Я работаю в школе-лицее №1 учителем начальных классов.Образование высшее.Стаж работы 15 лет Очень люблю свою работу и горжусь ею.Кроме того воспитываю четверых детей.ХОЧУ ВЫРАСТИТЬ СВОИХ УЧЕНИКОВ ОБРАЗОВАННЫМИ,ЧЕСТНЫМИ И ИСТИННЫМИ ПАТРИОТАМИ НАШЕЙ НЕОБЪЯТНОЙ РОДИНЫ.ВСЕГДА НАХОЖУСЬ В ТЕСНОМ КОНТАКТЕ С РОДИТЕЛЯМИ.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты : " ?лемді тербеткен-Ана."»
Әлемді тербеткен - АНА
Мерекелік кештің басты мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананың өлшеусіз еңбегін бағалау, қастерлей білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер; зал әсем безендірілген. музыка ойнап тұрады.
Мерекелік кешке қатысушылар ата - аналар, ауыл әкімі, мектеп директоры, мұғалімдер, оқушылар. Кіріспе; Қонақтарға гүл тағып қарсы алу. Сахнада баяу музыка ойналып тұрады. Жігіттер бірінен кейін бірі шығып өлең жолдарын оқиды.( үш бұрыш болып тұрады, қолдарында гүл аналарға арналған )
1. Думан.. Әйел - Ана Әйел - Өмір, Әйел - тіршілік өзегі. Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі - өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі, алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман - есен бүгінгі күнге жеткізген әйел - ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
2. Ербол Ана - болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты. Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Сізге деген сағынышты ақтаралмай Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәлімге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
3. Назар Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналар. «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
4. Арман. Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын, Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым. Өзің мына сыйға берген өмірде Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым. Барша ана, құтты болсын мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам. Сонда біз кісілікке теңесеміз.
5. Саят. Ана – әлемнің жан дүниесі, өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздін сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар (оқушылар екінші қайтара өлең жолдарын оқиды) Думан - Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Ербол - Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар — Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Назар - Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңілінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар Арман.- Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар. Саят - Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Ернар Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - Наурыз халықаралық әйелдер күні келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, аяулы ақ жаулықты әжелер. аналар, әпке - қарындастар. Күн бүгін — бар ма жоқ па санамайтын. Бұрылып алды - артыңа қарамайтын. Анадан туғанымыз рас болса, Күн — бүгін аналарды аялайтын. хормен мерекелеріңіз құтты болсын Ернардың орындауында «Мама» әні. (Ән айтылып жатқанда жігіттер гүлдерді отырған аналарға береді)
1 - Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ! Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы гүл мерекесі 8 наурыз мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Көктеріңізден күн кетпесін, құшақтарыңыздан гүл кетпесін, өмірлеріңізден күлкі кетпесін. Құт болып әрбір үйден табылып, шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіздер 2 - жүргізуші. Анасыз дүние - тұл. Әлемнің жарығы - Ана. Бойымызға қуат, өмірімізге мазмұн дарытып отырған да аяулы аналар, асыл жарлар. Елдіктің, тыныштықтың, береке мен бірліктің әр шаңырақтың ұйытқысы болып отырған да осы аяулы жандар Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық.! 1 - жүргізуші Ақ тілеулі кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Аналар біздің басты байлығымыз. Ана - адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жан. 2 - жүргізуші Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. 1 - жүргізуші. - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекелеріңіз құтты болсын
Сахнаға гүл ұстаған қыздар шығады.
Алина; Анамды бәріңе де үлгі етемін, Толтырам аурулардың гүлге етегін. Анамның жаны рахат табуы үшін, Жүрегін жүрегіммен тербетемін. Қасымда қандай бақыт ана бары, Бәрі де сол арқылы саналады. Аналар тұрған жерде бар жақсылық, Дүниеге бірдей болып таралады. Жетем деп аңсап жүрген мұратым көп, Өзіңмен бірге ұшамын қанатың боп. Шіркін - ай, жаралса ғой ана біткен, Өлместей мәңгілікке тұратын боп
Айкен. Анам менің - аялаған ақ гүлім Анам менің - бақытым мен шаттығым Анашым деп балаң жырын арнаған Неге ғана естімеске тәтті үнін Анам менің - өмірдегі тірегім Анам менің - кеудемдегі жүрегім Егер менің қасымда сен болмасаң Бұл өмірде қалай ғана жүремін Ана деген асыл жандар болаттай Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай О, адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Аяулым Аналар, алдарыңда борышым көп, Жүре алсам жарар еді тынысың боп. Үйренген ақ сүтіңнен ана тілім, Кездесті таланына ырысым боп. Көтеріп тойдың бүгін салам әнін, Шуақ боп жан - жағыма тараламын. Сіз барда дүниеде біздер бармыз, Жүріңдер аман - есен, аналарым! Әлемге мақтан етем анам барын, Анамнан қандай жақсы жаралғаным. Анама арналатын сыйлықтардың, Мен бүгін дүниеден табам бәрін.
Дария; Жүгіріп көріп келдім жаңа аралап, Далаға көктем кепті ала қанат. Анаға алғаш тойын көктем берсе, Құстар да ән салып жүр анаға арнап. Әлемге мақтан етем анам барын, Анамнан қандай жақсы жаралғаным. Анама арналатын сыйлықтардың, Мен бүгін дүниеден табам бәрін. Анамды бәріңе де үлгі етемін, Толтырам аурулардың гүлге етегін. Анамның жаны рахат табуы үшін, Жүрегін жүрегіммен тербетемін (Гүлдерді ұстаздарға ұсынады.) 1 - жүргізуші.- Ернар дүниеде Ең күшті нәрсе не? Білесің бе 2 - жүргізуші әрине Әйелдің әмірі! – дер едім. Әйелдердің барлығын Жердегі Тәңірі! – дер едім. Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі - әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті де - әйел махаббаты. 1 - жүргізуші: Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы – кәсібімен айналысып, бала - шағаны бағып - қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке - бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт - берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс - тіршілігі, хал - ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз арқасы: 2 - жүргізуші; Күн нұрынан жандарына нәр алған, Әйел - алау қызғалдақтай әр алуан. Әйел - аққу айдындарда таранған, Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған - аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Бесік басында» оқитын Қалияс Ақпейіл (сахнада бесік тербеткен әйел отырады.) Қойылым. есік қағылады, келген баласы. Есіктен кіріп керегені керіп тұрады Анасы баласына; керегені керме Баласы қолын түсіреді Анасы; табалдырықта тұрма Баласы үйге кіреді де тізесін құшақтап отыра қалады Анасы; тізеңді құшақтама Баласы; ызы болып жерге жата қалып аяғын көтереді Анасы; аяғыңды көкке көтерме Баласы; ой мама жалығып кеттім мен кеттім,- деп үйден қайта шығады Анасы; қайда Баласы; әжетханаға Анасы; құбылаға қарап отырма дейді. 2 - жүргізуші. Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасатын сияқты сөз асылы өз ортасында құнды Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар
1 - жүргізуші; «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл - қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін ұстаздарға алғысымыз шексіз 2 - жүргізуші; Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы, Ана – шырақ, мен – сұрақ санадағы. Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген, Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы Монолог. Оқитын Ернар. Ән «Қазақ қызы» Ақпейіл мен Гулзат. 1 - жүргізуші; Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. 2 - жүргізуші; ендеше осы мерекені қалай өткізгенімізді еске түсіріп көрейік (залда отырғандардан интервью алу) 2 - жүргізуші.. балаларыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме? 1 - жүргізуші;. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғанды ұнатасыз? 2 - жүргізуші; Сіздер жұмыс істеп жүргендегі мерекемен қазіргі мерекелерде қандай айырмашылық бар, және бүгінгі мерекеден алған әсеріңіз? 1 - жүргізуші;. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады? - жүргізуші Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасайсыз? 1 - жүргізуші;: Мектептегі балалар үшін аналар мерекесінің ерекшелігі туралы не айтасыз 2 - жүргізуші:. Мерекені қалай қарсы аласыз? : 1 - жүргізуші; Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба? 2 - жүргізуші: Мен де 4 шумақ өлең шығардым айтып берсем бола ма, өлеңін оқиды. 2 - жүргізуші: Ананың қадірін онан сайын сезіне түсу үшін ақын жазушыларымыздың «АНА» туралы жыр жолдарына кезек берсек. Гулзат - Қызық екен көз жүгіртсең дүние - фәни, Кеше ғана іңгәлаған балаң сәби, Ер жетіп өзіңе өлең арнап отыр, Өмірдің ақ қарасын тани - тани. Жастық шақтың дауа таппай дәмесіне, Ілесем деп еліктірген елесіме, Қадіріңді асыл анам білмеп едім, Жетемін деп қу тірліктің мәресіне. Бірде кетіп, бірде келіп ағылған ой, Жап - жас болып менікі неғылған ой?! Жүремін әрі - сәрі қарбалас боп, Ал ананың көңілі балада ғой. Анашым мұң шалмасын қабағыңды, Аман болсам жақсы оқимын сабағымды, Үмітіңді, сеніміңді ақтауға да, Тырысамын оңдаса Алла талабымды. Көзіңе жас алмағай ешқашанда, Жас келсе де, бақыт болсын оған себеп, Жүзіңнен күлкі кетпей әрқашанда, Өзіңді жүрсін Құдай желеп жебеп. Қ. Ақпейіл: Асыл ана! Түсімде көрем сені Бұрынғыдай емессің неге еңселі? Мен білсем, саған деген сағыныштың, Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі. Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы, Елжіреп елесіңді құштым тағы. Хат байлап қанатына жіберер ем, Бармайды - ау, біздің жаққа құстың бәрі. Не таптым, белден кетіп бетегелі?! Қалаға қаңғыбас ой жетеледі. Жақұттап жазу үшін осы өлеңді, Он жылдық білімім де жетер еді Дүние шыр айналып шарайнадай, Жолыма қала бердің қарай - қарай. Қайырымсыз қалаға, мейірімді, Қалдырып кете бергем қалай ғана - ай?! Ал, бүгін ақын болды ақылды ұлың, Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым. Ардақтап арнамасам саған өлең, Адыра қалатындай ақындығым. Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба? Жабығып жүргендеймін жат ғаламда. ... Тарылған көшелері тас қаладан, Тарыдай бір мейірім таппағанда, Сені сағынып кетем, анашым! Н. Ақпейіл і Құлайын деп бара жатам құлдырап, Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап, Сол кезде бір ән естимін жақыннан, Аққан бұлақ секілденген сылдырап. Есім жиып, өз бойымды тік ұстап, Тіршіліктің әуенімен тыныстап, Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам, Кел дегендей болады бір күміс бақ.. Сөндім - ау деп, өлдім - ау деп ышқынып, Қалған кезде бойымдағы күш бұғып, Сөнбейсің деп дауыстайды анашым, Мен орнымнан жығыламын үш тұрып. Ойнап шығам содан кейін құрақтай, Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай, Мүмкін, мүмкін ана махаббаты шығар бұл, Мені сүйеп келе жатқан құлатпай. Мерует: Ана Сен бақыттысың! Жыламағын. Жай түсіп жатқанда да құламадың. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын! Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын! Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа, Өзім кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап, «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. (Тәңірім кеше көрсін кесірімді) Аспанға жазсам сенің есіміңді!!! Ана! Сен бақыттысың, тербете бер, Құба талдан иілген бесігім Сахнаға барлығы шығып «Мерекеңмен» әнін айтып аяқтайды. 1 - жүргізуші; Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт - береке тілейміз. 2 - жүргізуші Халқымыздың әл - ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспіз. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс - құт дарысын! Амандықта жүздескенше! Мерекелеріңіз құтты болсын!