менмендіктен, тағы басқа жаман аулақ әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
І . Ұйымдастыру кезеңі
Жүрісі
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді,-
дей отырып, досытық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріңе сыйлас дос, сырлас дос, адал дос таба білсін деп, бүгінгі шарамызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз.
Бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өткелі отыр, сондықтан өз тобымыздың жеңіске жетуі үшін бәріміз бірлесіп жұмыстанайық.
Бүгінгі сайыс барысында оқушылардың ой-өрісін , білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз. Сондықтан сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болайық.
Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі: Мұханова К.
Тәрбие жөніндегі орынбасары: Ахметова А.
Сайыс шарттары.
І. Әр топ өздерін таныстыру
ІІ. Мақал- сөздің мәйегі
ІІІ. Жеті жұрттың тілін біл.
ІY.Жағдаяттан шыға біл.
Y «Кім тапқыр» ойыны Тосын сый
YІ. Ұшқыр ойдан ұтымды жауап.
YІІ. Постер қорғау
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса , озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол- еңбектену , жалықпау.
-Ендеше ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызбен таныс болайық.
Сайрап тұрар тілі бар (қарындаш, карандаш, pencil)
Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл, слон,elephant)
ІY.Жағдаяттан шыға біл.
Топ
1.Алғашқы жауын жауғанша . Дана мен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бареді, ал Бота көйлекпен ғана болатын .
- Плащыңды шеш, екеуміз бірге жамылайық! –деді Бота
- Шеше алмаймын, үстім су болады! – деді Дана.
Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмандай сусың? Неге бұлай? Екеуің біргі келмедіңдер ме?» деп сұрады
-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды- деді Бота.
-Екеуің плащты жамыла алатын едіңдер ғой . Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр - деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.
Сұрақ: Дана мен Бота неліктен ұялды? Сен Дана туралы не айтар едің?
2.Көктем мезгілі. Жолдасын сабақ оқуың азайтып,сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмен деп кетті. Сен не істейсің?
2-топ
1.Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң , түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек: -Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,-деп өтінішін Ақылбекке айтты.......
Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
2.Сенің өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы.
Сен не істейсің?
3-топ.
Оқушыларының арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күнә Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.
Сұрақ: Әлиханға көзқарастарың қандай?
Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?
2.Сынып жеткешің сенің досыңның жауапкершілігін бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Бірақ досың белгілі бір себептермен ол жұмысты орындап бола алмады. Сен не істейсің?
4-топ
1.Қаңтардың қара суығы . Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп,Қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті .Су үстіне төгілді . Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді........
Сендер Мұхиттың досы болсаңдар не істер едіңдер?
2.Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы сенің досың .Ол оқушыға деген сыныптастарыңның көз қарасы нашар. Сыныптастарың онымен дос болуыңды қаламайды . Сен не істер едің?
Y «Кім тапқыр» ойыны Тосын сый
YІ. Ұшқыр ойдан ұтымды жауап.
1-топ. Ынтымақ тобы
Достық өмірде керек емес.
2-топ Бірілік тобы
Амал дос та болу керек.
3-топ Сыйластық тобы
Достық өмірде керек.
4-топ Татулық тобы
Адал дос болу керек.
YІІ. Постер қорғау
(Мәтін мазмұны бойынша сурет салып, негізгі ойды айту.)