?айырлы к?н ??рметті де ?ымбатты ?она?тар, ?стаздар мен о?ушылар! Ау?ан жерінен Ке?ес ?скерлеріні? шы?арыл?анына 27 жыл толуына арнал?ан «Ау?анны? от — жалыны» атты жауынгер интернационалистермен кездесу кешін
— 1979 жылы желто?сан айында Ке?ес ?кіметіні? ?й?аруымен Ау?анстан жеріне Ке?ес ?скерлерін енгізу туралы шешім ?абылданды. Со?ыс– з?лымды?. Жазы?сыз т?гілген ?ан. Тарих жылнамасынан ?зіні? ?аралы, н?убет жылдарымен орын ал?ан з?лматты? бірі –Ау?ан со?ысы.
15 а?пан к?ні — Ау?ан со?ысына ?атыс?андарды еске алу к?ні болып есептеледі. Б?гінгі к?ні арамызда осынау алапат ойран?а ?атысып келген жерлестеріміз де аз емес.
Просмотр содержимого документа
«т?рбие са?аты «Ау?анны? от жалыны»»
Бақылау жұмысы № 7
Тақырыбы: 100 көлеміндегі сандар. Ондықтан аттау арқылы ауызша қосу және азайту .
Мақсаты: оқушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтау.
- Жақшалы , жақшасыз өрнектердің мәнін табу;
- Құрама есептер туралы түсінігі болу және оны шығару;
- Тіктөртбұрыштың периметрін таба білу.
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Есепте.
42+30 (75-5)+20 34+60 (56-6)+40
62+3 64-11-7 32+7 38-(11-3)
13-7 8+63-3 15-8 50+(64-60)
74+20 30+(25-20) 43+35 9+(97-7)
2. Есепті шығар.
Спортзалда 30 қыз бала Дүкенге 36 қызыл шар
және 36 ұл бала болды. және 40 көк шар әкелінді.
40 бала кетіп қалды. 50 шар сатылды. Неше
Спортзалда неше бала шар қалды?
қалды?
3. Қабырғасы 4 см және 5 см Қабырғасы 3 см және 6 см
болатын тіктөртбұрыш сыз. болатын тіктөртбұрыш сыз.
Периметрін тап. Периметрін тап.
4. Теңдеуді шеш.
а+ 20= 45 а+30=56
х-5=20 х-7=80
56-в=6 38-в=8
*5. Өрнекті жаз және оның мәнін тап.
50 санына 16 мен 6 сандарының 70 санына 23 пен 3 сан-
айырмасын қос. дарының айырмасын қос.
ІІІ тоқсан
Бақылау жұмысы № 8.
Тақырыбы: Ондықтан аттау арқылы ауызша қосу және азайту.
Мақсаты: есептеу дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру.
құрама есептер шығара білу;
өрнектерді салыстыру;
теңдеудің күрделірек түрін шешу .
1-нұсқа 2-нұсқа
Есепте:
67+7 70-60 (35+6)-41 48+7 90-60 (27+7)-34
22-3 87-14 84-(65-5) 36-7 76-12 73-(8+5)
45+13 40-2 75-(8+7) 36+12 50-4 63-(8+5)
48+12 60-8 86-(30+56) 54+16 90-4 59-(20+39)
2. Есепті шығар:
Аялдамада 27 әйел адам және Дүкенде 17 көк диван және
8 ер адам тұрды. 10 адам 9 жасыл диван болды. 6 диван
кетіп қалды. Аялдамада сатылып кетті. Дүкенде неше
неше адам қалды? диван қалды.
3. Салыстыр:
26+5*25+6 50+9*60-2 38+6*6+38 80+8*90-1
54+9*9+54 70-3*70-5 36+8*8*36 50-8*50-2
4. Теңдеуді шеш:
х+5=85-5 х+7=48-8
* 5. Амалдар таңбасын қой:
17…7=34 78...31 =47 28... 6=34 35...24=11
85...□=80 □…14=14 93...□=90 □...12=12
Сценарий тақырыбы: Ауған оқиғасы
Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету Жоспары: І. Ерлік сабағының ашылуы ІІ. Қонақтарды таныстыру ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет ІҮ. «Ардагермен сұхбат» Ү. «Жауынгер және жасұлан» сайысы ҮІ. Қорытынды. Барысы: 1 – жүргізуші Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен студенттер! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанстан ақиқаты» ерлік сабағымызға қош келдіңіздер! 2 – жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған Жасаған ерлігіне мастанбаған. Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. ___________________________________________________________________________ ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет 1 – жүргізуші
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. 1- ж Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. Статистикаға сүйенсек: 10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып,оның 1-і хабарсыз кетті,ал 14- сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық: Еске алу Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар. Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік. 1 - оқушы: Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 24 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты. «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті. 2 – оқушы: КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 24 жыл толуын атап өту қарсаңында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты қаз. ақпарат тілшілерімен ой бөліскен Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады. «Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.
Саруар Мадияр:
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толуына арналған «Ауғанның от — жалыны» атты жауынгер интернационалистермен кездесу кешін — 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.
Мадияр: 1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың
15 ақпан күні — Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі. Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де аз емес.
Ботагөз: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Боздақтарға басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат қайғыны
Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға басымызды иіп тағзым етейік!
Мадияр: Арманына жете алмаған ұлын ойлап
Ананың құрғамаған көзі жастан-
демекші өмірінде естіп білмеген жерде ұлының қазаға ұшырағаны көптеген аналарымыздың көз жасының себепкері болды.
Әрине уақыт өте, бейбіт өмірдің шуағы жарқыраған шақта, сол қаза болған асыл азаматтар халқының мәңгі есінде сақталып, бүгінде оларға ескерткіштер орнатылып, көше аттары беріліп, құрметке ие болуда.
Ботагөз: Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,
Халқым аман болсыншы деп тіледі.
Егеменді ел болып етек жаптық,
Төбемізден көк байрақ желбіреді.
Мадияр: — 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
Ботагөз: — Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
Мадияр: — 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 10 жылға созылды.
Жау дейміз — ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..
Ботагөз:
Өтер жылдар, артып тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыз
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Сәтбаев қаласының абыройын асқақтатуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп — құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз. (Сыйлықтар беру)
Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Сіздердің Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын.
Ботагөз: Енді ондай соғыс ешқашан болмасын. Тәуелсіз елімізде мәңгі тыныштық орнасын! Еліміздің көк туы биікке желбіресін! 2 – жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған Жасаған ерлігіне мастанбаған. Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. 2 – оқушы: КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында былтыр «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады. «Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді. 1 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз. 1.Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар- 2.-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер Жырым бар жараланған, жаныңды емдер . Өлгендердің жәннәтта болсын жаны , Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер! Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті, Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты, Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты. 3. Отан үшін оққа тосып кеудеңді, Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді . Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді Жебейді олар әруағымен сендерді. Аналардың көл боп аққан көз жасы, Жетім- жесір тағдырларын ойлашы . Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз, Елі үшін құрбан болған ер басы. 4.Баласы батыр туғаннан Денесін сумен жуғаннан Батыр да халық қазақпыз Кіндігін түйіп буғаннан Даламен бірге қайнасып Көкпенен бірге жайнасып Көршімен тату, жауына қату Қарасаң егер байқасып
Тамыры терең кететін Жайнаған дархан мекенім Бар ма екен шіркін жалғанда Қазахияма жететін 5.Осындай елді құраған Бабадан қалған мұрадан Жастарға сарқыт ерлігі Сел болар ақса жырадан
Ел үшін өткен батырлар Шайырлар менен ақындар Күш пенен түйсік, ақылды Бағындыра алған дарындар Олардың ерлік тәлімі Халқына айқын мәлімді Ұғына алса керекті Қазіргі ұл - қыз хәліңді 6.Атойлап шапқан батырлар Рухын қайрап ақындар Ұрпағым аман болсын деп Қыршынбасын деп жатырдан Ел үші қиып құр жанды Ұстанған елміз бір заңды Биікке қойған қазақпыз Ар - ұятпенен ұжданды Жауына күшін көрсетіп Ізіне ерген ел сеніп Жастарға бүгін аманат Жасалған істер белсеніп Бабалар салған сара жол Өшпейтін мәңгі дара жол Ұрпаққа бүгін аманат Қорғай біл халқым пана бол Мектебіміздің оқушылары дайындаған әдеби монтажға кезек береміз: Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. 1-ж Мен қазақпын, Ұланымын елімнің, Мен қазақпын, тірегімін жерімнің. Ұланымын туын көкке көтерген, Болашаққа алға бастап жетелер. Қиындығын қазағымның әрқашан Қайыспайтын қара нардай көтерер. 2 - Жүргізуші: - Өтер жылдар, айлар тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес. 2 - Жүргізуші: Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін. Ән. « Жаса қазағым».
III бөлім. «Ауғанның от жалыны»
2-жүргізуші: Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.Солардың ішінде Ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау –өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.
1-жүргізуші:1989 жылы ақпан айының 15 жұлдызында аналарды перзентінен айырған,мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды.Жылдар өткенімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
2-жүргізуші:Бүгінгі біздің кездесуіміздің мақсаты-Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану, мәлімет алу.Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету.
1-оқушы:
Армысыздар, ағалар, от кешкендер!
Ақ тәндерін боршалап, оқ тескендер.
Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!
Ар сыналған жылдарда от кескендер.
Сендер бізге қашанда үлгісіңдер,
Тым алысты көрсетер дүрбісіңдер.
Адамзатқа жақсылық әкелуде
Жапырақты,саялы, бүрлісіңдер.
2-оқушы:
Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,
Батыр деген бір сөзге сиып тұрар.
Ізгіліктің,ерліктің, қайсарлықтың
Өсиетін шүмектеп құйып түрар.
3-оқушы:
Тұрғанын байқамаймыз күн жаңарып,
Ұлыста ұл өседі тұлғаланып.
24 жыл өткенін жазды кеше,
Елге де жетті тез-ақ бұл жаңалық.
Биіксің талай-талай кеуделерден,
Мен сіздерді көп сыналар жерде көргем.
Халықтың ұлы болып туғандарға,
Табиғат жүрек берген, өң де берген.
4-оқушы:
Асықпай жылдар енді тұра тұрсын,
Асқақтап ән айтылсын,жыр оқылсын.
Бейбітшілік орнасын бар әлемде,
«Соғыс»деген мәңгілікке жойылсын!
5-оқушы:
Ардагерлер-ағаларым, ақылшы, даналарым!
Азаматтық борышты адал ақтап өттіңіздер,
Мойынға артқан әр істі абыроймен шештіңіздер.
Енді биік еңсеңіз, қадірлейді Еліңіз,
Арамызда аман боп, қамсыз жасай беріңіз!
6-оқушы:
Қасіретін көзбен көрген жалғанның,
Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,
Соғысында қан кешкендер Ауғанның.
7-оқушы:
Туған жердің әр тасы,
Маған ыстық қашаннан.
Бұйраланған аршасы,
Қорғайтын ер боламын.
8-оқушы:
Топталмайтын түнгі ізі,
Ұланы болам Отанның.
Жарқырап жанған жұлдызды,
Жалғаймын жолын ағаның!
Соғыс бітті.Зарлы соғыс аяқталды,
Аналар қуанғаннан жылап алды.
Сұм соғыс жалмап кетті көп өмірді,
Сұм соғыс үзіп кетті көп үмітті.
Оралмай сан боздақтар кетті қанша,
Қалды-ау талай ғұмыр тау мен таста.
Ауған жері,ауған елін қорғаймын деп,
Жастары жетпеген бар жиырмаға да....
Міне өтті қас-қағымда 24 жыл,
Еске алып ұрпақтарың жазады жыр.
Ерлерді ешқашан да ұмытпаймыз,
Отанымен жаны да бір, қаны да бір.
Ағаларым жаралған ерлік рухтан,
Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған.
Отан үшін қан майданда жерді құшып,
Бізге күнді,көк аспанды сыйға тартқан.
Біз солардың жалғасымыз, әніміз,
Біз оларға өтей алмай қарызбыз!
Аялауға, құрметтеуге дайынбыз!
1-жүргізуші:Ауған соғысы-Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі.1979 жылдың 25-ші желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.Бұл күнді бұрынғы Кеңес Одағына кіретін барлық туысқан Республикалардан әскер қатарына шақырылған жауынгерлер мен офицерлер-Ауғаныстан соғысының ардагерлері жыл сайын атап өтеді.
2-жүргізуші:Ауған соғысына қатысқандардың өздері келтірген статистикалық мәліметке жүгінсек, бұл соғысқа Қазақстаннан 22269 жауынгер барды. Олардың 924-і сұрапыл шайқастарда ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіттер елге мүгедек болып оралды.
Музыка әуенімен 10 сынып оқушысы Руфия өлең оқиды.
1-жүргізуші:Қазір Ауған жеріндегі соғысқа қатысты түрлі әңгімелер айтылып жатыр.Алайда бір шындығы-әскерлеріміз интернационалдық борыштарын өтеп,ауған халқына көмектесті.Ауған халқының айтуларына қарағанда Кеңес Одағынан барған интернационалист-жауынгерлер қарапайым халыққа соңғы нанына дейін бөліп берген.
Бүгінгі күні Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге сый-сияпат, лайықты құрмет көрсетіп,атақ-абыройын асқақтату-елдігіміздің бір белгісі.
Еліміз бойынша осы соғыста шейіт болған жастарымыздың атында 30-дан астам мектеп, 170-ке жуық көше бар көрінеді.Кеңес Одағы ыдырап, еліміз Тәуелсіздік алған кездерден бастап Ауған соғысына қатысқан біздің елдің жауынгерлері жайлы деректер мен олардың ерліктері топтастырылған еңбектер жарық көре бастады.Фильмдер түсірілуде.Тарих үшін, келешек ұрпақ үшін мұндай дүниелердің маңызы айрықша.
«Жаса, қазағым!» әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші:Бұл күндері ауған соғысының ардагерлері бейбітшілік өмірде қандай жұмыста болсын «Біздің мақтанышымыз» деп дәріптеуге болады. Олардың өмірі, еңбегі-көпке үлгі.
(Слайд «Интернационалист жауынгерлер» ауылымыздағы Ауған соғысы жауынгерлері туралы әңгімелеу)
1-жүргізуші:Отанды сүю отбасынан басталады. Отбасын сүйген әрбір жас өркен мына үлкен Отанымызды қастерлейді,сақтай алады.Оған біз сенеміз.
Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!-деп болашаққа, жастарға сенімін артқан.
1-жүргізуші:Соғыстың қайсыбірі болсын-ол үлкен қайғы, үлкен қасірет.Ананы жалғыз ұлынан, отбасын-тірегінен айыратын, әйелді жесір қалдырып, баланы жетім атандыратын-осы зұлым соғыс.
2-жүргізуші:Ерлік елдің –туы. Ер қуаты қару болса, ел қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары.
Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.
Отан үшін күрес- ерге тиген үлес.Халықтың осы даналығын қайда жүрсек те,санамызда сақтап,Отанымызды қорғау-азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық.Ауған қаһармандарын қадірлеп,құрметтеп, Сіздерді Отан алдында борышын адал атқарған абзал азамат, өз елінің патриот жауынгерлері ретінде жоғары бағалаймыз.
1-жүргізуші:Біздің еліміздің тәуелсіз, егемен мемлекет болғанына 22 жыл болады.Ержүрек бабаларымыздан аманатқа қалған бейбітшілік, тыныштық, татулық пен бірлік деген мұраттарды аман сақтап қалғанда, осындай елдің ұрпағы Қазақстанның Қарулы Күштерінің атағы асқақтай берсін.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жастарды Отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие берудің бір тармағы Ауған соғысы ардагерлерінің еншісіне өтіп жатыр.Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық,бақыт,жастарға патриоттық тәрбие берудегі игілікті істеріңізге табыс тілейміз!