Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты: "?ыз ?ылы?ымен инабатты"»
«Железин ауданынынң Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі» ММ
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Жауапты: Нұрсарина К.Қ.
Тақырыбы: «Қыз қылығымен инабатты»
Мақсаты: Отбасындағы бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде ата-әженің ықыласын анықтау. Ата мен әже арасындағы қарым-қатынасты байқау. Отбасындағы ұлттық тәрбие арқылы өз ұлтының дәстүрін бала бойына қалыптастырудағы тәжірибемен пікір алысу. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, әдеп әліппесін дарыту. Отбасындағы бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде ата-әженің ықыласын анықтау. Ата мен әже арасындағы қарым-қатынасты байқау. Отбасындағы ұлттық тәрбие арқылы өз ұлтының дәстүрін бала бойына қалыптастырудағы тәжірибемен пікір алысу.
Сабақтың көрнекілігі: Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер .
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қауым! Бүгінгі «Қыз қылығымен инабатты» атты қыздар арасында өтетін сайысқа қош келдіңіздер!
Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Бүгін біздің лагерьде дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Өнер сүйер қауым бүгінгі байқауымыз 6 бөлімнен тұрады:
«Сәлем сөздің анасы» (өзін-өзі таныстыру)
«Мың бұралған биші қыз» (би билеу)
«Сұлулықтың сыры» сән үлгісі.
«Өнерлі қыз» (ою-өрнек ою),
«Шебер қыз» (түйме қадау),
«Пысық қыз» (картоп аршу),
«Әнші қыз» (ән айту),
Мұғалім: Байқауға төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әдеппенен, ізетпенен, танысуға, тайсалмастан сахнаға қыздар шықты. Олай болса, өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз.
«Сәлем сөздің анасы» (өзін-өзі таныстыру).
Бүгін бәрі ерекше,
Бишілерде өнер көп.
Әсем билер билейді,
Ортамызға қыздар кеп.
«Мың бұралған биші қыз» (би билеу).
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді.
Түрлі-түсті сән көйлек,
Көз тартады не керек – демекші, келесі кезекте «Сұлулықтың сыры» сән үлгісін тамашалңыздар.
Көздің жауын алатын
Көрсең апам киізін,
Елестетер оюы
Иір арқар мүйізін – деп, «Өнерлі қыз» ою-өрнек ою бөлімін бастайық.
Қыздарымыздың шебер және пысық екенін көру үшін келесі «Шебер қыз» (түйме қадау), «Пысық қыз» (картоп аршу) бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.