бар елменен 
Жолдардан тұрады ғой әлем деген. 
- Реттеуші деген кім? 
- Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды. 
Жұмбақ жасыру. 
1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, 
Бақылаған үш көзі бар бірақ та. 
(Бағдаршам) 
- Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды. 
- Бағдаршам қалай пайда болды? 
- Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды. Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды. Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы не білетіндерін тыңдайық 
Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда, 
Қалт тоқтай қал табанда. 
Сары жарық: Сары шамы жағылса, 
Сақ абай бол барынша! 
Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық, 
Зымырай бер бел асып 
Барлығы: Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек. 
Қиындыққа әйтседе 
Үйренесің біртіндеп. 
Барар жерге асықпа, 
Бәйге алмайсың бұрын кеп. 
- Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. б 
Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік. 
- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған ескертпелер екен. 
Практикалық кезең. 
- Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды. Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады. Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек. 
Тапсырма. 
1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай? 
2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек? 
3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады? 
4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек? 
Есіңде болсын! 
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды. 
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт. 
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды. 
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе. 
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт. 
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт. 
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек. 
Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс. 
- Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ) 
- Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап) 
Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе. 
Көліктің артына жармаспа. 
Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті. 
Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма. 
Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас. 
Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет. 
Жол белгілерін ажырата білген жөн. 
Қорытынды. 
Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!














Тақырыбы: Жаяу жүргінші өтпелері

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға көшенің қозғалыс бөлігінде ойнаудың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру; жолдағы қауіпсіздік қағидаларын ұстануға машықтандыру.

Дамытушылық: Ауланың қай жерінде ойнауға болатынын, қай жерінде болмайтынын түрлі тапсырмалар арқылы ойларын ұшқындатып, дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстана отырып, сақтық пен қырағылыққа шақыру.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, жол бергілері плакаты, дидактикалық ойындар, интер тақта.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене шынықтыру, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін бізге қонаққа авто инспекция қызметкері келіп отыр.Сендердің қаншалықты жолда жүру қағидаларын меңгергендеріңді тексеріп көрмекші.

  • Балалар сонымен қатар Шеврон компаниясы бізде қонақта. Шеврон компаниясы еліміздегі үлкен мұнай газ корпорациясы. Бұл корпорация еліміздегі денсаулық сақтау, білім беру, денсаулық сақтау салаларына елеулі үлес қосып отыр.

  • Шеврон компаниясына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Топқа бөлу-Балалар бағдаршамның қанша түсі бар?

Бағдаршам түсіне сәйкес ұшақтарды (өздеріңе ұнаған түсті) таңдап үш топқа бөлінеміз.

  1. топ- Тазалық 2 топ – Ұқыптылық 3 топ – Салауаттылық

ІІ Үй тапсырмасы Балалар назарымызды тақтаға аударып топ бойынша сұрақтарға жауап берейік. Дұрыс жауап берген топ көліктер фишкасын жинайды. Жеңген топ марапатталады.

1 топ- Тазалық

  • Жаяу жүргінші жолдан өтпес бұрын неге назар аударуы тиіс?

  • Бағдаршам деген не? Оның әр түсі не мағына береді?

  • Көшеде жол ережесін білу бізге не үшін қажет? 2 топ – Ұқыптылық

  • Үй мен мектеп арасындағы жолсызба не үшін қажет?

  • Көшеде жол тәртібін кім басқарады?

  • Жолдың жиегіне жақындауға бола ма?

3 топ – Салауаттылық

  • Жиекжол дегеніміз не?

  • Көшеде адамдарға қандай жолмен жүруге рұқсат етілмейді?

  • Қоғамдық көліктерде (автобус, тралейбус, трамвай) адам өзін қалай ұстауы керек?

ІІІ Жаңа сабақ

Бүгін біз балалар сендермен көшенің қай жерінде жүруге болатынын және болмайтынын талқылаймыз.

Әрқайсымыз әртүрлі ойындарды жақсы көреміз. Көптеген адамдар және балалар компьютер ойындарын ұнатады. Кейбір балалар тек көшеде ойнағанды жақсы көреді.

Кейде ойын ойнаған кезде ойынға беріліп кетіп, айналадағы жағдайларды байқамаймыз. Компьютердің алдында отырып та өзімізге зиян келтіреміз. Қалай дейсіңдер ме? Тамақ, сабақ, туғандарға көмектесу, тіпті достар туралы да ұмытамыз. Бір орында отыа береміз. Бұның өзі сендердің денсаулықтарыңа зиян. Осы кезде балалар Абай атамыздың балаларға арнап жырлаған өлеңі еске түседі. Оны өздерің де біліп отырсыңдар.

  • Абай атамыздың айтқан дана сөздерін көңілімізде мәңгі түйіп жүрейік!

  • Ал сендер бос уақыттарыңда немен айнасасыңдар?

  • Қандай пайдалы іспен шұғылданасыңдар?

  • Аулада ойнау пайдалы ма? Таза ауада жиі серуендейсің бе?

Есте сақта! Жолда жүру қағидаларын мұқият зерделеп шық. Жолда жүру қауіпсіздік дағдыларын барлық жерде сақта. Өз достарыңды көшелер мен жолдарда теріс қылықтар жасауға жол берме!

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмалар талданып, орындалады.

Сергіту сәтіТазша бала мен Буратино келе жатады.

Тазша бала:Сен білесің бе, астанада бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиын өтеді. Бірақ оған қатысу үшін жол ережесін өте жақсы білу керек.

Буратино:(сасқалақтап): Ой, ой, мен білмеймін ғой.

Тазша бала:Сен қорықпа. Бар болғаны мына сызбадағы сандар белгіленген жерге жол белгілерін дұрыс орналастыру керек. Дұрыс орындасаң,екеуміз де сол жиынға қатыса аламыз.

Буратино түсіндіре отырып жол белгілерін орналастырады.

1.Еее! Мынау жаяу жүргіншілерге арналған жол өтпесі ғой. Оған мына белгіні қояйын. Мен бағана осыған байланысты бір қате жіберіп едім. (ұялады).

2. Ал бұл жерге мына белгіні қоямын. Бұл белгі, жақын жерде тамақтануға арналған орын бар деген сөз. Бұл ақпараттық белгіге жатады.

3. Мына жерде мектеп бар деген. Ендеше осы белгіні орналастырамын.

4. Ал бұл пойыз жүретін жол екен. Оған мына белгіні қоямын. Бұл-ескертпе белгісі.

5.Мына жерде демалыс орны бар, ендеше бұған мына белгіні қоямын. Бұл да ақпараттық белгілердің бірі.

Мен мектепте мұғалімдерді тыңдап, жол ережелерін біліп жүрсем, мынадай қателіктерге жолықпас ем. Бірақ сендер, балалар, мұғалімдеріңді тыңдап, жол ережесін қатаң сақтаңдар!

Топтық тапсырма «Адасқан әріптер» ойыны

Топтық тапсырма

1 топ- Тазалық тобы жолда жүру ережелері, балаларға қай жерде ойнау қолайлы тақырыбында постер құрастырады.

2 топ – Ұқыптылық тобы бұрын жаттаған тақпақтарын қолдана отырып шағын көрініс қояды

3 топ – Салауаттылық тобы

Бес жолды өлең

............................................. балалар, .............................................жолдан, ............................................. ұмытпа, ............................................ сақта! . ...................................................!

ІV Қорытынды 3 топқа берілген жағдаяттарды талдау

  • Аулада қай жерде ойнауға болады?

  • Қай жерде ойнауға болмайды?

  • Жолдың бойына ойнау не үшін қауіпті?

  • Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну қажет. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман- есен жүруге болады. Көшеде жол тәртібін сақтау сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе ғана қауіп төндіріп қоймай, басқа адамға да зияныңды тигізесің. Сондықтан жолда сақ бол!

  • V Бағалау Жиналған көлік фишкаларын санап, бағалау

VІ Үй тапсырмасы Сен ауланың қай жерінде ойнайсың? Жол қағидалары туралы іздену.

Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып «Аралдар» бұрышына ілу














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағаты : Көше күтпеген жағдайларға толы.

Автор: Ихласова жанар Ербулатовна

Дата: 12.01.2023

Номер свидетельства: 622908


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства