-Құрметті аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі тәрбие сағатымызға тәрбие отбасынан басталатындықтан,шынайы өмірде бала тәрбиесінің қыр-сырын меңгерген ардақты әжелерімізді қатыстырып отырмын.Бала бар жерде мектеп бар, мектеп бар жерде бала бар,баланың тәрбиесінде отбасы мен мектептің алатын орны,әсері ерекше екені даусыз.Сабағымды Қ.Р.білім беру ісінің үздігі Жақсыгүл Шәріпханқызының «Тәрбиенің тірегісің аналар»деген өлеңімен ашқым келіп тұр.
Ұмытпаған ұлтын,асыл анасын,
Жалғай бергін ағайынның арасын,
Сәбиіне мейірім шашып шуақты,
Сезімменен сусындатқан санасын.
Ақылды еді аналарым таза еді
Пейіліне айтар ойы саз еді
Иман жүзді мейірімді болған соң,
Намыссыз ұл,әдепсіз қыз аз еді.
Ұсақталып кете ме деп ұрпағым,
Осы күнгі кей анадан қорқамын.
Арақ қатқан сүтпен бала емізіп,
Түтін сорған орынына сорпаның.
Кіндік ашқан, ұят қашқан қыз өссе,
Бозбаласы нашақор боп ер жетсе,
Аналардың әлсіздігі білінер
Перзенттері көргенсіздік көрсетсе.
Отбасының берекесі саналар,
Тәрбиенің тірегісің- аналар.
Имандылық жүрегіме кіргізіп,
Кезің келді ой-сананы жаңалар.-деп бүгінгі тәрбие сағатына келген асыл әжелеріміздің құрметіне бір ән арнап жіберейік.
Хор: «Анаға сәлем»
-Халық даналығына назар аударсақ, «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң,онда арпа ек,он жылдық өміріңді ойласаң,онда ағаш ек,ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле»деп,Қазақ халқы баланы дүниедегі бар асылдан жоғары бағалаған.Сондықтан халқымыз «балалы үй базар,баласыз үй қу мазар» ,деп баланы ерекше қадірлеп,оның өсіп жетілуіне айрықша мән берген.Ал,аналарымыз бала тәрбиесінің тірегі,отбасы ұйтқысы,шаңырақтың шаттығы .Олай болса келесі кезекті оқушыларымыздың аналарына, әжелеріне арнап жазған өлең,шығармаларына берейік.
Мөлдір,Құралай т\б
Пайғамбарымыздың хадисінде «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да,ана алдындағы парызыңды өтей алмайсың»делінген екен.Мекке деген құдайдың жері ол жаққа барған адам алла алдындағы бір парызын өтей алады.Жасаған күнәларынан тазарады екен.
Баласы үшін ана неге болса да дайын,тіпті өлімге де басын тіге алады.Сондықтан ананы сыйлау парызымыз. «Құс балапаны үшін тозаққа түседі,Ана баласы үшін азапқа түседі»-демекші мына бір аңызға көңіл бөліп, тыңдап алайық.
«Ана жүрегі» клип көру
Ал,біз аналарды қаншалықты сыйлаймыз екен.Соны білу үшін мына бір жағдаяттарды шешіп көрелік.
1-жағдаят:Жаңыл інісі Ернармен бірге үйдің ауласында ойнап жүрді.Көрші үйдегі Гүлнардың анасы келе жатқан еді,Ернар:-
2-жағдаят:Анасы Ұланға гүлге су құйып,үйді жинап қой, –деп тапсырды.Ұланға достары Айдын мен Дастан келіп,Ұланды футбол ойнауға шақырды.Ұлан анасының тапсырмасын орындарын немесе достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды.
1.Ұланға қандай көмек берер едіңдер?
«Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса,әуелі анаңа жауап бер» -деген ұлағатты сөз бар.Сонда аналардан асқан қадірлі ,сыйлы жоқ екені белгілі.Келесі кезекте ана туралы шешендердің айтқан сөздері туралы көріністі тамашалайық.
Көрініс:Мекен,Досжан,Шапағат
Аңыз айту. Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.
Ән: «Ана туралы жыр» орындайтын Сайын
-Ананы аспандағы ай мен күнге,жарық жұлдызға,баға жетпес асылға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан.Олай болса сөз кезегін ардақты аналарымызға бергім келіп отыр.
Бала тәрбиесі жайлы, «ана сүті қарыз,ата сөзі парыз»тақырыбында қандай әңгіме айтар едіңіз.?
Ардақты әжелерімізге балалар да сұрақтарын дайындап жүрген еді,рұқсат болса?
1.Сіз мектепте оқыдыңыз ба?Қандай оқушы болдыңыз?
2.Қандай мамандықты армандадыңыз?
3.Сіздің өміріңізде қандай қуанышты және қиын сәттер болды?
4. «Қара шаңырақ» дегенді қалай түсінуге болады?
5.Сіздің досыңыз болды ма?Достық дегенді қалай түсінесіз?
6.Сізбен ойын ойнайық.бұл ойын «жалғасын тап»деп аталады.Сіз мақалдың басын айтасыз жалғасын біз табамыз.Сосын біз айтамыз сіз табасыз.
-Рахмет әже!Енді балаларыңызға қандай бата,тілектеріңіз бар?(батасын алу)
Қорытындылау:Алла тағала:-Ей,перзентім,ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.Олардың көңіліне қаяу салып қапаландырма.Сені жан-тәнімен жақсы көріп,тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын іс жасасаң,сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің.өйткені кімде-кім анасының жақсылығын білмесе,басқалардың да жақсылығын бағаламайды.-деп айтқан екен.Олай болса ешқашан ананы сыйлауды,құрметтеуді естен шығармайық.