Отан дегеніміз- адамның туып-өскен жері,туған туыстарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекені.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.Ол солтүстігінде-Ресеймен,шығысында-Қытай,оңтүстікте-Қырғыз,Өзбек,Түркмен елімен,батысынды-Әзербайжан республикасымен шектеседі.Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,дербес мемлекет болды.Ал қазір дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан,бүкіл әлем таныған елге акйналды.Біз өзіміздің әнұранымызбен,туымызбен,елтаңбамызбен мақтанамыз.
Қазақстан –Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен – еңселі,
Әнұранымен айбатты.
1-оқушы:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға,түс кейпін,
Достым,білгің келе ме?
2-оқушы:
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырың,
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан,ауылың.
3-оқушы:
Отан-тарих,Отан-тіл,
Жасаған халқың,өз-елің.
Отан-өлең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
4-оқушы:
Отан-осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан»-деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
5-оқушы:
Әуелгі Отан-ана алды,оттың басы,
Ауыл алды,аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
6-оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер,атамекен-
Биік тау,орман,тоғай,көлімізді.
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау,жаңа жол,жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
7-оқушы: ҚР-ның Ата Заңынан үзінділер оқиды:
Қазақстан Республикасының жері тұтас,ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.
8-оқушы: ҚР-да мемлекеттік тіл-қазақ тілі.
9-оқушы:
Туған тілім-баба тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі-өз тілім!
10-оқушы:
Туған тілде сыры терең жаны бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ап алыңдар!
«Ананың тілі» әні хормен айту
11-оқушы: ҚР-ның әнұраны – бірлікке,ынтымаққа,достыққа,елімізді қорғауға шақырады.Туға назар аударайық.Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі,астында қыран бүркіт (тудың авторы-Шәкен Ниязбеков)
12-оқушы: ҚР-ның Елтаңбасында көгілдір түс аясында-шаңырақ бейнеленген.Шаңырақ-біздің ортақ отауымыз (авторы-Жандарбек Мәлібеков)
13-оқушы:ҚР-сы менің туған өлкем,оның асқар таулары мен көгілдір,жасыл жайлауы-менің Отаным,алтын бесігім.
Хор: «Менің Қазақстаным».
14-оқушы:
Ең бірінші бақытым-халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса,мен бармын,қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің!
15-оқушы:
Ал екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар,үшінші Отан деген
Кім мықты?-десе біреу,-Отан – дер ем!
«Отан-отбасынан басталады».
«Туған жер-алтын бесік».
«Ел іші-алтын бесік».
«Өз елім-өлең төсегім».
«Елінен безген ер онбас».
Мақал-мәтелдің мазмұнын ашу.
16-оқушы:
Күндер өтті кешегі,
Жігерің құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән.
ҚР-ның әнұраны – бірлікке,ынтымаққа,достыққа,елімізді қорғауға шақырады.Әнұранның сөзін жазған ақындардың суретін көрсету.
Әнұранды түгел қосылып айтып,тік тұрып тыңдау қажет.Ол біздің Елімізге,Отанымызға деген құрмет.