Ж?ргізуші: Мінеки, еліміз ?андай ке? байта?! Еліміз бірнеше т?рлі ?лт ?кілдері тату-т?тті т?рады. Бас?а ?лт ?кілдерін сыйлауымыз керек. Ол Конституцияда жазыл?ан. Конституция не екенін білесі?дер ме? (елімізді? е? негізгі за?дары). Конституцияда ересек адамдарды? ???ы?тары мен міндеттері жазыл?ан. Мысалы: елбасымызда сайлау, е?бек ету ???ы?ы ж?не т.б.
Ж?ргізуші: ?аза?станны? кішкентай азаматтарыны? ?андай ???ы?тары мен міндеттері бар?(білім алу ???ы?ы). Сонымен ?атар, Конституцияда мемлекеттік р?міздерімізді ??рметтеп ?астерлеу керек деп жазыл?ан. Р?міздер деген не? (жауабы).
- Мемлекетімізді? р?міздері ?андай?
- Кім Туды сипаттайды?
?н: «?аза?стан Жалауы»
Ж?ргізуші: Елта?ба туралы ше? Кім ?н?ранды біледі?
5-о?ушы: ?н?раным – жан ?раным
Айтар ?нім – с?йлер с?зім
Ту?ан жерім – са?ынарым
М??гі ба?и ша?ырады.
Республикам ?н?раным!
?аза?стан Республикасыны? ?н?раны орындалады.
7. «?аза?стан» с?зіне ассоциация жазу
Ма?алды ая?тау.
а) Отан – оттан да ….(ысты?)
? ) Отансыз адам, ормансыз…(б?лб?л)
Ж?ргізуші: 16 – желто?сан. Б?л ерлік пен ?рлік, ?ай?ы мен ?асірет мидай аралас?ан ?рі жар?ын, ?рі ?аралы, ?асыретті к?н еді. 1986 жылы ?аза?станда жастарды? ?оз?алысы «Желто?сан о?и?асы» деген атпен белгілі болды. 1986 жыл 17 желто?санда астанамыз Алматы ?аласында мы?да?ан ?аза? жастары наразылы? білдіріп шеруге шы?ты.Олар “Т?уелсіздік керек ?аза? еліні? к?семі сайлансын” деген тілек білдірді. К?птеген жастар т?рмеге ?амалды. Олар?а желто?санны? ыз?арлы к?нінде з?бір к?рсетілді
Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіз ?аза?станым »
№ 21 орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:«Тәуелсіз Қазақстаным»
4 «ә» сыныбы
Сынып жетекшісі: Жүсіпова
Айсұлу
Бақытжанқызы
Мақсаты:
- Мемлекет, азамат, конституция, мемлекеттік рәміздер ұғымдарымен таныстыру;
- Желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беру;
- Туған жер, атамекен, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті сезінуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Түрлі қанатты сөздер.«Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні», Желтоқсан құрбандарының суреттері.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар,ата-аналар!Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіз Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Отан – бұл баршамызға маңызды, қымбат әрі ыстық сөз. Әр адамда өз Отаны бар. Осы сөздің мағынасы ретінде біз мектебімізді, отбасымызды, керемет қаламызды, кең байтақ Қазақстан Республикамызды «Отан» деп санаймыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
- Қай қала біздің астанамыз? (Астана)
Оқушылар «Отан» туралы тақпақтар айтады.
1-оқушы: Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, бауырым,
Отан - өлкем, астанам,
Отан – аудан, аулым.
2-оқушы. Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
3-оқушы: Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
4-оқушы: Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
Жүргізуші: Мінеки, еліміз қандай кең байтақ! Еліміз бірнеше түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Басқа ұлт өкілдерін сыйлауымыз керек. Ол Конституцияда жазылған. Конституция не екенін білесіңдер ме? (еліміздің ең негізгі заңдары). Конституцияда ересек адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылған. Мысалы: елбасымызда сайлау, еңбек ету құқығы және т.б.
Жүргізуші: Қазақстанның кішкентай азаматтарының қандай құқықтары мен міндеттері бар?(білім алу құқығы). Сонымен қатар, Конституцияда мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеп қастерлеу керек деп жазылған. Рәміздер деген не? (жауабы).
- Мемлекетіміздің рәміздері қандай?
- Кім Туды сипаттайды?
Ән: «Қазақстан Жалауы»
Жүргізуші: Елтаңба туралы ше? Кім Әнұранды біледі?
5-оқушы: Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шақырады.
Республикам әнұраным!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
7. «Қазақстан» сөзіне ассоциация жазу
Мақалды аяқтау.
а) Отан – оттан да ….(ыстық)
ә ) Отансыз адам, ормансыз…(бұлбұл)
Жүргізуші: 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасыретті күн еді. 1986 жылы Қазақстанда жастардың қозғалысы «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен белгілі болды.1986 жыл 17 желтоқсанда астанамыз Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты.Олар “Тәуелсіздік керек Қазақ елінің көсемі сайлансын” деген тілек білдірді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді
Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»
( Үй іші қалаша жиналған. Дастархан басында Қайрат, нағашысы, жеңгесі отырды.)
Нағашысы: Қайрат-ау тамақ жесейші. Студент болам деп арып қалыпсың өзің. .
Қайрат: Бұйырғанын жеп отырмын ғой, нағашы.
Ән: «Желтоқсан желі»
Нағашы: Астан ал. Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой. Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен. Айта отыр көңілденейік.
Қайрат: Иә, нағашы, бар ғой бар.
(Осы кезде есік қағылып,үш-төрт милиция үйге кіріп келеді.)
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рұсқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз. Прокурордың санкциясы бар,Міне,
Екі жігіт Қайратқа:Тез жинал,бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі: Ойбай-ау,бұларың не? Баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не айтамыз?
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анығын тексергесін қайтарып жібереміз.
Қайрат: Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер-ай,айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен анамды сағындым
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым ?
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді ,міне, абақтыға жабылдым.
Жүргізуші: Бүгін қазақ халқы өзінің көптеген аңсаған арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Халқының ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді. Тәуелсіздік күні құтты болсын!
«Тәуелсіздік» сөзінен сөздер құру
«Тәуелсіздік деген не?» көрінісі:
- Ата, айтшы ал енді,
Тәуелсіздік деген не?
Тамсандырар әлемді
Ән бе әлде өлең бе?
Тәуелсіздік?
Бұл – бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Көздің жасын құрғатып
Келген бізге бақыт қой!
Би: «Қаражорға»
Мемлекетімізге жарқын болашақ, елімізге саналы ұрпақ тілейміз. Айымыз үнемі оңымыздан тусын, ағайын! Осымен ««Тәуелсіз Қазақстаным» атты сабағымыз аяқталды.