kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Алдымен с?й арда?та ата-ана?ды"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алдымен с?й, арда?та ата-ана?ды! Т?рбие са?атыны? ма?саты: а) Бала бойына осы т?рбие са?аты ар?ылы с?йіспеншілікті, жылылы?ты ?ялату. Ата-анасын ??рмет т?тып, адал да парасатты ?л мен ?ыздары болу?а т?рбиелеу. ?) Ата-ана берген жа?сы т?рбиелерін н?тижелі етуге уа?ыздау. Т?рбие са?атыны? типі: Білім, білік да?дыларын ?алыптастыру. Т?рбие са?атыны? к?рнекілігі: Та?ырып жазыл?ан плакат, ата-ана туралы ма?ал-м?телдер, ?ла?атты с?здер, хадистер, топтастыру ?дісі ар?ылы ата-ана?а т?н ?асиеттер жазыл?ан плакат. Т?рбие са?атыны? т?рі: д??гелек ?стел
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Алдымен с?й арда?та ата-ана?ды"»

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды!


Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.

ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

Тәрбие сағатының типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, хадистер, топтастыру әдісі арқылы ата-анаға тән қасиеттер жазылған плакат.

Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел

Тәрбие сағатының барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.

  3. Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.

Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар!

«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» атты 3 «А» сыныбының ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Камила:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Сабина:

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Мұғалім: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.

*Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтсем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі

* Ата-ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

*Түн ұйқысын төрт бөлген түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар , ол- қорлық

* Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.

*Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.

*Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана, әке, апа, қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің, қамқоршың, асқар тауың.Ана- жарық дүниеге әкелуші.

«Қарт пен бала әңгімесі»

  • Ғалымжан: Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып: Ата, мені де ала кетесіз бе? Ата маған сұрақ қойыңызшы – деді бала.

  • Балам, үйдің алтын қазығы кім?

  • Ата, үйдің алтын қазығы – бала, - деді.

  • Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – ана.

  • Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.

  • Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

  • Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке – деді бала.

  • Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана.

  • Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

  • Ал балам, өмір сүру не үшін қажет?

  • Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, - дейді бала.

  • Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.

Мұғалім: Өмірде не жетім? Оқушыларға сұрақ қою.

Өмірде жеті жетім бар.

  1. Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім.

  2. Халқына сенімсіз болса, хан жетім.

Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.

  1. Суы жоқ – құдық жетім.

  2. Досы жоқ – жігіт жетім.

  3. Шәкіртсіз – ұстаз жетім.

  4. Қызы жетесіз болса, ана жетім.

  5. Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.

Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер!

Мұғалім: Біздің қазақ әр сөзді тұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата-ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады. Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді білетін оқушыларымызды тыңдап көрейік.

Камила: Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі, баланың түп негізі болып ата-ана болып табылады.

Сабина: Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.

Айдар: Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл-санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағла оның өмірін ұзартады.

Карина: Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!

Мұғалім: Бала тәрбиесі – бесіктен, - дейді қазақ. Ата-аналарға арналған мақал-мәтелдеріміз бар. Қазір біз «жалғасын тап» ойынын ойнаймыз.

Мұғалім: Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.

Ырым-тыйым сөздер

Ата-ананы ренжітпе,

Түнде суға барма,

Таңдайыңды қақпа,

Кісіге қарап есінеме,

Дастарқанға қарап жөтелме,

Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе,

Нанды баспа,

Табаныңды тартпа,

Қолыңды төбеңе қойма.

Ошаққа су құйма,

Бас киіммен ойнама,

Бос бесікті тербетпе,

Малды теппе,

Бүйіріңді таянба,

Кешқұрым ұйықтама,

Айға қолыңды шошайтпа,

Үйге жүгіріп кірме,

Біреудің иығын баспа.

Қорытынды:

Ал қазір балалар менің 4 сұрағыма жауап берулеріңді сұраймын. Не тәтті? Не жұмсақ? Кім жақын? Не қымбат?

Жарайсыңдар балалар

- Не тәтті ? Ананың сүті

- Не жұмсақ ? Ананың қолы

- Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын,

Бауырмал болса, інің жақын

  • Не қымбат ? Алтын ұяң Отаның қымбат,

Құт – береке атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық. Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, біздің «алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "Алдымен с?й арда?та ата-ана?ды"

Автор: Смаилова Айнур Маратовна

Дата: 04.11.2015

Номер свидетельства: 247672


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства