kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасы, Ма??ыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, "Ж.?алды?араев атында?ы орта мектеп" ММ-ні? бастауыш сынып м??алімі Карымсакова Акмарал Турсынгуловна

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы»

Т?рбие са?атыны? ма?саты: ?аза? тарихын о?ушылар?а к?рініс ар?ылы жеткізіп, Т?уелсіздік сана сезімін оятып, саяси сауаттылы?ын арттыру. Бостанды? ?шін к?рескен т?л?аларды еске са?тау ар?ылы, ту?ан еліні? болаша?ына сеніммен, ??рметпен ?арайтын саналы азамат т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы »

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»


Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ тарихын оқушыларға көрініс арқылы жеткізіп, Тәуелсіздік сана сезімін оятып, саяси сауаттылығын арттыру. Бостандық үшін күрескен тұлғаларды еске сақтау арқылы, туған елінің болашағына сеніммен, құрметпен қарайтын саналы азамат тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивтік тақта, көрініс, түрлі жайма қағаздар.


Жүрісі:

  • Тәуелсіздік таңы атты, Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Азаттық! Теңдік! Тәуелсіздік! Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?


Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.


Мұғалімнің сөзі: Қазақ хандығының дәуірі – қазақтың ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігінің шарықтаған шыңы. Жәнібек пен Керей, Қасым мен Хақназар, Тәуекел мен Есім хандардың жетекшілігімен халқымыз 300 жылдық тәуелсіз хандық дәуірінде өмір сүрді. Осы дәуірді халқымыз «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» бейбітшілік пен азаттық дәуірі деп еске түсіреді. Алайда, халқымыздың бейбіт өмірі тәуелсіздік үшін күреске түскен сындармен қатар жүрді. Тәуелсіздік шежіресіне көз жіберсек сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама адам құрбан болды. Туған жер үшін, ел үшін хандарымыз, батырларымыз айқасып, халық бірлігін сақтап, нығайтты.


Ақ білектің күшімен

Ақ найзаның ұшымен

Қазақ жерін сақтап қалып

Ұрпағына аманат етті

Осы тәуелсіздік алу үшін

Күрес жүргізген батырларымызды білуіміз керек.


Мұғалімнің сөзі: ХVІІІ – ші ғасырдағы қазақ тарихы ел тағдыры үшін шешуші сәттерге толы, қайғылы да қасіретті кезең.


Бағлан. Абылайдың жас кезі.

Ата – бабам жатқан жер жат қолында қалмасын,

Әз Жәнібек, Қасым хан аруақтары қалқасын

Хандық болған қазақты қуғындаған оңбасын.

Аттың жалын тартқан соң қайтарамын кегімді

Қалың жұртқа жиналған танытамын тегімді

Аталарым, ер есім Салқым Жәңгір тоғымды

Тоз – тоз болған, халқымау, түгендермін жоғыңды.


Мұғалімнің сөзі: Бұл қазақтың өз мемлекеттігі мен тәуелсіздігі үшін күресте жанталасқа түсіп, «найзаның ұшына, білектің күшіне» жүгінген қиын – қыстаулы тарих беттері.

Жан – жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, оның қоластындағы башқұрт, қалмақтардың, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасады. Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Сол кездің өзінде халқының болашағы үшін бүкіл күш – жігерін салатын суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар Абылай, ту ұстайтын Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек батырлар, елді ерлікке шақыратын Бұхар жырау сияқты жыршылардың бастауымен тәуелсіздікті сақтап қалдық. Абылай бастаған шанды жорықта жоңғарлар 1771 жылы талқыланды.

Осы кезде бүкіл қазақтың жақсылары Абылайды ұлттық азаттылығын сақтайтын тұлға деп танылды. Хан деген атаққа ие болды.


Көрініс: Досымұратов Даниял

Малына өріс табамын

Жанына тыныс табамын

Қалың қазақ қамы үшін

Қажетпе ұрыс табамын.

Еріне найза табамын

Еліне пайда табамын!

Анталаған дұшпанның жолына айла табамын.

Ұрпақтың үнін табамын

Бабаның құнын табамын

Түңіректі түгелде керекпе тілін табамын.

Темірдің сырын табамын

Тұлпардың сынын табамын

Төрт тарапқа шерулі

Тыныштық күнін табамын.


2015 жылы Қазақстанда Абылай ханның 550 жылдығы аталады.


Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқы тәуелсіздік жолындағы 300 жылдық ұлы күресі мен қажырлы еңбегінің арқасында бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізді. Тек кейінгі екі ғасырдың ішінде өз бостандығы жолында Ресей империясы мен басқа да отаршыларға қарсы қазақ халқы бір күнде өзінің күресін тоқтатқан емес. 600 – ге жуық көтерілістер – халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысының айғағы. Тарихтағы Сырым мен Исатайдың, Кенесары мен Жанқожа бастаған ұлы азаттық күрес, патша әкімдігінің озбырлығына, хан – сұлтандардың дәрменсіздігіне ашынып қолына қару алып, саяси желіге қарсы шықты. Өз туған жерінде отырып, көзінің қарасы мен ағындай Еділ мен Жайықта су іше алмасақ – қорлық емес пе. Сырым хан болмаса да қара емес. Барша Батыс қазақтарының көсемі.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас – ты, деп халқының болашағы үшін жан азабына түскен кешегі Алаш зиялыларының күресі – тәуелсіздік жолындағы күресіміздің айғағы.

Тәуелсіздік – ата – бабамыздан мирас болып қалған ұлы құндылықтарымызды: тілімізді, дінімізді жаңғартуға мүмкіндік берген асыл қазына.


Мұғалімнің сөзі: 1986 жыл 16 желтоқсан оқиғасы қазақтың санасын сілкіндірді. Отаны сүйетіндер, Отан үшін отқа түсетін жастарымыз қарға тамған қанымен бірге елімізге егемендік – Тәуелсіздік әкелді.


Гүлден: Сол бір сәтте бұлт торлады аспанда

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді

Тәуелсіздік күресі енді басталды.


Аружан: Қатыгездік жұдырығы түйіліп

Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға

Ата – баба аруағына сыйынып.


Мұғалімнің сөзі: Аңғал сезіммен алаңға шыққан қыз – жігіттердің ойы халықтың құқықтарын қорғап, көкейтесті мәселелерді көтеру еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы әскерлер қарсы алды. Үкімет үйінде жастарды аяусыз жазалайтын «Құйын – 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Қазақ халқын дүниеге танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сапатаев, Сабира Мұхамеджанова тағы басқалары сияқты қазақ жастары құрбан болды.


Хақназар: «Нашақор» - деп, «ұлтшыл» - деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір түнде

Қайғыға халық батқан күн.


Ақбота: Алаңға шығып, ойын айтты жастарым

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын

Содан барып, тонды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым.


Мереке: Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында

Боздандыққа көнбеген қазақтардың.


Ақнұр: Бақтың құсы ер адамға қонып бір

О тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.


Дидар: Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз

Отан үшін отқа түссең күймейсің

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.


Айжан: Елім барда, мен де бармын өмірде

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.


Алуа: Елім барда мен бақытты ұланмын

Елім сүйсе, сенімінен шығармын

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.


Малик: Елім барда еңсем биік менің де

Өйткені мен жүрмін туған жерімде

Тілім, дінім, досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.


Ислам: Енді бүгін өлген туым тігілді,

Әнұраным алды жаулап ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріңе келіп ілінді.


Мұғалімнің сөзі: Тәуелсіздік тұғырының нығаюына Елбасымыздың – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлесі аса зор. Президентіміздің басшылығымен бүгінгі күні егеменді еліміз бүкіл әлемге танымал, қарқынды дамып жатқан елге айналдық.

Келешек ұрпағының қандай болатынын бұдан 300 жыл бұрын Мөңке би былай деп сипаттайды:

Саз балшықтан үйің болады,

Бозбаладан биің болады.

Аттың жақсысы арбада болады,

Жігіттің жақсысы саудада болады, - деп Мөңке би болашақты болжаған екен. Осы болжам бүгінгі заманға дәл келіп тұрған жоқ па? Олай болса, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзбен ойымызды қорытындылайық.

«Тәуелсіздік – халық үні, ұлттың тілі мен діні».


Ән: Атамекен.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Т?уелсіздік – елімні? ерлік жолы

Автор: Карымсакова Акмарал Турсынгуловна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192613


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства