Адамда не ?асиет болса да,б?рі к?нні? к?зі мен ананы? а? с?тінен жарал?ан. Бала бойына осы т?рбие са?аты ар?ылы аналар?а деген с?йіспеншілікті, жылылы?ты ?ялату. А? жаулы?ты аналарды ??рмет т?тып, адал да парасатты ?лы мен ?ыздары болу?а т?рбиелеу. Балаларды? ж?регіне « Ана» деген есімді м??гі ?ялату ма?сатын к?здедім .
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Ана - ?мір шуа?ы". »
Шымкент қаласы
№61 негізгі орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдуллаева Гүлбахар Дуримбайқызы
Ана - өмір шуағы.
Сабақтың мақсаты: Аналар мейрамы.
Адамда не қасиет болса да,бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы аналарға деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ақ жаулықты аналарды құрмет тұтып, адал да парасатты ұлы мен қыздары болуға тәрбиелеу. Балалардың жүрегіне « Ана» деген есімді мәңгі ұялату мақсатын көздедім .
ІІ. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе
сөз сойлеу, мақсатын түсіндіру.
ІІІ. Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл
бөлсек.
Мұғалім.
Ана.
Өмірде ана-бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол- біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да
« Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
1913 жылы 8 наурызда Санкт-Петербургте тұнғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді.Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. Міне, аналар мейрамы біздің сыныпта да аталып өтілгелі отыр. Халқымызда « жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады.Сәулетші оны тастан қашап жасайды. Ана- барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен – ақ әр нәрестенің ең жақыны- анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен –ақ басталады. « Ана» сөзі де ыстық. Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған.
Ал, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік:
Барлығы:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймыз, анашым.
1-ші жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, аяулы аналар және қыздар. Сіздерді 8 –наурыз « Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
2 –ші жүргізуші:
Құрметті қонақтар, бүгінгі 2- сынып оқушыларының дайындаған « Ана өмірдің шұағы» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1-ші жүргізуші:
Әлемде өзгермейтін үш – ақ зат бар,ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
2 –ші жүргізуші:
Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тілсым сырлы жіп жалғап тұрады. Міне, сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының титтай қуанышын да бар болмысымен сезінеді.
1-ші жүргізуші:
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Барлығы:
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып, білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
2-ші жүргізуші:
Нәзіктік атаулының жиындығы ананың алақаны, сондықтан ол- сәби үшін ең жылы ұя.
1- бала Бүгін - наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі - адамның,
Анаға айтар лебізі.
2-бала: Ана –өмір шырағы,
Ана- өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр- әні,
Жүрегімде тұрады.
3-бала Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
4-бала: Әйбат анам,әй анам,
Жұлдыз анам, ай анам!
« Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам!
5- бала: Айналайын анашым.
Ақылы асқан данасын.
Балаң үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.
Ән: « Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
2-ші жүргізуші:
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді! Осынау 3- әріптен құралған қасиетті сөздің түп- төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
6- бала: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
7- бала: Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан
Бөбегі де кетпейді.
8- бала: Ана- біздің гүліміз
Ананың біз гүліміз.
Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
9- бала: Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Би: түркше
10- бала: Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Ағартпасын тентектер,
Бір ананың самайын.
11- бала: Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана- күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
12- бала: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтаған,
Аман болшы, анашым.
13- бала: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат анам, пәк анам,
Сен керексің қайда да,
Айналайын ақ анам.
14- бала: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ән: « Ертегілер» әні орындайды.
15 –бала: Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
16- бала: Қадірлі анашым,
Аялар баласын.
Төрт бөлген ұйқысын,
Жас сәби бала үшін.
17-бала: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені
Құлыншағым, күнім дейтін.
18-бала: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз,
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
19- бала: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Би: « Қара жорға »
1-ші жүргізуші: « Менің балам» ойыны. Мақсаты: Ана мен бала арасындағы қарым- қатынас. Түрлі- түсті шарлардың ішінде сұрақтар бар. Сол түрлі- түсті шарларды әрбір ана өзіне ұнаған түсті таңдап алып, сол шарды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.Әрбір таңдаған шарлардың түстеріне қарай психологиялық сипаттама беріледі.
Түстер жайлы:
Ақ түс – Бейкүнә жан.
Қызыл түс - Өткір тіл, басқара білу, қабілетті жан.
Сары түс – Байлық, сән салтанат.
Қоңыр түс – Көндіру.
Сұр түс – Үміт.
Жасыл түс – Данышпандылық пен ойлау.
Апельсин түстес сары – бейімділік.
Көгілдір күлгін түс – достық, еске түсіру, тұрақтылық т.б. түстер.
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс ба?- - - - - - - - - - -
тағы басқа да сұрақтар.
1- ші жүргізуші:
Ана –ол өмірдің тірегі, перзенттің жүрегі, отбасының ұйтқысы. Қандай ана болмасын, ол мақтауға, марапаттауға, құрметтеуге лайық жандар! Ендеше балалар, Ана туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің 2- сынып оқушыларының дайындаған « Ана өмір шұағы» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Мұғалімнің сөзі: Анам менің жасыл бағым жайнаған. Сол бағында асыр салып ойнағам. Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің ,- демекші осымен 2-сынып оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасын жабық деп жариялаймыз. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!