Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік т??ырым"»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым».
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.
Тәрбие сағатының барысы:
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздігімізге 24 жыл толды.
2 – жүргізуші: Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа, бізге бұйырған зор бақыт. Ендеше, тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.
2 – жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай өткізгелі отырған «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны әсем әуенмен шырқалсын.
1 – оқушы: Ақбота.
Республика! Ерікті ел Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған менде бір мәз арыстан!
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын деген сөз қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар, халықтығын,
Жетер сан жыл шеккені маңдай азап.
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті, Көк туың,
Сен Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!
2 – оқушы: Жалғас.
Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік! Түнектерге тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
3 – оқушы: Ақниет.
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанды азатпыз.
Қас тағдырдың қиқарына көнбейміз,
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!
4 – оқушы: Айбар.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Халықтың енді міне жетілгені,
Құрыштың білінбейді кетілгені.
Аталып Қазақстан ел боп туып,
Үй тігіп, ірге қалап бекілгені.
5 – оқушы: Арғын.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолға алу жолында,
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.
Республикам – Ұлан байтақ жер болды,
Республикам – Тәуелсіз ел болды.
Республикам – республика атанып,
Халқымыздың көңілдері кең болды.
6 – оқушы: Альбина.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
7 – оқушы: Перизат.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті.
8 – оқушы: Нұрсұлтан.
Қазақстан көгінде, көк
Ту тұр ғой желбіреп,
Қазағым тұр бүгінде,
Көк аспаны мөлдіреп.
9 – оқушы: Іңкәр.
Толықсыған дәні бар,
Мамырлаған малы бар.
Қыран қанат әні бар,
Қазақстан келбеті
Елтаңбадан танылар!
10 – оқушы: Нұржан.
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.
Жаңғырды халқымыздың мың өшкені
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады.
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.
11 – оқушы: Перизат.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді.
Қаны менен жанын берген ерлердің
Есімдері биіктерге өрледі.
Тәуелсіздік көптен күткен бақытым
Әзер жеткен баға бермес жан құтым
Өркендей бер, пейілі кең қазағым
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым. 12 – оқушы: Айғаным.
(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атам,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын. Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих.
Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік –деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз, Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі – Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым! Хор: Көк тудың желбірегені.
Көктудың желбірегені - Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен Ту Жан емес,маған керегі - Көктудың желбірегені.
Көктудың желбірегені- Елдіктің асқақ өлеңі, Әр жаққа тартпай, қазағым, Бір сөзге жинал дегені.
Қ-сы:
Көктудың желбірегені - Бақыттың елжірегені, Қиырда қалған Қазақтың Көзінің мөлдірегені.
Қ-сы:
Көктудың желбірегені - Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту Жан емес,маған керегі- Көктудың желбірегені. Таласқа түссе жан мен ту Жан емес,маған керегі- Көктудың желбірегені.
Қорытынды: Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып бүгінгі «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы құтты болсын!