Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс жұмыс."Жігіт сұлтаны"»
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» сайысы
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ұлттық салт - дәстүр негізінде білімдерін кеңейту.Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу, Ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.Татулыққа, ынтамақтыққа, бірлікке шақыру.
Сайыстың барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар , ата – аналар, оқушылар!
Сіздер бүгін «Жігітке жеті өнерде аз» атты жігіт сұлтаны сайысына қош келдіңіздер.Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, біздің салт – дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды, шеберліктерін, онымен қоса біліктіліктерін, білімдерін көрсетеді. Олай болса жігіттерімізге сәт сапар тілей отырып «Жігітке жеті өнерде аз» атты жігіт сұлтаны сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Ендігі кезекте 2 сыныпты ортаға шақырамыз (өлеңдерін оқиды)
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ.
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсын ортаға.
Бүгін сұлтан атанбақ !- дей отырып ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайып қырандарымызды шақырайық.! Қарсы алыңыздар! (сайыскерлер ортаға шығады)( қоржыннан өздеріне ұнаған асықты алу арқылы өз сандарын таңдайды)
«Жігіт сұлтаны» сайысына қатысушы сайып қырандардың ақыл – парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар(қазылар алқасы таныстырылады)
___________________________________________
___________________________________________
Ақыл –көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен,
Тез арада таныстырып өтеді - деп «Тегімді менің сұрасаң» өзін – өзі таныстыру кезеңін бастайық.(сайыскерлер өздерін таныстырады)
Жігіттің көркі – білімі,
Талап кісі –мұраты.
Білім қалмақ артыңда,
Келесі кезекте күйге береміз
Дүниенің өшпес шырағы- дей келе жігіттердің білімін сынайық
сұрақтарға жауап беру кезеңі
1 -сұрақ «Жеті атаңды ата? »
2 - сұрақ « Төрт түлікті ата?»
3-сұрақ «Қандай ұлттық ойындарды білесің?»
4- сұрақ Мақалды жалғастыр
Өзге елде ұлтан болғанша,
Өз еліңде ....... бол
5.Сұрақ
6- сұрақ
7-сұақ
8-сұрақ
Би 2 сынып оқушылары шашуы
Ей, ер жігіт ер жігіт,
Ей өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт
Күшіңді көрсет, ер жігіт – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күрес» өткізіледі.
Қазылар алқасы ақылдасып шешкенше 3 « » сыныбының би шашуын қарсы аламыз.
Құттықтайық ал енді,
Сұлтан болған баланы.
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Осымен сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!