kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Ту?ан жерім-Атамекен"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астана ?аласы "Н?рОрда" ?аза?-т?рік лицей кешені 

Та?ырыбы:  "Ту?ан жерім-Атамекен" 

Ма?саты: о?ушылар?а адам ?мірінде атамекенні? алатын орны туралы ма?л?мат беру. ?аза?станны? р?міздерін ??рметтеуге, ту?ан жерін к?ркейтуге, еліне адал ?ызмет етуге, Отанын с?йе білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Ту?ан жерім-Атамекен" »













Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:















Бастауыш сынып жетекшісі: Көпбаева Г.А







Астана 2014 ж

Сабақтың тақырыбы: «Туған жерім-Атамекен»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың атамекенді қадірлей білуі, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру. Атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: Қазақстанның рәміздерін құрметтеуге, Атамекенді ардақтау сезімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Туған жерін көркейтуге ат салысу, еліне адал қызмет етуге, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан өлкесінің табиғаты туралы суреттелген көріністер, карта, Н.Назарбаевтың суреті, Астана қаласының суреттері және видеоролик.

Хормен: Келіңіздер, келіңіздер!

Біз бақытты баламыз, қуанамыз, шаттанамыз. Туған жерімізді қадірлейміз.

1-оқушы

Пай, пай, пай

Қазақстан ардағым-ай!

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт.

Өлмейтін махаббатым, ардағым-ай

Туған елім сен қандай ыстық едің.

2-оқушы

Сұлу дала менің сүйген еркемсің,

Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер тамашасың, көркемсің!

1-оқушы

Ыстық қой, шіркін, туған жер!

Туған елімізде, туған жерімізде, атамекенінде бақытты өмір сүріп жатқан өнерлі балаларды көріңіздер!









1-жүргізуші: Ади

Армысыздар құрметті қонақтар, әділ қазылар. Қазақстан Тәуелсіздік мерекесіне арналған байқауға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Нұрайлым

Туған жер! Туған ел! Атамекен. Осынау үш ауыз сөзде қаншама мән-мағына, теңдесі жоқ шексіз сезім жатыр десеңізші!

1-жүргізуші: Ади

Осы шұрайлы мекенге маржан сөздерден ой тізбектемеген жан жоқ шығар. Жеріне елініп, жанашыр болу адамзат баласының үлесіне тиген. Біздің сан ғасырлық тарихымызға көз жүгіртсек, сансыз соғыстар мен күрестер болғаны анық. Бүгінгі тәрбие сағатымыз өзіміздің туып өскен жеріміз, еліміз, атамекеніміз туралы білімімізді ортаға саламыз.

1-оқушы Мансур

Атамекен ата-бабаның қоныс еткен мекені. Туған жер әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам қай жерде жүрсе де, қандай биіктерге көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі, қасиетті өлке – ол Атамекен.

2-оқушы Алуа

Атамекенді сүйе білген адамның бойында от сүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттер дамиды. Атамекеннің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпақтарға байланысты.

3-оқушы Ербекет

Жалпы қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең ілтипатпен қараған халық. «Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек. «Кіндік кесіп, кір жуған», «Кіндік қаны тамған» деген сөздер бар қазақта.

4- оқушы Балшырын

Бәрі де өзінің тұрған мекеніне жылы жүрекпен, терең ілтипатпен қарағандықтан туған сөздер. Неміс халқында да «фатерланд» деген сөз бар. Тікелей қазақшаға аударғанда «атамекен» дегенді білдіреді. Орыстың «отечество» деген сөзі де ата-бабасына қарай мезгейді.

Арабтың «уәтан» деген сөзі «Отан» деген мағынада пайдаланылады, ал осының қазақша аудармасы –«мекен». Әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасқан жері сол ұлттың мекені болып саналады да, мекен мен ұлт арасында тамыры тереңде жатқан байланыс барлығы осыдан келіп туындайды.

5-оқушы Павел

Менің атым Ковылов Павел. Менің ұлтым орыс. Мен Қазақстанда туылдым. Менің атамекенім, туған жерім-Қазақстан. Өз туған жерімнің тілін, халқын құрметтеймін.

6-оқушы Рустам

Менің атым -Егерев Рустам. Менің анам орыс. Бірақ кіндік қаным тамған жерім -Қазақстан. Менің атамекенім –Қазақстан. Мен өз туған жерімді қатты жақсы көремін. Ертең өскенде туған жеріме үлкен үлесімді қосамын.

7-оқушы Б.Малика

Қазақстан елінде тұратын адамдардың отаны – Қазақстан Республикасы. Отан-адамның туып өскен жері, тұратын атамекені. Біздің өлкеміздің табиғаты таңғаларлықтай бай өлке болып табылады.

8-оқушы Адаир

Елімнің атын айтсам-Қазақстан

Жерімнің атын айтсам –Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығымның атын айтсам-Қазақстан!

9-оқушы Аяна

Жаса елім, жаса достық, бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің –Қазақстан, Отаным,

Арта берсін абыройың, атағың.


«Қазақ елі» әні хор


10-оқушы Аида

Біз намыскер қазақ елі ұланымыз

Қорғайтын жерімізді-қыранымыз.

«Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,

Рақым ет» -деп Абай айтқан –ұранымыз.

11-оқушы Арайлым

Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені, оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.

12-оқушы Мирас

Туған елдің жырын жырлап ғарыштан

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан

Келешегі кең өрісті, кемелді,

Жайна мәңгі Қазақстан-гүлстан!

13-оқушы Меруерт

Отаным, кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды

Бақыттың, шаттықтың мекені,

Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.

14-оқушы Данияр

Туған жер-тұғырың,

Туған ел-қыдырың

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат,

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.


15-оқушы Д. Малика

Сүйемін сені қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желіп өтемін.

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін!


2-жүргізуші: Нұрайлым


Көрініс. « Атамекен... Атажұрт... Туған жер...»


Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағына бересіз?
Атасы: Балам, туған жердің, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп - өндім. Адамның өскен жері адамның жанына, сана - сезіміне әсер етіп мәңгілік есінде қалады екен.
Немересі: Туған жерді, елді соншама қадірлеуіңіздің себебі неде?
Атасы: Ол - менің ата - бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.
Немересі: Ата, осынша жасқа келсеңіз де, туған жеріңізді соншалықты қалай жақсы көресіз?
Әжесі: Қарағым, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен, бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса, үмітімнің ақталғаны деп білем.
Немересі: Ата, мен сіздің үмітіңізді ақтаймын. Өскен кезімде еліме адал қызмет ететін азамат болып өсемін.
Атасы: Өркенің өссін, балам. Халқыңның азаматы бол!

Немересі: ата, мен осындай Сарыарқаның жерінде, еліміздің жүрегі Астана қаласында тұрып жатқаныма қандай бақыттымын.

Әжесі: Ия балам, бүгінгі таңда күннен күне көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Астана қаласын көріп тамашалап қайтайық.


16-оқушы Надия
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт.


1-жүргізуші: Нұрайлым

« Қазақстан картасы» ( ойын сайысы)

Картасына қарасаң

Ұқсайды алып балыққа.

Өзі ірі ел санасаң,

Ол алғашқы ондықта.

Таулы, дені жазық та,

Ортасында алып құрлықтың.

Өзенді, көлді болса да,

Мұхиттан қашық алыс тым

«Бұл қай ел?» деп сұрасаң,

Жүздеген ұлт өкілі

Мал, егіс, ғылым мекені,

Өндіріс кәсіп етеді,

Ол-Қазақстан Республикасы. (жасырынған сұрақтарға жауап беру) Олай болса, қыздар мен сендерге сұрақ қояйын, сен әр сұрақтың жауабын табыңдаршы.


  1. Қазақстанның Конститутциясы қай жылы қабылданды? (30тамыз, 1995 ж)

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін сөзі мен әнін жазған кім?

(сөзін: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Әнін: Шәмші Қалдаяқов)

  1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Нұрсұлтан Назарбаев)

  2. Елбасымыздың туған жері? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

  3. «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінде Елбасымыздың жастық шағын кім сомдайды? (Нұрлан Әлімжан)

  4. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 ел)

  5. Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

  6. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

  7. Мақалдың жалғансын тап. Отан үшін еңбек етсең ...............................................................
    (халқыңның сүйген ұлы боласың.)

Жарайсыңдар қыздар! Сендерге үлкен рақмет!









2-жүргізуші Нұрайлым

Ұлдардың орындауында «Қазақ» биін қарсы алыңыздар.












1-жүргізуші Ади

Біз Табиғат-ананың бізге берген кереметтерімен қалайша мақтанбаймыз?!

Осындай тамаша бейбіт күнге қалай жеттік.

2-жүргізуші Нұрайлым

Қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын, ұлтазаттық көтерістерін, осы қиын зұламат жылдары елінің азаматтығын, еркіндікті аңсаған найзаның ұшымен, білектің күшімен қол жеткізген. Тарихқа көз жүгіртсек , қазақ-нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі.

1-жүргізуші Ади

Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Ата-баба аңсаған –Тәуелсіз Қазақстан бір жылда, бір ғасырда орнаған жоқ. Бірнеше ғасыр бойы қанды төгіс пен қайсар рухтың арқасында орнады. Көптеген озбырлық, отаршылдық, әкімшіл –әрімшіл саясаты бастан кешіп, сан жылдар сансыз соқпақтарды өткеріп егемендігімізге жеттік.


17-оқушы Әли (қазақ)

Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

1-жүргізуші Ади

Ия, біз қазақ деген көл-дария кеңбізғой, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым-қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген сөз әр қазақтың көкірегінде сайрап жатқан болар.

(Шаңырақты көтеріп, әр ұлт өкілдері сахынаға шығады.)


18-оқушы Алишер (қазақ)

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!

19- оқушы Аллаберген (орыс)

Родина моя - Казахстан! . 

Да, разные у нас традиции и вера,
Но это ведь на главное для нас.
Должна создаться в мире счастья сфера.
Чтоб на лице улыбка родилась.

20-оқушы Рустам (ағылшын)

21-оқушы Мансур (түрік)

22-оқушы (өзбек) Томирис

Бобалардан мирос қолган

Бутун олам езоз қилган

Бу дуняда ягонамсан

Она ватан-жони дилим

1-жүргізуші Ади

Енді ортаға қыздарымызды шақырып «Ұйғыр » биін көріп тамашалаңыздар.


Ұлдардың орындауында хор: «Дос болайық бәріміз».

Ал балалар, біздің еліміз болашақта қандай болғандарын қалайсыңдар?

Еліміз көркею үшін қолымыздағы гүлдердегі тілектерімізді айтып, мына картаның жан-жағына гүлдерімізді орналастырайық.

Оқушылардың тілектері

  • Туған өлкеміз гүлдене берсін!

  • Қазақстанымыз жайнай берсін!

  • Отанымызбен мақтан етеміз!

  • Елімізде әрқашан күн сөнбесін.

Қазақстанымыз қандай болды балалар? (Қазақстанымыз гүлденіп тұр)

Қазақстанымыз жайнай берсін, гүлдене берсін.

1-жүргізуші Ади

Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері. Отан - әр адам үшін оттан да ыстық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп, еліміздің одан әрі көркеюіне , гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 
(оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді). 

Б- білімімді арнайтын Нұрайлым
О- отанымды қорғайтын Әли
Л- лаңкестікті даттайтын Аида
А- адалдықты жақтайтын Мирас
Ш- шуағымды шашатын Малика Б.
А- асулардан асатын  Адаир
Ғ- ғарыш сырын меңгерген Надия-
Ы- ынтымақты тең көрген Ербекет
М- менмендікті жек көрген Меруерт


Қ- қазаққа қызмет ететін Данияр
А- арманына жететін  Д.Малика
З- заңды жақсы білетін  Алишер
А- алға қарай жүретін  Арайлым
Қ- қайырымды елімнің Рустам
С- салтанатты жерімнің Томирис
Т- толықтырам сенімін Павел
А- абыройын, жігерін Алуа
Н- намысын қолдан бермейтін Мансур
Бәрі хормен:

Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 











Хор: «Атамекен» әні



2-жүргізуші Нұрайлым

Біз өз Отанымызды, туған жерімізді, құдіретті елімізді сүйеміз және мақтан етеміз. 

1-жүргізуші АДИ
Осымен ашық тәрбие сағатымызды аяқтайтын уақытта келіп жетті.

Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілейміз! Назарларыңызға рақмет.

Бірге: Қош, сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "Ту?ан жерім-Атамекен"

Автор: Копбаева Гульзира Аманкуловна

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192828


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства